Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыпталу



Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыпталу
Өсімдіктер селекциясындағы қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталу
Әлемдегі әр түрлі елдерде көптеген ұрпак сұрыптаушылардың еңбегінің арқасында адамзат үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл өсімдіктердің өнімділігі өзінің жабайы ата тектерінен және болып өткен сұрыптау жұмысының нәтижесінен ондаған және жүздеген есе асып түсті.Үндістан аумағына астық тұқымдастардың (күріш, бидай) осындай іріктемелерін пайдалану арқасында ашаршылық проблемасын шешуге мүмкіндік болды. Адамзаттың едәуір бөлігінің (30%-ға жуық) күні бүгінге дейін аузы асқа жарымайтынын, яғни қоректенудің ағза физиологиялық талабына сәйкес келмейтінін естен шығаруға болмайды. Осыған байланысты селекционерлердің бірінші кезектегі міндеті - қоршаған ортаға зиян келтірмей, қосымша шығынсыз аштық проблемасын шеше алатындай жоғары өнімді өсімдік іріктемелері мен жануарлар
1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.ISBN 9965-808-89-9
2.Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
3.Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қ.Смағұлова, Биология. 6-11-сынып оқушы анықтамасы, "Арман-ПВ" баспасы

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Такырыбы: Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыпталу.

Орындаған: Есркенова А.Б
Тобы: Бл-209
Тексерген: Татиев А.Б


Семей-2015

Әлемдегі әр түрлі елдерде көптеген ұрпак сұрыптаушылардың еңбегінің арқасында адамзат үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл өсімдіктердің өнімділігі өзінің жабайы ата тектерінен және болып өткен сұрыптау жұмысының нәтижесінен ондаған және жүздеген есе асып түсті.Үндістан аумағына астық тұқымдастардың (күріш, бидай) осындай іріктемелерін пайдалану арқасында ашаршылық проблемасын шешуге мүмкіндік болды. Адамзаттың едәуір бөлігінің (30%-ға жуық) күні бүгінге дейін аузы асқа жарымайтынын, яғни қоректенудің ағза физиологиялық талабына сәйкес келмейтінін естен шығаруға болмайды. Осыған байланысты селекционерлердің бірінші кезектегі міндеті - қоршаған ортаға зиян келтірмей, қосымша шығынсыз аштық проблемасын шеше алатындай жоғары өнімді өсімдік іріктемелері мен жануарлар 􀀃қлтұқымын шығару.Адамзат онсыз да агроценоздың (ауыл шаруашылық жер) және техногендік ландшафтың (қала, жол, шахта, кәсіптік нысандар) орасан үлкен аумағын жайлап алды. Табиғи ресурстарды игеру осы қарқынмен жүзеге асырыла берсе, адамзат экологиялық тепе-теңдікті түбегейлі бұзылып, табиғи ресурстар азып-тозады.Жоғары өнімді ұсақ ағзалар себінділерін шығару фармакологияда пайдаланылады. Мәселен, сусамырды емдеу кезінде пайдаланылатын инсулиннің барлығы осылай өндіріледі. Пенициллиндік қатардың антибиотиктері - зең саңырауқұлақтар себенді әрекетінің нәтижесі.Адамзат алдында гендік инженерия мүлде қиял-ғажайыпты болашаққа жол ашты. Қолдан сұрыптау - сұрыптаудың негізгі әдісі. Сұрыптаудың негізгі әдісі қолдан сұрыптау болды және бола береді. Адам әрқашан сапасы және қасиеттері жақсы жануарлар мен өсімдіктерді өсіруге қалдыруды ұнатты. Сұрыптау әдісіне іріктеу, будандастыру, мутагенез жатады. Алайда бұл үдеріс ұзақ уақыт ойланбай, ешқандай әдіс қолданбай жүргізіліп келді. Рас, адамдар арғы көне дәуірде тірі ағзалардың өте жақсыларын іріктеп алып, олардың арасында бұдан жүргізуге талпыныс жасады. Мұндай айла-амал қалаған нәтижеге жеткізе бермеді. Өсімдіктерді сұрыптауда жалпылама сұрыптау басым болды. Анығырак айтқанда, жақсы тұқымдардың барлығы егістік далаға бірге егілді де, олардың ұрпақтарынан ең жақсылары қайтадан іріктеп алынды. Алайда ата-ене жұбының әрқайсысынан алынған ұрпақтардың әрқайсысы бақыланбады. Көбінесе теріс іріктеу пайдаланылды. Мысалы, әлсіз, онша сапалы емес тұяқты жануарларды етке жұмсап, астық тұқымдастардың ең ұсақ тұқымдарынан ұн тартты. Алайда бұл әдістің тиімділігі болмады.Алға жылжудағы ең үлкен қадам сұрыптау әдісіне тұқымдық аталық іріктеу әдісі қосылғанда жасалды. Ұрпақ бойынша ата-енелердің тұқымдық сапасына талдау жасау әдісін XIX ғасырдағы француз селекционерлерінің Вильморен әулеті зерттеп тексерді.Вильморен өулеті - тұқым қуалаған селекционерлер. Сұрыптау негізін калаған - Филипп Виктуар (1746-1804), оның немересі - Луи (1816-1860), шөбересі - Анри (1843-1899). Вильморен - Арние фирмасы Францияда мәдени өсімдіктердің 450-ден астам іріктемелерін өсіруге жол ашты.Бұл әдіс жеке шағылыстыруға және пайдалы сапалардың ұрпақтарға берілуін бакылауға негізделген. Қолдан іріктеудің бұл түрі дара сұрыптау деп аталады. Сөйтіп, қандай болса да өсімдіктер немесе жануарлар данасының қаншалықты құнды екенін анықтауға мүмкіндік туды. Дарақ тек пайдалы сапасымен ғана емес, сондай-ақ сапа-ны ұрпағына беретін осы сапаны тасып жеткізуші ретінде де (бұл маңыздырақ) бағаланады. Көбінесе ең жақсы (элитті) ата-енелер төмен сапалы ұрпақ береді ғой. Бұған келесі ұрпақтарында пайда болатын зиянды басылыңкы гендер емес, өзге де себептері болуы мүмкін. Ұрпақ бойынша тұқымндық ата-енелерді іріктеу әдісі енгеннен соң қалай болғанда да қолдан сұрыптау үдерісінің барлығы мақсатқа бағытталған, әдістік сипатта жүргізіледі және әлдеқайда нәтижелі бола бастады. Сөйтіп жалпылама сұрыптау сұрыптаудың тиімдірек әдісі дара сұрыптауға орын берді.
Сұрыптау әдісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау туралы ақпарат
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау жайлы ақпарат
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау жайлы
Гетерогенді және өзгермелі сұрыптау
Популяция генетикасы, популяция және таза линия жайында түсінік
Харди - Вайнберг формуласы бойынша популяция ішіндегі геннің, аллельдің жиілігін анықтау
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Герберт Спенсер
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Пәндер