Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы



1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні
2. Корпорацияның қаржылық жоспарлауының қағидалары мен әдістері
3. Кәсіпорындардың, экономиканың негізгі салаларының негізгі қаржылық көрсеткіштері
4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты қатынастың қалыптасуын айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді.
1) Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010ж
2) Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник – Алматы , 2009
3) Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2008
4) Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2009

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экономика,құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Қаржы кафедрасы

ОӨЖ
Тақырыбы: Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы.

Тексерген: Омарова А.К
Тобы: ФН-207
Орындаған: Байдолдина Ш.Е

Семей 2015
Жоспар

1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні
2. Корпорацияның қаржылық жоспарлауының қағидалары мен әдістері
3. Кәсіпорындардың, экономиканың негізгі салаларының негізгі қаржылық көрсеткіштері
4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз -- мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты қатынастың қалыптасуын айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау -- ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді.
Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен резервті қаржы көздерін қалыптастыру жатады.
Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау -- бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы жүйесінің барлық органдарының қызметі бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қаржы жүйесінің кейбір буындары әлсіз болған жағдайда қаржылық жоспарлау жүйесін даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды құру келесі жағдайларға әсер етеді:
:: Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен нысандарына;
:: Қаржылық ресурстарды салалық және аймақтық қайта бөлістіруге;

Нақты ақша қорларының ақшалай қаражаттары сәйкес қаржы жоспарларына сәйкес орналастырылады. Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше, басты орын алатын бюджеттік жоспарлау болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының құрылымы айқындалады. Бюджеттен тыс қорлардың қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен қамту қорының қаржылық жоспарларының кірістері мен шығыстарына ықпал етеді. Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі мүмкін. Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен тыс қорлармен өзара тығыз байланыста болады.
Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне мемлекеттің қаржылық жағдайын талдауға қажетті бастапқы материалдар жатады. Олар болашақты жоспарлаудың негізін құрайды.
Болжамдау - бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау - қаржылық қатынастардың жетілдірілуі.
Қаржылық болжамдау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын - ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады.
Жоспарлау бұл өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.
Корпорацияның қаржылық жоспарлауыныңың әдістері мен қағидалары
Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын қағидаларына келесілер жатады:
-- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды. Бұл қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.
-- Бірлік қағидасы - қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды. Қаржы жоспарының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.
-- Үздіксіздік қағидасы келешектегі және ағымдық жоспарлау арасындағы тығыз үйлесімділіктің болуын сипаттайды. Қаржылық жоспарлауда келесі әдістер қолданылады:
1.Экстрополяция әдісі. Келешектегі даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде анықтау.
2.Сараптық бағалаулар әдісі - жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану - сарапшылардың тәжірибесін пайдалану.
3. Нормативтік әдіс - жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылады.
4.Баланстық әдіс - шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырады.
5.Қаржылық бағдарламалау - нақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс.
6.Экономико-математикалық әдістер - ең тиімді процесс үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
Жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалынады.
Екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне есептеулер жүргізіледі.
Үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі. Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді ұлғайтудың көздері анықталып, оларды тиімді пайдаланудың жолдары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады.
Қаржы жоспары - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы салықтық жоспарлау, оның қажеттілігі мен даму перспективалары
Франчайзинг жүйесі
Бағалы қағаздардың ақпараттық жүйесі
Басқарушы есептін негізгі элементтері
Корпорациялардың қаржы механизмі
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарықтық жүйесі
ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығы
Трансұлттық корпорация
Инвестициялық саясат және инвестициялық қызметті басқару
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі жайлы
Пәндер