Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау

Тексерген: Абдуллина Г. К

Орындаған: Сериккажиева М. Е

Топ: ПХ-215

Семей 2015

Аддикция (ағылш. addiction - тәуелділік, жаман әдет) - адамның бір белгілі әрекетке сезінетін қалмайтын мұқтаждығы. Сондай-ақ, аддикцияны патологиялық құштарлық десе де болады, себебі бұл әрекет көбіне тұлғаны психикалық ауруларға және жеке немесе әлеуметтік қиындықтарға соқтырады.

Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткіқұмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейген[1], мысалы, Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т. б. Басқа жақтан, аддикция - адамның қоршаған ортаның қиындықтарына адаптация ретінде қабылдауға болады. Ең қарапайым аддикция нысандары - темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктер. Олар адамды уақытша алдамшы ұнамды қалыпқа келтіреді.

Аддиктивтік мінез-құлықтың мәні белгілі бір нәрселерге немесе қызмет түрлеріне кейбір заттарды қабылдау арқылы немесе назар тоқтату арқылы өзінің психикалық жай-күйін өзгертуге ұмтылуға саяды. Мұндай заттарды тұтыну, нәрсеге немесе әрекетке байланып қалу үрдісі эмоцияның интенсивті дамуымен қоса жүреді және адам өмірін басқара бас­тайтындай, аддикцияға қарсы әрекет ететін оның ерік-жігерінен жоятындай шамаға жетеді. Мінез-құлықтың мұндай формасы психологиялық қиындықтарды көтеруі төмен, өмір жағдайларының тез ауысуларына нашар бейімделетін, осымен байланысты психофизиологиялық комфортқа жылдам және оңай жетуге ұмтылатын адамдар үшін тән. Аддикция олар үшін шынайы өмірден қашудың әмбебап құралына айналады. Аддиктивтік мінез-құлық типіндегі адамдар өздерін қорғау үшін психологияда «қалауынша ойлау» деп аталған механизмді пайдаланады: себеп-салдар байланыстары логикасына қарамастан олар шынайы деп тек өздерінің қалауына сәйкес келетіндерді есептейді. Нәтижесінде тұлғааралық қатынастар бұзылады, адам қоғамнан қол үзеді. Қандай заттар, нәрселер немесе әрекеттер аддиктивтік мінез-құлық формасындағы адамдар үшін құрал бола алады? Бұл есірткілер, ішімдіктер, шылым, құмар ойын­дар (компьютерлікті қоса есептегенде), ырғақты музыканы ұзақ тыңдау, сондай-ақ адамның өмірлік маңызды міндеттерінен бас тартып, қызметтің қандай да бір түріне толықтай батуы.
Аддиктивті мінез-құлық бірте-бірте қалыптасады. Ауытқудың басталуы белгілі бір затты қабылдауға немесе белгілі бір әрекеттерге адамның интенсивті өткір психикалық жай-күйінің өзгеруімен, әсерленушілігімен байланысқан және ол өзінің психологиялық жай-күйін өзгер­тудің белгілі бір тәсілінің барлығын түсі­нумен, сезімнің көтерілуін, қуанышты, экстазды бастан кешудің пайда болуымен байланысқан.
Бұдан әрі аддикция құралдарына табанды түрде тұрақты жүгіну қалыптасады. Күрделі өмірлік жағдай, психологиялық дискомфорттық жай-күй аддиктивтік реак­цияны арандатады. Бірте-бірте мұндай мінез-құлық шынайы өмір талаптарына жауап қайтарудың үйреншікті типіне айналады. Тұлғаның интегралды бөлімі ретінде аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасуы жүреді, яғни бұрынғыны ығыстыратын және қирататын өзге тұлға пайда болады.

Аддиктивті мінез-құлық тұлғаның девиантты мінезінің бір түрі. Қазіргі кезде тәуелділіктің мынандай түрлері тараған:

Ғаламторға тәуелділік - аддикцияның бір түрі; "off-line" режимде отырып ғаламторды пайдалануға деген құлшыныс, немесе "on-line" режимде ғаламтордан шыға алмай қалу қабілеті. Қазіргі таңда «ғаламторға тәуелділік» әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр, бірақ та медициналық белгілер бойынша жүйке жүйесінің бұзылуына жатпайды.

Ең алғаш рет "ғаламторға тәуелділік" терминін психолог Айвен Голдберг ғылымға енгізген болатын. Оның ұсынған теориялары психикалық стандартқа сәйкес келмесе де, ғаламторға деген тәуелділікті Голдберг психоактивті заттарды шектен тыс қолдану деп суреттеген. Голдберг ғаламтордың әкелер зияндарын былайша жіктеген:

  • Ғаламторды қолдану адамды стрессқа түсіреді немесе дистресс;
  • Ғаламторды қолдану адамның физикалық күйіне, жүйке жүйесіне, жеке өміріне, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигіздеді;

1994 жылы психолог Кимберли Янг ғаламтор тәуелділігі жөнінде тест-сауалнама жүргізіп, 500 жауап алған болатын. Жауап бергендердің көбі тәуелді екендерін мойындады. Нәтижесінде, бұл жүйке ауруының таралуы, потологиялық құмарлықпен тең болып шықты, ғаламтор қолданушыларының 4-5 пайызын құрады.

Психолог Дреп. М көзқарасы бойынша, басты тәуелділіктің 6 түрін осылайша жіктеген:

  1. Әр түрлі вебсайттарды қолдану - ғаламтордан ақпараттар іздеу;
  2. Вирттуалды әлемдегі достарымен сөйлесу - әлеуметтік желілерде көп хат алмасу;
  3. Ойынға тәуелділік - компьютерлік ойындарды көп ойнау;
  4. Ғаламторда ақша құрту/табу - ғаламтор желісі арқылы құмар ойындарын ойнау, ғаламтор арқылы сауда жасау;
  5. Ғаламтор арқылы фильмдер қарау;
  6. Порнографиялық парақшалар;

Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) - есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық- бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық - жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді. Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар:

Отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері.

Сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар т. б.

Есірткі заттарының психикаға әсер етуі: қоздырушы, тұнжыратушы, тыныштандырушы және адамды шындық өмірден қате қабылдауға алып келетін фантастикалық ойларды бастан кешіру. Барлық есірткі және психоактивті заттар бірнеше топқа бөлінеді:

Сора түрлерінен жасалған есірткілер. Гашишемания. Бұл топқа әр түрлі сора түрлерінен өңделетін есірткілер жатады - анаша, марихуана, гашиш, банг, киф, хусус, план, харас, дагга.

Апиынды есірткілер. Соңғы жылдары апиын есірткілері кеңінен тарала бастады. Бұл топқа апиыннан өңделген заттар жатады: морфин, кодеин, промедол, просидол, фентанил, метадон, героин т. б. Бұл заттарға тәуелділік тез қалыптасады. Апиында тамырға егу немесе шегу арқылы қолданылады. Уланғанда эйфория, қозу басым болады. Ауыз қуысы құрғайды, ыстығы көтеріледі, басы ауырады және терлеу пайда болады. Тыныс алу және жүрек қан - тамыр жүйесі бұзылады. Абстиненция синдромы есірткі қабылдаған соң бірнеше сағаттан кейін пайда болады және 5-7 күнге созылады. Психикалық жағынан алаңдаушылық, өлімнен қорқу сезімі байқалады. Адамның ұйқысы бұзылады, қорқынышты түстер көреді. Сондай-ақ көңіл-күйі өзгермелі болады: өзін өзі жоғары бағалайды, кейде депрессия, тітіркену, агрессия, және апатиялық жағдайда болады. Героин - апиындардың ішіндегі ең кең тараған түрі және есірткінің ең ауыр түріне жатады.

Психостимулятор есірткілері - бұл топтағы есірткілерге тән белгі: ойлау қарқыны жылдамдайды (үстірт жеңіл тұжырымдар) Психостимулятор әсерінен қоршаған заттарды қабылдау нашарлайды. Түрлері: кокаин, эфедрин, первитин, амфетамин. Алғаш қабылдағанда шаттық сезімі пайда болады, кейін жағымды сезімдермен жалғасады., Есірткі әсерінен сананың қызметі белсенді жұмыс атқарады. Адам көп қимылдайды, көп сөйлейді, өз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Психостимуляторға тәуелділік тез қалыптасады: сирек қабылдағанда 2-3 аптадан соң және тамыр арқылы 3-5 рет қолданған соң. Психостимулятордың ерекшелігі психикалық тәуелділік тез қалыптасады. Есірткі қабылдау тілегі тәуелділік қалыптаспай жатып пайда болады. Сондай - ақ депрессия үзақ уақытқа созылады және абстиненция синдромында өзін өзі өлтіруге тырысады.

Депресантты есірткілер. Бұл топтағы заттарға барбитурат, транквилизаторлар жатады. Тамырға егу арқылы қабылдағанда басқа ұрады, көз қарауытады, заттар жүзіп жүргендей елестейді, көз қарашығы үлкейеді және тері қызарады. Бүл жағдай бірнеше секундқа созылады. Кейін тепе -теңдігі бұзылады, тез қимылдайды. Адамның қоршаған ортаға деген қатынасы өзгереді, адамдарға жағымды қатынас жасайды. Көтеріңкі көңіл -күй 2-3 сағатқа созылады. Содан кейін терең үйқыға кетеді. Ұйқыдан тұрған соң өзін әлсіз сезінеді, зейіні бұзылады, интеллектуалды процестердің қарқындылығы төмендейді.

Галлюциногендер. Галлюциноген заттары миға қатты әсер етеді. Галлюциноген заттарына улану салдарынан жасанды психоз туындайды. Анықталғандай галлюциногендер бірнеше синапстар қызметіне араласып, оны толық бұзады. Бір рет қабылдағанның әсерінен нейрон мен синапстар қызметі 2-3 күнге дейін қалыпқа келмейді. Тіпті бұл заттарды мидан алып тастаған жағдайда да синапс жасушалары қалыпты қызмет атқармайды. Мысалы: ЛСД затын бір рет қабылдау салдарынан бас ми толық жарақаттанады және психикада өшпестей із қалдырады. Психикасы тұрақсыз адамдарға есірткі орны толмастай әсер етеді. Өзін өзі сезінудің бұзылуы және галлюцинация қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін тудырады. Нашақорларда агрессия басым болады. Уақыт өте нашақор мақсатты әрекет ету қабілеттілігінен, белсенділігінен айырылады, көңіл күйі төмендейді, үрейлену, қорқыныш маниясы, қорқынышты галлюцинациялар пайда болады.

Есірткі қолданумен байланысты әлеуметтік, денсаулық мәселелері психоактивті заттар, адам және орта арасындағы күрделі өзара әрекет етуінің салдары болып табылады. Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер есірткі заттарының фармакологиялық және денсаулыққа әсер етуін қарастырды және осы медициналық-физиологиялық тұрғыда емдеу жұмыстары жүргізілді. Нашақорлық мәселесін тек физиологиялық мәселе ретінде емес, әлеуметтік жағдайда есірткі қолданатын жеке тұлға мәселесі ретінде қарастыру керек. Бұл тұрғыда профилактикалық, емдеу және реабилитациялық жұмыстар жаңа мазмұн мен мүмкіндікке ие болады.

Фанатизм (лат. fanaticus - құрбандық ) - индивидтің белгілі бір сенімдерге деген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берілгендігі; бұл оның іс-әрекетінде және басқалармен қарым-қатынасында айқын көрінеді. Фанатизм сол жолда құрбан болуға дайындықпен астасады; идеяға берілгендік басқа пікірдегілерге төзбеушілікпен қараумен, ортақ мақсатқа жетуге кедергі болатын әдеп нормативтерін елемеушілікпен ұштасады. Фанатизм - топтың психологиялық феномені. Бір-біріне тәнті болудан қолдау табатын фанатиктер үшін көтеріңкі эмоциялық, өздерінің көзқарастарын қуаттайтын кез келген ақпаратқа талғамай қараушылық, тіпті тілектестік тұрғыдағы сынның өзін қабылдамаушылық тән. Фанатизм екінің бірінде идеологиялық (соның ішінде діни) сипатта болады.

Алкоголь - қосындылары ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады. Алкогольге психикалық тәуелділік спиртті ішімдікті тынымсыз ішуден пайда болады. Алкогольге психикалық тәуелді маскүнемдер ішімдік пайдаланбаған күндері сабырсыз және байбалам салумен болады. Физикалық тәуелділік шамадан тыс ішетіндерде болады. Денесі алкогольге үйреніп қалғандықтан ішімдікті тоқтатқанда ыңғайсыздық туындайды. Бұл аурулар - әлсіздік, ұйқы, терлеу, дірілдеу, ұрыну, тәбет қашуы, асқынған жағдайларда елес туғызады.

Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар. Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х. Қ. Сәтбаева және т. б. үш кезеңге бөледі.

1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.

2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге көріне бастайды.

3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасына көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады.

Тәуелділіктің дәрі-дәрмегі жоқ. Тек сырқат ем қабылдай алады, осылайша аурудың асқынуына тосқауыл қойылады. Мамандардың бақылауында қажетті ем қабылдаған тәуелді адам жазылып кете алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау туралы ақпарат
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау жайлы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Ұлттық ойындарға анықтама
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz