Макро экономика
1. Макро экономика
2. Инвестициялық саясаты
3.Экономикалық өсу
4. Инфляцияға қарсы саясат
5.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
2. Инвестициялық саясаты
3.Экономикалық өсу
4. Инфляцияға қарсы саясат
5.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1].
1.Андреев В.А. Практический аудит - М.Экономика, 2004
2. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.
3. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999.
4.Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические идеи в России до марксизма. М., 1990.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Макро экономикалық көрсеткіштерге сипаттама,Инвестиция және мемілекеттің инвестиция саясаттар, Инфлатция және мемілекеттің инфлатция қарсы саясат, ҚР экономикалық өсу.
Тексерген: Габдуллина Л.Б Орындаған: Құмаров С.Қ
Тобы:Е-415
Семей 2015
Жоспар:
1. Макро экономика
2. Инвестициялық саясаты
3. Экономикалық өсу
4. Инфляцияға қарсы саясат
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Макро экономика
Экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін -- жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді "макроэкономикалық теория" деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 -- 1946) есімімен, оның "Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы" (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 -- 1978), Дж.Хикс (1904 -- 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 -- 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі -- [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру -- қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі; жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 -- 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
инфляцияның табиғатын талдау;
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
:: экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу;
:: ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
:: мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға -- жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.
Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.
Макроэкономикалық реттеу
Макроэкономикалық реттеу -- экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.
Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген бағытта ұстауды көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады. Мысалы, инвестицияның жетіспеуі себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап, құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге немесе тек инвестицияға ғана салынатын салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы, әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді меншіктенушілерге жекешелендіріліп берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы сияқты макроэкономикалық реттеу нұсқалары қолданылуы мүмкін. Екінші жағдайда келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белгілі бір күйзелістік шектегі деңгейін белгілеуге және осы көрсеткішке жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына көмектесу, т.б.) қолдануға болады. Реттеудің макроэкономикалық құралдарына салықтар, үлестемелер, фирмалардың рыноктағы әрекетін құқықтық реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы шектеулер жатады. Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақша саясаты құралдары (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер), қазыналық саясат (тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару), ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты (айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы) жатады.
Макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясат -- экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.
Макроэкономикалық тәсіл
Макроэкономикалық тәсіл -- экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.
Макроэкономикалық көзқарас
Макроэкономикалық көзқарас - экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.
Инвестициялық саясаты
Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі Қазақстандағы отандық және шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады. Инвестиция саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыстағы тетігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі және соған ұқсас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі болып табылады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді жою, саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану саласында құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық соттарды қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын қарастырады. Сонау 1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай, ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша, ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. Үкімет сыртқы қарыздардан гөрі тікелей инвестицияларға басымдық берді. Мәселен, 1993 жыл мен 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына түскен шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Сөйтіп негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 26,4 пайызға жеткен. Айта кету керек, Қазақстан әлем экономикасы қиыншылықтарға тап болған жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономикалық қайта құрулар мен халықтың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан көшбасшы елдердің үштігіне қосылды [1, 56 п]. Сөйтіп одан кейінгі жылдары нарық капиталындағы жағдайдың өзгерісі елімізге одан әрі шетелдік инвестицияның құйылуына жол ашты. Осы жылдары шетелдік тікелей инвестицияның оң көрсеткіші 2760 млн. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда, жоғары көрсеткіш екенін байқау қиын емес. Соның ішінде жалпы республикалық инвестицияның тең жарымы шикі мұнай мен газды өндіретін кәсіпорындар үлесіне тиесілі-де, ал аймақтарда Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына біршама үлесін қамтамасыз етеді [1, 57 п]. Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында салықтық жеңілдік пен артықшылықтар беруге 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды [2, 65 п]. Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы арқасында Қазақстанға шетелден тікелей түскен инвестиция көлемі 35 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұның 40 пайызы ЕО елдеріне тиесілі еді. Ірі инвесторлар қатарында, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Германия секілді елдер бар. Қазақстан елдегі қолайлы жағдайға байланысты ТМД елдері арасында жан басына шаққанда ең көп шет елдік инвестицияны тартуға білек сыбан кірісті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назабаевтың тікелей қолдауымен тартылған шетелдік капитал елдің нормативтік-құқықтық және институттық негіздің тұрақтылығын одан әрі нығайтуда басты рөл ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан өзі де Грузия мен көршілес Қырғызстанда бірінші инвестор-мемлекет болып табылды. Қазақстанның экономикалық даму саясатының негізгі басымдықтары болып, біріншіден экономиканы әртараптандыру және оның мұнай мен газға тәуелділігін жою, сондай-ақ жоғары құндылықтағы бағалы өнімдерді өндіруге жәрдемдесу дейміз. Екіншіден, сол кездегі саясат бойынша, Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену, үшіншіден, Дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы әлемдік экономикамен интеграциялану. Бұл межелерге қол жеткізу үшін Үкіметке көптеген ірі міндеттерді жүзеге асыру қажет болды. Осының арқасында түрлі жеңілдіктер қарастырылды. Экономиканы әртараптандыруда, яғни мұнайхимиялық саланы, құрылысты, туризм мен көліктік саланы дамытуда жеті кластер белгіленді
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мқсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz