Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер


1. Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы сөздер қалай қалыптасты?
2. Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер
3. Орыс тілдегі түрік сөздер.
1. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. - Алматы: «Ана тілі», 1992.
2. Барлыбаев Р. «Қазақ тіліндегі сөз маѓынасыныњ кеңейуі мен тарылуы». – Алматы; «Мектеп», 1968
3. Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: «Санат», 1997. - 140 б.
4. Әбілқасымов Б. « Алғашқы қазақ газеттерінің тілі». – Алматы: «Ғылым», 1971ж.
5. Басқақов Н.Я. «Туыстас тілдер тарихы», Қазақ тарихы журналы, 1993. - № 2. - 79 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер














Тексерген: Ахметова Г.С



Орындаған: Ербол М









Семей 2015ж.
Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер
Жоспар:
1. Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы сөздер қалай қалыптасты?
2. Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер
3. Орыс тілдегі түрік сөздер.
Қазақ тілінің тарихи кезеңінде кірме сөздердің алатын орны әлі айқындалып болған жоқ. Жалпы, қазақ тілінің лексикология саласында кірме сөздер туралы жан - жақты сөз болады. Бірақ кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық құрылымы толық зерттелген деуге болмайды. Қазақ тілінің оқулықтарында әркез кірме сөз жөнінде әңгіме қозғалып қояды да, оның зерттелуінің тереңдей мәні ашылмайды.
Кірме сөздер қай ғасырдан да бері еніп келеді? Оны анықтау мүмкін емес. Дегенмен түрік елінің басқа шет елдерімен аралас-құраластың нәтижесінде кірме сөздер еніп үлгерді. Оның кейбірі түріктің өз сөздері болса, кейбірі миграция нәтижесінде жеткен сөздер тобы еді. Әрине, ұзақ жылғы тілдік даму барысында қай сөз кімдікі екендігін анықтау, оған нақты баға беру де қиынға соғады. Тіл ұзақ жылғы араласудың жемісі. Адамдар бір - бірін тіл арқылы түсінген. Әуелі адам, одан соң тіл жұмыс істеген. Адамзат баласының дүниеге келуінен бастап, жер бетінде дүние бөлісу басталды. Байлыққа көз тігу, бір жерді басып алу, әлімжеттік күштеу саясатын тудырды. Әсіресе, соғыс қатты әсер етті, бір елді басып алу сол елдің тілін білуге құштарлықты оятты.
Орыс тілінен қазақ тіліне сөз енуі сонау 18 ғасырдан басталады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бұл күнде өте мол. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздердің саны бұл күнде өте мол. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерді Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер, Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер деп екіге бөлуге болады. Қазан төңкерісінен бұрын орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырған. Мысалы: Болыс- волость, жәшік- ящик, сот-суд, божы- вожжи, кереует- кровать, самауыр- самовар. Ал мұндай сөздер үндестік өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы: совхоз, колхоз, трактор, автомобиль, комбайн, клуб, институт т.б.
Басқа тілдік сөздердің енуі, сондай-ақ кейде оларды кейбір жолымен аударып алу қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің, лексикасы орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңіді. Белгілі бір тілдің сөздік тілдің ішкі мүмкіндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады.
Қай тілді алсак та оның өзінін сөздік құрамы, ерекше фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы болады.
Қазақ және орыс тілдерін генеалогиялық жактан алғанда, әр түрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерініц шығыс славян тобына жатады. Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар Дунайга дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орта Азия, Сібір, Кавказ, Кіші Азия жерлерін мекен еткен.
Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен ерісі ежелден іргелес, көрші елдер. XVI - XVII ғасырларда қоныс араласуымен, сауда-саттықпен байланысты қарым-қатынастар күшейсе, XVIII ғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бүл байланыстарды одан әрі нығайта түскен.
2. Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан сөздер баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша сейлеу тілі арқылы енген. Сондықтаң болса керек, бүл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей қазақ тіліиің дыбыстық заңдарына бағынып, әзгерген (ящик - жәіиік, кроватъ - кереует, чайник - іиәйнек, суд -- сот т.б.).
Революциядан бергі кезеңде де қыруар термин сөздер ауысты. Бүлардың басым көпшілігі орыс тіліндегі қалпында, түр-тұлғасы мен мағынасы өзгертілмей қабылданды. Ал кейбір орыс тілі терминдерінің қазақща баламасы мынадай жолдармен жасалды:
1. Орыс тіліндегі терминдерге казақың төл сөздері және олардан калька жасау арқылы туынды сездер балама етіліп калыптастырылған (үшқыш - летчик, цондыргыш -надстройка).
Орыс тіліндегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөздерге дербес мағына беріліп, олар бір-бірінен сараланып отырған (білім - знанае, гылым - наука, ілім- учение).
Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір тар мағыналы сөздер активтеніп, олардың белсенділігі арттырылған. Соныц нәтижесінде дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып калыптасты, яғни кейбір сөздердің семантикалық шеңбері кеңіді (фонд, запас, резерв - қор деген бір сөзбен ғана аударылып жүр.)
4. Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық
баламалар табу ісінде қолданысқа түспей, қалтарыста калып
жүрген кейбір көнерген сөздер активтеніп, қайтадан іске
қосылған (здание -- гимарат, тиф -- сүзек).
5. Кейбір төл сөздер бүрынғы негізгі магынасының
үстіне терминдік жаңа магына қосып алған (сыбага - удел,
жертва - қүрбандық).
6. Қазақ тіліндегі көптеген жүрнақтар, әсіресе -у;
-лық/лік; -ыс/іс; -ма/ме сияқты жүрнақтардың сөз тудыру
қабілеті мейлінше күшейген (кружок - үйірме, колебание -тербеліс).
7. Көп мағыналы терминдердің лайықты балама
табылған мағьшасы аударылып қазакша берілсе, баламасы жоқ
мағынасы орысша қалпында берілген (фаза - кезең, ал физика
ғылымында - фаза деген сөз ез калпында алынған).
Орыс тіліндегі көп мағыналы терминдер қазақ тіліне ауысканда, әрдайым бір мағынасында ғана қолданылады. Мысалы, операция, ассимиляция сөздері орыс тшшде көп мағыналы болғанымен, қазақ тілінде көбінесе дара мағынада жүмсалады. Алайда әскери операция, медициналық операция, ақша операциясы деген тіркестер контексте қолданыла береді.
Орысша туынды терминдерді қазак тіліне қабылдау қажет болгаы жағдайда, олардың түбірі сол қалпында алынып, орысша қосымшасы қазақ тілінің қосымшасымен алмастырылады (нормироваіпь - нормалау, газификация --
Кейбір термин сөздердің орысшасы мен қазақшасы
жарыса қолданылып жүр (метод - әдіс, форма - тур,
тұлга).
11. Интернационалдық терминдер, яғни халықаралық
сипаты бар сөздер аударылмай қолданылып жүр (атом,
конституция).
12. 1950 - 60 жылдардан бері қарай орыс сөздерінің
қолданылуын реттеу, мүмкіндігінше қазақша баламасын табу,
егер баламасы болмаса, оны жасанды түрде беру мәселесі
қарастырылып келеді (остановка - аялдама, холодилъник -
тоңазыпщыш).
13. Орыс сөздерінің баламасы калька сөздер арқылы
берілді (акпарат -- информацня, елтаңба -- герб, муражай --
музей).
Кейде орыс тілі арқылы кірген создерге балама іздестіруде жөнсіз ауытқу да байкалады (галактика - галамшар, рецепт - ішірткі, радио -- унжария, газет - ункагаз). Сондықтан кез келген кірме терминді міндетті түрде қазақшалап колдану кажет деген пікірге байқап, байыппен караган жөн сияқты.
Жалпы, қай тіл болмасын кірме создер арқылы байып, толығып, кемелденіп отырған. Мысалы, орыс тілінің лексикасына келетін болсақ, орыс тілі индоеуропа тілдерінін шығыс славян тобына жатады дедік. Ежелгі орыс әдебк тілі X гасырда Русьта христиан діні қабылданған кезден бастаи қалыптасып, көне славян және халық-әдеби тілдері негізінде қальштаса бастаған ("Повесть временных лет" (ХІ-ХІҮ ғғ), (XII ғ.), (XV ғ.). Ал ХІУ-ХУ ғасырларда бүл тіл дербес 3 тіл болып бөлшеді: орыс, белорус, украин тілдері. Ежелгі орыс тіліне де (древнерусский), үлы орыс тіліне де (великорусский) діни одебиетте қолданылатын кітаби-славян тілі әсер еткен. Кітаби-славян тілі, негізінен, діни әдебиетте, халық-әдеби тілі ресми стильде, көркем әдебиет жанрында колпаңылған.
Орыс тілінің төл сөздеріне индоеуропалық сөздер, яғни индоеуропалык тілдер бірлестігі дәуірі кезінде, біздің дәуірге дейінгі Ү-ІҮ ғасырларда пайда болған сәздер, жалпы славян создері, яғни барлық славян тілдерінің негізін құраған сөздер, УІІ-ІХ ғасырларда Шығыс Еуропада пайда болған шығыс славян лексикасы; XIV ғасырдан кейін қалыптасқан накты орыс пексикасы жатады. Индоеуропалық тілдер бірлестігі ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер. Орыс тіліндегі түрікі сөздері6 бет
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары18 бет
Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі жаргон сөздер4 бет
"Диуани лұғат ат-түрік"6 бет
"Түркі тілдерінің жіктелуі."6 бет
Xix ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі4 бет
XІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар туралы6 бет
Дауысты дыбыстар жүйесі12 бет
Дүние жүзі тілдері13 бет
Ерте дәуірдегі тіл білімі8 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь