Өзін –өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Өзін -өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.
Орындаған: Калтаева Т. Н, Т-411
Тексерген: Көшкімбаева Р. Х.
Семей, 2015 жыл
Жоспары:
- Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы
- Тұлғаның дамуының әртүрлі жас сатылары
- Өзін-өзі тану пәнінің жеке тұлғаға әсері
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы - тұлғаның өзінің жеке және кәсіби мүмкіндіктерін анағұрлым толық айқындауы.
Адам тұлға ретінде өзін-өзі бағалаушы тірі ағза. Өзін-өзі бағалаусыз өмірде өз тағдырын шешу қиын, тіпті мүмкін емес. Өзін-өзі бағалау өзінің бойында белгілі қасиеттердің барлығының деңгейі жөніндегі адамның пікірі. Бұл адамның өзіне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзін-өзі бағалау, ең алдымен талдау, теңестіру, іріктеу, ойлау операциясының нәтижесі.
Психологтар да, педагогтарда адамның рухани интеллектуалдық кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру өмірдің әр кезеңінде әр қалай көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А. Дистерверг, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский қазіргі оқушының дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу қажет деп атап көрсеткен.
Қазіргі таңда педагог-психологтардың жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін дамыту жұмысы білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Өзін - өзі жүзеге асыру - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің психологиялық механизмдері
ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану) ;
- адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау) ;
- өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болута дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау) ;
- өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту) .
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі аз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процесінің құрамдас бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Психологиялық - педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т. б. саналады. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі.
Өзін-өзі бақылау - адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процестер мен көңіл - күйлерін түсінуі, бағалауы мен реттеуі.
С. В. Кондратьева бойынша өзін-өзі тануды зерттеуде әр түрлі бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелігі және өзін-өзі тануы жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген. Өзге адамды түсінуде және өзара байланыс механизмін, мазмұнын айқындауы, мінез-құлық рефлексивті қасиетін анықтауға жол ашады деп көрсетеді.
Тұлғаның дамуының әртүрлі жас сатылары
Бүгінгі күнге дейін баланың психикалық жетілуі жөнінде толық қамтылған көрініс бере алатын бірегей теория жоқ. Балалардың жетілуінің, мінез-құлқының және тәрбиесінің артық немесе кем толық суретін алу үшін кезеңдену типінде білінетін бірнеше теориялармен танысу керек.
Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты - адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З. Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Ол, балалар психикалық, турасында психосексуалдық жетілудің 5 сатысынан өтеді деп пайымдады.
Қалалардың қызығушылығы әрбір сатыда ләззат алу негізі болып қызмет ететін дененің белгілі бөлігінің айналасында шоғырланған:
1. оральдық саты (0-2 жас) ;
2. анальдық саты (2-3 жас) ;
3. фаллостық саты (4-5 жас) ;
4. латенттік саты (6-12 жас) ;
5. гениталдық саты (12-18 жас) .
Э. Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.
1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас) ;
2. тәуелсіздік сезімі - ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас) ;
3. ынталық - күнә сезімі (4-5 жас) ;
4. еңбек сүйгіштік - жарты кештік сезім (6-11 жас) ;
5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну - бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас) ;
6. интимдік қатынасқа ұмтылу - айналадағылардан оқшаулану (ерте есею) ;
7. өмірлік белсенділік - өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею) ;
8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею) .
Когнитивтік теория
Ең бастысы ойлаудың, білімді сіңіру процесінің қалыптасуы мен даму проблемаларына қатыстылығы бар. Ақыл-ой жетілуінің ең толық процесін Швецариялық ғалым Жан Пиаже (1896-1980) құрастырған. Пиаже бойынша адам өзінің ақыл-ой дамуында 4 үлкен кезеңнен өтеді:
1) сезімдік-қимылдық (сенсомоторлық) - туғанынан 2 жасқа дейін;
2) оперативтікке дейінгі (2-7 жас) ;
3) нақты ойлау кезеңі (7-11 жас) ;
формальдық-логикалық, абстракттық ойлау кезеңі (11-12 - 18 жас және одан әрі) .
Мінез-құлық теориясы
Балалар мен ересектердің өздерін неге, қашан және қалайша, бірақ басқаша емес ұстауға үйренетінін түсіндіруге тырысады. Бұл теорияны сондай-ақ бихевиористік (ағыл. Behavior - мінез-құлық) деп те атайды. Бихевиористіктің негізін қалаушы Джон Уотсон (1878-1958) болып табылады. Теорияны практикалық жүзеге асыруға Б. Скиннер (1904-1992) зор үлес қосты. Бихевиористер ортаның бала мінез-құлқы мен жетілуіне әсерін ерекше атап көрсетеді және социалдық оқудың 3 түрін бөліп қарастырады: классикалық және операнттық себептілік пен еліктеу.
Биологиялық теория
Адамдар мен жануарлардың мінез-құлқын табиғи жағдайда салыстырады және олардың мінез-құлқындағы жалпылық пен спецификалықты анықтауға жете көңіл бөледі. Бұл проблемалармен шұғылданатын ғылыми бағыт этология деп аталады. Конрад Лоуренц (1903-1988), белгілі этолог психологияға импритинг (қаперде ұстау) ұғымын енгізді. Этологтардың пайымдауынша, адам белгілі бір бекітілген әрекет үлгілерімен, мінез-құлықтың генетикалық детерминирленген түрлерімен инстинктермен жарық дүниеге келеді.
Гуманистикалық теория
Адамды өзін жүзеге асыруға ұмтылатын теңдесі жоқ индивид, бір тұтас тұлға ретінде қарастырады. Гуманистикалық теорияның дауына Абрам Маслау (1908-1970) ең үлкен үлес қосты.
Оның теориясына сәйкес, әрбір адамға бес деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыруға көмектесетін мотивациялық (дәлелдемелік) топтама бар:
1. ғұмыр кешу, немесе биологиялық қажеттілік;
2. қауіпсіздік және болашаққа сенімділік;
3. махаббат және нақты социалдық топқа жату (социалдық статус) ;
4. өзіндік баға;
5. өзін таныту.
Оларды қанағаттандырып, адам творчестволық және тәуелсіз тірі жанға айнала алады.
Л. С. Выготскийдің мәдени-тариха теориясы: «Баланың мәдени дамуындағы барлық функция сахнаға екі рет, екі тұрғыда алдымен социалдық, интерпсихикалық категория ретінде, кейін психологиялық тұрғыда, интерпсихикалық категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін баланың ішкі әлемінде көрсетеді» дегенге негізделген. Выготский бойынша барлық ішкі процесстер интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол кейін оның санасына тұтастай енеді» (вращивание?) .
Бұл теориялардың барлығы өзаратолықтырушы, өйткені олардың авторлары адамның психикалық дамуын зерттеу кезінде әр түрлі «аспаптарды» қолданады және баланың жетілуінің әр түрлі деңгейлері мен тұстарына жете назар аударады. Бұл оқу құралында негіз ретінде Л. С. Выготскийдің концепциясы (тұжырымы) қолданылады.
Өзін-өзі тану пәнінің жеке тұлғаға әсері
«Өзін-өзі тану» курсының ерекшелігі балалардың өзінің және жолдастарының бойындағы ерекшеліктері мен қасиеттерін ажырата алуына және өз іс-әрекеттеріне баға бере алуға үйретуді міндет етіп қояды. Бұл міндеттің негізгі шешімі - ойындар. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Атақты педагог А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz