Әлеуметтік мәселелерді айқындау



1. Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы
2. С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
3. М.Ауезов «Жетім» әңгімесі
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік мәселелерді айқындау

Орындаған: Саятова Асель
Тобы: Қ-509
Тексерген: Мамырбеков А.М.

Семей 2015 жыл

1. Ж.Аймауытов Ақбілек романы
2. С.Торайғыров Қамар сұлу романы
3. М.Ауезов Жетім әңгімесі

Ж.Аймауытов Ақбілек романы
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі. Ақбілек романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Жалпылама алғанда бұл Ж.Аймауытовтың Ақбілек романының тәрбиелік мәні жоғарғы деңгейде жазылған, қазақ халқының қалыптасу тарихын сиппаттайтын шығарма болып табылады. Оқи отыра өзіңе кеңінен әсер қалдыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда бұл кітапты оқымаған жан жоқ деп есептеймін. Моральдық тұрғыда өте құндылықты шығарма. Тәрбие - тал бесіктен демекші бұрынғы заманда жазылған шығармалар бізге белгілі бір дәрежеде тәрбие бере алады.
Осы шығарма барысында девиантты мінез-құлықтар сипаты айқын көрсетіледі. Жалпы девиант дегеніміз не? Девиант дегеніміз - (лат. Deviatic - ауытқу) адамдардың немесе олардың топтарының барша жұрт мойындаған әлеуметтік әрекет пен қылық нормаларынан ауытқушылығы, яғни бұл - әлеуметтік топтар немесе қоғам тарапынан оған назар аударатын ауытқушылық. Бұл шығарма барысында қай жерде көрсетіледі?- деген сұрақ туындайды. Девианттылық мінез шығармада көп көрсетіледі. Мысалға алатын болсақ Ақбілектің көзінше анасының соққыға жығуы, анасының өлтірілуі ақ гвардияшылардың, Ақбілікке көрсеткен зорлық-зомбылық, әкесінің қызына деген тұрпайы мінез-құлқы, оны жақтырмауы барлығы девиантты мінез құлықты айқындап көрсетіп береді. Осы шығарманы оқи отыра мен девиант мінез-құлқын түсіндім.
Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтану жалпы мынадай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, ол ұғымдарды атап айтқанда: саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси прцеттер, саяси институттар және т.б Келесі кезекте Саясат әлеуметтануы жүреді бұл шығармада. Неге саясат әлеуметтануы? Әкесінің билік басындағы ұстанып отырған әр түрлі тараптағы саясаты кіреді. Бірақ ол билік басына қолы жетпейді. Ол бұл жерде саясатының дұрыс жүргізілмеуі болып табылады. Тек Ақбілектің қоғамдағы өмірі сипатталмайды, саяси бағыттада жүргізіледі.
Экономикалық үрдіс қалай жүреді бұл шығармада соны нақтылап өтсем. Экономикалық үрдіс қазақ халқының қалыптасқан дәстүрі бойынша қалың мал принципі экономикалық сипатында жүргізіледі, не болмаса халықтың аймақты басқарып отырған адамға белгілі бір мөлшерде салық төлеп отыратыны сипатталады.
Отбасы әлеуметтануы - отбасыда әлеуметтанудың белгілі бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Бұл барлығымызға мәлім. Отбасы әлеуметтануы шығармада жақсы тарапта көрсетілмейді, себебі Ақбілектің отбасы белгілі бір мөлшерде отбасы болып сақталып қалмады. Анасы ақ әскерлердің зорлығымен өлтірілді, қызын алып қашты, әкесі өзі ғана қалды. Бұл тарапта әкесі белгілі бір күн мөлшерде қиналады, әрине, бірақ одан кейін үйреніп кетеді. Ақбілек қайтып оралғанда әкесін шыбын шаққандай болмайды, себебі қызына қара дақ түскенін білгендіктен әкесі сондай қылық танытады. Қалай дегенмен әкесі қызын қандай жағдайда болмасын қолдау таныту керек еді.

Шығарманың басты кейіпкерлері
* Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
* Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
* Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
* Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
* Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
Роман өз деңгейінде жақсы жазылады. Адам оқи отыра шығарманы жақсы түсінеді. Әр шығарманы оқыған сайын әсер аларың сөзсіз. Ж.Аймауытовтың Ақбілек романыда менің бойымда белгілі бір әсерін қалдырды.

С.Торайғыров Қамар сұлу романы
XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. Қамар Сұлу романындағы Қамардың бейнесін автор: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? - деп ақын Қамардың Ойы көркіне сай қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде: Еріткен іші-баурыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. Нұрлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экологиялық мәселелер
Кәсіпкерлік әлеуметтануы пәні, зерттеу нысаны
Зерттеу пәні ата - аналары ажырасқаннан кейін балаларға қорғаншылық тағайындау туралы дауларды қараудың реттейтін заңнама
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
Қазақстан Республикасында жазадан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері
Диссертацияның құрылымы
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Пәндер