Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар



1. Кіріспе
2. Аурудың эпизоотологиясы.
3. Ауру белгілері.
4. Емі
5. Иммунитет.
6. Қолданылған әдебиеттер
Пастереллез немесе геморрагиялык септицелгия деп пастерелла микробтары қоздыратын ауруларды айтады.
Мал өнімдерінің сапалы болуына залалын тигізетін індеттердің қатарына пастереллез де жатады. Пастереллездер адам, үй және жабайы жануарлар мен құстардың көптеген түрінің табиғи ошақтық, кең тараған зооантропоноздық ауруы. Аталған індет еліміздің мал шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіретін болғандықтан, осы аурудың алдын алу, анықтау, індетке қарсы биологиялық белсенді препараттар дайындау бойынша ғылыми зерттеулердің маңызы өте зор.
1. Сайдулдин Т.С., Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы, 2009
2. Қасымов Е.И., Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. Алматы 2014
3. Құрбанов С., Қаратаев Ш. Ауыл шаруашылық малдарының эпизоотологиясы және инфекциялық аурулары. Шымкент. 2010

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министирлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

Тақырыбы: Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар.

Орындаған:Сайлаухан Қ.
Топ: ВМ- 201
Тексерген: Мұратбаев Д.М.

Семей-2015 жыл.

Жоспары:
1. Кіріспе
2. Аурудың эпизоотологиясы.
3. Ауру белгілері.
4. Емі
5. Иммунитет.
6. Қолданылған әдебиеттер

Пастереллез немесе геморрагиялык септицелгия деп пастерелла микробтары қоздыратын ауруларды айтады.
Мал өнімдерінің сапалы болуына залалын тигізетін індеттердің қатарына пастереллез де жатады. Пастереллездер адам, үй және жабайы жануарлар мен құстардың көптеген түрінің табиғи ошақтық, кең тараған зооантропоноздық ауруы. Аталған індет еліміздің мал шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіретін болғандықтан, осы аурудың алдын алу, анықтау, індетке қарсы биологиялық белсенді препараттар дайындау бойынша ғылыми зерттеулердің маңызы өте зор.
Пастереллез қоздырушысы - Pasteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұптасып, сирегірек - қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия. Бактерияның пішіні мен өлшемідері шыққан ортасына байланысты әр түрлі болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский-Гимза әдісімен биполярлы (екі шеті) боялады. Жаңа өскіндерде микробтың анық көрінетін капсуласы бар. Олар қарапайым қоректік орталарда 37 °С жақсы өседі, жаңадан алынған өскіндерді өсіру үшін қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған қоректік орталар пайдаланылады. Бактериялар сорпада өскен жағдайда қоректік орта түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бұдыр (R), және кілегейлі
(M). Ферментативтік қасиеті төмен, пастереллаларға тән ерекше қасиет - триптофан қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитриткедейін тотықсыздандыруы [1]. Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру қоздырушысы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр P.multocida (A, B, D, сирек Е, F сероварианттары) ретінде қарастырды. Бұл тұқымдастыққа жататын тағы бір дербес түр P.haemolytica (А биотипі) сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру тудырады [2]. Аурудың ұзақтығы клиникалық түріне байланысты. Аса жіті және жіті өткенде өлген жануарлардың көптеген ағзаларында, кілегейлі және сірі қабықтарында геморрагиялық диатезге тән жаппай қанталаған өзгерістер кездеседі. Бауыр мен бүйректер өз қалпынан ауытқып, көкбауыр аздап домбығады. Сөл түйіндері ісініп, қара қошқыл түске боялады. Тері асты шелінде, әсіресе аурудың домбыққан түрінде, денесінің әр жерінде сарысулы- фибринді жалқақтар пайда болады. Өкпе домбығып, онда крупоздық пневмонияның бастапқы кезеңіне сәйкес өзгерістер кездеседі. Ішектік түрінде асқазан мен ішектердің фибринді-геморрагиялық қабынуы байқалады [3]. Пастереллез жітілеу және созылмалы өткенде мал өлексесінен қатты арықтау және қанның азаюы белгілері байқалады. Көкірек және құрсақ қуыстарының сірі қабықтарында тығыз фибринді ошақтар кездеседі. Көк бауыр ұлғайып, бауыры мен бүйректерінде өте ұсақ өліеттенген телімдер кездеседі [4]. Қойларда пастереллез әдетте тыныс алу жолдарының ауруының соңғы сатысында пайда болады. Әсіресе қозылары мен кәрі қойларды күштірек қамтып, тез арада жаппай өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін. Бактериялар ұзақ уақыт организмдерден тыс жерде бола алмайды, сондықтан да бір жануардан екіншісіне тікелей жанасу арқылы беріледі
Аурудың эпизоотологиясы. Пастерелла койдың орга-низмінде ұзақ сақталады. Пневмониядан өлген қойдың ұшасында пастерелла табылды. Болгария ғалымы Илиев пневмония деп диагноз койған қойлардың 52 проценті-нен пастерелла тапты. 21 процент cay қойлардьщ тыныс жолынан пастерелла табылды. Көктемнің суық өкпек желі қойдыи өкпесін зақым етіп пастереллездің өршуіне себеп болады. Қой азығының жетіспеуі, сапасыздығы, кү-тімнің жайсыздығы, қойды әлсіретіп ауру шығуға себеп болады. Пастерелланың шығуына организмдердегі гель-минттердің маңызы бар. Қыста туған қозының күтімі на-шар болса, 75 проценті пастереллезден өледі.
Ауру белгілері. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар жайлы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Паратуберкулез
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Биологиялық күрес тәсілінде қолданылатын биопрепараттар тобы
Биопестицидтер, олардың артықшылықтары
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Пәндер