Негізгі тыныс алу жолдары. Амфорикалық тыныс алу



Кіріспе
1. Тыныс алу, оның кезеңдері.
2. Тыныс алу түрлері және тыныс алу бұлшықеттерінің қызметтері.
3. Тыныс алу циклі.
4. Сыртқы тыныс алуды зерттеу әдістері.
5. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
6. Тыныс алудың реттелуі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу, иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Адамның тынысы деп дем алу мен шығаруды айтады. Адамның тынысы үшін қызмет ететін мүшелерді тыныс жүйесі деп атайды. Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, екі бронхы және екі өкпе жатады. Өкпе – тыныс жүйесінің негізгі мүшесі. Тыныс жүйесінде газ алмасу тек өкпеде ғана болады. Қалған бөлігі өкпеге ауаны кіргізіп және шығаратын жолы болып есептеледі.
Тыныс мүшелерінің дамуы эмбрионның төрт апталық даму сатысында басталады. Алты айдың аяғында барлық тыныс жолдары майда бронхыларға дейін қалыптасады. Өсіп келе жатқан эпителий түтіктерінен тыныс жолдарының эпителий қабаты, ал қалған бөліктері (бұлшық ет, шеміршек) мезенхимадан пайда болады. Бұл кезеңде тыныс жүйесінің өкпелік мүшелері дами бастайды. Өкпедегі қуысты жерлерде альвеолдардың жолдары түзіледі. Олардың қабырғасынан екінші реттік көпіршік альвеолдар пайда болады. Көпіршік альвеолдар бала туған кезде ғана газ алмасуға қатысады. Өйткені эмбрион туылғанға дейін өкпе арқылы тыныс алмайды. Мұрын қуысы эмбрионның алғышқы ауыз қуысынан дамиды, олар өзара қатты, жұмсақ таңдай арқылы бөлініп жатады.
1. Х.Қ.Сәтпаева, Ж.Б.Нілдібаева, Ө.А.Өтепбергенова. Адам физиологиясы. – Алматы: Қазақстан, 1995
2. А.Рақышев. Адам анатомиясы. – Алматы: Қазақстан, 1994
3. И.Төленбек. Адам және жануарлар физиологиясы. - Алматы: Қазақстан, 1995
4. А.М.Цузмер, О.Л.Петришина. Адам анатомиясы, физиологиясы , гигиенасы. – Алматы: Мектеп, 1989
5. Төленбеков И.М, Исмағулова Ф.А. Анатомия, физиология және гигиенаның кейбір мәселелері. – Алматы, 1970
6. Шмидта Р., Тевса Г. Физиология человека. – М, 1996

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырып: Негізгі тыныс алу жолдары. Амфорикалық тыныс алу

Орындаған:Әпдірай Қ
Топ:ВС-303
Тексерген: Муратбаев Д М

Семей 2015

Жоспар
Кіріспе
1. Тыныс алу, оның кезеңдері.
2. Тыныс алу түрлері және тыныс алу бұлшықеттерінің қызметтері.
3. Тыныс алу циклі.
4. Сыртқы тыныс алуды зерттеу әдістері.
5. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
6. Тыныс алудың реттелуі.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу, иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Адамның тынысы деп дем алу мен шығаруды айтады. Адамның тынысы үшін қызмет ететін мүшелерді тыныс жүйесі деп атайды. Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, екі бронхы және екі өкпе жатады. Өкпе - тыныс жүйесінің негізгі мүшесі. Тыныс жүйесінде газ алмасу тек өкпеде ғана болады. Қалған бөлігі өкпеге ауаны кіргізіп және шығаратын жолы болып есептеледі.
Тыныс мүшелерінің дамуы эмбрионның төрт апталық даму сатысында басталады. Алты айдың аяғында барлық тыныс жолдары майда бронхыларға дейін қалыптасады. Өсіп келе жатқан эпителий түтіктерінен тыныс жолдарының эпителий қабаты, ал қалған бөліктері (бұлшық ет, шеміршек) мезенхимадан пайда болады. Бұл кезеңде тыныс жүйесінің өкпелік мүшелері дами бастайды. Өкпедегі қуысты жерлерде альвеолдардың жолдары түзіледі. Олардың қабырғасынан екінші реттік көпіршік альвеолдар пайда болады. Көпіршік альвеолдар бала туған кезде ғана газ алмасуға қатысады. Өйткені эмбрион туылғанға дейін өкпе арқылы тыныс алмайды. Мұрын қуысы эмбрионның алғышқы ауыз қуысынан дамиды, олар өзара қатты, жұмсақ таңдай арқылы бөлініп жатады.
Тыныс алу адам, жануарлар мен өсімдіктердің өмірлік маңызы бар қызметттерінің бірі болғандықтан, тірі дене мен сыртқы орта арасындағы газ алмасуын қамтамасыз етеді. Осы қызметінің нәтижесінде дене оттегімен қамтамыз етіледі де, зат алмасу өнімдері - көмірқышқыл газы, су буы т.б. сыртқа шығады.
Тыныс алу жүйесі - тыныс алу жолы мен газ алмамасу мүшесінен тұрады. Тынс алу жолына: мұрын қусы, көмекей, кеңірдек, бронхылар кіреді. Ал тыныс алатын немес газ алдмасатын мүше - өкпе.
Тыныс алу жолы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолы болып екіге бөлінеді. Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылиды, ылғалданады. Оның кілегейлі қабығында ауамен бірге ішке енген зиянды заттар мен ауру қоздырғыштарға қатысты арнаулы қорғаныс қасиеттері болады. Тыныс алу мүшелері иіс сезу, дыбыс және сөз құрау қызметтерімен тығыз байланысты. Мысалы мұрын қуысының кілегейлі қабығында иіс қабылдайтын иіс сезу жүйкесі ұшы бар. Ал көмекейде дыбыс пайда болады, көмекейдің үстіңгі жағындағы қуысты (жұтқыншақ, ауыз және мұрын қуысы ) - әр адамға тән әншілік пен сөйлеу дыбысы пайда болады. Мұрын қуысынан тыныс алу жолы басталады

1. Тыныс алу, оның кезеңдері. Тыныс алу дегеніміз қоршаған орта мен организмнің жасуша арасындағы газаламсуы. Сүтқоректілердің тыныс алу арнайы мүшелер арқылы жүргізіледі. Тыныс алу органдары (мүшелері) танау мен жұтқыншақтан, кеңірдектен, бронх тармандарынан және негізгі тыныс алу органы өкпеден құралған. Ол көптеген альвеолардан түрады. Өкпе кеуде қүысында орналасқан. Кеуде куысы омыртқа жотасының қабырғалардаң, төссүйегі мен диафрагмадан құралған. Өкпе көкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды. Олардың арасында плевраның беткейлік (париеталдық) және астарлық (висцералдық) жапырақшаларымен көмкерілген плврааралық қуыс болады. Бұл қуыстың пайда болу себептері: 1 - туғаннан соң кеуденің дамуы өкпеге қарағанда жылдамдырақ болады. 2 - қабырғаның басы омыртқаның жігімен және омыртқанын канаты қабырғаның бұдырмағымен әуелгі дем алудан кейін бекітіледі.
Тыныс алу 5 негізгі кезеңнен тұрады:
1. Сыртқы тыныс алу - өкпе көпіршіктері мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуы немесе өкпенің желдетілуі.
2. Кіші қан айналым шеңбері капиллярларындағы газ алмасуы.
3. Үлкен қан айналым шеңбері капиллярларының қан мен ұлпа арасындағы газ алмасуы.
4. Газдардың қан арқылы тасымалдануы - оттегінің өкпеден тканьдерге және көмірқышқылгазының тканьнен өкпеге тасымалдануы.
5. Ішкі тыныс алу - жасуша митохондриясындағы заттардың биологиялық тотығуы немесе тканьдік тыныс алу.
Алғашқы төртеуін физиология, ал бесіншісін биохимия зерттейді.
2. Тыныс алу түрлері және тыныс алу бұлшықеттерінің қызметтері. Тыныс алу дем алу - инспирация мен дем шығару - экспирация процестірінен құралған. Осы екеуінің кезектесіп отырылунының арқасында өкпенің желдетілуі іске асырылады. Дем алу кезінде өкпе көпіршіктеріне оттегі келіп түссе, ал дем шығарғанда сыртқы ортаға көмірқышқыл газына бай, оттегіге кедей ауа бөлінеді. Дем алу және дем шығаруда ауаның жылжуы көкірек жасушасының кеңеюі мен сығылуының кезектесуімен байланысты. Көкрек жасушасының кеңеюін тудыратын 2 жолы бар: а) қабырғалардың көтерілуін тыныс алу бұлшықеттерінің жиырылуы және б) диафрагманың (көкет) жиырылуы мен босаңсуы.
Тыныс алудың түрлері:
а) қабырғалық (косталдық) немесе көкіректік тыныс алу әйелдерде;
б) іштік (абдоминалдық) немесе көкеттік тыныс алу ерлерде,
в) қабырғалық-іштік немесе аралас тыныс алу ересек малда болады.
Төмендегі факторларға байланысты тыныс алу түрлері өзгереді: жасқа, киімге, мамандықққа, жүктілікке.
3. Тыныс алу циклы - дем алу, дем шығару және тыныс кідірісінен тұрады. Дем алу дем шығарудан қысқа болады. Тыныс кідірісі - тыныс алу циклының тұрақсыз бөлігі. Тыныс алу қозғалысы белгілі бір ырғақпен және жиілікпен өтеді. Оны 1 минуттағы кеуде жасушаларының қозғалу санымен анықтайды.
Тыныс алу жиілігі - егеуқұйрықтарда минутына 70-120 дейін, адамдарда минутына 12-18 болады. Әсер ететін факторлар: эмоциналдық кернеу, жас ерекшелік, қимыл әрекеттері, температураға, физиологиялық және патологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Тыныс алудың жиілеуі - тахипноя, ал сиреуі - брадипноя, тоқтауы - апноя деп аталады.
4. Сыртқы тыныс алуды зерттеу әдістер. іӨкпе - қуыс ағза. Ол белгілі мөлшерде ғана ауа сыйғыза алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы мәлімет
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы мәлімет
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы ақпарат
Кеуде клеткасының аускультациясы. везикулярлық тыныс алу, бронхиальды, физиологиялық, бронхиальды патологиялық, амфорикалық бронховизикулярлық, құрғақ сырылдар, ылғалды сырылдар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы ақпарат
Тыныс жүйесін зерттеу
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу
Өкпеге перкуссия, аускультация жасау техникалары
Пәндер