Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
1. Құстардың індетті ауруларында ветеринариялық . санитариялық сараптау
2. Құстардың инвазиялы ауруларындағы ветеринариялық . санитариялық сараптау
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Құс аурулары — әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б. көптеген құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесе күркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа құстарға жұғады. Құс безгегін безгек масасы таратады. Табиғи жағдайда Қазақстанда құс безгегі кездеспейді.
1. Дүйсембаев С.Т. « Ветеринарлық-санитариялық сараптау », Алматы 2013ж.
2. Ветеринарлық санитарлық заңнама ІІІ том , 2005 ж.
3. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства», справочник.
4. Макаров В.А. « Ветеринарно-санитарная экспертиза » , Москва 1987 ж.
5. Интернет желісі
6. Нұрғалиев Б.Е. «Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау». Алматы 2011 жыл
7. Дүйсембаев С.Т, А.Т.Серикова « Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы» Алматы 2014 жыл
8. Ш.Ә.Әлпейісов, Қ.П.Тәжиев «Құс өсіру» Алматы 2001 жыл
9. Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау

Орындаған:Смаилова Б.Т.
Тобы:ВС-203
Тексерген:Серикова А.Т.

Семей 2015 ж

Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
1. Құстардың індетті ауруларында ветеринариялық - санитариялық сараптау
2. Құстардың инвазиялы ауруларындағы ветеринариялық - санитариялық сараптау
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Құс аурулары -- әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б. көптеген құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесе күркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа құстарға жұғады. Құс безгегін безгек масасы таратады. Табиғи жағдайда Қазақстанда құс безгегі кездеспейді. Тәжірибе жүзінде тауықтар арнайы жұқтырғанда ғана ауырады. Шөжелер ауырса түгелдей өледі, ересек құстар жазылып кеткенімен, бірнеше айдан екі жылға дейін денесінде ауру қоздырушысы сақталады. Құс шешегінің клиникалық сипаты шешектік және дифтериялық болып бөлінеді, ол ультравирустан жұғады. Ауру құстардың қауырсындары ұйпалақтанып, қанаттары салбырап кетеді, кейіннен айдар, сырға, тұмсық астында дөңгелек қызыл бөрткендер пайда болып қатаяды да, көбейе бастайды. Кейбіреулері іріңді жараға айналса, бірқатары қатайып сүйелденеді. Бұл ауру тауықтардың 5 -- 10%-ын (кейде 70%-ға дейін), ал кептер мен көгершіндерді 3 -- 10%-ға дейін өлімге душар етеді. Көбіне бір науадан жем, су ішкен кезде жұғады.Құстар ауырған кезде жем-суға зауқы болмайды. Құс ауруларының алдын алу үшін ересек тауықтар мен шөжелерді жеке бөліп бағады, қора-қопсыны таза ұстап, ауланы, қоршалған алаңдарды жылына бір рет жыртады, жоспарлы түрде гельминттерден арылту шаралары жүргізіледі. Алдын алу мақсатында вакцина егеді.

Құстардың індетті ауруларында ветеринариялық - санитариялық сараптау
Ньюкасл ауруы - аса жұғымтал, жіті өтетін тауық тұқымдас құстардың ауруы. Барлық жастағы құстар ауырады. Қоздырғышы: парамиксовирустар тобының вирусы.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда күйзеліс, ұйқышылдық, тыныс алуының қиындауы, жөтел, айдардың көгеруі, тұмсығынан және танау тесіктерінен сұйықтың ағуы, диарея, кейде қан аралас диарея, сонымен қатар аяқтарының, қанаттарының, мойнының салдануы, ақсау байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу және ас қорыту ағзаларының кілегейлі қабықтарында, жүректің және басқа да ішкі ағзалардың сірілі қабықтарында көптеген нүктелі немесе дақты қан құйылулар табылады. Безді қарынның безді емізікшелерінің қанталаулары, тік ішектің кілегейлі қабығындағы қан құйылулар және фибринозды ошақтардың болуы, сонымен қатар ішектің жіті катаралды қабынуы, ішектің жіңішке бөлігінде домалақ немесе сопақ пішінді фибринозды өлі еттенген ошақтардың кездесуі бұл ауруға тән өзгерістер.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Сойылған ауру құс өнімдерін жояды немесе утилдейді. Осы ауруға күмәнді, бірақ патологиялық өзгерістері жоқ құс ұшалары мен ішкі мүшелері қайнатқаннан кейін босатады. Ауру немесе ауруға күмәнді құстардың жүні мен мамықтарын өртейді немесе утилдейді. Құстар шаруашылықта сойылған жағдайда ауру құстардың өнімдерін жояды, ал аурудың клиникалы-анатомиялық өзгерістері жоқ құстардың ұшасы мен ішкі мүшелерін қайнатқаннан кейін сол шаруашылықтың ішінде ғана қолданады. Ал құстардың үлкен топтары сойылған жағдайда ұшалардың өнеркәсіптте қайта өндеу мақсатында облыс, аймақ, республика ішінде, жақын маңындағы тамақ кәсіпорындарына жіберуге болады немесе қайнатылған түрде қоғамдық тамақтану орындарында пайдалануға болады.
Ауруға күмәнді құстардың жұмыртқаларын қайнатып, шаруашылықтың ішінде қолданады. Ал жұмыртқалардың үлкен топтарын аэрозолдармен дезинфекциялап, тамақ өндіретін кәсіпорындарға жоғары температурада нан, кондитерлік бұйымдар дайындау үшін пайдаланады.
Жұқпалы ларинготрахеит - герпес вирустар тудыратын жұқпалы ауру. Ересек құстарда ларинготрахеит түрінде, ал жас құстарда созылмалы конъюнктивит түрінде өтеді.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда күйзеліс, демікпе, қанды кілегей және фибрин үлпершектері аралас жөтел, көмекейдің кілегей қабықтарының қанталауы байқалады. Конъюнктивалды формасында конъюнктива гиперемиясы, қабақтың ісінуі, көзден жас ағуы, жарықтан қорқуы, конъюнктивалды қуыста және көз асты синустарда фибриннің жиналуы, бір неесе екі көздерінің де ұлғаюы, соқыр болуы, көз алмасының атрофиясы байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Көмекейдің, кеңірдектің, кейде ірі бронхтардың кілегейлі қабықтарының катаралды - геморрагиялық қабынуы және қан ұйындылары мен фибрин үлпершектерінің шоғырлануы, кеңірдек пен бронхтардың фибринмен немесе қанды кілегейлі затпен бітелуі байқалады.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ветеринариялық қызметтің рұқсатымен таза емес шаруашылықтардан әкелінген, бірақ клиникалық тұрғыдан сау құстарды ет өндейтін кәсіпорындарда ветеринариялық - санитариялық ережелерді сақтай отырып союға болады. Сойғанда ішек - қарны толық алынады. Ауру белгісі бар құстардың басын және мойынын кеңірдегімен бірге патологиялық өзгерістері бар ұша бөліктері мен мүшелерін утилизацияға жібереді, ал қалған бөліктерін қайнатқан соң қолданады. Ұшаларда және мүшелерде патологиялық өзгерістер болмаса, оларды қайнатқан соң қолданады немесе қайнатылған шұжық, консерві дайындауға жібереді.
Ауру және күмәнді құстардың жүндері мен мамықтарын 20 минут бойы 85-90 0С - та ыстық ауамен дезинфекциялайды, немесе 20 минут бойы 3% ыстық формалинмен немесе ыстық сумен дезинфекциялайды.
Аурудан таза емес шаруашылық құстарынан алынған жұмыртқаларды дезинфекциядан өткізіп, сауда орындарынабосатады.
Шешек - авипоксивирустар туысына жататын вирустар тудыратын терінің әр жерінің экзантемалық зақымдалуымен немесе ауыз қуысының және жоғарғы тыныс алу мүшелерінің кілегейлі қабықтарының дифтеритикалық қабынуы түрінде өтетін ауру.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстардың айдарында, тұмсық астында, ауыз маңайында, арқа терісінде, қанат терісінде, аяқтарының терісінде және денесінің басқа бөліктерінде бір-бірден орналасқан немесе көптеген экзантемалар (күлдіреуіктер) табылады. Күлдіреуіктер ақшыл-сары көпіршік түрінде (аурудың бас кезінде), қара-қызыл немесе сұр түсті домалақ қабыршақ түрінде кездеседі, кейде бірнеше күлдіреуіктер бірігіп кетеді.
Аурудың дифтериялық түрінде теріде күлдіреуіктер болмауы мүмкін, бірақ ауыз маңында, тілінің астында, хоана кіреберісінде, көмекейге, сарғыш түсті тығыз фибринді пленка немесе борпылдақ , ірімшік тәрізді заттарға толы ошақтар табылады, олар кілегейлі қабықтарына мықты бекінеді, оларды алып тастаса қанталаған орны қалады. Егер көмекей зақымданса құста демікпе болады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Сойғанға дейін байқалған өзгерістерді ұшаларда, жоғарғы тыныс алу жолдарында, ауыз қуысында сойғаннан кейін де байқауға болады. Жүнін жұлғаннан кейін терісінде қосымша күлдіреуіктер табылуы мүмкін. Ауру құстың ішкі мүшелерінде ауруға тән өзгерістер болмайды.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер күлдіреуіктер құстың басында және ұшасының кейбір жерлерінде ғана болса, онда басын және ұшасының зақымдалған бөлігін алып тастайды. Ал ұшасының қалған бөлігін және өзгеріске ұшырамаған ішкі мүшелерді қайнатқаннан кейін босатады. Жалпылама зақымданған үрдісте , яғни ұшаның көп бөлігі зақымданған жағдайда, ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утилдейді.
Ауру және күмәнді құстардан алынған жүн мен мамықтарды дезинфекциялап, екі қабат орауышпен қаптап, қайта өңдеуші кәсіпорындарға жібереді және де ветеринариялық куәлікте шешектен таза емес деп көрсетіледі.
Патологиялық өзгерістері жоқ, бірақ таза емес топтан алынған құс ұшаларын қайта өндеп, тағамдық мақсатта шектеусіз босатады.
Ауру құстан алынған жұмыртқаларды дезинфекциядан өткізіп, тағамдық мақсатта, сауда орындарына, қоғамдық тамақтану орындарында қолдана беруге болады.
Тұмау - вирусты жұқпалы ауру. Ауру көбіне жіті өтеді, әсіресе жас құстарда қысқа уақыт ішінде құстар арасында тез таралып, өлім - жітім 80-100% жетеді, кейде созылмалы түрде немесе тіпті ешқандай белгісіз де өтеді.

Қоздырғышы.Ортомиксовирустар тұқымдастығының А типінің вирусы.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда гипертермия, қатты күйзелу, тыныс алуының қиындауы, демікпе, танау қуысынан кілегейлі сұйықтың ағуы, аяқтарының, басының домбығуы, тұмсықтың, айдарының көгеруі, ал қаз бен үйрек балапандарында конъюктивит, соқыр болып қалуы байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Танау жолдарында, көз асты синустарында кілегейдің жиналуы, жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуы және домбығуы, бас аймағының, мойынының және аяқтарының тері асты домбығуы, ішкі мүшелерінің сірілі қабықтарында және ішектің кілегейлі қабықтарында ұсақ нүктелі қан құйылулар, ал суда жүзетін құстарда көз бұршағының беті фибринозды қапшықпен жабылғандығы байқалады. Көп жағдайда ауру құстарда тек жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарының, синустарының жіті катаралды қабынуы және бас ұлпаларының көгеруі байқалады.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауру құстарды аурудың таратпау шараларын сақтай отырып сояды. Құс ұшаларының ішкі мүшелерін толықтай алып тастайды. Патологиялық өзгерістер табылған жағдайда (кеуде құрсақ қуыстарының қан құйылулары тері астының домбығуы, перитониттер ) ұшаны ішкі мүшелерімен қосып утилдейді. Егер ондай өзгерістер болмаса, ішкі мүшелерін утилдеп, ал ұшаны қайнатқаннан кейін тағамдық мақсатта немесе шұжық, консерві дайындау үшін қолданады.
Ауруға күмәнді құстардың жүні мен мамығын кептіргіш қондырғыларда 85 - 950С - да 15 минут кептіреді немесе 3% ыстық формалдегид ерітіндісімен 30 минут дезинфекциялап, соңынан кептіреді.
Ауру құстардың жұмыртқаларын қайнату арқылы зарарсыздандырып, тағамдық мақсатта қолданады. Жұмыртқалардың үлкен тобын аэрозольдармен дезинфекциялап, нан және кондитерлік бұйымдар дайындау үшін қолданады.
Орнитоз - өкпенің қабынуымен, конъюктивит, ринит, тыныс алуының қиындауы, диарея болуымен сипатталатын індетті ауру. Көп жағдайда ауру клиникалық белгілері белгісіз өтеді, ал көгершіндерде, үйректерде, күрке тауықтарда жіті түрінде өтеді.

Қоздырғышы. Пситтакоза тобына жататын вирус.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру жасырын түрде өткенде орнитозды анықтау, тіпті оған күмән келтіру қиынға соғады. Жіті түрде өткенде әр түрге жататын құстарда белгілері бірдей болмайды, бірақ барлығында дерлік күйзеліс, конъюктивит, ринит, тыныс алуының қиындауы, диарея байқалады. Орнитозға күмәнданған жағдайда ішкі мүшелерін толықтай алып сояды. Союға қатысатын адамдар аурудың алдын-алу ережелерін сақтаулары тиісті.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру құстарда тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуы байқалады және танау қуысында, көз асты синустарында, көмекейінде, кеңірдекте, бронхтарда, ауа қапшықтарында кілегейлі - ірімшік тәріздес зат жиналады, сонымен қатар ошақты катаралды пневмония, серозды - фибринозды перикардит, бауырының және көк бауырдың ұлғаюы, ішкі мүшелерінің сірілі қабықтарының қанталаулары, бауырда және ішекте ошақты некроздар, кейде ұлпаларының сарғыштануы байқалады. Орнитозға күмәнданған жағдайда диагнозды вирусологиялық және гистологиялық зерттеулер арқылы нақтылайды.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауру және күмәнді құстарды диагнозды қойғаннан кейін сояды. Ауру құс ұшасын, егер патологиялық өзгерістер жоқ болса, қайнатқаннан кейін тағамға қолдануға рұқсат етіледі, ішкі мүшелерін утилдейді. Ұлпаларында өзгерістер болса, сарғыштанған болса ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утилизацияға жібереді. Жүні мен мамықтарды өртейді.
Ауру құстан алынған жұмыртқаларды сыртқы қабын зарарсыздандырған соң тағамдық мақсаттарда қолданады. Бұндай жағдайда дезинфекция хлорамин мен немесе сынапты - кварцты шамдармен сәулелендіру арқылы жүргізеді.
Марек ауруы - аталық және аналық жұмыртқа бездерінде, жүрек етінде, өкпеде, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, фабрициев қапшығында, бұлшық еттерде табылатын сало тәрізді консистенциялы, сұр түсті және әртүрлі пішіндегі ісіктердің болуымен сипатталатын індетті ауру.
Қоздырғышы. Онкогенді герпесвирус.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда ақсау, тәнтіректеп жүру, ретсіз қозғалу, аяқтарының, қанаттарының, құйрықтарының, мойынының салдануы, бір көзінің немесе екі көзінің де нұрлы қабығының түсінің және пішінінің өзгеруі, қарашығының деформациясы, жартылай немесе толық соқыр болуы байқалады. Аурудың жіті түрінде ауру құстарда анемия, кілегейлі қабықтардың цианозы, ұлпалардың сарғыштануы, тұншығу, ішінің салбырауы байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұшалардың және мүшелердің ұлпаларының анемиясы, кейде аяқтарының, қанаттарының атрофиясы табылады. Ауруға тән паталогоанатомиялық өзгерістер - аталық және аналық жұмыртқа бездерінде, жүрек етінде, өкпеде, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, фабрициев қапшығында, бұлшық еттерде табылатын консистенциялы, сұр түсті және әртүрлі конфигурациялы ісіктердің болуы. Бауыр, көк бауыр, бүйректер ұлғайған, беттері тегіс немесе бұдыр, сұр түсті диффузды немесе ошақты түйіндер бар. Ауру жіті өткенде құстарда көздің және жүйкелерінің зақымдалуы болмайды, қондылығы қанағаттанарлық, бірақ та, тіршілікте маңызы бар мүшелерде ісіктер болуы мүмкін.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Бұлшық еттерінің анемиясы, сарғаюы, патологиялық өзгерістері болмаса немесе ішкі мүшелерінің ғана зақымдалса, ішкі мүшелерді утилдеп, ұшаны қайнатады немесе консерві дайындауға жібереді. Жалпылай зақымданған кезде терісінің және бұлшық еттерінің зақымдалуында, сарғаюында, зақымдалу деңгейіне қарамастан ұшаны, ішкі мүшелерімен қоса утилдейді.
Аурудан таза емес шаруашылықтың құстарын ветеринариялық қызметтің рұқсатымен құс өңдейтін кәсіпорындарда сояды. Бұл құстардың ішкі мүшелерін утилизацияға жатқызады. Ауру және күмәнді құстардың жүні мен мамықтарын формалдегидтің сілтілі ерітіндісінде (3% формалдегид, 1% күйдіргіш натрий ерітіндісі) 1 сағат дезинфекциялайды да, өңдеуші кәсіпорындарға бағыттайды. Аурудан таза емес топ құстардың жұмыртқаларын формалдегид буымен дезинфекциялап, сауда орындарға сатуға босатады.
Лейкоз - лейкозды - саркоматозды кешенді вирусы тудыратын, гемопоетикалық ұлпалардың зақымдалып, мүшелерде және дененің әр бөліктерінде жаңа түзілістердің дамуымен сипатталатын ауру.
Сояр алдындағы диагностика. Құс еттерінде анемия, көгеру және сарғаю белгілерінің болуы, құстардың қоңдылығының төмендеуі, арықтау, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, диарея, ішінің салбырауы байқалады. Кейбір құстарда ішкі мүшелерінде зақымданулар болса да, жалпы күйі қанағаттанарлық, қондылығы жақсы болуы мүмкін, сол себепті ауру негізінде сойғаннан кейін анықталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Негізгі патологиялық белгілер - мүшелердің ұлғаюы (гиперплазия) және оларда диффузды немесе тығыз сұр түсті, ісік тәрізді өсінділерінің болуы. Лейкоздың кейбір формаларында тек көк бауырдың, бауырдың, бүйректің және басқа мүшелердің диффузды ұлғайып, бозғылт сұр түске еніп, консистенциясының тығыздалуы байқалады. Әр түрлі үлкендіктегі, дөңгелік пішінді лейкозды ошақтар жиі бауырда, көк бауырда, бүйректерде табылады. Аналық жыныс безінде, шажырқайда, өкпеде, ұйқы безінде, фабрициев қапшығында, жұлында сирек табылады.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер құс ұшасында сарғаю, анемия және бұлшық еттерінде паталогиялық - анатомиялық өзгерістер болмаса, онда оны қайнатқаннан кейін тағамдық мақсатта қолдана береді, ал ішкі мүшелерін утилдейді. Ал егер бұлшық еттерде сарғаю, анемия болса, ұшаны ішкі мүшелерімен қосып жануар текті азық дайындау үшін қайта өңдеуге бағыттайды. Ауру құстан алынған жүн мен мамық шектеусіз қолданылады.
Лейкоздан таза емес құс топтарынан алынған жұмыртқаларды аэрозолды дезинфекциядан кейін тағамдық мақсатта қолдана беруге болады.

Тауықтардың жұқпалы бронхиті - жас құстарда тыныс алу мүшелерінің зақымдалуымен, ал жұмыртқа басатын тауықтарда герминативтік мүшелердің зақымдалуымен сипатталатын ауру.
Қоздырғышы. Коронавирустар.
Сояр алдындағы диагностика. Ересек құстарда ринит, конъюнктивит, тыныс алуының қиындауы байқалады. Негізгі белгілері - жұмыртқа шығымының төмендеуі, қапшығы жұмсақ немесе бұдыр, ақаулары бар жұмыртқалар болуы. 20-30 тәуліктегі жастағы, құстарда бронхит немесе жоғарғы тыныс алу мүшелерінің басқа да зақымданулары байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тауықтарда патологиялық өзгерістер жұмыртқа түзуші мүшелерде ғана табылады: жұмыртқалықтың немесе жұмыртқа жолының толық дамымай қалуы, жұмыртқа фолликуларының атрофиясы, жұмыртқа жолындағы кисталар, жұмыртқалықтағы қан құйылулар. Кейде жұмыртқа жолы бітеліп қалып, овуляция кезінде жұмыртқа жасушалары дене қуысына түседі. Бұндай жағдайда ауру құстарда перитонит туындайды.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Бұлшық еттерінің анемиясы, сарғаюы, патологиялық өзгерістері болмаса немесе ішкі мүшелерінің ғана зақымдалса, ішкі мүшелерді утилдеп, ұшаны қайнатады немесе консерві дайындауға қолданады. Жалпылай зақымданған кезде терісінің және бұлшық еттерінің зақымдалуында, сарғаюында, зақымдалу деңгейіне қарамастан ұшаны, ішкі мүшелерімен қоса утилдейді.
Аурудан таза емес шаруашылықтың құстарын ветеринариялық қызметтің рұқсатымен құс өңдейтін кәсіпорындарға жібереді. Бұл құстардың ішкі мүшелерін утилизацияға жатқызады. Ауру және күмәнді құстардың жүні мен мамықтарын формалдегидтің сілтілі ерітіндісінде (3% формалдегид, 1% күйдіргіш натрий ерітіндісі) 1 сағат дезинфекциялайды да, өңдеуші кәсіпорындарға жібереді. Аурудан таза емес топтағы құстардың жұмыртқаларын формалдегид буымен дезинфекциялап, сауда орындарға сатуға босатады, жүн мен мамықты кептіргіш қондырғыларда, 85-95 0С температурада 15 минут кептіреді немесе 3% формальдегид ерітіндісінде 45-900С температурада, жарты сағат дезинфекциялайды, артынан қайта өңдеуші кәсіпорындарға бағыттайды.
Жұқпалы бурсит (Гамборо ауруы) - фабрициев қапшығының, бүйректердің қабынуы, бұлшық еттерінің қан құйылулары және жіті және созылмалы түрде өтетін 2-15 апталық балапандардың ауруы.
Қоздырғышы. Авиреавирус
Сояр алдындағы диагностика. Құстардың азықтан бас тартуы, қатты күйзелуі, жарықтан қорқуы, басының, мойынның қалтырауы байқалады. Аурудың негізгі белгісі - клоаканың қабынуы, диарея және саңғырығының ақ түсті болуы.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ішкі мүшелердің серозды қабығында, сан, кеуде бұлшық еттерінде ұсақ нүктелі қанталаулар табылады. Бауыр ұлғайған, қанға толы, бүйректері домбыққан, бүйрек түтікшелері және зәр түтікшелері тұзға толы, сол себепті бүйрек мәрмәр тәрізді болады. Ауруға тән жиі кездесетін өзгеріс - фабрициев қапшығының 2-5 есе ұлғаюы. Фабрициев қапшығы және оны қоршап жатқан ұлпалар ісінген. Қапшықтың кілегей қабықтарында қан құйылулар, некроздар, қуысында қан мен фибрин үлпершектері аралас кілегей болады. Созылмалы түрімен ауырған немесе жазылу сатысында құстарда қоңдылығының төмендігі, фабрициев қапшығының атрофиясы, семуі байқалады.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауру құстарды сойғанда ішкі мүшелерін толықтай алып тастайды. Бұлшық еттеріне қан құйылған, некроздары, ісіктері бар, сүт қышқылды тұздар жиналған ұшаларды ішкі мүшелермен қосып утилизацияға жібереді. Патологиялық өзгерістер жоқ болса, ұшаларды қайнатқаннан кейін қолданады немесе өнеркәсіптік өндеуге жібереді, ішкі мүшелерін утилдейді. Ауру және ауруға күмәнді құстардың жүні мен мамығын кептіріп залалсыздандырады немесе жалпы қабылданған тәсілдермен дезинфекциялайды.
Тауықтардың тендосиновиті - сіңір қынаптарының, сіңірлерінің және тамырларының синовиалды қабығының асептикалдық пролиферативтік қабынуымен сипатталатын, барлық жастағы құстардың созылмалы ауруы.
Қоздырғышы. Реовирус
Сояр алдындағы диагностика. Етті тұқымды тауық мен балапандарда ақсау, аз қозғалу, сіңір қынабының және буындарының домбығуы, аяқтарының контрактурасы (аяқ буындарының қозғалысының шектелуі) байқалады. Бұндай өзгерістер негізінде бір немесе екі аяқтың тілерсек және жіліншік буындарында шоғырланады. Бұнымен қоса, кеуде сүйегінің бурсасы (тарамыс қынабы) жуандаған, ісінген және пальпация кезінде ауырсынады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Сіңірлер маңындағы ұлпалардың, буындардың, кеуде сүйегі бурсасының ісінуі, сіңір қынабы мен сіңірлердің жуандауы, сіңірлердің жыртылуы, буын капсулаларының қабырғасының жуандауы, сіңір қынабының, буындарының серозды қабырғаларының қанталаулары, синовиалды сұйықтықтың көп мүшелерде жиналуы немесе кейде оларда қан және фибрин аралас болуы байқалады. Ауру ұзаққа созылған жағдайда - буын капсулаларында, синовиалды қапшықта тастың жиналуы, буындарының контрактурасы байқалады.
Сойыс өнімдерінің ветеринариялық - санитариялық бағасы. Бұлшық еттерінің анемиясы, сарғаюы, патологиялық өзгерістері болмаса,тек ішкі мүшелері ғана зақымдалса, ішкі мүшелерді утилдеп, ұшаны қайнатады немесе консерві дайындауға пайдаланады. Жалпылай зақымданған кезде терісінің және бұлшық еттерінің зақымдалуында, сарғаюында, зақымдалу деңгейіне қарамастан ұшаны, ішкі мүшелерімен қоса утилдейді.
Аурудан таза емес шаруашылықтың құстарын ветеринариялық қызыметтің рұқсатымен құс өңдейтін кәсіпорындарға бағыттайды. Бұнда құстардың ішкі мүшелерін утилизацияға жатқызады. Ауру және ауруға күмәнді құстардың жүні мен мамықтарын формальдегидтің сілтілі ерітіндісінде (3% формалдегид, 1% күйдіргіш натрий ерітіндісі) 1 сағат дезинфекциялайды да, өңдеуші кәсіпорындарға жібереді.
Үйректердің обасы (вирусты энтерит) - герпесвирус тудыратын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы туралы ақпарат
Кәсіпорындарда құс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау
Мал шикізат өнімдері
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Әртүрлі құс еттерінің химиялық құрамы
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Үй құстары мен жабайы құс еті
Пәндер