Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы


Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Өздік жұмыс

Тақырыбы: Дербес электронды есептеу

техникасының архитектурасы

Орындаған: Көшербай А. М

Тобы: ОЗ-507

Семей 2015ж

Жоспар

I. Дербес компьютердің құрылымы

II. ЭЕМ архитектурасы

III. Электрондық компьютерлер

Дербес компьютер - бұл электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы. Дербес компьютер - бұл информациялық технологияның негізгі техникалық базасы. Компьютердің синонимі - есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы. Компьтердегі барлық байланыс орталық шина арқылы жүзеге асады. Шинаның үш бөлігі болады: деректер берілетін шина, адрестер берілетін шина, басқару берілетін шина. Жоғарыда көрсетілген архитектураны ашық деп атайды. Себебі, оған өзіңізге керек қана құрылғыларды алып ықшамдауға да болады немесе жаңа құрылғыларды қосып мүмкіншілігін күшейте беруге болады. Деректерді шығаруға арнаулы құрылғы дисплей жасалынды, оның жұмыс істеу принципі кәдімгі телевизор сияқты. Дисплей өте жылдам жұмыс істейтін болғандықтан оған арнаулы жады керек болды. Қазіргі кезде дербес компьютерлерде деректер ағымының өсуіне байланысты шинаның бірнешеуі қажет бола бастады. Оның бір түрі өте жылдам істейтін құрылғылар үшін, ал екіншісі ақырын істейтін құрылғылар үшін өндірілді. Сонымен дербес компьютерлердің ашық архитектурасы сыртқы құрылғылардың саны мен сапасының тұрақты дамып тұруына және мүмкіншіліктері жоғары жаңа орталық құрылғылардың шығуына себеп болды. Мұндай компьютерлерде орталық процессордан басқа бірнеше арнаулы (математикалық, видео) процессорлар жұмыс істей бастады және компьютер аралық байланыстар дамып неше түрлі (локалдық, корпорациялық, глобалды) компьютерлік желілер пайда болды.

Дербес компьтерлердің интерфейстері дамыған болғандықтан олармен жұмыс шығарылғандықтан, олардың бағасы тұрақты төмендей береді. Сондықтан оларды қолдану экономикалық жағынан да тиімді.

Дербес компьтерлердің типтері өте көп. Солардың ішінде біздің елімізде кең тараған IBM PC типтес дербес компьтерлерлерді қарастырамыз. Мұнда IBM (International Bisnes Mashinary) - АҚШ-тағы фирма аты, ал PC (Personal COMPUTER ) - дербес компьютер дегенді білдіреді. Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді. Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғыларының арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады: басқару шинасы, дерек шинасы, және адрес шинасы. Шиналар бойынша басқару сигналдарын, деректерді ( сан, символдар) жадтың ұяшық адресін және енгізу - шығару құрылғысының нөмірін айналдырады. Есте сақтау (память) өңделген деректер мен команда беруге, жазуға, сақтауға арналған. Жадтың бірнеше әр түрі болады: оперативтік, тұрақты, сыртқы, кэш, CHOS (КМОП), регистрлік. Информацияны енгізу құрылғысына мыналар қатысты: пернетақта (клавиатура) тышқан - тетік (мышь) трекбол джойстик трекпойнт трекпад сканер сенсорлық экран цифрлық бейнекамера Информацияны шығару құрылғысына - дисплей (монитор), принтер, плоттер, акустикалық бағаны (акустические колонки) және т. б. жатады. Модем информацияны енгізетін құрылғының да, шығаратын құрылғының да функциясын атқарады. Ол телефондық байланыс желілерінің көмегімен қашықтағы басқа компьютерлермен жалғасуға (байланыс орнатуға) әрі дербес компьютерлер арасында информациялар алмастыруға болады.

ЭЕМ АРХИТЕКТУРАСЫ
ЭЕМ АРХИТЕКТУРАСЫ:

Дербес ЭЕМ - көпшілік қолданатын, жеке пайдаланушыға арналған есептеу машинасы. ЭЕМ архитектурасы деп аппаратты - программалық жабдықтарды құрудың жалпы принциптері мен олардың ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын мінездемелерінің жиынтығын атайды. ЭЕМ-нің архитектурасын зерттеудің алғашқы негізін қалаған американ математигі Джон фон Нейман. Оның айтуынша машинаның негізгі блоктары болып басқару құрылғысы, арифметико-логикалық құрылғы, жад, енгізу-шығару құралдары болып табылады. Есептеу жүйесінің құрамын ның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке қарастырылады. Аппараттық жасақтамаға есептеуіш техниканың аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылар жатады. ЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан: ішкі құрылғылар және сыртқы құрылғылар. Бағдарлама деп реттелген командалар тізбегін айтады. Бағдарламалық жасақтама - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Электрондық компьютерлер

1947ж. заманға сай ЭЕМ-де программалайтын компюьтерлер пайда болды. Олардың қатарына коммерциялық компьютерлер-edvac және univac машиналары шықты, сондай-ақ оған қолданылатын есте сақтағыш құрылғы мен оған қолданылатын прогрммалар мен модульдер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеу жүйесі
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Есептеуіш машинаның тарихы
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)
Машинаны ұйымдастыру: фон Нейман принципі, басқарушы құрылғы, команда жүйелері мен команда типтері
Есептеу машиналарының даму кезеңдері
Қазіргі заманғы ЭЕМ - нің түрлері
Информатика және ЭЕМ
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz