Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті

СРО № 2

Тақырыбы : « Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу. »

Орындаған: Мұқатаева А. Ә

Топ: П-409

Тексерген: Кунанбаева. Н. С

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Негізгі бөлім:Ішкі секрециялық бездерЖыныстық жетілуОқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
  2. Пайдаланылған әдебиеттер.

Ішкі секреция бездері.

Секреция - латын тілінен аударғанда «secretio» бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады-эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездері гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының нейросөлінісі бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады - бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б. Эндокринді жүйеге шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Гормондар-ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары активті зат. Мысалы, ағзадағы зат алмасу процестері, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтер де гармондарға байланысты. Ішкі секреция бездерінің құрылысындағы ерекшелігі, безден шығатын өзектері болмайды. Сондықтан бездерден бөлінген гормондар тікелей қан мен лимфаға бөлінеді. Осыған байланысты эндокринді бездер қан тамырларымен тығыз қамтылған. Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді.

1) Клиникалық бақылау - жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырылып, ауытқулар айқындалады.

2) Безді сылып тастау (экстирпация) . Арнаулы операция жасап, безді алып тастайды да, организмде болатын өзгерістерді анықтайды.

3) Безді алмастырып отырғызу (трансплантация) .

Бұл әдіс үш нұсқада қолданылады ауто-, гомо- және гетеротрансплантация. Алғашқы нұсқада без өзінің қалыпты орнынан сол организмнің басқа жеріне қондырылады. Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір организмнен екінші организмге кондырылады. Ал, бір түлік малының безі екінші түлік өкіліне қондырылады. 4) Организмді қосарлау, немесе парабиоз. Арнаулы операция жасап, бір түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады. 5) Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егу. Бұл әдіспен жасанды түрде бездің гиперфункциясы тудырылады. 6) Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жолдарын анықтайды. 7) Радиоавтография әдісі. Организмге молекуласында радиоактивті атомы бар гормон егіліп, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпасынан тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға салады. Өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады. 8) Гормондарды химиялық және биологиялық әдістермен анықтау әдісі де практикада кең қолданылады. Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немссе сөлге (лимфаға) бөлетін, бездік құрылымы бар органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз - ішкі, «крино»- бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды.

1. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді:

1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады.

2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады. 1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.

2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.

3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.

4- топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.

5- топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері:

Гормондар
Бөлетін бездер
Ағзаға әсері
Гормондар: Тироксин
Бөлетін бездер: Қалқанша безі
Ағзаға әсері: Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады
Гормондар: Паратгормон
Бөлетін бездер: Қалқаншамаңы безі
Ағзаға әсері: Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Гормондар: Инсулин
Бөлетін бездер: Ұйқыбездің аралды бөлігі
Ағзаға әсері: Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Гормондар: Глюкагон
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
Гормондар: Адреналин
Бөлетін бездер: Бүйрекүсті бездің без заты
Ағзаға әсері: Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Гормондар: Норадреналин
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Қантамырларын тарылтады
Гормондар: Өсу гормоны [соматропты гормон)
Бөлетін бездер: Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Ағзаға әсері: Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гормондар: Гиреотропты гормон
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Гормондар: Адренокортикотропты гормон [АКТГ)
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Гормондар: Экцитоцин
Бөлетін бездер: Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)
Ағзаға әсері: Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Гормондар: Вазопрессин
Бөлетін бездер: Example
Ағзаға әсері: Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Гормондар: Тестостерон (андрогендер)
Бөлетін бездер: Аталық бездер
Ағзаға әсері: Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Гормондар: Эстрадиол (экстрогендер)
Бөлетін бездер: Аналық бездер
Ағзаға әсері: Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Жыныстық жетілу

Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер:

  • бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды
  • жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады
  • дауыс жуандайды
  • терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін
  • тер бездері дамиды
  • қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды
  • көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін
  • қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды

Қыздарға әсер ететін өзгерістер:

  • емшек өсіп, емшек ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін
  • сандары жұмырланады
  • жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды
  • жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады

Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер:

  • бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
  • аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
  • аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яғни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
  • кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі

қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін.

Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.

Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:

  1. Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;
  2. Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;
  3. Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
  4. Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т. с. с. болып табылады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.

Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:

  • Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;
  • Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;
  • Тағам тану гигиенасы;
  • Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;
  • Жарақаттанудың алдын алу;
  • Политехникалық оқытудың гигиенасы;
  • Жыныс тәрбиесі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:

  1. 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар) ;
  2. 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар) ;
  3. 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар) ;

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.

Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.

Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.

Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.

Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды пайдалана білуден тұрады. Мұнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секрециялық бездер
Оқушыны медициналық – гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Оқушыны медициналық -гигиеналық жане жыныстық тәрбиелеу. Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылар физиологиясы, дене бітімі, құрылысы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz