Баға жасау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

« Баға және баға жасау »

Орындаған: Турсумбекова З.

Топ: БТ-201

Тексерген: Нуралина К. Т.

Семей-2015ж.

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Бағаның құндық негіздері
  2. Баға түрлері және функциялары
  3. Баға жасау әдістері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.

Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.

Баға белгілеу - тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.

Бағаның құндық негіздері

Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, Баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан Бағаға “тауар құндылығының ақшалай өлшемі” деп анықтама беруге болады. Мұнда Бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да Баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т. б. ) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеумемтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде Карл Маркс былай деп атап көрсеткен еді: “бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады” . Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде Бағаның рөлі артады.

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы) . Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К. Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа) . Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ. Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.

Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.

Баға түрлері және функциялары

Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) баға және еркін (нарықтық) баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) ; қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарайбазистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы баға болып бөлінеді. Мемлекеттік баға - мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  • Кесімді баға - мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
  • Реттелетін баға - мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.
  • Нарықтық баға - сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы - өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.
  • Көтерме сауда бағасы - ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.
  • Бөлшек сауда бағасы - жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға
  • Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) - сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу - түсіру шығындары, т. б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) - сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға - тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.
  • Аймақтық баға - реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. * Базистік баға - тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға - белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т. б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға - сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға - жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады

Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

а) есебке алу функциясы - қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және өлшеу. Басқаша айтқанда баға арқылы біз осы тауарға қанша шығын кеткенін анықтай аламыз немесе берілген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарға қоғам қанша шығындалғанын көре аламыз. Баға тек шығында ғана емес, сондай-ақ пайда деңгейін де көрсете алады. Әрине шын мәнінде нарықтық баға қалыпты бағадан қатты ауытқуы да мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Берілген функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола алады. Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық көрсеткіштер - жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т. б. Сапалық көрсеткіштер - пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы және т. б. ) .

Б) Ынталандырушы функция. Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады. Баға арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.

В) Бөлу функциясы. Бағаның көмегімен ұлттық (таза) табысты бөлуге және қайта бөлуге болады: экономика салалары арасында, меншік формалары арасында, ел аймақтары арасында, жинақтау және тұтыну қоры арасында, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында. Мемлекет бұл функцияны акциз, ҚҚС және т. б. әдістер арқылы орындайды.

Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы. Капитал пайда мөлшері әсіресе көп экономика секторына ауысуға тырысады, ал капитал иесі кәсіпорындар және ұйымдар болады. Осы аталған барлық баға функциялары бір-бірімен байланысады, кейде қарама-қайшы болады.

Баға жасау әдістері

Баға жасау методологиясы - баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың, бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастырудың, баға жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларының, әдістерінің жиынтығы болып табылады. Методология баға белгілеудің барлық деңгейлеріне бірдей болады. Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені методология бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме нақты баға құрастырудың нақты әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Яғни әдістемелер методологияның құрамдас элементтері болып табылады. Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде баға жасаудың қағидалары болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар жүйесіне тән болып, оның негізінде жатады. Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, бағалардың мақсатты бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, баға жасау процесінің және олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Бақылау мақсаты - баға жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі түрі бар: мемлекеттік және қоғамдық. . Баға жасау қағидалары сондай-ақ үш заңдылыққа бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі бағаның әлемдік бағамен байланысу заңы, барлық салалардағы бағаның өзгеру бірегейлігін сақтау заңы.

Жалпы алғанда шығынды және нарықтық әдіс болады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:

1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға, баға жасау
Нарықтағы баға және баға жасау
Баға және баға жасау туралы ақпарат
Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары
Баға құрылымын жетілдіру түрлері
Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны
Баға және баға жасау жайлы ақпарат
Баға және баға жасау процесі жайлы
Баға және баға жасау жайлы мәлімет
Баға саясаты жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz