Қазақ халқының салт - дәстүрлері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет.

Қазақ халқының
салт . дәстүрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18 бет.

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 бет.
Кіріспе


Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.
Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке – жеке тоқтала кетсек. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет – ғұрыпын айта келсек.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұратхан Қани «Қазақтың көне тарихы».
2. Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері».
3. Сейдін Бизақов «Түбі бір түркілер».

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3 бет.

Қазақ халқының
салт - дәстүрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4 бет.

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 18 бет.

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 19 бет.

Кіріспе

Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы
мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы,
пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім
болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта
тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді,
шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл,
ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін
халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз - деген.
Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз
мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі
халқы болған секілді. Ата салтың – халықтық қалпың дегендей, өз жұртының
қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен
қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер
жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс
– тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты
жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ
халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау,
балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау,
әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қасқа қатал, досқа адал болу
- қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе
жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке – жеке
тоқтала кетсек. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған.
Сондықтан меймандостықтан әдет – ғұрыпын айта келсек.

3
Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Меймандостық

Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына
қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап
күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді. Қонақасы – қазақтың
бөлінбеген еншісі болып есептеледі. Қонақ келсе қой сойып, қол қусыру -
қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі
қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады. Сойылатын малды асаба
алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар
бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең
дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май
қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні болса қымыз,
қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан
домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су
құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы,
сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы
бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй
иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне белдірген разылық болып
есептеледі. Мейман кұтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар.
Жасы үлкен сылы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік
пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп
болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады.
Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.

Той малы
Той малы (дәстүр). Жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев). Келін
алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн
жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның
ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген той малы деп
аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы
немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де
байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады.
Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы
үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға
жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері
құдалардың бетіне басады. Сондықтан да той малының мүшесі түгел әрі семіз
болуы қатты қадағаланады.

4
Дәмету
Дәметкен сары майдан кеудең құрсын (халық өлеңі).
Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек.
Жас балалар мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті
дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін
қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі
ісіп кетеді. Бұл өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас
келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм тұзын сала
жүреді. Бұл әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.

Қалың мал
Қалың мал (дәстүр, кәде). Мен ат тон айыбымен қалың мал
қайтартпақшы болдым ғой (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала
заңы бойынша күеу жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы
бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне
байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың
мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз,
мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал
үстіне бес жақсы деп аталатын бес түйеге қосып бір жетім қыз (күң), аяқ
жақсы днп беретін үш түйеге қоса бір еркек жетім (құл) бергендігі кейбір
деректер арқылы белгілі. Қалың малдың қырық жеті, отыз жетінің бүтіні,
отыз жеті, отыз жетінің жартысы, жақсылы отыз жеті, жиырма жеті,
он жеті, домалақ қалың мал, домалақ бата сияқты түрлері болған. Мұның
сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы
басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде
қызды малға сату деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы
қалың мал мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл
ескерілген сияқты. Әрине қалың мал құдалардың дәулетіне байланысты
болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда
қалың мал байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы
болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта
жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының қалың малы бес жүз
жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы
той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).

Күйеуаяқ
Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін
қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды.
Мұны күйеуаяқ дейді.

5
Түйемұрындық
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында
отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не
түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін
жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын
айтады.

Қыз қашар
Қыз қашар (дәстүр). Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді
болыс үй дейтін көрінеді. (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін ұрын келу
десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі қыз қашар дейді. Бұл ұрын тойы
өтетін күні болады. Ұрын той жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі.
Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын қол ұстатар,
шаш сипатар, қыз құшақтар, арқа жатар, көрпе қимылдатар тағы сол
сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де
осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі
орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр
іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал
қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал
толық қайтарылады әрі айып төлейді.

Құйрық бауыр
Құйрық бауыр (салт). Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе
(мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек
жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық бауыр арнаулы сый
әкеледі. Әкелуші әйел бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деп тілек
білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде
құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын
сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы Құйрық бауыр
салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана
қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әблмәжінұлының
құдалығында құйрық бауыр ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы
қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті.

6
Балдыз қалың
Кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын
төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт
қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы
қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын
алатын болса, онда бұрынғының үстіне балдыз қалың төлеуге тиіс. Оған түйе
бастатқан бір тоғыз қосылады. Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса
балдыз қалың төленбейді.

Күйеу киімі
Күйеу киімі (салт). Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба? деп
бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде
күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер
күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт
бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік
киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып
төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің
ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын
күйеу атымен күл тасы дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді.
Бұл да ауыл салты.

Қынаменде
Қынаменде (дәстүр). Қынаменде, жар жар мен беташар бар, өлеңсіз
солар қызық бола ма гүл? (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да,
көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің
атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы қынаменде деп аталады.
Шығыс халықтарында қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін
қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар
жүргізілетіндіктен қынаменде жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың
махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің
тәрбиелік ережесінің бір саласы. Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі
аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер қалыңдық ойнау дейді, кей
жерде ұрын келу дейді. Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман
бөркін қырын келді (Н.Ахметбеков). Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар
үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше
көрінбеген болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен
келеді. Мұны есік көру көбінесе ұрын келу деп айтады. Күйеу осы жолы
өзінің болашақ жарын көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.
Әрине ұрын келудің де кәде жоралары аз емес. Сені күтіп жүгіреміз деп
ентігіп қалдық деп ентікпе сұрап жеңгелері келеді, балдыз көрімдік деп
тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты. Ұрын той өткізіліп күйеуге
және оның

7
жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады. Құда
түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына ұрыннан бұрын келуге
хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс туғандары (аға інілері) қазақ әдет
ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек,
құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп
пен тәртіпті талап етеді. Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар
мынандай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт
ақы, жігіт түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай,
шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар, үзік
жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа
жатар қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит
ырылдатар, кемпір өлді, бақан салар, күйеу аттандырар, т.б.
Өңір салу
Өңір салу (дәстүр). Отқа шақырумен (кей жерлерде үй көрсету немесе
есік ашар дейді) бірге болып жататын ендігі бір кәде өңір салу. Мұнда
ылғи бәбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту.
Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау
немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар
іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.
Келін түскен үй бұлардың күтеді. Келіннің қоржынындағы аспен бірге келген
бұлдардан (мата деген сөз) алады. Бұл да өңір (Ахмет Жүнісұлы).
Өңір салу жас шаңыраққа көрсетілген құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны
соңғы кездерде үлкен адамдардың өзі естен шығарып бара жатқаны өкінішті ақ.

Шаңырақ көтеру
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі
қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік
білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: ...
қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі
күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте
үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне
ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ
береді. (А.Жүнісов фәниден бақиға дейін). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер
адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен
мән, ырым бар. Өйткені жасы үлкен күйеу қашанда елге сыйлы және тілектес
адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ
елі осы жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен кішісі,
еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде
де осындай терең сыйластық бар.

8
Шаңырақ түйе
Шаңырақ түйе (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның
жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі, т.б.) мініп келе жатқан
көлігі шаңырқа түйе деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал
болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер
міне қалса оны көрген жұрт пәленше келіннің шаңырақ түйесіне мініп келді
деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге
артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, шаңырақ
түйе деген сөз осыдан шыққан.

Итаяғына салу
Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып
барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған итаяғына
сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. Итаяғына салу деген
келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни шілде суына әлгіндей
күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп,
нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер
ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.

Қапқа салар
Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол жоралғыларымен яғни құдалық
кәделерімен, үлкендерге арналған сый сияпатымен, той малымен келеді. Той
басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт
кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес қапқа салар
деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал
болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой
беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.

Ау жар
Ау жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың сыңсуы,
қоштасуы ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел
жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де
тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай
білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш,
қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің
де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар жар жардан кейін де өлең
жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі ау жарды тағы бастай жөнеледі.
Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет
көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе ау жар,
біресе ай ау, біресе, бике ау, біресе үкі ау деп те айтыла береді

9
Сыңсу
Сыңсу (салт). Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп
тарағандарының бірі сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Қыз айту
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны
Пәндер