Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары



1. Оқыту, оқыту процесі және концепциялары
2. Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Оқыту, оқу түсініктерін анықтаудың көп жақтылығы: «Оқу- әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру» (Я.А. Коменский). «Оқу- білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру» (И. Гербарт). «Оқу- белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру» (А. Дистервег). «Оқу- педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі» (П.Ф. Каптерев). «Оқу- сыртқы қимылдардың қажетті қатысуымен сезімді және ойлы мазмұнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі» (В. Лай). «Оқу- үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың түрлері: біртіндеу-секіріс; саналы түрде ұғыну- аңғармаушылық; нақты көрінетін- сырт көзге көрінбейтін байланыстарды ұғыну» (Ж. Пиаже). «Оқу- мінез-құлықтың өзгеруі, «стимул-реакция» схемасы (Дж. Уотсон) және міндетті түрде нығайтылуымен «стимул-жауап беруші реакция» схемасы бойынша (Э. Торндайк , Б. Скиннер, К. Холл) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі, «стимуларалық ауыспалы (бейне, карта, жоспар) реакция» «Э. Толмен) формуласы бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру».
Возврастная и педагогическая психология. А.В.Петровского, 2-е изд., М., 1979
Основы педагогики и психологии высшей школы, А.В.Петровского. М., 1986
Жұмабаев М. Психология. - Алматы, 1993, 269 б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №5

Тақырыбы: Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.
Магистрант: Өмірбек А.Ө
6М010300 "Педагогика және психология"

Семей 2015
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Жоспар:
1. Оқыту, оқыту процесі және концепциялары
2. Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары

Оқыту, оқыту процесі және концепциялары
Оқыту, оқу түсініктерін анықтаудың көп жақтылығы: Оқу- әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру (Я.А. Коменский). Оқу- білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру (И. Гербарт). Оқу- белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру (А. Дистервег). Оқу- педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі (П.Ф. Каптерев). Оқу- сыртқы қимылдардың қажетті қатысуымен сезімді және ойлы мазмұнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі (В. Лай). Оқу- үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың түрлері: біртіндеу-секіріс; саналы түрде ұғыну- аңғармаушылық; нақты көрінетін- сырт көзге көрінбейтін байланыстарды ұғыну (Ж. Пиаже). Оқу- мінез-құлықтың өзгеруі, стимул-реакция схемасы (Дж. Уотсон) және міндетті түрде нығайтылуымен стимул-жауап беруші реакция схемасы бойынша (Э. Торндайк , Б. Скиннер, К. Холл) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі, стимуларалық ауыспалы (бейне, карта, жоспар) реакция Э. Толмен) формуласы бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру. Оқу- мағынасын меңгеру, яғни кейбір тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сөйлеу белгілерімен) объект-тітіркендіргіші жағдайындағы туатын реакцияларды туғызу қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды меңгеру (Ч. Осгуд). Оқу- тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар- білім беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру және әрекеттің жаңадан пайда болған формаларын қайтадан құру және есте сақтау (К. Коффка).
Оқу- әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сыртқы шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесінде өзгереді, ол өз мінез-құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз-өзіне сенімсіздік дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу мақсатында құрайды (И. Лингарт). Оқу- ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану (Р. Гэгни). Оқу- білім алу мен проблемаларды шешу (К.Д. Ушинский). Оқыту - жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу міндеті шешілетін, педагогикалық негіздемесі бар оқыту актілерінің бірізді ауысуы (И.Я. Лернер). Оқыту - жаттығуларды арқау ететін, оны бұрынғы жаңа жеке жаттығулар мазмұнымен байланыстыра толықтыратын жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру түрі (К.К. Платонов).\ Оқыту - оқушыларға білім беру міндеті шешімін табатын оқытушы мен оқушының біріккен әрекеті (Ю.К. Бабанский). Оқыту- басқарылатын таным, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру, қайта жаңғырту, жеке тұлғаны қалыптастыру негізіне жататын нақты немесе кейбір әрекеттерді меңгеру процесіндегі қарым-қатынас (П.И. Пидкасистый). Оқыту - оқыту процесіндегі оқытушының әрекеті (Н.Ф. Талызина). Оқыту - отбасы, мектеп, ЖОО, қоғамдастық жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени тәжірибелерді басқаларға (адамзатқа) мақсатты, жүйелі түрде тасымалдау түсінігін білдіреді (И.А. Зимняя). Оқыту - оқушылардың ғылыми білімді, дағдыны меңгерудегі, шығармашылық қабілетті, дүниетанымды және адамгершілік-эстетикалық көзқарас пен сенімді дамытудағы белсенді оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру мен ынталандырудағы мақсатты педагогикалық процесс (И.Ф. Харламов). Оқыту- оқыту мен оқу процесінде жүзеге асатын оқитындарға оқытушылық және тәрбиелік ықпал ететін бірыңғай жүйе (С.М. Жақыпов).

Бүгінде оқыту, оқу төмендегіше түсіндіріледі:
● Оқыту- педагогтың басшылығымен оқушыларды әлем туралы ғылыми білім жүйесімен және ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдарымен қаруландыру.
● Оқыту- ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдары арқылы білім жүйесін меңгеру, білім алушының интеллектуалдық сферасын, танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту.
● Оқыту- оқу материалын меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамыту құралы.
Оқу - оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді. Мұғалімнің оқытқанын оқушы оқуда жүзеге асырады: тапсырманы көшіру, орындау және шығармашылық өзіндік әрекеттер орындалады. Оқыту, оқу- білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқу процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарында оқу білім берудің басты жолы. Оқу- екі жақты процесс: мұғалім- білім беруші, оқушы- білім алушы. Оқу құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді меңгеруінің, оқу әрекеттерін орындаудың сапасын реттеу, бақылау, оқу нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады. Оқыту үйренуге қарағанда көбінекей бір қалыпта жоспарлы түрде ұйымдастырылуымен және саналы түрде басқарылуымен ерекшеленеді, үйрену жасырын (стихиялы) да болу мүмкін. Оқыту және оқу- саналы процестер, ал үйрену болса санасыз деңгейде де жүзеге асады. Адамдардың өз бойынан мақсат етіп қоймаса да басқаларға тән дағды, сөз, әдет, қозғалысты байқауы үйренуге мысал бола алады. Олай болса, үйрену кез келген іс-әрекеттің жемісі. Егер, негізгі іс-әрекет мотиві- танымдық қызығушылық немесе индивидтің психологиялық дамуы болса, онда оқу іс-әрекеті туралы сөз болады. Егер мотив индивидтің басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса, онда үйрену ұғымы қолданылады.
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту концепциясы
Л.С. Выготский (1896-1934) бала психикасы дамуының заңдары қатарын қалыптастырды:
˅ Бала дамуының өзіне тән ритмі және темпі болады, ол бала өмірінің әрбір жылдарында өзгеріске ұшырайды (нәрестелік кездегі бір жыл жеткіншектік кезеңдегі бір жылға тең емес); ˅ Даму бұл сапалы өзгерістердің тізбегі және бала психикасының ересектер психикасынан сапалы негізде өзгешелігі бар; ˅ Бала дамуының біркелкі дамымау заңы: бала психикасының әрбір жағының өзіне тән қолайлы даму кезеңдері бар; ˅ Жоғары психикалық функциялардың даму заңы.
● Жоғары психикалық функциялардың басты ерекшеліктері: жанамалығы, саналы түрде меңгеруі, еркіндік, жүйелілік; олар қоғамның тарихи дамуы барысында пайда болған арнайы құралдарды меңгеру процесінде өмір бойында қалыптасады; жоғары психикалық функция дамуы оқыту процесінде, берілген үлгілерді меңгеру процесінде жүзеге асады. Бұл теорияның ерекшелігі сол бала айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренеді. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өзгертеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады. Бала басынан кешірген әрқилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалыптастырады. Дамудың осы жолы Л.С. Выготский пікірінше материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық функция арқылы мәдени факторға (оның бейнесін) айналады. Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер (экстериоризация) нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризацияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуындағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінің байқалуы екі түрлі бағытта анық байқалады. Оның бірі- әлеуметтік сипатта, екіншісі- психологиялық сипатта. ● Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы. Мәдени-тарихи теория туралы жүйе, біріншіден, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, даму деңгейі сол әлеуметтік өрістіің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады.
● Баланың дамуы биологиялық заңдарға емес, қоғамдық-тарихи заңдарға тәуелді, демек баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне байланысты. Адамның дамуының қозғаушы күші- оқыту болып табылады. Бірақ оқыту дамумен бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. ● Бала дамуының жақын арадағы аймағы- баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды, ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды. Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту ролінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский). ● Адам санасы- жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында- қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта- ес, мектептегі кезде- ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады. Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады. Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, оқыту бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті (...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз қадамды беруі мүмкін)
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, москва, ВЛАДОС, 2002
2. Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972
3. Выготский Л.С. Педагогическая психология.
4. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №6

Тақырыбы: Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы сананың жүйелі және мағыналық құрылымы

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.
Магистрант: Өмірбек А.Ө
6М010300 "Педагогика және психология"

Семей 2015

Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы сананың жүйелі және мағыналық құрылымы
Жоспар:
1. Л.С.Выготский өмірбаянына қысқаша сипатама
2. Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха теориясы.
Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекті психолог ғалым. Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы, Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.
Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.
Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да, психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және бала психикасының жақын арадағы даму аймағы дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерскше орын алатын теориясы - бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады.
Бұл теорияның түпкі мәні - баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Егср баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмет, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалылтастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету - сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады.
Жоғарыда айтқанымыздай іші процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризацияға) айналады.
Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалады екен. Оның бірі - әлеуметтік сипатта болса, екіншісі - психологиялық сипатта көрініп отырады.
Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы дейтін еңбегінде (1931) Выготский осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындан отырады осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың жақын арадағы даму аймағы жайындағы қағидасын негіздеуге тірек болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезендерінде адам психикасының өзгеріске түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жариялнған Ойлау мен сөйлеу деген енбегінде жан-жақты қамтылған.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха теориясы: Баланың мәдени дамуындағы барлық функция сахнаға екі рет, екі тұрғыда алдымен социалдық, интерпсихикалық категория ретінде, кейін психологиялық тұрғыда, интерпсихикалық категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін баланың ішкі әлемінде көрсетеді дегенге негізделген. Выготский бойынша барлық ішкі процесстер интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол кейін оның санасына тұтастай енеді.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары
Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Дидактиканың оқыту технологиясы
Оқыту техологиясының ерекшеліктері
Естімейтін балалардың сөзжасамды меңгеру ерекшеліктерін анықтау
Психодиагностиканың даму тарихы
Пәндер