Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану. Тері бағалауда пайдаланылатын жаңа әдістер



1.Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану

2.Тері бағалауда пайдаланылатын жаңа әдістер

3.Бағалы терілі аңдардың жалпы сипаттамасы.

4.Көктемгі аң терісі.
Тауартану – бұл аң терісі, мех, қой терісі шикізаттарының қасиетін зерттейтін, әрі сипаттайтын ғылым саласы. Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
Бұл – терісі бағалы аңдардың терісі туралы ғылым. Ол терісі бағалы аңдардың терісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын, талшық пен тері қасиетін, олардың тауарлық сапасы мен белгілерін зерттейді. Терісі бағалы аңдардың терісіне баға беру олардың алуан түрлілігі, тауарлық топтары, сорттары,түстері мен бейнесінің сапасы, олардың өзара байланысы мен өзара қатынасына әсер ететін факторларды зерттейді. Теріні бағалауда олардың құрылымын, құрылысы мен қасиетін зерттейді. Осы зерттеулерде теріні бағалау мен жіктеудің, стандарттаудың теориялық негізінен методикалық қағидасы ойластырылды
Аңдардың терісіне баға беруде, сорттауда іріктеудің қазіргі қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіріп, әрі жаңа тәсілдер ойластырылған. Отандық және халықаралық саудаға түсетін бағалы аңдардың терісінің сұранысын арттыру жүзеге асырылуда.
Кузнецов Б.А. Основы товароведения пушно-мехового сырья. М., Заготиздат. - 1952 г.
Переверзева А.Д. Товароведение пушно-мехового сырья. М., Экономика -1982 г.
Беседин А.Н., Ганцов Ш.К. Товароведение пушно-мехового сырья и товаров М., Экономика-1983 г.
Церевитинов Б., Беседин А.И. Товароведение пушно-меховых товаров М., Экономика - 1977 г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстірлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану. Тері бағалауда пайдаланылатын жаңа әдістер

Орындаған: Сакибаев.С.М
Тексерген: Туманбаев.В.М

Семей 2015ж

Жоспар:

1.Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану

2.Тері бағалауда пайдаланылатын жаңа әдістер

3.Бағалы терілі аңдардың жалпы сипаттамасы.

4.Көктемгі аң терісі.

Тауартану - бұл аң терісі, мех, қой терісі шикізаттарының қасиетін зерттейтін, әрі сипаттайтын ғылым саласы. Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
Бұл - терісі бағалы аңдардың терісі туралы ғылым. Ол терісі бағалы аңдардың терісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын, талшық пен тері қасиетін, олардың тауарлық сапасы мен белгілерін зерттейді. Терісі бағалы аңдардың терісіне баға беру олардың алуан түрлілігі, тауарлық топтары, сорттары,түстері мен бейнесінің сапасы, олардың өзара байланысы мен өзара қатынасына әсер ететін факторларды зерттейді. Теріні бағалауда олардың құрылымын, құрылысы мен қасиетін зерттейді. Осы зерттеулерде теріні бағалау мен жіктеудің, стандарттаудың теориялық негізінен методикалық қағидасы ойластырылды
Аңдардың терісіне баға беруде, сорттауда іріктеудің қазіргі қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіріп, әрі жаңа тәсілдер ойластырылған. Отандық және халықаралық саудаға түсетін бағалы аңдардың терісінің сұранысын арттыру жүзеге асырылуда. Аң терілерін шикізаттарының тауартануы шикізат ассортиментін жіктеудің тауар қасиетіне шынайы сипаттама беруден тұрады, әрі мех өңдейтін өнеркәсіптерде тұтынушылардың өскелең қажетін қанағаттандырып, тиісті сападағы тауар өндіру міндетін алға қойған . Орта Азия мен Қазақстан Республикаларында дайындалатын аң терісі және мех шикізаттарын өзіндік ерекшеліктері қамтылған. Бұл өңірлерде аң шаруашылығы кең дамыған. Қызыл кітапқа енген жабайы жануарларды аулауға тыйым салынған, әрі мемлекеттің қорғауында болған. XVII-XVIII ғғ. Бұқаралық көпестер Новгород пен Мәскеу қалаларында бағалы аң терілеріне ойдағыдай сауда жүргізген, ал XVIII-XIX ғғ Лондонда, Нью-Йоркта және басқа шет елдердің сауда орталықтарында бағалы аң терілері көптеп сатылған. Мұның өзі көптеген елдермен континенттерге ықпал етті. Қазіргі кезде терісі бағалы аңдармен қатар қаракөл өсіретін аймақтар көбейе бастады. Қаракөл қойын өсіру едәуір ұлғайып, Орта Азияда, оңтүстік батыс Африкада және Ауғанстан Республикаларында көптеп өсіріледі.
Біздің елімізде қаракөл қойын өсіру, қаракөл шикізаттарының елтірітану және тауартану мәселелерін теориялық негізі алғаш рет жасалынды. Бұған М.Ф.Иванов, В.М.Юдин, М.Н.Закиров, С.Н.Боголювский, А.А.Рахимов, М.Д.Тавитов сияқты ғалымдар ғылыми тұрғыдан зор үлес қосты . Бағалы аң терісін өндірушілер оларды өсіруде терілерінің алуан түрлі болып келетіндігін және соған сәйкес түрліше бағаланатынын анықтаған. Көне дәуірде аң терілерін жіктеуде талпыныс болған. Орыс әдебиеттерінде бұл жіктеуді алғаш рет И.В.Синициннің жинаған материалдарынан кездестірген. 1932 жылы жіктеулер едәуір ұлғайтылып, тереңделе түсті, әрі олардың морфологиялық құрылысына сипаттама берілген .

Терілер негізгі екі компоненттен тұратындығы зерттелген. Ол талшық жабыны және талшық түбі бекітілген тері ұлпасы. Осы компоненттер тері қасиетін айқындайды. Әр түрлі жануарлардың, олардың жас категорияларын ескере отырып, маусымына қарай қалыңдығы, тығыздығы, ұйысу сипаты т.б. өзгешелігі бойынша айқындалады. Терілерді бағалауда оның сапасы, қасиеті және белгілері көпетеген табиғи биологиялық факторларға байланысты. Осы факторлардың әсерлерінен теріні бағалауда тауарлық қасиетінің өзгергіштігі байқалады.
Н.В.Сергеевтің зерттеулерінде терілер ауа өткізгіштік сияқты су өткізгіштікке біршама ауытқиды, әрі бағалы аң терілері үшін оның орташа көрсеткіші шартты түрде болады.
Аң шаруашылығы бағалы аң терілерін береді. Біздің елімзде бағалы аңдардың қоры мол. В.И. Висящев (1978) зерттеулері бойынша жабайы хайуанаттар мекендеуге болатын жерлерде бұлғынның жалпы қоры 760 мың, сусар-281, ондатр-3096, қызыл түлкі-767, бұлан-817, ақбөкен-909, елік-348 мың болғандығы туралы мәліметтер бар . Қазір біздегі дайындалып жүрген аң терілерінің басым көпшілігі мемлекетімзге пайдасын тигізеді. Терісі үшін жабайы аңдардың терілерін дайындауда Қазақстан екінші орында.
Біздің республикамызда бағалы жануарлар көп. Солардың ішінде халық тұтынатын бұйымдар - әсем де сәнді бас киім, тон, ішік және басқа да киімдер тігуге болатын терісі аса бағалы аңдар мол.. Олардың ішінде негізгілері - ондатр, түлкі, ақтиін, суыр, зорман, дала күзені және қарсақ.

Бұлғын - көрікті әрі сымбатты аң. Денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, әдемі, әрі жылтыр келеді. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылшықтары жылтылдап тұрады. Қазақстандағы терісі аса бағалы аң - бұлғынның өте көп тараған жері - Алтай таулары. Бұлғынның жемдері - кеміргіштер мен самырсын жаңғағы өте азайып кеткен жылдары тәжірибелі аңшылар оны арнаулы жем - ет ілген қақпанмен ұстап, көп олжаға батады. Тас сусарының жалпы бейнесі бұлғынға ұқсас. Бірақ одан үлкенірек және құйрығы ұзындау. Қысқы терісінің жүні күлгін сары араласқан қоңыр жирен немесе күрең сарғыштау түсті келеді. Түбіті күлгін түсті. Алқым астында және мойынының төменгі жағында ақ дағы бар. Соған қарап кейде аңшылар оны ақтөс сусардеп те атайды. Еркек аңның дене тұрқы 43-59 см, ал ұрғашылары бұған қарағанда аздап кішірек. Ақтөс сусар республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында кездеседі. Бұл аң аршалы, шыршалы тау ормандарында тіршілік етуге бейімделген. Тас сусарының қараша-желтоқсан айларында жүні жылт-жылт етіп, құлпырып тұрады. Дала күзені - кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін ауланатын аң. Ол күзендердің ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 29-52, құйрығы 7-18 см, ал салмағы 2 кг. Бұлаң республикамыздың барлық облыстарында да кездеседі, бірақ барлық жерде бірдей емес. Ол негізінен Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейтті және далалық аймақтарында жиі кездеседі. Дала күзенінің мекен ететін жері - жайқалып өскен шабындығы бар далалы аймақ, шөл-шөлейтті өңірлер, өзен мен көлдер жағалауы және ормандар арасындағы ашық алаңдар. Бұл аң жылына бір рет туады. Сасық күзен көктемде және күзде екі рет түлейді. Оның терісі қарашадан бастап құңды 23.

Ақкіс- дене тұрқы 18-26 сантиметрдей ғана келген, өте жылдам қимылдағыш жыртқыш аң. Қыста бүкіл денесі қар түстес ақ, тек құйрығының ұшы ғана қара. Жазда ол екі түрлі болып келеді - арқа жағы қоңыр қызғылт, ал бауыры ақшыл сарғыш. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Терінің жүн-жабындысына сипаттама
Шаруашылықта тұқым қорын есептеу жайлы мәлімет
Былғарыдан тігілген аяқ – киімнің экспертизасы және тауартануы
Бұзау трихофитиясы
Буаздық физиологиясы
Мамық жүнді аң терілерінің географиялық және мезгілдік өзгергіштігі
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Күзенді өсіру
Пәндер