Тахеометрлік түсіріс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Тахеометрлік түсіріс».

Орындаған: Тұрғазы Ж

Топ: ГК-407

Тексерген: Кудеринов С. М.

Семей 2015 ж.

Жоспар.

  1. Тахеометр.
  2. Тахеометрлік түсіріс.
  3. Электронды тахеометр.
  4. Тахеометрлік жүріс.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Тахеометр (грек. tachyc, tacheos - шапшаң және …метр) - тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады.

Тахеометриялық түсірісте түсірілетін нүктеде тұрған рейкадағы аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, арақашықтығын және салыстырмалы биіктігін анықтайды. Демек, тахеомертлік түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бір жағдайында вертикаль бұрышты v, горизонталь бұрышты β және рейкадан қашықтық өлшеуіш жіптерінің аралығындағы бөліктер санын есептеуден тұрады. Осы мәліметтер арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын есептеп шығарады.

Тахеометриялық түсірісте жергілікті жердің топографиялық нысаны түсірілетін нүктелердің барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады.

C:\Users\Администратор\Searches\Desktop\171611_1421648827_1.jpg

Тахеометрлік түсіріс

Тахеометрлік түсіріс - топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады. «Тахеометрия» деген сөз грек тілінен аударғанда «тез» өлшеймін деген мағынаны береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір-ақ қаратып анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Осы себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнайы аспаптар жатады.

Тахеометрлік түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады. Құрылыс салынған жерлерді, жол ізденісінде трасса бойын түсіргенде және т. б. бұл түсірісті қолдану тиімді.

Тахеометрлік түсірісте өзара биіктікті анықтау үшін тригонометриялық нивелирлеу әдісі қолданылады.

Тахеометрлік түсірістің ізденіс кезіндегі негізгі түсіру масштабтары: 1:500, 1:1000 және 1:2000. Бұл масштабтар қызметіне, жобалау кезеңіне, сондай - ақ рельефтің және ситуацияның өзгеруіне байланысты таңдалынады:

Масштаб 1:500 рельеф қимасының биіктігі 0, 25-0, 50 м -қала көшелері мен жолдарын, уақытша және азаматтық құрылыстарды, кішігірім карьерлерді және топырақ үйінділерін жобалағанда жасалатын план алу үшін қолданылады.

Масштаб 1:1:1000 рельеф қимасы 0, 5-1, 0 немесе масштабы 1:2000 рельеф қимасы 1, 0-2, 0 - суағызғыш жүйелерінің топографиялық планын, жерді тегістеуде, әртүрлі деңгейдегі көлік жолдары торабын, көпір өткелдерін, күрделі жерлерді (терең жыра, сырғымалы жерлерді, карстарды және т. б. ), жол - құрылыс материалдар қазбасын түсіретін пландарда қолданылады.

Тахеометрлік топографиялық түсіру инженерлік 1:500 - 1:5000 масштабында қолданылады.

Нүктелердің жер беті биіктігі бойынша және пландағы орналасуларын олардың горизонтальды және вертикалды бұрыштары мен ара қашықтығын бір уақытта өлшеу арқылы анықтайтын әдіс. Тахеометрияда айналма тахеометр немесе тахеометравтомат деп аталатын аспап қолданылады. Олардың көмегімен іздеген шаманы есептемей-ақ табуға болады.

C:\Users\Администратор\Searches\Desktop\tach.png

Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь, бұрышты горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометрдің құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады.

Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.

Қазіргі заманғы электронды тахеометрлер тек техникалық сипаттамалары және конструкциялық ерекшеліктерімен ғана ерекшеленіп қоймай, ол әр түрлі салада қолданылумен ерекшелінеді. Сондықтан тахеометрлерді арнайы бір тапсырманы шешуге байланысты талдауға болады. Бұл кезде оның дәлдігі мен өлшеу қашықтығы айрықша рөл атқарады. Мысалы, көп кездесетін далалық жұмыстардда жай механикалық тахеометрлер қолданылады. Ал кейбір күрделі жағдайларда, мысалы мұнай құбырының автомагистральдарын жүргізу кезінде жарық шағылыстыратын құрылғыны автоматты түрде іздеп табатын роботтандырылған тахеометрлер қолданған өте тиімді.

Жай тахеометрлердің бұрыштық өлшеу дәлдігі 5’’-6’’, ал сызықтық өлшеу үшін 3мм+3 ррм болады. Тахеометрмен өлшеу қашықтығы 500-1000 м-ден аспауына қарамай, кейде одан да алыс қашықтықтарды өлшеуге тура келеді. Сондықтан бүгінгі де дәлдігі 2 мм+2ррм 3000-4000м қашықтықты алатын қашықтық өлшеуіш ең нәтижелісі болып табылады. Бұл параметрлер болашақта барлық тахеометрлер үшін стандарт болуы керек.

Көптеген тахеометр модельдерінің ішкі реттейтін бақылаушысы бар, ол пернелер тақтасымен басқарылады. Пернелер тақтасы сандық немесе әріптік сандық болуы мүмкін. Кейбір тахеометр моделінің екі жағындада пернелер тақтасы бар. Пернелер тақтасының саны (10-нан 30ға дейін), тахеометрдің мүмкіндігіне байланысты.

Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлінеді:

  • Жай электронды тахеометр;
  • Орташа класты э. т. ;
  • Сервожетекпен жабдықталған(роботталған) тахеометрлер.

Жай э. т. - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі - 5’’-6’’, ал арақашықтікі 3-5 мм құрайды. Бір призма бойынша арақашықтықты өлшеу 1100-1500 м құрайды.

Екінші типті э. Т. Орташа класты аспаптар жатады(Leica, Nikon, Trimble) . Бұл тахеометрлер жай тахеометрлерге карағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды орындауға қатысты есептеу бағдарламасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі кластық, дәлдікке байланысты 1’’-тан 5 ‘’-қа дейінгі аралықты құрайды.

Тахеометрлердің үшінші типіне сервожетекпен қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуға болады. Бұл аспаптар арнайы шығылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%-ға дейін арттырады.

C:\Users\Администратор\Searches\Desktop\Trigon_niv.gif

Дәстүрлі оптикалы-механикалық аспаптарға сай, бұл тахеометрлер үш бағытта жіктеледі.

  1. Жалпы мақсаттағы тахеометрлер (GTS-100N, GTS-230N, GTS-3100N сериялары) - олардың бұрыштық қателігі 2’’ -тан9’’-қа дейінгі дәлдікке тең.
  2. Инжинерлік тахеометрлердің бұрыштық қателігі 1’’-тан 5’’-қа дейінгі дәлдікті береді(GTP-3002LN, GTP-3003LN, GTP-3005LN, GTP-3007LN) . GTS720 - GTP7000 тахеометрлері Windows Windows және GTS-820, GTP-8000 тахеометрлерімен қоса, MSDOS операциялық жүйелермен қамтылған. Олардың жадында шексіз өлшеу деректерін сақтауға болады. Модельдеріне байланысты арақашықтықты 2мм ден 5мм дейінгі аралықтағы қателікпен бір призма аралықты 3000м-ге өлшейді.
  3. Жоғарғы класты тахеометрлерге GTP-3000, GPT-7000сериялары жатады. Олар 250-мге дейін аралықты призмасыз, ал 7000м-ге дейінгі аралықты бір призмамен өлшейді. Аспаптардың ішкі бағдарламалары орыс тілінде жазылады. Ол жоғарғы деңгейде сыртқы әсерлерден сақталған. Екі осьті компенсатормен қамтылып, 1’’ бұрыштық қателікті және бір призмадан есеп алу жылдамдығы 1, 2-ден 0, 3 секунд аралығын береді. Өлшеу нәтижелері PYTHAGORAS және CREDO бағдарламаларында өңделеді.

Тахеометрлік түсірісті орындау үшін келесі аспаптар қолданылады: теодолиттер Т15, Т15К (компенсаторлы), Т30, 2Т30, 2Т30п; тахеометрлер: номограммалық: ТН, DALTHA-010, DALTHA-020; электрондық: Та-3, Та-5, RECOTA, RETA, TC-307, TPK-110, тахеометрлік және нивелирлік рейкалар, тахеометрлік қадалар; жер өлшейтін ленталар мен рулеткалар.

Топографиялың түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар өлшеніп, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды қамтамасыз етеді.

Мысал ретінде Ресейде шығарылатын электрондық ТаЗМ тахеометрін атауға болады: ол арқылы горизонталь бұрыштарды, зенит аралығын, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен анықтауға болады және горизонталь салындылар, өзара биіктіктер, көздеу биіктіктері, координата өсімшелері немесе көздеу нүктелерінің координаталары анықталады. Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтығын, температураны, қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады. Бұрыштық өлшемдер градустар мен гон арқылы өлшенеді.

Аспаптың бұрыштың сезгісі кодты жинағыш типті болып келеді. Тахеометрдің жиынтығында шағылыстырушылар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты жою құрылғылары, аспапты түзету және күту жабдықтары кіреді. Түнде жүмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен қамтамасыз етілген. Цифрлық таблоға түсетін оперативтік ақпаратты тахеометрдің жадысына немесе сыртқы жинағышқа енгізуге болады.

C:\Users\Администратор\Searches\Desktop\shema.jpg

Ресейде шығарылатын 2Та5 тахеометрі ТаЗМ атқаратын жұмыстарды орындайды, бірақ оның техникалық сипаттамалары өзгеше: горизонталь бұрыш өлшеу қателігі - 5", зенит аралығын өлшеу қателігі - 7", көлбеу аралықты өлшеу қатесі - (5+3 D км) мм. Шетелдік фирмалар (АҚШ, Германия, Швеция, Жапония және басқа) бұрыш өлшеу дәлдігі 0, 5-тан 20"-қа дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 1 нүкте бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды тахеометрлер шығарады. Роботталған электронды тахеометрлер де баршылық, мысалы, «Геотроникс» (Швеция) фирмасының «Геодиметр-640» электронды тахеометрі берілген бағдарлама бойынша шағылыстырушылардың орнын өзі таба алады, оларға дейінгі аралықты, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейді және әр шағылыстырушының координаталарын есептейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды тахеометрлер сипаттамасы
Тахеометриялық түсіріс және оны өңдеу
Тахеометрлік түсіріс жайлы
Тахеометриялық түсірістің мәні
Тахеометрлік түсіріс туралы ақпарат
Теодолиттік түсіріс, оның мәні және жұмыс тәртібі
Қазіргі қолданыстағы тахеометрлердің түрлері. Тахеометрлік түсіріс
Тахеометрлі түсіріс
Пландық геодезиялық торларды құру
Өндірістік тәжірибеден
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz