Метрология басы, құрылғылардың класстары


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

ТФ және ЖЭ кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Метрология басы, құрылғылардың класстары

Орындаған: Даулетбаев А. А

ТФ-205

Тексерген:Нургалиев Д. Н

Семей 2015

Мазмұны

1 Метрология басы, құрылғылардың класстары5

1. 1 Метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми, техникалық және заңдық негіздері5

1. 2 Өлшеулердің бірлігін қамтамасыздандырушы мемлекеттік жүйе6

1. 3 Стандарттаудың мәні және оның мақсаттары7

Пайдаланылған әдебиеттер9

Кіріспе

Өлшеу - адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады.

Метрология құралдары - бұл өлшеу құралдары мен метрологиялық стандарттардың рационалды түрде пайдалануын қамтамасыз ететін жиынтығы. Өлшеудің ғылыми аспектісінде олардың көмегімен ғылымда теория мен тәжірибенің байланысы жүзеге асырылады.

Өлшеу басқару немесе бақылау объектісі жөніндегі мөлшерлі ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді, техникалық процестің барлық берілген шарттарын дәл көрсету, бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және объектіні тиімді түрде басқару мүмкін емес.

Берілген оқу құралы өлшеу мен құралдарын таңдап алу, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеуге, өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауға байланысты өндірістік және ғылыми есептерді шешу үшін қажет білімдер мен дағдылық негіздерін беретін мәселелер қарастырылған.

Өлшеу техникасы метрологиялық эксперименттер жасау, өлшеу нәтижелерін өңдеу және метрологиялық жұмыстарды стандарттау мен сертификаттаудың жалпы ережелерін оқытатын ғылым ретіне де көзқарас қалыптастырады.

«Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т. б. ) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Бұл курста автоматтандыру мен басқару саласында физикалық шамаларды өлшеуге қатысты мәселелер ғана қарастырылады.

Кез-келген өнімді өндіру бірнеше өлшеулер жүргізу арқылы жасалынады. Өлшеу арқылы өнімнің сапасына, өлшем бірліктеріне басқада қасиеттеріне қойылатын талаптар анықталады.

Метрология және өлшеудің негізі ғылыми-өндірістік мәслелелерді шешу барысында қажетті өлшеу әдістерін, жабдықтарын дұрыс, нақты таңдауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылар негізін үйрету.

1 Метрология басы, құрылғылардың класстары 1. 1 Метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми, техникалық және заңдық негіздері

Өлшеу жабдықтары мен оның түрлері барған сайын көбейе түсуде және олардың сандық немесе сапалық дамуы өлшеудің біртектілігін қамтамасыз ету аясында болуы керек, яғни өлшеу нәтижесі заңдастырылған өлшем бірліктері мен сипатталуы тиіс.

Осыған байланысты - метрологиялық қамтамасыздандыру түсінігі пайда болды, яғни өлшеудің біртектілігі мен қажетті нақтылығына жету үшін техникалық жабдықтарды, ережелер мен үлгілерді қолданудың ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми негізі метрология - өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және өлшеу кезінде қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылымы болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың техникалық негізін: физикалық шамалардың мемлекеттік эталондар жүйесі; физикалық шамалардың өлшем бірліктерін эталондардан барлық өлшеу жабдықтарына үлгі ретіндегі немесе тексеру жабдықтары жүйесі арқылы тасымалдау жүйесі; өлшеу жабдықтарын жасау мен оларды қолданысқа енгізу кезінде олардың біртектілігін қамтамасыз ететін өлшеу жабдықтарын сынақтан өткізудің мемлекттік жүйесі; өлшеу жабдықтарын метрологиялық аттестациялаудың немесе міндетті түрде тексерудің жүйесі; материалдар мен заттардың қасиеттері мен құрылымының стандарттық үлгі жүйесі сондай-ақ физикалық константалар, материалдар мен заттардың қасиеттері мен құрылымы туралы стандартты анықтамалар жүйесі құрайды.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың заңдық негізін өлшеудің біртектілігін қамтамасыздандырудың мемлекеттік жүйесі - өлшеудің нақтылыған қамтамасыздандыру, ұйымдастыру және бағалаудың методикасына қатынасы бар ережелердің, шарттардың және нормалардың өзара байланыстылығын бекітетін нормативті- техникалық құжаттардың жиынтығы болып табылады.

1. 2 Өлшеулердің бірлігін қамтамасыздандырушы мемлекеттік жүйе

Өлшеу жүргізген кезде олардың бірлігін қамтамасыз ету қажет. Өлшем бірлігі деп - өлшеу сапасының сипаттамасы түсіндіріледі, ол кезде өлшеу нәтижелері заңдылықтармен алынған бірліктермен өрнектеледі, өлшемдері шартты шегі бойынша көрсетілген шама өлшемдеріне тең, ал өлшеу нәтижесінің қателіктері берілген ықтималдықта ғана белгілі және шартты шегінен аспайды. “Өлшем бірлігі” деген ұғым аса маңызды түсініктеме. Ол метрологияның маңызды мәселелерінен тұрады: ФШ-ның бірліктерін үлестіру, шамаларды ұдайы қайталау жүйесін өңдеу және олардың өлшемдерін тұрақты дәлдіктегі жұмысшы құралдарға беру, т. б. мәселелер қатары. Бірлік ғылым мен техникаға қажетті кез-келген дәлділікті қамтамасыз етуі тиіс. Өлшеу құралдарын тиісті деңгейге жеткізу мен сол деңгейде ұстау бекітілген ережелер, талаптар және нормаларға сәйкес жүргізілетін мемлекеттік, ведомствалық қызметтерге бағытталған. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік деңгейдегі қызметкершілі-гі Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің (МӨЖ) стандарттары мен немесе метрологиялық қызмет органдарының нормативті құжаттарымен белгіленеді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін кез-келген шаманың барлық СИ-де градуирленген бірліктердің үйлесімділігі қажет. Бұл ФШ-дың бекітілген бірліктерін арнайы мекемелерде дәл көрсету және сақтау мен олардың өлшемдерін қолданылатын СИ-ге беру жолымен орындалады.

Физикалық шаманың бірліктерін көрсету - бұл мемлекеттік эталондарға және үлгілі СИ-ге байланысты дәлдігі ең жоғары елдердің ФШ-ның бірліктерін материалдау операциялары-ның жиынтығы. Олар негізгі және туынды бірліктерді көрсету болып бөлінеді.

Негізгі бірліктерді көрсету - ол бірліктердің анықталуына байланысты ФШ-ды белгіленген өлшем бойынша құру жолдары арқылы көрсету болып табылады. Ол мемлекеттік алдыңғы эта-лондар арқылы іске асады. Мысалы, масса бірлігі - 1килограмм (дәл), ол Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросында сақталған платинді иридиялы таразы тасы түрінде көрсетілген, оның халықаралық мәні - 1кг. РФ-ның Мемлекеттік эталонының құрамына кіретін платинді иридиялы таразы тасының соңғы халықаралық салыстыру (1979) негізіндегі массасы 1, 87кг болды.

Туынды бірлікті көрсету - бұл ФШ-дың көрсетілген бір-ліктеріндегі мәнін өлшенетін шамаға функционалды байланыстағы басқа шамаларды жанама өлшеу және анықтау. Сонда Ньютонның - күшін көрсету - механикада белгілі F = mg теңдеуімен жүзеге асады, мұндағы m - дененің массасы, g - еркін құлау үдеуі.

Өлшем бірлігін беру - тексеріп өлшеу құралдарында сақ-талған ФШ бірліктерінің өлшемін оларды тексеру немесе калибр-леу кезінде көрсетілетін немесе эталонмен сақталатын бірліктер өлшеміне келтіру. Өлшем бірліктері “жоғарыдан төменге” қарай беріледі - СИ-дің жоғарғы дәлдігінен төменгі дәлдікке қарай.

Бірліктерді сақтау - берілген СИ-ге тән өлшем бірліктерінің уақыт бойынша өзгермеуін қамтамасыз ететін операциялардық жиынтығы. ФШ-ның бірлік эталондарын сақтау кезінде эталонның метрологиялық сипаттамаларын орнықты шектулерде ұсталуына мүмкіндік жасайтын өзара байланысқан операциялардың жүргізілуін алдын-ала береді. Алғашқы эталондарды сақтау кезінде бірліктерді көрсету дәлдіктерін жоғарлату мен өлшем беру әдістерін жетілдіру мақсатында басқа елдердің ұлттық эталондарымен қосыла отырып, олардың жүйелі түрде зерттелуі орындалады.

1. 3 Стандарттаудың мәні және оның мақсаттары

Стандарттау адамның белгілі саладағы әрекетін жүзеге асыру ретін белгілейді және тәжірибедегі ережелерді анықтайды. Стандарттау бойынша жұмыстардың негізгі түрі - стандартты өңдеу және бекіту. Стандарт - стандарттау объектіге қойылатын талаптарды, ережелерді белгілейтін бекітілген ережелік - техникалық құжат.

Ол мына түрде болуы мүмкін:

- орындалуға жататын бірқатар талаптарды және ережелер-ді құрайтын құжат;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метрология басы, құрылғылардың класстары жайлы мәлімет
Өлшеу құралдарының қателіктері
Құрылыс ауданын таңдау
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
Метрология пәнінен
Газ және сұйықтың шығынын өлшеу
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Метрологияның теориялық негізі.
Өлшеу құралдарының қателіктерін нормалау
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz