Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ

Тақырыбы : Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану

Орындаған: Әбдікаримова Р

Тексерген: Мұхаметжанова О. Т

Тобы: Аг-313

Семей 2015

Жоспары:

1. Диагностикалау әдісіне түсінік

2. Өсімдіктің қоректік элементтермен қамтамасыз етілуі

3. Өсімдіктердің тыңайтқыштарды қажетсіну көрсеткіші

Өсімдік қоректенуін бақылау үшін диагностика әдісі кеңінен қолданылады. Өйткені ол өсімдік қоректенуін реттеуде маңызды рөл атқарады.

Өсімдікті талдауда диагностика әдісін пайдалануды алғаш рет ұсынған Гельригель. Гельригель калий элементінің әртүрлі дозасын зерттеу мақсатында жүргізген вегетациялық тәжірибеде (құм дақылы) қоректік қоспа мен арпа өніміндегі калий мөлшерінің арасында айқын байланыстың бар екенін байқаған. ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарында Францияда Лаготю жүзім, Швецияда Ландегорд астық дақылдарының жапырақтарына талдау жасағанда диагностика әдісін қолданған. Жалпы қоректенуді диагностикалау әдісінің бірнеше түрі бар. Солардың ішінде өсімдіктің қоректенуінде элементтердің тапшылығын оның сыртқы түріне, жеке мүшелерінің түсіне, пішініне қарай және химиялық жолмен талдау кеңінен қолданылады. Өсімдіктің мүшелерінің сыртқы өзгерістеріне қарап бақылау дәл бола бермейді. Өйткені сыртқы өзгерістерге басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Өсімдіктің жеке мүшелерінің сыртқы өзгерістерінің қоректік элементтердің тапшылығынан екенін айқындау үшін химиялық диагностиканы қолдану керек. Химиялық диагностика әдісінде талдауға арналған өсімдік мүшесін таңдаудың маңызы зор. Мысалы, азот, фосфор, калий, магний элементтерін анықтау үшін төмен орналасқан жапырақтарды немесе сабақтың төменгі бөлігін пайдаланады. Ресейде ХХ ғасырдың ортасынан бастап өсімдік шырыны мен кескініне химиялық талдау жасау арқылы оның қоректенуін бақылаудың қарапайым әдістерін ұсынды. Оған Г. С. Давтянның өсімдіктің азотпен қоректенуінің диагностикасы, К. П. Магницкийдің өсімдік шырынын химиялық талдау, В. В. Церлингтің өсімдік кескінінің құрамындағы элементтерді анықтау әдістері жатады. Г. С. Давтян әдісі өсімдік шырының нитраттарының дифениламинмен әрекеттесуінен көк түсті қосылыстың пайда болуына негізделген.

К. П. Магницкий әдісімен өсімдіктің қоректік элементтермен қамтамасыз етілуін анықтау принципі мынадай:

1) мырыш нитраттарды нитриттерге дейін тотықсыздандырады. Сульфанил қышқылы мен нафтиламин нитриттермен реакцияға түсіп ашық қызғылт түсті қосылыс түзіледі;

2) фосфорды анықтау оның қалайының қатысында аммоний молибдатымен көгілдір түсті кешенді қосылыс пайда болуына негізделген. Көгілдір түстің қарқындылығы фосфордың мөлшеріне пропорционалды;

3) калийді анықтау оның магний дипикриламинат және тұз қышқылының ерітіндісімен қызғылт сары түсті тұнба пайда болуына негізделген. Өсімдіктің 1 кг шырынындағы элементтің мөлшерін миллиграммен немесе шартты түрде баллмен өрнектейді

В. В. Церлинг тәсілі бойынша өсімдіктің қоректік элементтермен қамтамасыз етілуін анықтау принципі мынадай: 1) нитрат азотын анықтау үшін жас өсімдіктің жапырақ сағағы мен сабағын пайдалану керек. Өсімдіктің кесіндісіне дифениламинмен әсер еткенде құрамындағы нитраттардың осы тұзбен реакцияға түсуінің нәтижесінде көк түске боялуына негізделген. Пайда болған түстің қарқындылығын арнайы дайындалған түсті шкаламен салыстырып, өсімдіктің азотқа қажеттілігі жөнінде қорытынды жасалады.

Өсімдіктің азот тыңайтқыштын қажетсіну шкаласы (В. В. Церлинг бойынша)

Балл
Боялу сипаты
Тыңайтқышты қажет ету сипаты
Балл: 5
Боялу сипаты: Кесінді шырыны қара көк түске боялады және біршама уақыт сақталады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Нитраттар жеткілікті, қажеті жоқ
Балл: 4
Боялу сипаты: Кесінді шырыны көк түске боялады да бірден жоғалады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Нитраттар шамалы қажет
Балл: 3
Боялу сипаты: Кесінді шырыны ашық көк түске боялады да 2-3 минөттан соң жойылады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Қажеттілігі орташа
Балл: 2
Боялу сипаты: Кесіндідегі өткізгіш шоқтар көгілдір түске боялады да тез жойылады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Қажеттілігі жоғары
Балл: 1
Боялу сипаты: Кесіндіде шамалы ашық көгілдір түс пайда болып тез жойылады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Қажеттілігі өте жоғары

Өсімдіктегі фосфорды анықтау шкаласы және оның фосфор тыңайтқышын қажетсінуі (В. В. Церлинг бойынша)

Балл
Боялу сипаты
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі
Балл: 5
Боялу сипаты: Кесінді шырыны қара көк, ал түтіктер шоғы көкшіл қара түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Фосфор жеткілікті, қажет емес
Балл: 4
Боялу сипаты: Кесінді шырыны көк, ал түтіктер шоғы қара көк түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі шамалы
Балл: 3
Боялу сипаты: Кесінді шырыны ашық көк, түтіктер шоғы көк түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі орташа
Балл: 2
Боялу сипаты: Кесінді шырыны сұр-көгілдір, түтіктер шоғы күңгірт көк түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі жоғары
Балл: 1
Боялу сипаты: Кесінді шырыны мен түтіктер шоғы сұр-көгілдір түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі өте жоғары

Калий мөлшерін өсімдік шырынына дипикриламинаттың әсер ету арқылы анықтайды. Мұнда магний дипикриламинаты тұз қышқылының қатысында калиймен әрекеттесуінен қызыл-қызғылт сары түсті калий дипикриламинатының тұнбасы түзіледі.

Өсімдіктегі калийді анықтау шкаласы және оның калий тыңайтқышын қажетсінуі (В. В. Церлинг бойынша)

Балл
Боялу сипаты
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі
Балл: 5
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны қызыл түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Калий жеткілікті, қажет емес
Балл: 4
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны қызыл-қызғылт сары түске өзгереді
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі шамалы
Балл: 3
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны қызғылт-сары түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі орташа
Балл: 2
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны сары-қызғылт сары түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі жоғары
Балл: 1
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны ақшыл-сарғыш түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі өте жоғары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану жайлы
Өсімдіктің фосфорлық қоректену диагностикасы
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Өсімдіктердің қоректену диагностикасы
Өсімдіктердің әр түрлi даму кезеңiнде қоректену ерекшелiктерi
Ауыл шаруашылық дақылдарының фосформен қоректендіру оптимизациясы
Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы
Қос қанаттылар отрядының негізгі топтарын анықтау және олардың сипаттамасымен танысу
Нервтердің жіктелуі
Кәсіпорын диагностикалау әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz