ҚР инфляцияға қарсы туралы ақпарат



I.Кіріспе бөлім
Инфляция
II.Негізгі бөлім:
1. Қазіргі инфляция факторлары мен жіктелуі
2. Қазақстан Республикасындағы инфляция
3. Инфляцияға қарсы саясат
4. Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдарлары
5. Инфляцияға қарсы саясат жүргізу

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция тарихы
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан тұрақты экономикалық даму кеңістігіне шықты // Егеменді Қазақстан, 28 маусым 2003 ж.
4. Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. «Экономика предприятия». Алматы. 2004

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:   ҚР инфляцияға қарсы саясаты 

Орындаған:Қабыкенов Айдын

Тексерген: Қуантқан Биболат

Семей 2015ж

Жоспар:

I.Кіріспе бөлім
Инфляция

II.Негізгі бөлім:
1. Қазіргі инфляция факторлары мен жіктелуі

2. Қазақстан Республикасындағы инфляция

3. Инфляцияға қарсы саясат

4. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары 

5. Инфляцияға қарсы саясат жүргізу

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Инфляция

Инфляция (лат. inflatio – қабыну, ісіну) — бұл бағаның өсуінен,
тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен
туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің
төмендеуі.

Инфляция тарихы

1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс
доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция
кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін
бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан,
стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының
тоқтауы кезінде пайда болды.[1]

Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті
құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған,
шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша
массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың
шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық
саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар
жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады:
сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:

әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып
қалады;

мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің
қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын
жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен
үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;

ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.

Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай
факторлардың болуымен сипатталады:

еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;

бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе
жалақының өсуі;

энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады.
Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына
қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:

ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі
байқалады;

жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан
бақылау жасап отырады;

инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

Таралу орнына қарай:

локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық
экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға
шалдықтырады;

ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары
қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады.
Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін
екінші және үшінші түрлері тән.

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады.

Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын
тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:

ТБИ = (Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) (Базалық жылдағы тұтыну
қоржынының бағасы) x 100

Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:

баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;

баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы
бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық
құнсызданды;

баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы
бағаны базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның
болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.

Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түрі
байқалады. Мысалы, статистикалық мәліметтері бойынша орташа инфляция
мөлшері:

Жыл Инфляция мөлшері
     
2000 ж.9,8 %
2001 ж.8,4 %
2002 ж.5,9 %
2003 ж.6,4 %
2004 ж.6,9 %
2005 ж.7,6 %
2006 ж.8,64 %
2007 ж.10,8 %
2008 ж.9,5 %
2009 ж.6,2 %
2010 ж.7,7 %

Инфляцияның жылдық орташа мөлшері, %-бен

Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдан
бастап алдағы үш жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында
бекітілген болжамдарға сай болып келеді.

2009 жылғы қараша айындағы азық-түлік емес тауарларға деген бағаның өсуі
2008 жылдың желтоксан айына қатысты алғанда 8,3% және ақылы қызметтер
бойынша — 7,2%-ға өскен. Ал азықтүлік тауарларына бағаның есуі 2,6%-ды
құрады.

2009 жылғы қараша айындағы инфляцияның денгейі және ТБИ құрайтындарға
бағаның өсуі

2009 жылғы қаңтар — қараша айындағы инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,4%
және 2008 жылдың қаңтар — караша айымен салыстырғанла 10,3 пайызға
төмендеген.

Қазақстандағы тұтыну бағасының индексін есептеуде тұтыну қоржынына кіретін
500-ге жуықтауарлар мен қызметтер есепке алынады.

Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша енгізілген тұтыну бағаларының индексіне
кіретін ішкі индекстер 4 топқа бөлінеді:

Ауылшаруашылық және балық өнімдері;

Қазақстанда жасалған өзге де тауарлар;

Импортталған тұтыну тауарлары.

Өзге қызметтер.

Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы
инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны
пайдаланады.

Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес
түрлі керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин
жөне көмір бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.

Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге
болады:

халық топтары, өндіріс аясы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет,
фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта
бөлінуі;

халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және мемлекеттік
бюджет қаражаттарының құнсыздануы;

бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының
теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс үдерісіндегі теңсіздіктің орын алуы;

жұмыссыздықтың өсуі;

халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;

амортизациялық қорлардың құнсыздануы;

бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;

көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;

ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;

қоғамның әлеуметтік топтарға белінуі.

Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан
көруге болады.

Филипс қисығы

Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа
ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс
сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да
инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде
Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз
қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы
нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің
өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн
көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы
инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.

Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және
экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.

Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру
нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.

Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін
қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет
тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:

жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу
туралы хабарлау;

қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық
паритетін қалпына келтіру;

деноминация, яғни нөлдерді қысқарту әдісімен ақшаның номиналдық құнын
ірілендіру.

Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты
антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:

Дефляциялық саясат — бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты
шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие
үшін пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.

Табыс саясаты — бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы
саясат комитетті арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте
сирек қолданылады.

Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық
немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.

Бұл әдіс, 1999 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен
еркін өзгермелі ваяюта бағамына өту барысында, АҚШ долларына қатысты
теңге бағамының күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының
бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті)
халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңге салымдары бойынша зиянды
мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.

Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде
сақталған және 90 жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның
салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық банкісі арқылы
біршама мөлшерде қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары
жүргізілді. Оның нақты есебіне келсек, мысалға егер сіздің жинақ кассасында
1992 жылға дейін Кеңес дәуірінде жинақтаған 10000 рублің болса, 1992 жылғы
рубльдің АҚШ долларға қатысты бағымы 150 рубльге тең болды делік. Сіздің
10000 рубліңізді 150-ге бөліп, оны теңгені қайтару кезеңінде жүргізген
(1999—2000 жылдары) бағамы 155-ке көбейту арқылы сізге кешегі кеңестік
жинағыңызды қайтарады. Бұл қате есептеу. Дұрыс қайтару үшін депозитке
салған күндегі рубльдің долларға қатысты бағамына байланысты қайтару қажет.
Ол кездегі 1 АҚШ доллары 0,98 копеекті құрады. Осы бағаммен қайтарса, сол
уақыттағы сіздің жинағыңыздың қайтарылған сомасы 10204 АҚШ долларын
құрайтын еді.[2]

2007 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының
қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.

Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд.
теңге мөлшерінде немесе 8,3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық
инфляция 5,7 %-дан 7,6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі
маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары

2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау осы жылғы екінші жарты жылдықтан
бастап Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге
арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сөйкес
елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады.13

Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын
болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптасқан
республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда
осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық кордан
қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму
бағдарламалары ғана қаржыландырылады.

Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін қолданысқа
енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудың салдарынан
2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39,6
млрд. тенгеге азаяды.

Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының шығыстарын
қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша
шығындар үшін 2006 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық
бюджетке 124,6 млрд. теңге келілдік берілген трансферт жіберілетін болады.

Макрокөрсеткіштерді нақтылауды және Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың
және пайдаланудың жаңа тетігін іске асыруды ескере отырып, 2006 жылға
арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 576,9
млрд. теңге (ЖІӨ-ге 18,1%) мөлшерінде немесе бекітілген бюджетпен
салыстырғанда 85 млрд. теңгеге өсумен қалыптасты, шығыстардың көлемі 1
703,1 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 19,5 %) немесе 97,5 млрд. теңгеге өсумен
тапшылық 126,3 млрд. теңгені құрайды.

ЖІӨ-нің нақтыланған көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріссіз 1,4%-да
қалды, ал абсолютті мәнде 2005 жылғы республикалық бюджетті атқару
қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын
тарту мақсатында 12,5 млрд. теңгеге ұлғайды.

Бюджеттің шығыс бөлігінің өзгерістері тұтастай Мемлекет басшысының
Жолдауында айқындаған басымдықтардан туындайтын іс-шараларды іске асыруға
бағытталған.

2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру шеңберін делингафондық және мультимедиалық
кабинеттерді жасауға — 1,1 млрд. тенге, физика, химия және биология
кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2,5 млрд. теңге қалыптасқан
үнемдеудің есебінен қосымша қаражат бөлу көзделген.

2005-2007 жылдарға арналған К,Р электрондық үкімет құрудың мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру шеңберінде Бірізділік нөмірлердің ұлттық тізбесін
жасауға 3 млрд. теңге көзделіп отыр.

Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне сараланған зейнетақы төлемдерін
арттыруға 2,6 млрд. теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы
мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ұлғайтуға 777,9 млрд. теңге бөлінеді.

Қорғаныс министрлігіне қосымша 20 млрд. теңге шығыстар қарастырынды.
Осылайша, Қорғаныс министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеті 101 млрд.
теңгені немесе нақтыланған ЖІӨ-нің (8 725 млрд. теңге) 1.2%-ын құрайтын
болады.

Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын
салуға қосымша 5 млрд. теңге бөлінеді.

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін
дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 5 млрд. теңге көзделіп отыр.

Астана қаласын дамытуға 38 млрд. теңге сомасында, онын ішінде қала
бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 17,4 млрд. теңге сомасында қосымша
қаражат бөлінеді. Алматы қаласын дамытуға 5,5 млрд. теңге (тұрғын үй
құрылысын қоса есептегенде — 8,5 млрд. теңге) бөлінетін болды.

2005 жылдан бастап  Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың 
тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа
айқындама  болып табылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер
жүктелген:

мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу
инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық банк жариялаған
Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді
едәуір   нақты көрсетеді.

Инфляциялық таргеттеу  принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция
жөнінде қойылған  мақсаттарға  қол жеткізу  жауапкершілігін  күшейту
жағдайларында  инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының
индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің 
негізгі  бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық
емес тұрғыдағы (базалық инфляция индекстері) түрлі дәрежедегі жылдан
бастап  базалық инфляция индексіне  қарай бағдарлар  белгілейтін болады.,

1 кесте Инфляция деңгейі

Азық — түлік 2005 ж. Азық-түлік емес 2005 ж. маусы —
% бойынша тауарлар мынан 2005 жылдың
бағалары мамырына дейін
жарма 17,1 ерлер аяқ киімі 14
 
сүт өнімдері 2,8 балалар киімі 1,1
 
балық және теңіз 1,3 балалар аяқ киімі 1
өнімдері  
жеміс және көкөніс1,3 әйелдер аяқ киімі 0,6
 
сәбіз 9,0    
картоп 5,5    
басты пияз 14,5    
жас қызанақ 3,5    
жас қияр 9,2  
 

Атырау облысы

2005 жылғы маусымда тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары
мен тарифтері 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға, мамырға 0,1%-
ға өсті, соның ішінде азық-түлік тауарлары 2004 жылғы желтоқсанмен
салыстырғанда 1,6 %-ға өсіп, осы жылғы мамырға 0,1 %-ға азайды; азық-түлік
емес тауарлары -1,9%-ға, 0,3%-ға өсті; ақылы қызмет тиісінше 1,8 %-ға, 0,1
%-ға асты. 2005 жылғы маусымда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі
мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс
шамасы 2002 жылғы желтоқсаннан 5,1%-ға артты, ал 2003 жылғы мамырмен
салыстырғанда 1,6%-ға кеміп, 6463 теңге болды. Өнөркәсіп өнімдерін өндіруші
кәсіпорындардың бағалары 2005 жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен
салыстырғанда 4,2 %-ға азайды.

2 кесте. Тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен
тарифтері

Аттары 2004 ж 2005 ж
тұтыну тауарлары мен 0,1 % 1,7 %
ақылы қызмет көрсетудің
бағалары мен тарифтері
азық-түлік тауарлары 0,1 % 1,6 %
азық-түлік емес 0,3 % 1,9 %
тауарлары
ақылы қызмет тиісінше 0,1 % 1,8 %

Қостанай облысы

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2005
жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,1% құрды. Бағалар
серпінін сыртқы және ішкі базарларда қалыптасқан конъюнктура анықтады.

Жыл басынан бергі кезеңде азық-түлік тауарларына бағалар 0,9%-ға өсті, бұл
ақылы қызметтерге қарағанда 0,8 пайыздық пунктке және азық-түліктік емес
тауарларға қарағанда 0,1 пайыздық пунктке аз.

Азық-түліктік емес тауарларға бағалар жыл басынан бергі кезеңде 1,0%-ға
артты, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 0,3 пайыздық пунктке аз.

Халыққа ақылы қызметтер көрсетудегі бағалар мөн тарифтер жыл басынан бергі
кезеңде (2005 жылдың қаңтар-маусымы) 1,7%-ға өсті, бұл тауарларға қарағанда
0,8 пайыздық пунктке көп. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары
тарифтерінің артуы ақылы қызметтер бағаларының деңгейіне айтарлықтай ықпал
етті.

Қызылорда облысы

2005 жылдың қаңтар-маусымында облыстың тұтыну базарындағы тауарлар мен
қызметтер бағасы 2004 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 3,1%-ға, 2004
жылдың тиісті кезеңінде 4,2% өскен. 2005 жылдың маусым айында тұтыну
бағаларының индексі 100,0% құрады, өткен жылдың маусымында 0,4%-ға
көтерілген еді.

2003 жылдың маусымында негізгі тағамдық азық-түлік тұтынудың ең аз
нормасымен есептегенде орташа жан басына шаққанда күнкөрістің ең аз шамасы
өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 5,6%-ға өсті, ал ағымдағы жылдың мамыр
айында — 1,6%-ға төмендеп, 4660 теңгені {тағамдық азық-түліктер — 3262
теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер — 1398 теңгені) құрады.
Үстіміздегі жылдың маусым айында оның құрылымындағы ет пен балықты сатып
алу шығындарының үлесі 24,4%-ды, сүт пен майлы өнімдер және жұмыртқа 17,1%-
ды, жеміс-көкөністер 12,6%-ды, нан мен нан өнімдері 11,2%-ды, қант, шәй
және дәмдеуіштер 4,7%-ды иеленді.

Инфляцияға қарсы саясат

1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары 

Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен
мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі
әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай
жағдайларға әкеп соқтырады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен,
экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және
болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция
факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы,
инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық
ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені
инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша
қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып
шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып
шыққан банкноттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Қазақстандағы қаржы жүйесі
Инфляция жайлы
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Пәндер