Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар



1. Көркем әдебиеттің очерк жанры туралы түсінік.
2. Соғыстан кейінгі жылдары туған очерктер, ерекшеліктері
3. Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар
1.Сөз жоқ кез-келген жанр туралы ұғымда белгілі дәрежеде шарттылық болады. Мұндай қасиеттен очерк жанры да шет емес. Олай болса, зерттеп отырған тақырыптың мән-мағынасын саралап тануға дәс беретін очерк жанрының табиғаты туралы ұғымды орнықтырып алу қажет. Ғылыми әдебиеттердің басым көпшілігінде очеркті әрі көркем әдебиеттің, әрі публицистиканың жанры ретінде тану бел алып жатады.
Көркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде де очерктің төл қасиеті деп, оның дерекшілдігін (документальность, подлинность) атап өткен жөн. Бұл ретте, очерктің белгі- нышандарын жазу мәдениеті орныққан кез-келген тарихи-әлеуметтік ортадан шырамытуға болады. Өйткені, жазу атаулы ой-дерек көрінісі. Ал, ой-дерек болса белгілі бір әлеуметтік ортаның болмысын танытуға негізделеді[1,16].
1 Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. 4-том. – Алматы: Жазушы, 1975.
2 Мұстафин Ғ. Ой әуендері (Очерктер мен әңгімелер). 5-том. –Алматы: Жазушы, 1984.
3 Сәтбаева Ш. Индустрияландыру тақырыбы Қазақстан прозасында // Әдебиет және искусство. 1954. №8.
4 Шәймерденов С. Қуаныш. // Әдебиет және искусство. 1953. №11.
5 Шухов И. Солтүстік шұғыласы. // Әдебиет және искусство. 1950. №5.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар

Орындаған: Д.Е.Жұмағазыева
Тобы: КЯ-409 с
Тексерген: А.О.Тоқсамбаева

Семей, 2015 жыл
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар
Жоспары:
1. Көркем әдебиеттің очерк жанры туралы түсінік.
2. Соғыстан кейінгі жылдары туған очерктер, ерекшеліктері
3. Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар

1. Сөз жоқ кез-келген жанр туралы ұғымда белгілі дәрежеде шарттылық болады. Мұндай қасиеттен очерк жанры да шет емес. Олай болса, зерттеп отырған тақырыптың мән-мағынасын саралап тануға дәс беретін очерк жанрының табиғаты туралы ұғымды орнықтырып алу қажет. Ғылыми әдебиеттердің басым көпшілігінде очеркті әрі көркем әдебиеттің, әрі публицистиканың жанры ретінде тану бел алып жатады.
Көркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде де очерктің төл қасиеті деп, оның дерекшілдігін (документальность, подлинность) атап өткен жөн. Бұл ретте, очерктің белгі- нышандарын жазу мәдениеті орныққан кез-келген тарихи-әлеуметтік ортадан шырамытуға болады. Өйткені, жазу атаулы ой-дерек көрінісі. Ал, ой-дерек болса белгілі бір әлеуметтік ортаның болмысын танытуға негізделеді[1,16]. Олай болса, әлеуметтік өмір көріністерін тәптіштеп таңбалаған Шумердің сына жазуларынан бастап, байырғы түркілердің эпикалық сарынға толы тасқашау жазуларына дейін, ортағасырдағы жылнамашыл жазбалардан бастап, бүгінгі жазбалардағы жаңалықтар тасқынына дейін, баршасынан нақтылы бір әлеуметтік ортаның айғақ-дерегін табуға болады. Бұл тұрғыдан келгенде очерк жанрының бастау тегін (генезис) тым-тым байырғы замандағы жазба жәдігерліктермен сабақтастырып зерттеудің де қисыны бар. Әрине, бұл мәселе өз алдына бөлек арна тартатын ғылыми ізденіс саласы. Оның үстіне, очерк жанрының бүгінгі қалыптасқан болмысы, мағыналық қасиеті және категориялық сипаты өзінің жанрлық табиғатына жауап беретін материалдар төңірегінде ғана ой өрбітуді қажет етеді. Ал, очерк жанрының бүгінгі қалыптасқан болмысы ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы қоғамдық қатынастардың алмасу кезеңімен тұспа-тұс келеді деп айтуға болады. Дәл осы кезде Англияда Р.Стила мен Дж. Аддиссонның сатиралық журналы әлеуметтік-сыни суреттемелер жариялауды дәстүрге айналдыра бастаған. Жалпы очерктік шығармашылықтың бел алуы, әсіресе ұлттық әдебиетте, негізінен, қоғамдық қатынастар өзгеріске түсетін, жаңа өмір салттар орныға бастайтын тарихи өтпелі кезеңдерде айрықша айқын байқалады. Мұның айғағын, алысқа бармай-ақ, ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы орыс қоғамынан (крепостниктік тоқырау кезеңі), ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы кеңестік жүйеден (социалистік құндылықтардың орныға бастаған тұсы) немесе ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Кеңес Одағының тарихи тоқырай бастаған кезеңінен айқын аңғаруға болады. Бұл сияқты тарихи-әлеуметтік күрделі кезеңдердің қай-қайсысында да көркем-публицистикалық сипаттағы очерк жанры қоғам болмысының қыр-сырын қаузай сөз етіп отырғанына көз жеткізу қиын емес. ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде В.Г.Белинский "Повестің төменгі және жеңілдеу түрі болып саналатын, әдебиетте бұрыннан келе жатқан әңгіменің үстіне енді қоғам тұрмысының түрлі жақтарын сипаттайтын физиологиялық очерктер берік орнықты"[2,160] - дейді.
Көркем - публицистикалық жанр ретінде очерк болмысында әдебиеттің көркемдеу құралдары мен публицистикалық элементтердің қатар өріліп, шендесіп жататынын пайымдауға болады. Ал, очерктану - әдебиеттану саласының бір түрі. Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптасуы туралы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Төлеубай Ыдырысов "Очерк туралы ойлар" (1969 ж.)[3], "Очерк және бесжылдық" (1982 ж.)[4], "Шеберлік бастауы" (1974 ж.) [5] т.б. әдеби зерттеулер жазды. Автор жоғарыдағы еңбектерінде очерк пен публицистиканың қазақ баспасөзі мен әдебиетінде қалыптасуына, дамуына, көркемдік жағына, тәрбиелік мәніне жан-жақты тоқталып, тілдік ерекшеліктерін де саралайды.
2. Қалыптасқан әрбір жанрдың өзіндік қасиет, сипаттары болатыны белгілі. Осы жанрлық өзгешеліктер көркем очеркте де бар. Ол қашан да нақтылы құжаттарға, статистикалық мәліметтерге, фактілерге сүйеніп отырады. Көркем очеркте өмір шындығы басқа жанрлардағыдай "ойдан шығарылмай" сол қалпында берілетіндігімен ерекшеленеді. Ақын, жазушы көркем шығармаларында өмір құбылысын, адам образын өмірде көрген қалпында бұлжытпай, еш нәрсе қоспай суреттей алмайды. Ойланып, толғанып шығармашылық фантазиясынан өткізіп, өмір шындығын бір идеяға бағындырып барып жазады. Ал көркем очеркте өмір шындығын мүмкіндігінше сол қалпында беріп, автор фактіден ой түйіп екшеп шығаруға тырысады.
Соғыстан кейінгі жылдардағы көркем очерк табиғи шапшаңдығымен, оралымдылығымен, өмірге тікелей араласатын белсенділігімен көрінді. Сұрапыл соғыс дауылынан шығып, бейбіт өмірдегі жаңа қарым-қатынастар үздіксіз суретке түсіп, жоғары дәрежеге көтерілді.
Соғыстан нығайып, есейіп шыққан ақын-жазышылар көркем очерктің негізгі нысанасы етіп өмір, өмірді алға апарушы адамдар туралы жазды. Ол кездегі көркем очерктердің негізгі тақырыбы еңбек адамдарының қалыптасу процессі, өздерін өмірдің, дүниенің иесі деп таныған идеясы әр саладағы адамдардың образын бейнеледі. Баспасөз беттерінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сол кездегі идеологиялық жұмысқа мәдениет мәселелері, ғылым, бесжылдық жоспарларының орындалу жолындағы істері төл тақырыпқа айналды. Бұл кезеңде көркем очерк едәуір адым жасап, дәстүр тұтуға тұрарлық көркемдік табыстарға қол жеткізді.
Республикалық, облыстық басылымдарда бейбіт өмірдің ардагерлері туралы портрет очерктері жиі көріне бастады. Мысалы, 1946-1950 жылдар аралығында "Әдебиет және искусство" журналында елуге жуық көркем очерктер басылып шыққан.
3. 1950-жылдардың басында очерктерден құрастырылған кітаптар шығарылу жолға қойылды. С. Мұқановтың Саяхаттар, Ғ.Слановтың Бес жылдық өрендері, Ә.Нұршайықовтың Алыстағы ауданда, М.Иманжановтың Азамат мақтанышы кітаптарын атауға болады. Сәбит Мұқановтың Каспийге саяхат, Арқаға саяхат, Алатау төңірегінде, Украинаға саяхат,Ғ.Слановтың Бес жылдық өрендері, Атырау адамдары,Қ.Сыздықовтың Құрметті шахтер, С.Омаровтың Өмір еркесі, Ж.Саинның Бірінші рангалы кен директоры,1950 жылдарда жазылған Иван Шуховтың Солтүстік шұғыласы, Ғ. Мүсіреповтың Кеңес Одағының батыры, Қазыбек Сүлейменовтің Сайрам даласында, Ғали Ормановтың Бір колхоз өмірінің дастаны, 1946 жылы жазылған Ғабиден Мұстафиннің Жезқазған очеркі, Ы.Тныкиннің Темір жол түлектері, Жол күзетіндегілер, Уақыттан озғандар, С.Бегалиннің Диспетчерлер, 1950-інші жылдардың басында дүниеге келген С.Шәймерденовтің Қуаныш, Қ.Жармағамбетовтың Бетпақдала дәптерінен, Ғ.Ормановтың Жолт.б. очерктері бар.
Очеркистер өте қиын кездерде адамды қанаттандыратын, өзгертетін адам ішінде тығылып жатқан рухани күштердің шарықтауын көрсетті. Отан үшін болған соғыс қарапайым, еркіндік сүйгіш қазақ жұмысшыларын күшті, бірегей, айрықша, көрнекті тұлғаға айналдырды. М. Ғабдуллин очеркіндегі Төлеген Тоқтаров, Ғ. Мүсіреповтың Кеңес Одағының батыры очеркіндегі Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіров, С.Бақбергенов очеркіндегі Сағдат Нұрмағамбетовтер осындай жарқын тұлғалар.
Осындай сарындағы очерктерді ақындар Ж. Молдағалиев, С.Сейітов, Ә. Сәрсенбаев, Д. Әбілов т.б. тудырды.
Жазушылар - соғыстың тікелей қатысушылары - құжаттылық, деректерге жүгінушілік, ерлік істерге ерекше мән берушілік сияқты сипатқа толы очерктерді тудырды.
Публицистика мен очерк өздеріне жүктелген міндетті орындап, басқа да әңгіме, повесть, роман сияқты проза жанрларына жол салып берді.

Соғыстан кейінгі кезеңде өздерінің ерен еңбегімен еленген Ыбырай Жақаев, Мұхтар Кітапбаев, Нәйла Базанова, Бәшіп Нұрмағамбетов, Түсіп Күзембаев, Қартабай Атшабаров, тағы басқалар туралы очерктер көптеп жазылып, бейбіт өмір, еңбек әуені мадақталды.
Жұмағали Саинның "Бірінші рангалы кен директоры" очеркінің кейіпкері Түсіп Күзембаев - Қарағандының әйгілі шахтеры, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған танымал азамат. Екі заманның куәсі болған қаһарманды жазушының өмір тарихының кезеңдерін салыстырулар арқылы бере отырып, кешегі мен бүгінгінің айырмашылығын ажыратып берген тұстары ұтымды шыққан.
Қапан Сатыбалдиннің "Кетпенді адам" очеркі де тәуір, қатардағы күрішшіден колхоз председателіне дейін өскен Қашақбай Пірімовтің еңбек, өсу жолдарын сатылап, сабақтастыра баяндаған. Жазушы Қашақбай бейнесін: "Қашақбай топ жарып сөйлеп үйренген шешендердей көсіліп, құлшынып сөйледі. Бұлардың бәрі де күнде көріп жүрген адамдар. Бәрін де таниды. Әркімнің қылығы да, құлқы да оның алақанында. Қашақбай қара томпақ тілімен мақалдай сөйлеп, әркімнің өз қылығын бетіне былш-былш ұрғанда талай бастар төмен тұқырады, талай көздер жерге қарады" [1,109 б], - деп сомдайды. Осы тұстан жан-жақты ұйымдастыру өнерімен танылып, соғыс уақытында тылдағы ауыр еңбек дәмін татқан, талай сәтсіздік, қиыншылықтарды бастан өткізген адам келе-келе барлық жағынан өскен кейіпкер бейнесімен әдемі түйін тапқан.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі көркем очерктердің идеясы кеңес адамдарының ержеткен, өзін-өзі өмір, дүниенің иесі деп таныған қаһармандар ретінде көрсетеді. Қарапайым адамдар өздерінің совхоз, колхоз өндіріс орындарына жауапкерлік, жанашырлық танытып отырған. Қазыбек Сүлейменовтің "Сайрам даласында" атты очерк қаһарманы қарт Шермет әңгімесін, кеңесін "Біз", "Өзімізден" деп сөйлейді. Қарт кешегі мен бүгінгісін, бары мен жоғын салыстыра келе айналасындағы өмірмен тығыз араласып отырады. Шермет қарт жаңа салынып жатқан ауыл үйлеріне өз үлесін қосып, салысып, басы-қасында жүріп, бүкіл ауданның жай-жапсарын біліп, барлық жағдай жақсы болса деген үлкен тілек үстінде көрінеді. Бұл очерктен Сайрам даласындағы әрбір адам өз үйінің маңайынан, өмір ағымынан тыс қалмайды, жаңа өмірді жасауға, үздіксіз өсіп отыруға талпынған ілгері басып келе жатқан ауыл адамдары жан-жақты көрсетіледі. Осы жаңа адамдардың бейнесі соғыстан кейінгі очерктердің көбінен көрініп, дәуір очерктері туған.
Ғали Ормановтың "Бір колхоз өмірінің дастаны" атты очеркінде Ақмола облысындағы "Қызылту" колхозы председателі Әкімжан Назаровтың нақты образы жасалған. Жазушы колхоз председателін аудан орталығында көріп әңгімеге тартады. Назаров автор берген сұрақтарға тек бірге істейтін ауылдастарымен жауап беретінін айтады. Қырман басында, колхоз қонысында, егіншілер арасында, мал ішінде басшымен жазушы еріп жүріп сол колхоздың өміріне қанығады. Колхоз председателі Әкімжан Назаров характерінің өзін-өзі ашуына жағдай жасаған автор бас кейіпкердің өмірге көзқарасы, түсінігін сәтті ашқан. Әңгімеші рөлінде автор болса, баяндаушы - оқиғаларға араласушы қаһарман өз істеріндегі жетістік-кемшіліктерін осы Әкімжан атынан баяндайды.
Ғабиден Мұстафиннің "Жезқазған" очеркі 1946 жылы жазылған, бірнеше бөлімнен тұрады. Жазушы очерктің бірінші бөлімінде ерте кездердегі Жезқазғанға ағылшын Нобель келіп, ақ шатырын құрып, әр жерден бірнеше шахта ашқанын Көшекбай қартты сөйлету арқылы баяндайды. Қылшылдаған жиырма бесінде Көшекбайдың ағылшын алпауыты Нобельдің қарауында өксіген өмір кешкенін, сол өмірдің бір күнін суреттеу арқылы жазады. Қаһарман өмірінің реалдық болмысын былай суреттейді: "- Бауырларым-ау - деп Көшекбай екеуін сүйемелдеп тұрғызды да, қапсыра құшты. Жел өтінде өз үстіндегі қырық жамау шоқпыт шапан әзір құрғақ болса да, панасы аз, бөстегі тоқтышақтың терісі ғана кеудені өкпек желден қорғап тұр. Өзге дене мұздап барады. Сұрапыл өкіре түседі. Көшекбайдың іші жылап сала берді бір кезде" [2,368 б], - деп күнкөріс үшін жанталасқан, аласұрған қазақ жұмысшыларының өлмегеннің күнін көргені барынша әділ сипат тапқан.
Очерктің келесі бөлімдері соғыстан кейінгі Жезқазған өңіріндегі шахталардың жайы туралы. Жазушы өзі шахтаға түсіп, Өмірхан сияқты инженерлер, Зейнолла, Балмұқан сияқты кеншілермен танысып, еңбектегі табыстары жайында сыр шертеді. Жезқазған кенінің сол кездегі тынысы, инженер Әнуар мен Өмірханның алға ұмтылысы, мыс өндірудің жаңа әдістерін меңгеруге талпыныстары, өмір, мәдениеттен де хабардар ғана емес, жақсы таныс екендігі туралы былай дейді: "Өмірхан бүгінше шахтаны басқарады. Үйіндегісінен шахтада болуы көп. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, жұмысшылармен көп сырласатын инженер. Әнуардан мұның өзгешелігі - қазақ көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақ
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Қазақстан баспасөзі
Лирикалық проза
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Қазақстан тарихы библиографиясы
Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
Пәндер