Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. 3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Орындаған: Рысбек Аида
Тексерген: Мурзалимова А. К.
Тобы: Қ - 509
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
- Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.
Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.
Алғаш рет 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т. б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.
Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т. с. с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. медицинада алатын орны үшан-теңіз. Сондықтан әсемдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.
1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген «Невада-Семей» козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында «Ароал-Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңестігін бірлесе пайдалануын тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе - заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде заттектер айналымының жүоуіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияналды әр түрлі экологиялық топтары, продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне арналған тұңғыш кеңес өтті.
ҚР-ң экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1, 5, Түрікменстанда 2, 4, Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара) . Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
-суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен басқару, дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының негізгі міндеттері болып саналады. Соңғы жылдары қабылданған бағдарламалар, тың тұжырымдар мен заңдық құқықтық актілер - міне, осының айғағы. Осы жағдайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) табиғатты қорғау, сақтау саласының басым бөлігі ретінде қарастырып, оны тұтастай дамыту міндетін орындау тек табиғат қорғау мамандарының ғана емес, қоғамда өмір сүретін әрбір адамдардың міндеті әрі мемлекеттің әлеуметтік - экологиялық - экономикалық болашағын айқындайтын негізгі, нақты факторларының бірі.
Соңғы жылдары табиғат өңдеуші салалардың табиғат кешендеріне көлемді ықпал етуі табиғаттың қайта қалпына келу үдерісін нашарлатуда. Сондықтан болар, ғылым мен техника қарыштап, кеңінен дамыған заманда табиғи тепе - теңдікті, биоалуандылықты сақтау, ауа, су, жер ресурстарын қорғау, т. с. с. табиғатпен тікелей байланысты мәселелер өзекті болуда. Мұндай мәселені түбегейлі шешудің бір жолы - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру болып табылады.
ХХ ғасырдың аяғында табиғи ортаға теріс ықпалдардың артуына байланысты, мамандар биосфераны тұрақтандырудың негізгі факторы болып саналатын Жер бетіндегі тірі әлемді толығымен сақтауға назар аудара бастады. Оны сақтау үшін, ЕҚТА - дың тұжырымдамасы немесе «ЭКОНЕТ - экологиялық тораптар жобасы» жасалды, онда қоршаған ортаның жағдайын тұрақтандыру үшін, экологиялық қауымдастықты сақтау көзделінді. Экологиялық тораптарды қалыптастыру және сақтау арнайы нормативтік - құқықтық және т. б шараларды талап етеді. Дегенмен экологиялық тораптарды қалыптастыруда:
- Қорғалатын аумақтар елдің аз бөлігінде ғана орналасқан;
- Экономикалық жағдайлардың күрделенуімен байланысты табиғат қорғау заңдарының толық орындалмауы;
- Табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
- ЕҚТА жүйесін басқарудағы ведомства аралық мәселелер тұр.
Табиғи қауымдастықтың қайта қалпына келу қабілеттілігі қоғамның тұрақты дамуы мен жаңартылған табиғи ресурастарды тұрақты пайдалануға мүмкіндік береді.
Экологиялық тораптардың параметрлерін анықтауда тек қана әдістер мен тәсілдерді ғана емес, аймақтың физикалық - географиялық ерекшеліктері мен оның табиғатына антропогенді әсерлер алдын ала ескеріледі. Яғни, экологиялық тораптарды ұйымдастыруда аумақты аудандастыру мәселесі алға тартылады. Орыстың табиғаттанушы ғалымы Н. С. Соболев биологиялық аудандастырудың мүмкін кестесін жасаған болатын.
Шетелдік тәжірибелерде ЕҚТА - ға қажетті жер бөліктерін таңдаудың:
- Суды, топырақ қабатын және басқа да табиғи ресурстарды қорғауға қажетті Жерлерді таңдау;
- Тірі - генетикалық ресурстардың қысқаруына байланысты әртүрлі қаумалдар мен резерваттарды ұйымдастыру мүмкіндігі;
- Жабайы табиғаттың эстетикалық бағалылығы мен оны өз қалпында сақтауға қажетті жерлер сияқты негізгі үш әдісі бар.
Міне, осындай пікірлер шетелдерде рекрециялық қызметпен айналысатын кәсіпорындардың ерекше табыс көзі болып табылатын ұлттық парктер мен оған ұқсас аумақтарды ұйымдастыруына алып келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz