Тері шикізатын өндіру туралы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Тері шикізатын өндіру

Орындаған: Абытайова Н

Тексерген: Татенов А. Б.

Топ: ТЖ - 305

Семей қаласы

2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Былғары шикізатын өндіру

2. 2 Былғары шикізатының негізгі ақаулары

2. 3 Терілерді сақтау

III. Қорытынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тері -жануардың денесінің сыртқы қабығы, ол оның организмін сыртқы әсерлерден және қоршаған ортаның әртүрлі ықпалынан қорғаудан қызмет етеді, сонымен қатар ол жылу мен зат алмасу реттеуіне де қатысады. Түк жабыны, эпидермис, дерма және терінін астындағы май ұлпасы мен клечаткасы терінің құрылысын құрайды. Былғары шикізаты -малдан алынатын бағалы өнімдердің бірі. Былғары шикізатының негізгі түрлеріне ірі қара малдың, жылқынын, шошқаның, қойдың, ешкінің, солтүстік бұғысының, буйволдың, қодастың, туйенің, есектің, қашырдың терілері және жабайы жануарлардың -бұланның, еліктін, ақбөкеннің т. б. терілері жатады.

Былғары щикізаты жануарлардың түріне және терілердің салмағына байланысты ұсақ, ірі және шошқа шикізаты болып бөлінеді. Ұсақ былғары шикізатына жататына: қой терісі, ешкі терісі, бұзау терілері, жылбысқы (тумаған немесе өлі туған бұзау терлері) ; бұзау былғарысы (түлемеген алғашқы жүні бар бұзау терілері), өскін тері (бұзаулардың түлеген жүні бар терілер) ; құлын терілері: жылбысқы (тумаған немесе өлі туған құлын терілері), жас құлын терісі (желін еметін және жүріп жайылуға жараған құлындардың терілері) ; жылқы төлінің салмағы 5кг-нан 10 кг-ға дейінгі терілері.

Шаруашылықтардың алыс жайылымдарында, қыстауларыңда әдетте теріні құрғақ тұздау тәсілі қолданылады. Теріні тұз сеуіп көлеңкеде 2-3 тәулік кептіреді. Бұған қоса теріні тұздамай арнаулы көлеңкелі жерде, жел өтіне ұстап кептіруге де болады. Бірақ мұндай терілердің сапасы әрине нашарлап кетеді.

Былғары шикізатының негізгі ақаулары.

Терілердің былғары ұлпасы мен жүн жамылғысының беріктігін төмендететін түрлі зақымданулар, сондай-ақ тері шикізатының пайлалы алаңының жоғалуы ақаулар деп аталады.

Ақаулар: тері кездегі ақаулар (малдың тірі кезінде пайда болған) және терінің сыпыру, алғашқы өңдеу, тасымалдау, сақтау кезінде пайда болған ақаулар болып бөлінеді.

а) Тірі кездегі негізгі ақаулар.

Құрт жеген тықыр (ашық) тесіктер тері асты кесірік бөгелегінің личинкалары тері тесу нәтижесінде пайда болған ашық тесіктер.

Мүйізгек (сызат) малдың тері ұлпасының мүйізбен немесе басқа да заттармен соғудан пайда болған жырықтар.

Қотыр- жамылғысы жағынан қабыршақ және іріңді қабық жапқан бөлігі.

Арам өлген малдың терісі - қан тамырларыңда ұйыған қан айқын көрініп тұратын, шелі қызыл күрең түсті болып келетін өлген малдың терісі.

Тавро - малдың терісіне күйдіріп басылған таңба.

Садыра - жүнге жабысып, қатып қалған малдың садырасы.

Ошағанмен былғану - жүннің бетінде немесе ішінде оратылған ошаған бастарының (тұқымдарының) болуы.

Жүннің жұлынуы- қой терісінің кейбір жерлеріңдегі жүннің қырқылып қалуы.

Қаптар - шошқа теріларінің сырт жағында едәуір қаптардың пайда болуы.

Құрт жеген жүнді тесіктер - бұрын құрт жеген жерлердегі бітпеген тесіктер.

Сыздауық - малдардың тері жамылғысының жазылмастай зақымдануы, бұл жарақаттардан немесе түрлі тері ауруларынан пайда болады.

Қалың қатпарлық - мойын бөлігіндегі (кейде мойыннан төмендеу) қалың қатпарлар, бұлар мойындағы тері асты дәнекер ұлпалардың шамадан тыс өсуі және мойынның қысқалығынан пайда болады.

Шала тері- көтерем қойлар мен ешкілердің болбыр, жүні түсіп жатқан терілері.

Тесілу - ешкі мен қой терілерінің шөп тікендерімен тесілуі. Далалы аудандарда өскен малдардан алынған терілерге тән.

Арықтаулық және арықтық - малдың аздап немесе қатты азуы салдарынан терінің әлсіруі.

Жүннің жіңішкеруі - биязы, жартылай биязы және жартылай қышқыл жүнді қой терілеріндегі жүн талшықтарының жіңішкеруі. Талшықтардың жіңішкеруі бүкіл жүн биіктігінде байқалады.

б) Терілердің сыпыру, алғашқы өңдеу, тасымалдау және сақтау кезінде жіберілетін қателіктерден болатын негізгі ақаулар:

Шелді кесіп алу- шел жағының қалыңдығы 1/3 - нен астам кесілуі.

Тесіктер - терілерді сыпыру, сыдыру ережелерінің бұзылуынан, немесе басқа да себептерден пайда болатын тесіктер.

Кесіктер - тері шелінің қалыңдығы 1/3 ден астам кесілуі.

Іру - уақытында тұздалмаудан, дұрыс қақталмаудан болатын терінің шіруі. Құрғақ тұздалған терілерде шелдің жасыл - сары немесе сұрғылт- қошқыл, қара-қошқыл дақтардың пайда болуы, иістенуі.

Тақыр- қой терілерінің әр жерлерінде жүннің болмауы (тақырланған жері) .

Жұмарланған терілер - жазылмаған күйінде кептірілген немесе жұмарланып тоңазытылған терілер. Жұмарланған құрғақ терілердің қатпарларыңда ылғал қалып, іріп - шіруіне қолайлы жағдай жасайды.

Күйе жеген - құрғақ, кейде құрғақ тұздалған терілердің жегіш құрттардан немесе олардың личинкаларынан зақымдануы.

Ысталған терілер - түтінге ысталып кептірілген терілер, қатты кепкеннен "даңғырлайды" ішке қарай бүктелген кезде шел жағында жарықшықтар пайда болады.

Қаудырлақтық - аязда, желге ұстау кезінде бүкіл бетіне немесе жекелеген жерлерінде тері ылғалының шектен тыс азаюы. Ақ дақтардың немесе күңгірт шөлдің болуы, содай-ақ терінің босаңсуы.

Қабыршықтану - терінің жылыту құралына жақын жерде кептіру кезінде немесе тікелей күн сәулесі астында кептіруден пайда болады. Тері морт сынғыш келеді, суланбайды және иленбейді.

Сынба - құрғақ немесе тоңазытылған терілердің сақтау кезінде сынуы.

Тұрмыстық терілер - тұрмыста қолдануда болған, жүні селдіреп, жығылған, шелі түрлі дәрежеде үйкелген терілер.

Өңін жою - дер кезінде тұздамаудан терінің кейбір жерлерінің бұзылуы.

"Өлідей қырқылған қой" - мал өлгеннен кейін жүннің қырқу кезінде пайда болған терінің беткі жағының зақымдануы.

Тұзды дақтар- шағын (5мм -ге дейін), теріге терең енген, ақшыл -қоңырдың қара -қоңыр түске дейінгі дақтар, сақтау кезінде пайда болады.

Тоттанған дақ - шикізаттың темір заттармен жанасуы кезінде пайда болған теріге терең бойлай енген жирен-қызыл, қара-қоңыр дақтар.

Сақтау.

Теріні сақтау орынына жел көзі және күн сәулесі түспеуі тиіс ал шатыры жылылықты өткізбеуі керек. Құрғақ және дымқыл тұздау әдістермен өңделген шикізаттар бөлек орындарда сақталынады.

Құрғақ шикізат сақталған бөлмеде, таңазытқыш қондырғысы арқылы ауа температурасы 0 мен +10 0 С аралығында және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 55-65% жағдайында болу керек, ал тоңазытқыш қондырғысыз сақтау кезінде ауа температурасы +10 0 С төмен емес және 30 0 С жоғары болмау тиіс, осы кезде шикізаттын ылғалдылығы 15-20% сақталынады.

Дымқыл тұздалған былғары шикізаты сақталған бөлмеде тоңазытқыш қондырғысы арқылы ауа температурасы 0 мен +5 0 С аралығында, ал қондырғысыз сақталғанда +5 0 С төмен емес және +20 0 С жоғары емес, және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70-80% жағдайында болу керек.

Қорытынды

Тері өте қымбат зат. Елімізде 6 миллион ірі қара, 16 миллион ұсақ мал бар. Жылына кем дегенде, 5 миллион ұсақ мал, миллионға жуық ірі қара сойылады.

Мал шикізаты - өнеркәсіпте өңделетін мал өнімдері. Мал шикізатына жүн, шикі тері мен қозы елтірісі, қаракөл елтірі, мүйізі, тұяғы, т. б. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тері шикізатын өндіру туралы ақпарат
Сүт шикізатынан сүт майын бөлу
Тері шикізатын өндіру жайлы
Тері шикізатын өндіру
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Микроорганиздердің әсерінен тері және жүн өнімдерінің биозақымдануын зерттеу
Үлбір шикі заттарын консервілеу әдістері. Құрғақ кептіру (тұзсыз) әдісі
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
XX ғ. Басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, Ерекшелігі және сипаты
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz