Стандарттаудың заңнамалық базасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық базасы
Тексерген: Рахимова Ш. М.
Орындаған: Абдрахманова А.
Тобы: ОП-215
CЕМЕЙ - 2015
Мазмұны:
Кіріспе
- Мемлекеттік (Ұлттық) стандарттау жүйесі
- Өнімді пайдалану кезеңінде оның сапасын қамтамасыз ететін стандарттар.
- Стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттар жәнеоларға қойылатын талаптар
Қорытынды
Кіріспе
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж. б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
- Мемлекеттік (Ұлттық) стандарттау жүйесі
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңында стандарттаудың негізгі ережелері қарастырылған. Бұл заң 8 тараудан, 47 баптан тұрады. Заңның 1-бабында осы салада пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер келтірілген, мысалы төмендегідей:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;
3) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
5) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;
6) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;
7) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары, т. с.
Заңда осындай 54 ұғым мен термин пайдаланылады, оларға оқулықтың мазмұнында қажетті тақырыптарда толығырақ қарастырылып отыралады.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізі
ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде құрылған «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерден құралады. Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» Заң 2004 жылы 9-қарашада қабылданды.
«Техникалық реттеу туралы» Заңы техникалық реттеу облысындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылау және өнімдерге, қызмет көрсетуге, өнімнің өмірлік циклының процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтау, белгілеу, қолдану және орындау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.
Өнімдер, көрсетілетін қызметтер, процестер техникалық реттеудің объектілері болып табылады.
Өнім, процесс және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттаудың ролі өте зор.
Егер «Техникалық реттеу туралы» Заңның ережелерінен басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық келісім-шарттың ережелері қолданылады.
2. Өнімді пайдалану кезеңінде оның сапасын қамтамасыз ететін стандарттар.
Бұл топқа пайдалану құжаттарының (ПҚ) стандарттары кіреді - пайдалану туралы нұсқаулар, төлқұжаттар, заттаңбалар. Тұтынушыларға олар тауармен бірге жіберілетін құжаттар ретінде белгілі. Негізгі стандарт болып ГОСТ 2. 601 «ЕСКД. пайдалану құжаттары» саналады. Мұнда күрделі техниканың ПҚ құрылымы және мазмұнына қойылатын талаптар анықталады. Стандарт жасаушыларды ПҚ «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар» бөлімін айрықша көрсетуді міндеттейді, ал бөлімнің өзінде пайдаланудың жеке ережелерін орындау үшін «Тыйым салынады», «Есте сақтаңыз!» деген сияқты сақтандыратын нұсқаулармен пайдаланушылардың назарын аударады.
ПҚ неғұрлым білікті құрастырылса, тұтынушы тауар сапасын басқаруға солғұрлым тиімді кіріседі. Пайдалану кезінде тұрмыстық техниканың 20% уақытынан бұрын сынуы мүмкін, бұл пайдалану ережелерін бұзумен байланысты екені анық.
Сапа жүйесінің стандарттары.
Сапа жүйесіне қойылатын талаптар алғашқы рет 1987 жылы төрт стандартта: ИСО сериясы 9000, ИСО сериясы 9000-9004 белгіленді. Оларға өзгерістер 1994 жылы енгізілді, содан соң стандарттардың екінші нұсқасы пайда болды.
ИСО 9001-9003 стандарттарында сапа жүйесінің үлгілеріне қойылатын талаптар көрсетілген. ИСО 9000 сериясы өзіндік «жол көрсеткіш» болып табылады, сапа жүйесінің үлгісін таңдау бойынша жетекші нұсқаулары бар. ИСО 9004 сапа жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар бар. ИСО 9001-9003 стандарттары серияның түйіні болып табылады. Біздің елімізде олар «мұқаба әдісі» ретінде қабылданған.
- Стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттар жәнеоларға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттау жүйесiнде қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары - ҚР СТ (бұдан әрi - мемлекеттiк стандарттар) ;
2) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерi - ТЭА МЖ (бұдан әрi - мемлекеттiк техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi) ;
3) мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ (бұдан әрi - мемлекетаралық стандарттар), техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi, ережелер мен ұсынымдар;
4) белгiленген тәртiппен қолданылатын стандарттау жөнiндегi халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi, техникалық шарттар, ережелер, нұсқаулықтар, қағидалар, нұсқаулар, әдiстемелiк нұсқаулар мен ұсынымдар;
5) ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң стандарттары;
6) ұсынымдар;
7) фирмалық стандарттар;
8) техникалық шарттар;
9) салалық стандарттар.
2. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар белгiлейтiн талаптар ғылымның, техника мен технологияның жетiстiктерiне негiзделуге тиiс және өнiмдi пайдаланудың, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулердi орындаудың шарттарын, еңбек жағдайлары мен режимдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылып жүрген техникалық регламенттерге, халықаралық және шет елдердiң аймақтық және ұлттық стандарттарының талаптарына, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарға қайшы келмеуге тиiс.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу кезiнде олар адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау талаптарына және Қазақстан Республикасында қабылданған техникалық нормаларға сәйкес келмейтiн жағдайларды қоспағанда, қолданылып жүрген халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар немесе аяқталу сатысындағы олардың жобалары қолданылады.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат жобасын әзiрлеу кезеңiнде халықаралық стандарттар болмаған немесе әзiрленетiн мемлекеттiк стандарт халықаралық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда оған бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнаулы басылымдарында мүдделi мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың талқылауы және ескертпелер мен ұсыныстар әзiрлеу үшiн аңдатпалар немесе хабарламалар жарияланады. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың жобаларын қарау тәртiбiн және ескертпелер мен ұсыныстар дайындау мерзiмiн мемлекеттiк стандарттау жүйесi белгілейдi.
3. Мiндеттi сертификатталуға тиiстi өнiмге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге арналған стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда мiндеттi сертификаттау жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестiктi бақылау әдiстерi, өнiмдi таңбалау мен буып-түю тәртiбi, сертификаттау туралы ақпарат болуы тиiс.
4. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар өндiрiсте және басқа мемлекеттермен саудада техникалық кедергi болмауға тиiс:
Өнiмнiң нақты топтары мен түрлерiнiң мақсатты арналымы мен техникалық сыйысымдылығының көрсеткiштерi өнiмдi әзiрлеу мен оны өндiрiске қою кезiнде, егер оларды беруге арналған шартта (келiсiм-шартта) өзгеше көзделмесе, республиканың аумағында қабылданған нормалар мен талаптарға сәйкестiкте белгiленедi.
5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) -9) тармақшаларында көрсетiлген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар, оларға өзгерiстер, сондай-ақ олардың күшiн жою туралы шешiмдер бекiтiлуге және тiркелуге жатады.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды тiркеудiң, егер олардың нормалары мен талаптары республиканың аумағында қолданылмайтын болса, сондай-ақ халықаралық сауда ережелерi өзгерген кезде, белгiленген тәртiппен күшi жойылады.
6. Мемлекеттiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың жiктегiштерi, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының өздерiнiң құзыретiне сәйкес бекiткен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары авторлық құқық объектiсi болып табылмайды.
7. Стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық нормативтiк құжаттар Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық Кеңес белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және қабылданады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz