Әлемдегі ең бай адам


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СРО
Тақырыбы: Әлемдегі ең бай адам
Орындаған: Байгазакова Б
Тобы: ТО-411
Тексерген: Есенбекова З. Ж
Семей 2015ж
Әлемдегі ең бай адам
Билл Гейтс
Жоспар :
- БИЛЛ ГЕЙТС- Мicrosoft компаниясының құрушысы.
- Билл Гейтстің өмірбаяны, табысқа жету жолы.
- Мicrosoft - өмірлік маңызды іс.
- Билл Гейтстің жеткен жетістіктері.
- Билл Гейтстің 11 ережесі.
Билл Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директор- лар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді.
Гейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) - Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президенті. Онымен бірге «Майкрософт» туған еді. Әлемдегі ең бай адам, Билл Гейтстің жеке байлығын есептеудің мағынасы жоқ. Ең биік шыңында ол 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, қайта жасады. Мемлекет «Майкрософтпен» сотта- сады, президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны - оның кенже баласы - қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40, 7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады. Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мектепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді.
Өмір бойы Гейтс өз тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата- анасы болды. Биллдің анасы - Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Түскі ас кезінде ол Биллді асқа шақырды. Ол жауап бер- меді. Соңында шыдамаған ол интерком арқылы сұрады:
- Неге жауап бермейсің? Не істеп жатсың?
- Мен ойланып жатырмын, - деп жауап берді ұлы.
- Демек сен ойланып жатсың ғой? - деп ызаланды анасы.
- Иә, мамашым, мен ойланып жатырмын. Ал сен өміріңде ойланып көрдің бе? - Ұлы жанжалға дайын тұр еді. Гейтс бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын еді.
Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатр көмегіне жүгінді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр былай деді:
«Ұлдарыңмен айқастан сіздер жеңілесіздер. Сондықтан мен оған жол табуға кеңес беремін. Тіпті физикалық жазалаудың өзі көмектеспейді. Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз». Гейтстің ата-анасы саналы адамдар болатын еді. Олар кеңеске құлақ түрді. «Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз» . . . Жылдар өтті, америкалық бизнестің көптеген алыптары өз тәжірибесінде «онымен бәсекелесудің» не екенін біл ді. Екі онжылдық аралығында Вильям Генри Гейтс III көптеген бәсекелестерді шаң қаптырды. Бірақ ең бастысы - әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды.
Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сы- ныбы үшін бағдарламасын жасады.
Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды арман- даушы едік, - деп есіне алады Гейтс. - Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, - деді Гейтс, - бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын».
Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді. Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен журнал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Таны- мал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі - MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, олар- да Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды - достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды.
«Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» - деп айқайлап жіберді Гейтс.
Мicrosoft - өмірлік маңызды іс. Биллдың ескі досы Пол Аллен оны жеке бағдарламалық қамсыздандыру фирмасын ашуға көндірмек болды, бірақ ол оқуын тастауға жүрексінді. Гейтстің досы Пол Аллен Бостондағы «Ханивел» жұмысын алды. Билл екеуі бағдарламаны жасауды түнгі сергектікпен жалғастырды. «Майкрософттың» пайда болуы туралы аңыз: Аллен 1974 жылы желтоқсанда, Гарвардтағы Гейтске бару үшін газет сататын киоскіге журнал сатып алу үшін тоқтайды. Сол журнал оның және Гейтс өмірін күрт өзгертті. «Танымал электроника» журналында Altair-8080 фотографиясы әдемі безендірілген, ал астында ірі қаріппен: «Коммерциялық модельдермен жарысуға қабілетті әлемдегі тұңғыш микрокомпьютер» деп жазылған. Аллен журналдың осы номерімен Гейтс жатақханасына бет алды. Достар өздеріне мүмкіндік беріліп тұрғанын түсінді. Үй компьютерлерінің нарығы көз алдында құрылып жатты, және болашақ жарылыс қарсаңында осы үй машиналарына шұғыл түрде бағдарламалық қамсыздандыру керек болды. Гейтс үлкен батылдықпен осы компьютерді құрушы компанияға BASIC бағдарламалаудың жаңа тілін ұсынды. MITS-ті бұл ұсыныс қызықтырды және Гейтс пен Алленге бағдарламалық код жасап, оны басқа компьютерлерде тексеріп, қарқынды түрде жұмыс істеуге тура келді. Бір жарым ай өткен соң бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ға апарды, Altair жақын танысты. Барлық заң бойынша бұл сәтсіздікпен аяқталуы тиіс еді. Бірақ бір керемет болды - достардың бағдарламасы жұмыс істеді! Компьютер бағдарламаны өзінікі секілді қабылдады және MITS оның құқығын сатып алғысы келді. Келісім- шартқа қол қойды. Бұл нұсқа менеджерлерге ұнады, оларға программалау тілін жазумен жұмыс істеуге ұсынды. Дәл сол күні, Гейтстің айтуы бойынша, «софта» нарығы пайда болды. Достар Нью-Мехикоға аттанды, сол жерден 1975 жылдан бастап Microsoft тарихы басталды (олар сызықшаны алып тастады) . Достар дербес компьютерлердің болашағы үлкен екеніне сенімді еді. Сондықтан Microsoft компаниясын ұйымдастыру және дербес компьютерлер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмысына Билл Гейтстің шын берілгені сонша Гарвард университетіндегі оқуын өкінішсіз тастап кетеді. Кәсіпорын қызметкерлердің жанқиярлық еңбектеріне қарамастан басында өз өнімдерін таратуда белгілі бір қиыншылықтарды бастан кешті. Фирма өнімдерді өткізу жөніндегі жақсы менеджердің жұмысына төлейтін қаражаты жеткілікті болмағандықтан, Билл Гейтстің анасы осы қызметті орындады. Дербес компьютердің әрбір жұмыс орнында және әрбір үйде тұруына шынайы сенген олар дербес компьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей бастады. Билл Гейтстің көрегенділігінің арқасында дербес компьютерлерді дамытуы Microsoft және тұтастай алғанда бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясы табысының өзекті факторына айналдMicrosoft алғашқы бес тапсырысшысы банкротқа ұшырады, бірақ олар артқа кейін шегінген жоқ, 1979 жылы Сиэтлге қайтып келді. «Жақсы менеджердің маңызды сипаты - басын құмға тықпай, кез-келген жағымсыз жаңалықты қабылдай алу батылдығы. Нағыз менеджер алдымен ненің жаман екенін, содан кейін барып қана ненің жақсы екенін анықтап алады» - бұл қағида сол кездері-ақ Билл Гейтстің бизнеске деген көзқарасын көрсетті.
Гейтс 2008 жылдың маусым айының соңынан бастап Microsoft белсенді басқаруды доғарды. Ол өзінің өкілеттігін бас директор Стив Балмерге тапсырды, сондай-ақ Крейг Манди және Рэя Оззидің жауапкершілік аймағын параллель кеңейтті. Осы «үштік» компания курсын анықтайды. Осыған қарамастан, Билл Гейтс компаниядан мүлдем қол үзіп кеткен жоқ. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып қалды (бірақ орындаушылық өкілеттігінсіз), сондай-ақ корпорация акцияларының үлкен үлескері болып қалуда (Microsoft акцияларының 8, 7 %) .
Билл Гейтс Microsoft өкілеттігін қосып, «bgC3» үшінші компания құрды, Bill Gates Company Three (Билл Гейтстің үшінші компаниясы) . bgC3 тіркеу туралы куәлікте «зерттеушілік (ғылыми) орталық» деп тұрақтанады. bgC3 коммерциялық компания емес, ол венчурлық инвестициялармен айналыспайды. Нормативтік құжаттарға сәйкес bgC ғылыми және технологиялық қызметтерді ұсынумен айналысады, аналитика және зерттеу аймағында жұмыс істейді, сондай-ақ бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлейді.
Microsoft корпорациясы Гейтстің кетуіне қарамастан жаңа өнімдерді әзірлеуді жалғастыруда. Мысалы, 2009 жылы 22 қазанда Windows 7 ОЖ сатылымға түсті, Windows Vista орнын басушылық болып табылады, бірақ бұл ретте функциялық мүмкіндіктерге ие. 2011 жылдың наурыз айындағы деректер бойынша әлемдегі Windows 7 операциялық жүйенің сатылымдағы саны 300 млн данаға жеткен!!! 2012 жылдың қазанында Билл Гейтс берген бейне-сұхбатында жаңа Windows 8 операциялық жүйесін көпшілікке таныстырды. Ол энтузиазммен бұл өнімнің жаңа мүмкіндіктері мен Microsoft-тың Windows 8-ге қандай үміт артатыны жайлы айтып берді. «Бұл - өте маңызды өнім. Ол Windows-ты сезімтал экрандар мен қуаты аз құрылғылар әлеміне: планшеттер мен смартфондар әлеміне енгізеді», - дейді Билл Гейтс. - Компанияның жаңа өнімі ПК әлеміне кірудің әртүрлі тәсілдерін біріктіреді».
Гарвардты жеке бизнесінің дамуы үшін тастап кеткен Билл Гейтстің мансап жолы америкалық арманның жүзеге асуы болды. Оған миллиондаған адамдар қызығып қарайды -Deep Blue Insight Group-тың жүргізген сауалнамасына сенсек, америкалықтардың жартысынан көбі Microsoft басшысының орынында болғылары келеді екен. Таңқаларлық түгі жоқ: Билл Гейтс Forbes журналындағы әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне 1986 жылы енген, және жыл сайын сол тізімде жоғарыға қарай көтеріле берді. Microsoft-тағы мансап жолында ол бас атқарушы директор мен бас бағдарламалық архитекторының қызметін атқарған. Microsoft белгісі Билл Гейтспен өте тығыз байланысты болғандықтан, корпорацияны онсыз елестету мүмкін емес. 1975 ж. негізі қаланған бері Гейтс оның бөлінбес бөлшегіне, сөзсіз басшысы және ең беделді қызметкеріне айналды. Оның көпшілікке ессіз көрінетін жаңа ойларды ойлап тауып және жүзеге асыратын қабілеті басқалардан ерекшеледі. Оның афоризмдерінің бірінде былай делінген: «Егер сіздің ойларыңыздың біріне де ешкім күлмеген болса, онда сіз жұмысқа шығармашылық тұрғыдан сәйкесінше қарамайсыз деген сөз».
Дегенмен, Билл Гейтс дарыны жеке компьютерлерге арналған жаңа өнімдерді әзірлеуде ғана емес, сонымен қатар, басқарушылық және стратег дарынында да байқалады .
Билл Гейтстің 11 ережесі.
1. Өмір әділетсіз - үйреніңдер.
2. Қоғам Сіздің ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫҢЫЗДЫ қажет етпейді.
Сізден тек қана ЖЕТІСТІКТЕР күтеді.
3. Сіз мектеп бітірген соң жылына 60 000$ ақша таба алмайсыз.
Сіз жеке жүргізушісі бар вице-президент бола алмайсыз, әзірше соған лайықты тер төгіп, жұмыс істегенше.
4. Егер сіз оқытушы сізге қатал қарайды деп ойласаңыз, бұл - әлі бастамасы. Шыдай тұрыңыз, сіздің әлі бастығыңыз болады.
5. Гамбургерді қуыру - сізге лайық емес ? Сіздің аталарыңыз бен
әжелеріңіз басқаша ойлады. Олар үшін гамбургерді қуыру күн көруге тырмысу болып саналған.
6. Егер сіздің қолыңыздан ештеңе келмесе, оған сіздің ата-анаңыздың
кінәсі жоқ, сондықтан қыңқылдаудың қажеті жоқ. Өз қателіктеріңізден САБАҚ АЛЫҢЫЗ, ҮЙРЕНІҢІЗ. Сәтсіздіктерге деген көзқарастарыңды өзгертіңдер.
7. Ата-аналарыңыз қазір сіздер ойлағандай өмірде жабырқаңқы
болған жоқ. Сіздерге қамқорлық танытып, бәйек болуы олардың осындай болуына әсер еткен шығар. Олар сіздерді тамақтандырды, киіндірді, сіздердің тамаша балалар екендіктеріңізді айтып отырады. Сондықтан ата-ана тарапына кінә артқаннан гөрі өздеріңізден бастаңыздар.
8. Сіздің мектебіңізде жолы болмаған адамды бейшара деп ашық
айту дұрыс емес шығар, мүмкін сіздің мектебіңізде жолы болмағандар мүлдем жоқ шығар, бірақ өмірде ондайлар көп. Кейбір мектептерде келесі жылға қалу мүмкін емес, себебі сізге емтихандарды ҚАНШАМА РЕТ ТАПСЫРУ керек, бұл келесі сыныпқа өту үшін қажет. Өмірде МҮЛДЕМ БАСҚАША.
9. Теледидарда НАҒЫЗ ШЫНАЙЫ өмірді көрсетпейді. Шынайы өмірде кафеде күні бойы достармен отырып әңгіме соғу деген болмайды.
10. «Ботаниктермен» сыпайы болыңыз. Олардың біреуі кейін мектеп бітірген соң босс, яғни сіздің бастығыңыз болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz