Сөздің анықтамасы



1.Сөздің анықтамасы;
2.Сөз мағынасының өзгеру себептері;
3.Көп мағыналылық. Омонимдер;
4.Синонимдер. Антонимдер.
Сөз – лексикалық бірлік. Кез келген тілде оның маңызы ерекше. «Тіл – қатынас құралы» дейтін болсақ, бұл жерде құралдың мағынасы сөзге келіп саяды. Яғни адамдар бір-бірімен қатынас жасау үшін, ең алдымен, сөзге сүйенеді. Себебі біз өзімізді қоршаған кез келген зат, құбылыстың суретін сөз арқылы саламыз. Сөз дегеніміз – ойымызды сыртқа білдіру тәсілдері құралдарының бірі.
Тілдегі ең кішкене мағыналық бөшек – сөз. Сондықтан сөз белгілі бір ұғымды білдіреді, яғни белгілі бір нақты заттыңатын немесе сынның, сапаның нақты белгісін, нақты санды, әр түрлі нақты әрекет-құбылысты, қимылды т.б. білдіреді [1; 14-15б.]. Сөз дыбыстық құрылымнан жасалып, зат, құбылыс, іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті, қоғамдық деңгейде қалыптасып, қауым таныған ұғымды білдіреді. Кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі бір жүйеде келуі арқылы жасалады [2; 64-65 б.].
1. Сарекенова Қ.Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы: оқулық. Екінші басылым. – Алматы: Эверо, 2014. – 168 б.
2. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы,2006. – 264 б.
3. Сарбасова Қ. Б. Қазіргі қазақ тілі (лексикология мен фразеология). – Алматы, 2012. – 200 б.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976. – 115 б.
5. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы, 1970. – 120 б.
6. Арнольд И. В. Лексикология современного английского языка. – Москва, 1959.
7. Аханов Қ. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2002. – 664 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1.Сөздің анықтамасы; 2.Сөз мағынасының өзгеру себептері; 3.Көп мағыналылық. Омонимдер; 4.Синонимдер. Антонимдер.

Орындаған: Қыдырханов Е. А.
Тексерген: Калиева С. Е.
Тобы: Фи-403

Семей 2014ж.
Жоспары:
1.Сөздің анықтамасы;
2.Сөз мағынасының өзгеру себептері;
3.Көп мағыналылық. Омонимдер;
4.Синонимдер. Антонимдер.
Сөздің анықтамасы
Сөз - лексикалық бірлік. Кез келген тілде оның маңызы ерекше. Тіл - қатынас құралы дейтін болсақ, бұл жерде құралдың мағынасы сөзге келіп саяды. Яғни адамдар бір-бірімен қатынас жасау үшін, ең алдымен, сөзге сүйенеді. Себебі біз өзімізді қоршаған кез келген зат, құбылыстың суретін сөз арқылы саламыз. Сөз дегеніміз - ойымызды сыртқа білдіру тәсілдері құралдарының бірі.
Тілдегі ең кішкене мағыналық бөшек - сөз. Сондықтан сөз белгілі бір ұғымды білдіреді, яғни белгілі бір нақты заттыңатын немесе сынның, сапаның нақты белгісін, нақты санды, әр түрлі нақты әрекет-құбылысты, қимылды т.б. білдіреді [1; 14-15б.]. Сөз дыбыстық құрылымнан жасалып, зат, құбылыс, іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті, қоғамдық деңгейде қалыптасып, қауым таныған ұғымды білдіреді. Кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі бір жүйеде келуі арқылы жасалады [2; 64-65 б.].
Сөз мағынасының өзгеру себептері
Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынана ие болуының 2 себебі бар: 1. Сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері; 2. Тілдік немесе лингвистикалық себептер. Бұл себептердің біріншісі екіншісіне қарағанда көбірек зерттелген.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына әсер етпей қалмайды. Мысалы жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен, 1) идея, бағыт, 2. тәсіл тәрізді абстракты, қосымша мағыналарға ие болған.
Сөздің қолданылу аясының өзгеруі, мысал, бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең саладан тар немесе арнаулы бір салаға, мысалы, жалпы халықтық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса, оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір ұғымды білдіретін терминдік мағынаға ие болады.
Сөз мағынасы қоғамның, қоғамдық қатынас пен өндіріс тәсілінің дамуымен байланысты өзгеріп түрленуі де мүмкін. Мысалы, ежелгі ағылшын тіліндегі feon деген сөз алғашында мал деген мағынаны, оны кейін қозғалатын зат атаулы, ақырында келіп ақша деген мағынаны сонда білдіреді. Белгілі бір тарихи дәуірде байлық атаулы малмен өлшеніп, құны сонымен айқындалатын болған.
Сөз мағынасы функциональды семантика заңы бойынша да өзгеруі мүмкін. Функционалды семнатика заңы заттардың қызмет бірлігіне негізделеді. Бір зат немесе құрал басқа бір зат немесе құралмен ығыстырылып алмасады да, соңғысы қызмет бірлігіне қарай, алғашқы заттың немесе құралдың атауымен аталады [7; 138-139 б.]. Мысалы, ағылшын тілінде қазірде руль деген мағынаны білдіретін rudder деген сөз ағылшында ескек деген мағынаны білдірген [6; 68-69 б.].
Қоғамның даму барысында жаңадан танылған заттар мен құбылыстардың тілден сөзбен атау әр түрлі тәсілдер, соның ішінде сөз мағынасының өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы арқылы да іске асады. Сөз мағынасының өзгеруіне, оның жаңа, қосымша мағынаға ие болуына әсер ететін сыртқы себептер осылар.
Сөз мағынасының өзгеруінің лингвистикалық себептері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрі ақыр аяғында мынаған келіп тіреледі: сөз жеке-дара күйінде емес, әдетте, басқа сөздермен әрқашан белгілі бір байланыста, қарым-қатынаста, өмір сүреді. Тілдің бытыраңқы сөздердің ретсіз жиынтығы емес, сөздердің барлығы жиналып келіп және өзара қарым-қатынаста бола отырып, оның лексика-семантикалық жүйесіне келіп қосылғанда, ол тілдің лексикасында бұрыннан бар сөздердің мағыналарымен, әсіресе өзімен синонимдес келетін сөздермен, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай қарым-қатынастың өзі екі жақты болуы мүмкін: тілдің лексика-семантикалық жүйесіне келіп қосылған жаңа сөз немесе жаңа мағынаға сөздік құрамда бұрыннан бар сөздердің әсер ететіні сияқты, сөздік құрамда бұрыннан бар сөздерге жаңа сөз немесе жаңа мағынаға да әсер ете алады.
Сөз мағынасының өзгеріп, қосымша мағынаға ие болуына оның тұрақты сөз тіркестерінде немесе сөйлемде қолданылуы әсер етуі мүмкін. Сөз тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылу ыңғайына қарай, жоғарыда атап өткеніміздей, фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болса, сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай кейде грамматикалық байлаулы мағынаға немесе синтаксистік шартты мағынаға ие бола алады. Мысалы, жел деген сөздің ауаның ағымы деген мағынасы - бастапқы, негізгі мағына да, бос деген мағынасы - туынды, фразеологиялық мағына. Бұл соңғы мағына оның жел сөз деген тұрақты тіркесте қолданылу ыңғайына қарай пайда болған қосалқы мағынасы болып табылады. Мұнымен бірге, сөз сөйлемде белгілі бір қызмет атқаруына, қолданылу ерекшелігіне байланысты үстеме мағынаға ие болуы мүмкін. Сөз мағынасының өзгеруінің ішкі себептері осылар [7; 139-140 б.].
Көп мағыналылық. Омонимдер
Бір сөздің әртүрлі контексте әртүрлі мағына беруін полисемия деп атайды. Сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, әртүрлі мағыналарда қолданылуыға икем келеді. Әртүрлі мағынасы бар сөз полисемантизмді сөз деп те аталады.
Көп мағыналық құбылысы полисемия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері. Көп мағыналылық. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты
Орфографиялық талдау жасау үлгілері
Діннің анықтамасы
БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛЫМ БЕЛГІЛЕРІ
Жанаса байланысқан сөз тіркестері
Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастыруға дағдыландыру
Термин және терминология туралы жалпы түсінік. Терминнің жалпы сипаттамасы
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Мәтінді баяндай білу
Пәндер