Жоқтау өлеңдердерінің көркемдік аспектілері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Секциясы:Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: "Жоқтау" өлеңдердерінің көркемдік аспектілері

Авторы: Имангаликова Ж. М. ФИ-201топ студенті

Жетекшісі: Жүндібаева А. Қ

2015 жыл

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазалы күнде жоқтау айту - ұлттық дәстүріміздің жақсы үлгісі. Біздің қазақ ұлтының осы ырымынан - ақ ғасырлар бойы жинақталып түзілген қасиетті салт - дәстүріміздің сыпайы мәдениеті мен әдебінің жоғары болмысы көрініп тұрады. Сондықтан жоқтаудың тәрбиелік мәні де зор. Ал қазіргі кездегі жоқтаудың мәні өзгеріп бара жатқандығы бәрімізге мәлім. Әсіресе қарапайым халық арасында не тәрбиелік мәні жоқ, не жоқтаушы адамның тындырған ісі, бала-шағасына қалдырған өсиет-мұрасы айтылмайды. Ұйқас қуып, «дауыс шығарды» деген атты ғана ойлайтын болдық. Сол себепті де бүгінгі күні жоқтаудың сөзіне, әніне, сазына мән беруі керек.

Сол себепті жоқтау өлеңдерді зерттеп, шынайы бағасын беру - көкейтесті мәселелердің бірі және уақыт талабы. Сондықтан біз осы жұмыста жоқтауларды осы күнге дейінгі зерттеулерді негізге ала отырып, жан-жақты талдап, шағын ғылыми жобаға ұсынуды мақсат еттік. Зерттеу тақырыбының өзектілігі де осы тараптан айқын аңғарылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты жоқтау өлеңдердің бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, қазіргі кездегі жоқтау өлеңдердің сипатын, тәрбиелік мәнінің жоғалып, жаттанды қара өлең түріне айналып бара жатқандығын ашып көрсету.

Ол үшін зерттеу жұмысының алдына төмендегідей мақсат-міндеттер қойылды:

- жоқтаудың жанрлық, тақырыптық қырларын ашу;

- жоқтау дәстүрінің ғұрыптық мәнін жан-жақты қарастыру;

- жоқтаудың түрлерін және басқа салт-дәстүрмен сабақтастығын

көрсету;

-жоқтау жанрының дамуына үлес қосқан ақындар өлеңдерін пайымдау;

- жоқтау өлеңдердің тәрбиелік сипатын ашу;

- жоқтау өлеңдердің табиғатын анықтап, тағылымын көрсету.

Зерттеу нысаны: Қазақ әдебиетіндегі жоқтау жанры

ЖОСПАР.

І. КІРІСПЕ.

1. 1. Қазақ фольклортану ғылымы.

1. 2. Қазақ халқының фольклорының зерттелу тарихы.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2. 1. Жоқтау өлеңдерінің шығу тегі

2. 2. Жоқтау өлеңдерінің түрлері

2. 3. Жоқтау өлеңдерін зерттеуге үлесін қосқан ғалымдар

2. 4. "Жоқтау" өлеңдердерінің көркемдік аспектілері

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.

А. Ә. Әбілов Ә. Қоңыратбаев және халық өлеңдерінің зерттелуіне қатысты пікірлер Мақалада Ә. Қоныратбаевтың ұлттық өлеңдеріне зерттеу жүргізеді. ХVІІІ - ХІХ ғасырларда қазақ даласына жолы түскен А. Левшин, П. Паллас, А. Голубев, И. Георги, Г. Клапрот, Г. Спасский, М. Поспелов, В. Даль, Н. Северцев, Ф. Назаров, Г. Мейендорф, Е. Малевский, П. Семенов - Тян - Шанский, В. Небольсин, В. Васильев, Н. Ханыков, Г. Данилевский, А. Гумбольдт, П. Чихачев, П. Массачетов, М. Киттары және т. б. пікірлері мен Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев еңбектерінен бастау алған қазақ фольклортану ғылымы А. Тұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Ә. Марғұлан, Н. Смирнова, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев еңбектері арқылы қазақ ғылымы мен мәдениетіндегі тың тараулардың бетін ашып, Р. Бердібаев, Б. Уахатов, О. Нұрмағанбетова, С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Ш. Ыбыраев, Т. Қоңыратбаев және т. б. зерттеулері арқылы жаңа ғасырға қадам басқаны белгілі. Ал қазақ халық өлеңдерін зерттеп, зерделеуде профессор Ә. Қоңыратбаев пікірлерінің маңызды болғандығын, олардың әлі де талай зерттеу еңбектерге ғылыми негіз болатынына күмән жоқ. Ә. Қоңыратбаевтың қазақ фольклорының тарихына, жіктелуіне қатысты сүбелі еңбектерді өмірге әкелгені бәрімізге аян. Оны толық талдай қарап шығу - үлкен де терең зерттеулердің еншісі. Сондықтан біз тек жоқтау өлеңдеріне ланысты мәселелерді ғана әңгіме арқауы етпекпіз. Әдет - ғұрыпқа ланысты туған өлеңдердің үлкен бір саласын мұң - шерлі, зарлы өлеңдер деп білсек, сол мұң - шерлі, зарлы өлеңдердің ішінде сонау көне дәуірлерден келе жатқаны, әрі көлемділері - жоқтау өлең - жырлары. Қазақ халқының салт - дәстүрімен, әдет - ғұрпы, тұрмыс - тіршілігімен тығыз ланыста өмірге келген мұндай өлең - жырлар әлемнің көптеген халықтарында бар екені белгілі. Мәселен, ассирияның ұлттық эпопеясы - « Гильгамеш» пен үнді халқының көне эпосы - «Махабхаратада» да, гректің жер жүзіне әйгілі болған «Илиада» поэмасында да, Египет елдерінің жырлары мен ескі еврей әдебиеттерінде де жоқтаудың көне түрлері кездеседі. Адамзат дамуында бақилық болған адамды жоқтау, жылау, шерлі өлеңдер арнау барлық ұлт пен халықтарға ортақ дәстүр болса керек, себебі, қай елді, қай дінді алсақ та адам қазасы кезінде жоқтау жырлары айтылған. Бұл, сірә, адамзат баласының 34 ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2013. №1 35 жоғары дамыған санасына қатысты болса керек. Тіпті, жоқтау өлеңдерін ежелгі замандарда Римнің философ - ақындары Катулла мен Виргилия да, гректің трагиктері де айтқан, ол - Африкадағы негрлердің де, Европадағы немістер мен француздардың да және ò. á. халықтардың өмірінде де бар [10. 218 - 219 бет] . Жоқтау өлеңдерінің өте ерте замандарда туғандығына қатысты көптеген деректер, жазба ескерткіштер, тастағы жазулар, әдебиет, өнер үлгілері бар. Кей еңбектерде [6] « мұны көріс деп те атайды» дегенді айтады. Бірақ жоқтаудың көріс емес екендігі дәлелдеп жатуды қажет етпейді деп ойлаймыз. Жоқтау өлеңдеріне ланысты академик Ә. Марғұлан: «Жоқтау - әдебиеттің ең ескі түрі. Оның шығуы үй ішінде, ел ортасында болған игі адамдардың дүниеден өткеніне (өлгеніне) өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылатын өнер. Жоқтау Орхон жазуларының түбегейлі аялғысы. Оның ең бір жарқын түрін Күлтегін, Бегре - тас жазуларынан көруге болады», - дейді [9. 97 бет] . Ал, Б. Уахатовтың еңбегінде: «Жоқтаудың ескіліктен келе жатқандығының бір мысалын Шеге шешен өлгенде айтылған өлеңнен көруге болады. Шегенің келіні дауыс қылып: Әуеден ұшқан ылашын, Ылашын жаяр құлашын. Атамды алған құдайдың Келіні мендей жыласын ! Осындағы соңғы шумақ құдайға тіл тигізу екендігін аңғарсақ, жоқтаудың ислам дініне дейін болғандығын көрсетеді» - дегенді [10. 219 бет] айтады. Жоқтау жырларының ислам дініне дейін болғаны анық, ал бірақ Шеге шешен қай кезде өмір сүрді, дәл осы шумақ ислам дініне дейін өмірге келді ме - бұларды әлі анықтау қажет деп ойлаймыз. Бұлай айтуымыздың бір себебі: жалпы қазақ әйелдерінің сөз қолданысында құдайға қарсылық сияқты көрінетін «құдай бар болса» (құдайдың бар екеніне күмандану), «соқыр құдай» сияқты тіркестер болғандығы, қазақ халқында «жаны күйген құдайды қарғар» деген де сөздің барлығы белгілі. Екінші себеп: ислам діні енбеген кез болса әлгі әйел құдайды қайдан білген? Міне, бұл орайда біз Б. Уахатовтың әлгі шумақты ислам дәуіріне дейінгі өлең - деп, дәл осылайша кесіп - пішіп айтуы артықтау демеске шарамыз жоқ. Ал Ә. Қоңыратбаевтың жоқтау өлеңдері туралы пікірлерінен нақтылықты, дәлдікті қаймыз. «Жаназалау өлеңдерінің көп тараған бір түрі - жоқтау. Жоқтау көбіне жауда қаза болған қас батырлардың ерлік істерін еске түсіруден туған . . . Онда батырдң елге көрсеткен қызметі, өмір жолы мұң - шер рухында баяндалады. Жоқтау семьялық шеңберде туып, көпшілік жыры болған. Мысалы, Отан соғысы жылдары жас келіншек, жүрегі жаралы аналар өздерінің майданда қаза тапқан ерлері, балалары жайлы көптеген жоқтаулар туғызған. Олар қысқа, бірақ жан шеріне толы келеді» [8. 54 бет] . Жоқтаудың біздің елден басқа көптеген халықтарда бар екенін, оларды да көне замандардан келе жатқандығын айтып өттік. Дегенмен, әр халықтың жоқтауларына қатысты ерекшеліктер де жоқ емес. Мәселен оларда жоқтау өлеңдері жаттамалы түрде айтылған. Сондықтан, тәжірибелі жоқтаушы әйелдер (орыстарды - плакальшица) мұны кәсіп қылған, ақыға жалданып, жоқтау айтқан. Ал біздің елдегі жлқтаудың ерекшеліктері бар, қаза болған үйге ілінер аза туларының түсі туралы құнды деректер қалдырған Ш. Уәлиханов жоқтау жырларын «Табыт басындағы зар» деп атаған. Біздегі жоқтаулардың саз, әуенінде аймақтарға қатысты көп өзгешеліктер болмағанмен, мәтіндер айырмашылығы қалады және оның бұлай болуы заңды да. Осы тұста жоқтау мазмұнына қатысты қате де пікірлер бар екендігіне тоқтала өтпекпіз. Мысалы Б. Уахатов жоғарыда атап өтілген еңбегінде: « Бертін шыққан жоқтаулардың мазмұны күнделікті өмір, тұрмысқа жақын. Мұнда қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау - зорлық, соған қарсы, тіпті сын - мін айтылып, наразылық, алыс - шалыстар да көрінеді: Сексенге келген Кеңгір, Ішің толды параға. Парадан алған көк мақпал Өлгенде жайылды қараңа ! өлсе лар жағы мақтап, кедейлер жағы қарғап айтатын жоқтаулар - таптық сана, теңсіздіктен туған дүние» - деген [10. 220 - 221 бет] тұжырым жасайды. Біздің бұл тұжырымға келіскіміз жоқ. Өйткені, бұған бірнеше себеп бар. Біріншісі - жоқтау өлеңдері қайтыс болған адамға арналып, оны жоқтап, қаза үстінде шығарылған өлең - жырлар дейтін болсақ, қазақтың өлген адамды қаза үстінде жамандамайтын, даттамайтын қалпы бойынша сынап, мінеп жоқтау шығарылуы тіпті мүмкін емес нәрсе. Екіншісі - жоғарыдағы бір шумақ өлеңнің қай жерде, қандай жағдайда шыққаны белгісіз. Бұл Б. Уақатов жоқтау деп отырған шумақтың тіпті жоқтау болмауы да мүмкін екендігін көрсетеді. Үшіншісі - жоқтау өлеңдерге ланысты еңбектерде бұл шумақтың айтылмауы. Төртіншісі - баспадан жарық көрген жоқтаулар жинағында Кеңгір ға қатысты жарияланған жоқтаудың мазмұны тіпті басқа екендігі. 1730 жылдары туып, 1815 жылдары қайтыс болған Кеңгір заманында елге сыйлы, дәулетті адам болған. Ол А дың бесінші атасы. Оның бәйбішесі айтқан деп болжам жасалып отырған [5. ] бұл жоқтаудың мәтінінде ( В. В. Радлов жазып алған нұсқа) сынау, мінеу, даттау деген атымен жоқ, керісінше мадақ басым Алты атасы өткен, Алты атанға жүк артқан. Жеті атасы өткен, Жеті атанға жүк артқан. Үйде сұңқар түлеткен, 36 ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2013. №1 37 Қиядан сұңқар тілеткен . . . Жеті рудан қол жиған. Әуелі құдай қалаған, Асылы нұрдан жаралған, Ақ сұңқардай түлеген. Тояты әбден қонған соң, Алыстан дұспан аттанса, Қар, жаңбырдай бораған . . . Ақсұңқар үйде тұрғанда, Күнде, түнде базарым! Хан иеміз кеткенде, Бетімнен кетті ажарым!» [ 5. 35-36 бет] Жоқтау өлеңдерін ақындар мен жыраулардың өздері шығарып, өздерінің айтқан жағдайлары да, айтушыларға шығарып берген жағдайлары да бар. Екінші жағдайда оны айтушылар - қайтыс болған адамның әйелі, қызы, қарындасы не ата - анасы болып келеді. Жоқтау өлеңдерін ер адамдардың айтуы - балалары, не жары, не елдің, халықтың ардақты азаматы қайтыс болған жағдайларда ғана кездеседі. Мәселен, жоғарыда айтып өткен Кеңгір дың жоқтауын - әйелінің ерін жоқтаудың үлгісі деп қарасақ, Бұқар жыраудың Абылай ханды жоқтауы халық ардақтысын жоқтаудың үлгісі болады. [5. 29- 30 бет] Кезінде Ш. Уәлиханов жазып алған осы жоқтауды, орыс зерттеушісі А. Е. Алекторов 1898 жылы жазып алып, орысшаға аударып бастырған тоқ ақын шығарған Жәңгір ханның жоқтауын, алғаш М. Мағауин жариялаған Үмбетей жырау шығарған Бөгем батырдың жоқтауын және т. б. халық, ел ардақтысын жоқтаудың үлгілері ретінде қараймыз. Зұлпықардың баласын жоқтауы, Арал Оңғар ұлының баласы Берекетті жоқтауы, А дың баласы Әбдірахманға шығарған бірнеше жоқтаулары және т. б. әкенің балаға шығарған жоқтау үлгілері. Бұл тізімді осылайша жалғастыра беруге болады, айтушысына, шығарушысына қарай топтастыра беруге болады. Жоқтау өлеңдеріндегі қайталаулар кейде ұйқас үшін алынса, кейде асқан талғампаздықпен сараланған жағдайда қайталанып, көркемдікке қызмет етеді. Мұндай жағдайда ол қайталаулар ерекше ырғаққа әкеп, бейне қайырма сияқты қызмет атқарады. Бұған дәлел ретінде Арал дың баласы Берекетті жоқтауын айтуымызға болады. Мәтінде « Мен - ботасы өлген боз мая, тұлыбына келіп ыңыранған». - деген тармақ қайталана келіп [5. 197 - 199 бет] бөлек ырғақ, көркем нақыш жасайды. «Жоқтау өзінің тілі, өлшемі, көркемдік сипаты жағынан ауыз әдебиеті үлгісінде жасалған. Әрбір жоқтаудың арнаулы сарыны болған. Жоқтау тілінде батырлар жырлары стиліне тән асқақ метафора, теңеулер өте көп» - дейді [8. 54 бет] Ә. Қоңыратбаев осы өлең түрлерінің көркемдігіне қатысты. Жыр алыбы Жамбылдың баласы Алғадайға арнаған жоқтау өлеңі, Бұда Қабылұлының Әйеке қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, Арал дың баласы Берекетті жоқтауы және т. б. осындай көркем дүниелер. Жоқтауларыдң өзіндік сазы, музыкасы бар. Кейде көңіл айту, не зар өлеңдерін де жоқтау ретінде қараушылар бар. Мәселен, «Қыз Жібек» жырында айтылатын Қыз Жібектің зарын қалай жоқтау деп айтарсың?! Сонымен, қорыта айтар болсақ, жоқтау - өзіндік ерекшелігі. мол, көркемдігі жоғары мұң - шерлі, зарлы өлеңдердің бір түрі ғана емес, Ә. Қоңыратбаев айтқандай, [ 8. ] бұл - синкретті өнер түрі. Ғалымның жоқтау өлеңдеріне қатысты пікірлері бұл өлеңдерді әлі де терең зерттей түсу қажеттігін көрсетеді

Қорытынды. «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» (Байдалы би) . Жоқтау - аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс - салт дәстүрі, , жыры, зарлы өлең. Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, өлімнің берік әдет - ғұрпы деп ұғыну керек. «Боздағым» атты қазақтың жоқтау жырларында (Алматы, 1990 ж. ) Бұхардың Абылай ханды жоқтауы, Қаз Дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты жоқтаудың көркем үлгілері бар. Жоқтау тәрбиелік үлгі - өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан. Олөлген адамның жылына дейін айтылады. Жоқтау - азалы, қайғылы, зарлы үнмен жырланады. Жоқтауды қайтыс болған адамның әйелі, апасы, қарындасы, қызы және жақындары айтады. Ал аса құрметті адамдарға сол елдіңсұлу, әнші қыздары қатыстырылады. Мысалы, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында Сарыкөл жерінде (Қостанай) өткен Шауыпкел батырдың асында Шәңкі бидің немересі Төкіш болыстың сұлу қызы Бәдігүл мен Байғасқа бидің қызы Бәпіш жоқтау айтқан.
Қазір жазба және ауыз әдебиетімізде жоқтаудың үлгілері өте көп. Ондағы парасатты сөздер, жақсыны ардақтау, сипаттау, мадақтау, теңеу сияқты өлең жолдарының көркем қисыны таңданарлық шеберлікпен жырланады.
Қазалы күнде жоқтау айту - ұлттық дәстүріміздің жақсы үлгісі. Оны айтудың, жалғастырудың ешқандай ерсілігі жоқ. Халық ғұрыпы бойынша жоқтау айтқан әйелдер мен қыздар үш күн бойы аяқ - табаққа араласпайды, яғни тамақ әзірлеуге қосылмайды. Біздің қазақ ұлтының осы ырымынан - ақ ғасырлар бойы жинақталып түзілген қасиетті салт - дәстүріміздің сыпайы мәдениеті мен әдебінің жоғары болмысы көрініп тұрған жоқ па! Туған халқымыздың осындай тәрбиелік әрі зор рухани мұраларының бірегей де тәлімдік тәсілдері мен жолдарын кейінгі өсер ұрпаққа жеткізе, түсіндіре білу барлық білікті азаматтардың парызы екенін ұмытпағанымыз жөн.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Әлем. Альманах. - Алматы : Жазушы, 1991.

2 . Әуезов, М. Уақыт және әдебиет - Алматы : МКӘБ, 1962.

3 . Тұрсынов, А. Ақжол - Алматы : Жалын, 1992.

4 . Бердібаев, Р. Дәстүр тағылымы. - Алматы : Жазушы, 1973.

5 . Боздағым. - Алматы : Жазушы, 1990.

6 . Бозінген. Монголия қазақтарының өлең - жырлары. - Алматы : Жазушы, 1971.

7. Қазақ фольклористикасы. - Алматы : Ғылым, 1972.

8. Қоңыратбаев, Ә. Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы : Ана тілі, 1991.

9 . Марғұлан, Ә. Шоқан және Манас. - Алматы : Жазушы, 1971. 10 Уахатов, Б. Қазақтың халық өлеңдері. - Алматы : Ғылым, 1974.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:

Сопылық ілім мен қазақ лирикасындағы үндестік

Орындаған: ИМАНГААЛИКОВА Ж: М.

Тобы: ФИ-201

Тексерген: Жүндібаева А. Қ

Семей 2015ж

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтиды. Ортағасырда мұсылман мәдениетінің дамып-өркендеуіне түркілердің қосқан үлесі аз болған жоқ. Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген.

Расында, қазақ әдебиетінің тарихында Шығыс шайырларынан, діни кітаптардан нәр алған, онда баяндалатын тәлім-тәрбиелік, ахлақи мәселелерді ана тілінде қайта жырлауға тырысқан ақындарда аз болмаған.

Жыраулар мен жыршылардың бәрі де, алғашқы сөздерін “Алланың атымен” бастап, содан соң ғана негізгі тақырыпқа кіріскен. Қарахандықтар билігінен бері ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін өмір сүрген ақындардың жырлайтын басты тақырыптарының бірі-діни мазмұндағы шығармалар еді.

Әдебиеттанушы М. Мағауин қазақ әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты ой-тұжырымы туралы: “Классикалық Шығыс әдебиетінде әр бір сөз Алла атынан басталатын. Бүкіл әлемге аян атақты дастандардың барлығында ең алдымен Хақ тағалаға мадақ айтылады. Содан соң жүз ныспылы, бір кейіпті пайғамбарға сыйыну шарт”, - деп жазғанындай, қолына қалам алған ақындар өлеңдерін “Бисмилләсіз” бастамайтын болған.

Ортағасырдан басталған осы үрдіс дүниеге келген шығармалардың басым бөлігінде көрініс берді. Түркі даласына сопылық ілімді таратқан Қ. А. Ясауидің өнегелі жыр-жолдары:

“Бисмилләһ” деп баяндайын хикмет айтып,

Талибтерге дүр мен жаухар шаштім міне,

Риязатты қатты тартып, қанды жұтып,

Мен «Дәптер сани» сөзін аштым міне. - деген жолдармен бастаса, одан кейін Шәді төре Жәңгірұлы ақын да:

Жат еттім аузыма алып бисмилләні,

“Әррахманир-рахим-дүр” Ахад аты, -деп, “Харунның жер жұтқан оқиғасы” деген діни дастанын Алланың атымен жазған. Шәді ақынның өзі Исламның барлық шарттарын қамтитын шығармалары “Назым Сияр Шәриф”, “Назым Хайбар”, “Фикһ Қайдан”, “Ахуал қиямет”, “Қисса Барсиса”, “Мұсаның “Тәуратты” алғаны” сияқты еңбектері қазақтың ислами әдебиетіндегі алар орны ерекше.

Осылайша Ислам діні тараған кең байтақ мұсылман жұртында Алланың аты шайыр шығармасының “кіріспесіне” айналған. Себебі, Хз Мұхаммед (с. а. с. ) Пайғамбардың “Кез-келген қайырлы істі бисмилләмен бастаңдар” деген өсиеті кейінгі үмметіне қатты әсер еткен десе де болады.

Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталынады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты.

Орта ғасырда негізі қаланған ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.

Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, даму тарихының көрнекті тұлғалары Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк ”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”, Ахмет Ясауидің “ Диуани хикмет ”, Сүлеймен Бақырғанидың “ Ақыр заман кітабы ”, Ахмет Йугнекидің “ Ақиқат сыйы” , Бурхануддин Рабғұзидың “ Қиссасул әнбия ” (немесе, кейде “Қиссасур Рабғұзи”), Сейф Сарайдың “Гулистан бит-түрки ” сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген жәдігерлердің шығармалары соның жарқын дәлелі. Бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тарихына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын маңызды шығармалар болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
«Жоқтау» өлеңдерінің көркемдік аспектілері
Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)
Қазақ прозасындағы психологизм (Ж. Аймауытов Ақбілек романы)
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Тұрмыс-салт жырларының жанрлық түрлері мен зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz