Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.
2. Несеп қышқылды диатез.
3. Құстар подограсы.
4. Төлдің несеп қышқылды инфарктісі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Нуклеопротеидтер — нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.
1.К.Қожабеков, Ә.М. Өтенов «Малдың патологиялық физиологиялық» Алматы 1992 жыл.
2.Н.Ермаханбетов «Клиникалық және қолданбалы диагностика» Алматы 2009 жыл
3. Х.С. Жұмабеков, К.Ю. Дербышев « Жануарлардың патологиялық анатомиясы» Алматы 2011ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тексерген:Нуркенова М.К.
Орындаған:Каспи Ж.К.

Семей2015
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.
2. Несеп қышқылды диатез.
3. Құстар подограсы.
4. Төлдің несеп қышқылды инфарктісі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе.
Нуклеопротеидтер -- нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.

1. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.
Организмдегі нуклеопротеидтер қатарына дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) кіреді. ДНП ядроның соның ішінде хромосомалар құрамына кіріп, организмдегі тұқым қуалау белгілерін анықтайды. РНП болса белок түзілуінің негізгі реттеушісі болып есептеледі.

Нуклеопротеидтер ыдырауы нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртқа шығарылады.
Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп қалады.
—
Нуклеопротеидтер бұзылғанда дамитын сырқаттар қатарына: подагра, несеп қышқылынабайланысты инфаркт кіреді.
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы:
Организмдегі сыртқы ортадан келіп түсуші көбейгенде
Олардың организмнің өзінде көп түзілуі нәтижесінде
—Пуриндердің ыдырау өнімдерінің несеппен бөлініп шығуы қиындағанда, бүйрек ауруларында
Нуклеопротеидтер қалдықтарының бүйректен басқа ағзалардан (тері арқылы, ішектен) бөлініп шығуы бұзылғанда байқалады.
Қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының тіндеріндежиналуынан дамитын созылмалы ауру. "Подагра" грек тілінің "аяқ"және "қақпан" деген екі сөзінен құралған термин.
Дерт дамуының басты механизмі зәр қышқылы метаболизмінің бұзылысынан болатын гиперурикемия. Көрінісі гиперурикемиямен, басында жедел артриттің ұстамаларымен, кейін созылмалы артриттің дамуымен және бүйректің зақымдануымен сиппатталады. Көбінесе бұл сырқат тұқым қуалайды, ата анасы ауру балаларда подагра ерте басталып, өте ауыр өтеді. Подаграмен негізінен ер кісілер ауырады.
Этиологиясы: Даму тегіне қарай подаграның біріншілік және екіншілік түрлерін айырады. Біріншілік подагра немесе идиопатиялық подагра гендер кемістігінен дамитын ауру. Екіншілік подагра гиперурикемияға алып келетін басқа бір аурулардың асқынуы болып табылады, мәселен гемобластоздардың, бүйрек шамасыздығының т.б
Патогенезі: Зәр қышқылының қандағы концентрациясы шамадан тыс биіктуінен натрий ураты кристалдарға айналып, тіндердің, ағзалардың әйелдерге қарағанда еркектердің қанындағы урикемия деңгейі биіктеу болады. Бұл айырмашылықтың себебін жыныстық гормондармен байланыстырады. Моноурат кристалдары дәнекер тінінің арасына жиналады: синовийлік қабықтарға, сіңірлерге, шеміршектерге, көздің склерасына,тамырлардың қабырғасына.

2. Несеп қышқылды диатез.
Нуклеопротеидтердің ыдырауы нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртқа шығарылады. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп қалады.
Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның Сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (несеп қышқылды диатез ,құстар подограсы,төлдің несеп қышқылды инфарктісі)
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (несеп қышқылды диатез ,құстар подограсы,төлдің несеп қышқылды инфарктісі) туралы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.Несеп қышқылды диатез, құстар подогарсы, төлдің несеп- қышқылды инфарктісі
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы мәлімет
Нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы ақпарат
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы туралы
Нуклеопротеидтер
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы
Перимидинді нуклеотиттердің биосинтезі
Пәндер