Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
1. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері
2. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы ... ... ... ... ... ...
4. Негізгі құралдарды жөндеу және жалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
негізгі құралдары келесідей болып жіктелінеді: жер; үйлер; ғимараттар; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қоңдырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші „Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Олардың 121-ші „Жер”, 122-ші „Үйлер мен ғимараттар”, 123 „Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар”, 124-ші „Көлік құралдары”, 125-ші „Басқа да негізгі құралдар” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.[12.37]
Заттың құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Негізгі құрал-жабдықтардың бағалаудың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомбильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып ,тастағандығы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәлімеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
2. негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі
негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері
2. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы ... ... ... ... ... .. .
4. Негізгі құралдарды жөндеу және
жалдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
1.2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
негізгі құралдары келесідей болып жіктелінеді: жер; үйлер; ғимараттар;
машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-
жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қоңдырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық
екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар жатады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші
„Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады. Олардың 121-ші „Жер”, 122-ші „Үйлер мен
ғимараттар”, 123 „Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар”, 124-
ші „Көлік құралдары”, 125-ші „Басқа да негізгі құралдар” шоттарының тиісті
аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.[12.37]
Заттың құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер
учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Негізгі құрал-жабдықтардың бағалаудың бастапқы, ағымды, баланстық,
сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомбильдерді сатып алу кезінде төленген,
баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға
қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып ,тастағандығы негізгі
құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәлімеге келуге
дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара
айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған
жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
2. негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі
негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және үйлерді,
құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан;
өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға
ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа
субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың
келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын
толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп
түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен
рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі
негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді еңгізу үшін;
қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен
рәсімделуге тиіс жағдайларда басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу
үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден)
екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан
(қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да
субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді,
сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін
қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде жетекшісінің өкімімен
тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт
жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін
жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б.
объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса,
құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол
беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама
қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект
жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде міндетті реквизиттермен қоса,
комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету
мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол
негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да
көрсеткінтерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық
жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны
қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса
бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының
және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және
қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана
негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі –
есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды
қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру)
актісі келесі бетте келтіріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттармен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп,
мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп,
мүлікті Мүліктік тізімге алынады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы
жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар
корреспонденциясы жасалынады.
Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері,
техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады.
Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің
қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы
мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру)
кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі
құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде „Негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі”, ескіру және тозу
салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға „Негізгі құралдар
объектілерін есептен шығару актісі” негіз бола алады. Құрылысы салынып
біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы
жазбаларды карточкаға жазу үшін „Жөнделген, қайта құрылған және жаңаланған
объектілерді қабылдау-тапсыру актілері” негізінде жазылады.
„Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек
негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық
құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым
маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы
қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі
құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге
жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына
тұтастай береді.
Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері
айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі
мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.
Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі
құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге
тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша данада
жасалады.
Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі
құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – колдану
орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері
бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады:
„Қолданыстағы негізгі құралдар” („Үйлер”, „Ғимараттар”, „Өткізгіш тетіктер”
және басқа жіктік топтары бойынша), сондай-ақ, „Ағымдағы айда келіп
түскені”, „Ағымдағы айда шығып кеткені”, „Ішкі орын ауыстырғандағы”,
„Жөндеудегі”, „Қордағы”, „Тоқтап тұрғаны (консервациядағы)”, „Жалға
берілген негізгі құралдар”, „Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі
құралдар”, „Жалға алынған негізгі құралдар”, „Архив”.
Ай ішінде „Түскендері”, „Есептен шыққандары” және „Ішкі орын
ауыстырғандары” бөлімдерінің карточкалары 12 - „Негізгі құралдар”
бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін,
картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден
немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін,
қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің
карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі
құралдар бойынша картотекаларды „Архив” бөлімшесіне орналастырады.
Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының
дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді. Карточка
төменде келтірілген.
Субъектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың
барлығы бөлімдер (цехтар) бойынша негізгі құралдардың мүліктік
тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда
сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны
туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі
керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі
мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып (көшіріліп) алынған екінші
данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер
негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша шаруашылық операциялар
Кесте 1.
№ Шаруашылық операциялардың Шоттар корреспонденциясы
мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4
1 Негізгі құралдарды кәсіпорынның
ішінде өз орнын ауыстыру 121-125 121-125
2 Негізі құралдар басқа заңды
және жеке тұлғалардан алынды:
-келісім-шарттың құнына; 122-125 671
-ҚҚС сомасына 331 671
3 Құрылтайшылардың кәсіпорынның
жарғылық капиталына салған 121-125 511
салымдарына негізгі құралдар
кіріске алынды
4 Тегін алынған негізгі құралдар
кіріске алынды:
-баланстық құнына 122-125 727
-берілген күнге дейінгі
есептелген тозу сомасына 122-125 131-134
5 Түгендеу барысында есепке
алынбаған негізгі құралдар
анықталды:
-негізгі құралдардың эксперттік
жолмен анықтаған қалдық құнына;
-негізгі құралдардың эксперттік122-125 727
жолмен анықталған, бірақ есепке
алынбаған тозу сомасына
122-125 131-134
Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің
әсерімен, табиғат қүшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп
тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) және
(заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдаланұға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)
пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске,
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың
ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы
негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай
болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа,
неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардаң жаңа немесе
жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі
құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық)тозуын мынадай факторлар арқылы
анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі
машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық
процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын
өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз
болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар
біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер
өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап етуі мүмкін; өндірістің өндеуші салаларындағы өнімнің жекелеген
түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің
өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді)
түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-
жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай
және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет
және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа
барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның „өтеу” деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін
білдіреді.
№6-шы „Негізгі құралдардың есебі” бухгалтерлік есеп стантартына (БЕС)
сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған
құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал
шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны
есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай
ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта
жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация
есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға
беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы
жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация
есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай
құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын
автомобиль жолдары.
„Қайнар құс” АҚ-дағы негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 13
„Негізгі құралдар тозуы” бөлімшесінің мынадай синтетикалық шоттары: 131
„Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 132 „Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
тетіктердің тозуы”, 133 „Көлік құралдарының тозуы” 134 „Басқа негізгі
құралдардың тозуы” пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың
әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1 „Меншікті негізгі
құралдардың тозуы” және 2 „Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың
тозуы”.
12-ші бөлімшенің шоттарында (122-125 шоттар) есептелген негізгі
құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизацияны есептеген кезде
шоттардың келесі корреспонденциясы жасалынады, ол төменде келтіріледі.
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық
аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының
есебін жүргізуші 126, 935, 946, 821 шоттардың дбетінде және 13-ші
бөлімшенің 131, 132, 133, 134 шоттарының 2-ші „ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдардың тозуы” деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс
табады.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 2-ші „Ұзақ
мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы” деген аралық шотының
дебеті бойынша және 13-ші бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъктінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес
тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша
жасалынады, олар:
- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
- жеделдетіп есептен шығару;
- қалдығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz