Бруцеллез: анықтама, диагностикалық әдістер және індеттанулық-санитариялық алдын алу шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бруцеллез

Тексерген:Нуркенов. М. К

Орындаған:Белгибек Д. Б

Жоспар

1. Бруцеллез ауруына анықтама?

2. Сақтандыру шаралары?

3. ?

Жануарлардың патологиялық материалдарынан (түсiк) бөлiнiп алынған бруцелла өсiндерi республикалық немесе облыстық ветеринариялық лабо- раторияларға жiберiлiп, ауру қоздырушысының типі анықталуы шарт. Бруцеллез алғаш рет анықталған жағдайда ауданның мемлекеттiк ветеринариялық бас инспекторы, санитариялық эпидемиологиялық маман- дармен бiрге iндеттанулық зерттеу жүргiзедi.

I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Iндеттанулық зерттеу жүргiзiп, бруцеллезге iндеттанулық балау (аурудың шығу, таралу себептерiн, iндет процесiнiң негiзгi буындарын, iндет ошағының, қатер төнген аймақтың, бруцеллезден сау емес пункттiң, шекараларын анықтау) қою арқылы сауық- тыру шараларының тиiмдiлiгiн арттыруға болады. Шаруашылыққа iндеттанулық талдау жүргiзгенде аналық малдың табындары қалай құралатыны, олардың жеке меншiктегi және көршiлес шаруашылықтағы малдармен өрiстегi, суаттағы қатынастары, сырттан қабылданған малға дауалық карантиндiк мерзiмде арнайы шаралардың жүргi- зiлгендiгi анықталады. Шаруашылыққа сырттан қабылданған асыл тұқымды тайыншалар ара- сында бруцеллез қоздырушысын жасырын түрде алып жүргендерi бiр айлық дауалық карантиндiк мерзiмде серологиялық әдiстердiң толық жүйесiмен тексергенде, бруцеллезге терiс реакция көрсетiп, ұрықтанғаннан кейiн, яғни құнажын болғанда аурудың жiтi өршуiне байланысты iш тастап, немесе оң нәтижелi серологиялық реакция беруi практикада байқалып жүр. Бруцеллез қоздырушысының негiзiнен мал төлдегенде таралатыны назарға алынып, мал төлдейтiн қора-жайдың тазалығы және ондағы жүргiзi- летiн ветеринариялық-санитариялық шаралардың (дезинфекция, дезинсек- ция, дератизация) қалай орындалатыны тексерiлуi керек. С е р о л о г и я л ы қ б а л а у. Практикада бруцеллездi балауға қолда- нылатын серологиялық әдiстер:

А г г л ю т и н а ц и я р е а к ц и я с ы (АР) . Бұл реакцияны Райт деген ғалым ұсынған. Бiрiншi рет (1897) АР Мальта қызбасын анықтауға қолда- нылды. АР жануарлардың қан сарысуымен қойылады. Қан малдың күре тамы- рынан арнайы инелер арқылы алынып жаңа кезiнде немесе консерва- цияланған күйiнде тексерiледi (гемолизденген немесе тұрып қалған, ескi қан сарысуы зерттеуге жарамайды) . Практикада консервант ретiнде бор қышқы- лын құрғақ күйiнде (2%) қолдану қолайлы. Сиыр малының, жылқының, түйенiң, шошқаның, иттiң қан сарысуларын зерттегенде, фенолданған физиологиялық хлорлы натрийдiң ерiтiндiсi (0, 5% фенол мен 0, 85% хлорлы натрий), ал буйволдың, қой-ешкiнiң қан сарысу- ларын зерттегенде, ас тұзының 5%-ды, бұғының қан сарысуын тексергенде, осы тұздың 10%-ды ерiтiндiсi қолданылады. Шошқаның, қойдың, ешкiнiң, бұғының, иттiң қан сарысулары 1:25, 1:50, 1:100, 1:200, ал сиырдың, жылқының және түйенiң қан сарысулары 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 рет сұйылтылып тексерiледi. АР, КБР (ҚҰБР) әдiстерiн қоюға биофабрикада дайындалған стандарт антиген қолданылады.

Б а к т е р и о л о г и я л ы қ з е р т т е у г е м а т е р и а л а л у. Әр түрлi жағдайда мынандай материал алынады:

1. Мал iш тастағанда - түсiк шаранасымен бiрге немесе түсiктiң ұлтабары (екi жағынан байланып), арнайы түтiкке алынған жүрегiнiң қаны (түтiктiң аузы дәнекерленедi), бауырының, өкпесiнiң, көк бауырының бөлiктерi. 2. Малдан iш тастаудан басқа клиникалық белгiлер байқалса: сүт, несеп, нәжiс, жыныс жолдарынан алынған ағынды, абсцесстен алынған iрiң т. б. 3. Лабораториялық зерттеуге материал алу мақсатымен арнайы сойыл- ған малдан-ұлпа, жыныс органдары, желiнi, қуығы, бездерi. Алынған патологиялық материал су өтпейтiн пергамент немесе целло- фан қағаздарымен оралып темiр жәшiкке салынып, жолдама қағазбен бiрге мал дәрiгерлiгi лабораториясына жiберiледi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллез: диагностика, алдын алу және күрес шаралары
Бруцеллез: эпизоотологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Бруцеллез: этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, клиникасы және алдын алу мен күресу шаралары
Бруцеллез: этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық ерекшеліктері, диагностикасы және алдын алу мен жою шаралары (Қазақстан тәжірибесі)
Шошқаның обасы (Pestis suum): клиникалық белгілері, індеттанулық ерекшеліктері және алдын алу шаралары
Ботулизм мен бруцеллез: клиникалық белгілері, таралу ерекшеліктері және алдын алу шаралары
Шошқаның обасы (Pestis suum): клиникасы, індеттанулық сипаттамасы, патанатомиясы және алдын алу шаралары
Торайлардың Ауески ауруы: ветеринариялық-санитариялық алдын алу және күресу шаралары
Бруцеллез кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Бруцеллез: адам мен малдағы этиологиясы, клиникасы, лабораториялық диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz