Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАӨЖ
Тақырыбы : Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
Орындаған:Жырғау. А.
Топ: АГ-213
Тексерген: Мұхаметжанова О. Т.
Семей2015ж
Жоспар
I. Кіріспе
1. 1 Қант қызылшасы
1. 2 Морфологиялық сипаттамасы
1. 3 Биологиялық ерекшеліктері Сорттары
II. Негізгі бөлім
2. 1 Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
2. 2 Қант қызылшасының химиялық құрамы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 1 Қант қызылшасы
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) - қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 - 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 - 125 күн. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0, 7% күл, 0, 1% май және 1, 2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3, 6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант заттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3, 5 - 4, 5 мм және 4, 5 - 5, 5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5, 6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6, 5 - 7, 5) . Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылданҚазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі
1. 2 Морфологиялық сипаттамасы.
Қант қызылшасы (Beta vulgaris L. V. Saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) қызылша туысының (Beta L. ) малазықтық (v. Crassa), жапырақты (v. Cicla) және асханалық (v. Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі. Мәдени екіжылдық қызылша б. э. д. 2000-1500 жылдардан әрі Алғы Азияда өсіре бастаған жабайы біржылдықтан (Beta vulgaris) шықты. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу тегі салаыстырмалы беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылығы дақылы. Қант қызылшасының бірінші жылы жертаған жапырақтары мен тамыржемістері, екінші жылы - гүл түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп жетіледі.
![]()
Сурет 44. Қант қызылшасы. 1, 2 - егін көгі және нағыз қос жапырақ кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3, 4 - эккендорфская желтая малазықтық қызылшасының І-бірінші жылғы өсіп-даму кезеңіндегі өсімдігі және тамыржемісінің көлденең қимасы; 5, 6 - қант қызылшасының өсіп-дамуының бірінші жылғы өсімдігі және тамыржемісінің көлденең қимасы; 7 - гүлді сабақтың бір бөлігі; 9 - көпөскінді және бірөскінді қызылша жемісшесі; 10 - тұқымы.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2, 5 м топырақ тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
1. 3 Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Қант қызылшасы басқадай мәдени тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.
Қант қызылшасының бірінші жылындағы вегетациялық кезең ұзақтығы 150-170, ал екінші жылы - 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады.
Қант қызылшасының тұқымы 3-4°C өніп шыға бастайды. Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылу керек.
Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы «қосқұлақтану» кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп-жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді.
Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы - 2400°C. Өсіп-жетілуіне оңтайлы температура - 20-22 °C.
Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндер - 3-4°C үсікті көтермейді, бірақ екі нағыз жапырақты кезеңде - 6-7°C үсікке шыдамды.
Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен, құралатын органикалық массасының жалпы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті болу керек. Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырларының қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке жатады.
Ботаникалық құрылымы. Қант қызылшасы түйнек жемісті, ала бұталар тұқымдасына жатады. Екі жылдық өсімдік бірінші жылы тамыр жемісін, екінші жылы тұқым-дән береді. Қызылшаны өндіретін мақсаты қант алу және мал азығы үшін көптеп егеді.
Қызылшаның пайдалануына және қанттың құрамына байланысты келесі түрге бөлінеді: қант қызылшасы - қанты 20%, асханалық - 6-12%, жапырақты (мангольд) қанты 9-14%, мал азықтық 9-10% қанты болып.
Тамыр жүйесі - кіндік тәрізді, жанының тамырлары екі жанына тараған 2-2, 5 м. тереңге кетеді. 40-50 см. өскен тамырлары жыртылған қабатқа тараған.
Жапырағы - сабақты, жүрек сияқты, шеттері иректелген, беті жиырылған. Әуелі жапырағы екеуден, кейін біреуден шығады. Вегетация кезінде 50-70 жапырақ шығады. Тамырындағы қант тегіс орналаспаған, тікесінен және көптегені орта жерінде, шетінде орналасқан.
Сабағы - гүл сабағы екінші жылы пайда болады, сабағының уақ жапырақтары бар. місінің түрі жаңғақ сияқты (орешек) .
Негізгі бөлім
2. 1 Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
Қант қызылшасында егіс алқабынан жинап алғаннан кейін басқа да тамыр жемістілерге тән физиологиялық процестер: солу, қызу, тыныс алу т. б жүреді. Әсіресе, дер кезінде қолайлы жағдай жасалмаған қызылша тамырында ылғалдың бөлінуі жүреді де тамыр жеміс солып өзінің қасиетін жоғалтады. Сонымен қатар, тыныс алу қарқындылығына байланысты қызылша құрамындағы қанттың мөлшері кемиді.
Қант қызылшасын пайдалану мақсатына байланысты шаруашылық жағдайында немесе зауыттары маңындағы арнайы алаңдарда сақтаудың әр түрлі тәсілдері қолданылады.
Қант қызылшасын «бурт-кагаттарда» сақтау.
Әдетте, жаңа жиналып алынған қызылшаны одан қант алу үшін қант зауыттарына жөнелтеді. Ол жерде қызылшаны өндегенше аранйы алаңдарды «бурт кагаттарда » уақытша сақталады.
Кей кездері, мысалы, ауа райының қолайсыздығына автокөліктің немесе жұмыс күшінің жетіспеушілігіне және басқа да жағдайларға байланысты жиналған қызылша егіс алқабында қоюы мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл тамыр жемістердің сапасы төмендеп, жарамсыз бөліктерінің көлемі артады.
Егіс алқабындағы қант қызылшасының тамыр жемісінің сапасына «жатып қалу» мерзімінің әсері, %.
Кестеде келтірілген материалдардан 1 тәулік бойы ашық алқапта қалған тамыр жемістің 8 0 С температурада 10 пайызы жарамсыз болса, ал 19 0 С температурада барлық өнімінің 3/1-нен астамы жарамсыз болған. Сол себепті, оларды уақытша сақтауды ұйымдастыру қажет. Ол үшін егіс алқабында арнайы алаңдар -егіс кагаттары дайындалады.
Бұндай алаңдар мүмкіндігінше тегіс әрі су ағатындай бір жағына қарй еңіс болуы тиіс. Қызылшаны осындай алаңда трапеция формасымен ұйіп жинайды. Үйіндінің ұзындығы 20-30м, биіктігі 1, 5-1, 7 м, көлденеңі 3-6 м, трапецияның төбесінің көлденеңі 1, 0-1, 5 м шамасында болады.
Үйіндінің үстін ылғал топырақпен 15-20 см қалыңдықта жабады. Ал күн салқындаған сайын оның қалыңдығы 40-50см-ге дейін жеткізіліп, үсітіне сабан төсейді.
Қант зауыттары мен қызылша қабылдайтын орындарда қызылшаны арнайы ірі «кагат» алаңдарында жинап сақтайды. Бұндай алаңдардың көлемі қызылшаның салмағына байланысты болады да, әдетте, 1 гектарға шамамен 5-6 мың тоннадан келеді.
Қызылшаны сақтауда, әсіресе, шіріген немесе өздігінен қызған жерлерді уақытылы анықтап, оларды болдырмауда үйіндінің температурасын қадағалау орынды. Қолайлы сақтау температурасы 1 0 С шамасында. Тепература бұл көрсеткіштен жоғары болғанда тыныс алу қарқындылығы артады да тамыр құрамындағы қанттың мөлшері азаяды.
Қант қызылшасын өндіретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайына байланысты қызылшаны сақтағанда қанттың шығыны тәулігіне 0, 01-0, 03 пайыздан аспауы тиіс.
Температура деңгейін түсіру мақсатында арнайы қондырғылардың көмегімен белсенді түрде желдетеді. Желдету кезінде құрғақ ауаның әсерінен қызылша солып қалмауы үшін ауаны ылғалдап отырған дұрыс.
Қант қызылшасын «ор -траншеяда» сақтау
Ауыл шаруашылығы жағдайында дән алуға арналған қызылшаны арнайы «орларда» сақтайды.
Ор -траншеялар тереңдігі 1м-ден аспайтын, көлденеңі м-ге жуық ұзынша келген арық -ор . Орды беткі жағына 15-20см жеткізбей тамыр жеміспен толтырады да үстін 30 см қалыңдықта топырақпен жабады. Қызылшаның температурасы қолайлы деңгейден төмендеген сайын үстін топырақпен немесе басқа материалдармен қосымша жауып отырады.
Қызылшадан қант алу күрделі физикалық-химимялық процесс. Алдымен тамыр клеткасындағы сахарозаны диффузия көмегімен бөліп алады да, әр түрлі химиялық, жылу физикалық әсермен қантты ажыратып, ақ, кристалл затқа айналдырады.
Қызылшаны қант зауыттарында өңдеуді жүргізу жүйелері:
1. Қызылшаны автомашинадан арнайы жартылай қазылып дайындалған бункер ыдыстарға төгіледі. Трубалармен келіп жатқан судың қысым ағынымен қызылша жуғыш аппаратқа жылжытылады.
2. Жуу. Бұл жерде қызылша әр түрлі қоспалардан сабақ, жапырақ, тас, құмнан ажыратылады, яғни жуып тазаланады.
3. Қызылша автоматты таразыда тартылып, өлшенеді.
4. . Қызылша арнайы кескіш аппаратта ұзынша етіп майдаланып туралады. Бұл жерде кесілген жолақтың ірілігі қатаң бақыланады. Жолақтың ені 4-6, қалыңдығы 1, 2-1, 5 мм-ден аспауы тиіс. Осы талап сақталған жағдайда, қантты бөлу қалыпты жағдайда жүреді. Тамыр жемістің құрамында солған, жарамсыз тамырлардың мөлшері артқан сайын оларды талапқа сай етіп жолақтап турау мүмкін болмайды да, оның диффузия процесіне кері әсер етеді.
5. Қызылша тасымалдағыш арқылы диффузия аппаратына беріледі де, қант ыстық судың көмегімен бөлініп алынады. Құрамындағы қантты толық ажырату үшін кесілген жолақтарды шамамен 60 0 С температурада қыздырады.
6. Алынған шырын қант емес заттардан тазаланып қоюлатылады. Алғашқы өңдеуде қант емес заттардың 40%-дайы ажыраса, ал қалған бөлігі келесі технологиялық шараларда ажыратылады. Шырынды тазалау алдын ала және негізгі дефекация, бірінші және екінші сатурация, сульфитация мен бақылау фильтрация секілді жұмыстардан тұрады. Фильтрдан өткен заттар екіге тазаланған шырын мен қант өндірісінің қалдығына ажырайды.
7. Шырындағы қанттар кристалдандырылып бөлініп алынады да, центрифугада өңделіп, ақ түс беріледі.
8. Ылғалдылығы 0, 5-0, 6 пайыз, температурасы 70-75 0 С болатын қант кептіргіш аппаратта салқындатылып ылғалдылығы 0, 1-0, 2 пайызға дейін, яғни, стандартты ылғалдылыққа түсіріліп, арнайы елегіштен өткізіледі.
9. Стандарт талабына сай болағн қант алдын ала дайындалған, арнайы қапқа салынады немесе ыдыссыз сақталатын қамбаға жөнелтіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz