Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары жайлы



Жеке тұлға
Адам
Жеке тұлғаның дамуы
Тұлға
Тұқым қуалаушылық
Әлеуметтік орта
Тәрбие
Пайдаланған әдебиеттер
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға — бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
1. Исмагулова, А.Б. Генетика: пәнінің оқу - әдістемелік кешені (ПОӘК) / А.Б Семей, 2008.
2. Мещеряков Б., Зинченко В. Большой психологический словарь,2009г
3. Мұқамбетжанов, К.К. Генетика: оқулық / К.К. Мұқамбетжанов.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 1994ж
4. Маккьюсик В. Генетика человека. М., Мир, 1967.
5. Маклаков, А.Г. Общая психология: учебник для вузов / А.Г. Маклаков.- М.; СПб; Н.Новгород: Питер, 2007
6. Андреева, Т.В. Психология семьи: учеб.пособ. / Т.В. Андреева.- СПб: Речь, 2007

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары.

Тексерген:Абдуллина.Г.К
Орындаған:Алемова.А.Т
Тобы:Пх-415

Семей 2015
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі -- оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға -- бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен -жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері -- оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Адам -- өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым -- индивид. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табы
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы -- оның
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға -- жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.

Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар

Тәрбие
Орта
Тұқымқуалаушылық қасиеті
.

Әлеуметтік

Табиғи
Жалпы адамзаттық

Жеке даралық

1) Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анасына биологиялық ұқсастығын елестетуі, сыртқы пішіні, шашы, көзінің түсі, терісінің пигменті, бет келбеті, жүрісі, өзін ұстау қалпы, жүйке жүйесінің функциялық қасиеттерін, дауыс тембрі, т.б. тұқым қуалау беріледі.

Қазіргі уақытқа дейін психиканың индивидуалды айырмашылықтарының көрінуі мен қалыптасуына орта мен тұқымқуалаушылықтың үлесін мойындай отырып, дифференционалды психология бұл түсніктерді нақтылап жатыр. Тұқымқуалаушылық кең мағнада түсініле бастады: бұл тек мінез - құлыққа әсер ететін қарапайым жеке белгілер емес, ( мысалы, ұзақ уақытқа дейін саналған жүйке жүйесінің қасиеті), сонымен қатар мінез - құлық бағдарламасының туа біткендері мен әлеуметтік (грациализация, репрадуктивті, территорияльді мінез - құлық және т.б) саны үнемі көбейіп отыратын әлеуметтік мінез - құлық бағдарламасын социоэтология зерттейді. Бағдарламалар бұл жағдайда даму троекториясы асып түсетіндіктен белгілер ортасының әсерінен бір - бірін алмастыратындардан ерекшеленеді. Бағдарлама өзіне жіберудің уақыты мен критикалық нүктелердің жүйелілігін қосады.
Орта түсінігі де өзгерді. Бұл жай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары туралы ақпарат
Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу жайлы
Жеке адамның дамуы және қалыптасуы
Жастарды отбасылық өмірге дайындаудың физиологиялық және генетикалық негіздері.
Эволюциялық идеяның туылуы
Пренатальды кезең анықтамасы
Психикалық ауруларға анықтама
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Жасуша теориясының ашылуы
Пәндер