Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары.

Орындаған: Сартаев Е. Ә

Тексерген: Каженова Ж. С

Семей, 2015 жыл

ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

  1. Delphi және мәліметтер қоры.
  2. Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары.
  3. DELPHI программалау ортасында мәліметтер қорын жобалау.

ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

кіріспе

Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.

DELPHI - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.

DELPHI тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.

Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.

Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.

Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi және мәліметтер қоры

Delphi-де қорлармен жұмыс істеу үшін компоненттердің бірнеше жиынтықтары бар. Әрбір жиынтық белгілі бір тапсырмаларды орындауға өте жақсы келеді. Осы жерде заңды сұрақ туады:неге соншама көп, әрі әртүрлі компоненттер қолданылады? Олардың бәрі мәліметтерге қатынаудың әр түрлі технологияларын қолданады және мүмкіншіліктер бойынша ажыратылады. Microsoft өзінің өнімдеріне тек АДО мәліметтерге қатынау технологиясын енгізді. Borland фирмасы әртүрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін әр түрлі құралдарды ұсынды және бағдарламалаушыны тек өзінің жобаларымен шектемейді. Осындай жағдай өте улкен артықшылықтарды береді. Одан басқа, кез келген жағдайда қолданыла алатын компоненттер топтары бар.

Мәліметтер қорларына қатынаудың бар құралдарына қысқаша шолу жасайық.

  • Data Access вкладкасында мәліметтерге қатынаудың негізгі компоненттері орналасқан. Олар жалпыға ортақ және басқа компоненттері топтарымен қоса қолданулары мүмкін.
  • Data Controls вкладкасында кестелердегі мәліметтерді көрсету менредакторлауға арналған компоненттер орналасқан. Бұл компоненттер осы кезде қолданылатын мәліметтерге қатынау технологиясының қандай екеніне қарамастан бірдей қолданылған.
  • BDE вкладкасы Borland Databae Engine деп аталатын Borland фирмасы жобалаған технология бойынша мәліметтер қорларына қатынауға мүмкін беретін компоненттерді құрайды. Бұл технология өте қатты ескірді және ескі версиялармен өзара байланысу үшін ғана қолданылады. Оған қарамастан ол мәліміттер қорқарының ескірген типтерімен (Paradox, dBase сияқты) жақсы жұмыс істейді.
  • DBExpress -бұл Borland қатынаудың жаңа технологиясы. Ол жоғары иілгіштікпен ерекшеленеді және мәлімет қорларын қолданатын клиент-серверлік қосымшаларды бағдарламалауға жақсы келеді. DBExpress вкладкасындағы компоненттерді Oracle, BB2 және MySQL сияқты серверлік технологиямен құрылған мәлімет қорларында қолданған жөн.
  • ADO (Active Data Objects) - Microsoft корпорациясымен жобаланған мәліметтерге қатынау технологиясы. Ол өте жақсы кітапхана, бірақ оны тек Microsoft мәлімет қорларымен, яғни MS Access және MS SQL Server қолданған жөн. Оны сондай-ақ тек ODBC арқылы жұмыс істей алатын мәлімет қорларының спецификалық сервері болса да қолдануға болады.

Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары

Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қоры кестелерінің бірнеше форматтарын қарастырайық.

Delphi бағдарламалау тілінің өзіндік кестелер форматы жоқ, бірақ ол көптеген сыртқы форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдарға ие.

Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорларының серверлік кестелеріне:

  • DB2;
  • Informix;
  • InterBase;
  • Microsoft SQL Server;
  • Oracle;
  • Sybase жатады.

Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорының локальді кестелеріне:

  • Microsoft Access;
  • dBase;
  • FoxPro;
  • Paradox жатады.

Delphi көмегімен құрылған қосымша мәліметтер қорына BDE (Borland Database Engine) мәліметтер қорларының арнайы процессоры арқылы қол жеткізеді.

BDE - мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін драйверлер мен динамикалық түрде байланысқан кітапханалар (*. dll файлдары) жинағы.

Мәліметтер қорларының BDE процессоры dBase және Paradox типті мәліметте қорларының кестелерімен өте эффективті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мәліметтер қорларының кестелеі мен қосымшаларының өзара орналасуына байланысты, мәліметтер қорларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

  • локальді;
  • клиент-серверлік;

Локальді - кестелері, олармен жұмыс істейтін қосымшалар орналасқан компьютерлерде болатын мәліметтер қоры.

Локальді мәліметтер қорлармен жұмыс істейтін қосымшалар - бір ярусты (single-tiered applications) деп аталады, себебі қосымша да, мәліметтер қоры да бір компьютерде (яруста) орналасқан.

Кестедегі мәліметтерді алу сондай-ақ көп қолданушылық та бола алады. Осындай вариант сервер мен компьютерлер желісін көздейді. Мәліметтер қорын ұйымдастырудың бұл тәсілі файл-сервер деп аталады.

Осы архитектураның бірқатар кемшіліктері бар:

  • Мәліметтер қорларының көшірмелерін жасау жән олармен бөлек компьютерлерде жұмыс істеу үшін бүкіл мәліметтер қорының белгілі бір мерзім сайын жаңарту қажеттігі туады. Бұл желілік трафикті жоғарлатады және бүкіл жүйенің жылдамдығын азайтады;
  • Бір қолданушы мәліметтерді өзгерткен жағдайда олар басқа қолданушылардың мәліметтер қорларының локальді көшірмелеріне бірден бармайды, сондықтан кезкелген қолданушы ескірген ақпаратты көре алады;
  • Қолданушлардың жұмыстарын синхронизациялау қажет. Ол қолданушы жұмыс істеп жатқан жазбаларға басқа қолданушылар үшін уақытша тыйым салуға негізделуі қажет. Осылайша, бір жазбаға бірнеше компьютерден бір уақытта қол жеткізу мүмкін емес болады;
  • Мәліметтерді алуға бақылау жасауды ұйымдастыру, қолданушыны идентификациялау және мәліметтердің бүтіндігін қолдаумен бірқатар қиындықтар бар.

Келтірілген кемшіліктер клиент-серверлі мәліметтер қорында жоқ.

Клиент-сервер мәліметтер қоры - кестелер желінің серверінде орналасқан, ал осы кестелермен жұмыс істеуге арналған қосымшалар серверге қосылған қолданушлардың компьютерлерінде (клиент) орналасқан мәліметтер қоры.

Клиент-сервер мәліметтер қоры сұраулар көмегімен SQL (Structured Query Language) тілінде жұмыс істейді. SQL-сұраулар серверде орналасқан мәлметтер қоры кестелерімен жасалатын кез келген операциялары үшін орындалады.

Мәліметтер қоры клиент-сервер қосымшаларында бүкіл ақпараттық жүйе екі түрлі бөлікке бөлінеді:

  • Мәліметтер қоры клиенті;
  • Мәліметтер қоры сервері;

Мәліметтер қоры клиенті - сұрауларды қалыптастыру және серверге беруді, сондай-ақ алынған нәтижелерді көрсетуді қамтамасыз ететін қолданушының қосымшасы.

Мәліметтер қоры сервері - қашықтықтағы мәліметтер қоры басқаратын және клиенттердің сұрауларының орындалуы мен оның нәтижелерін беруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама.

Клиент-сервер мәліметтер қоры жұмыс істейтін қосымшалар екі ярусты немесе көп ярусты қосымшалар (two-tiered and multi-tiered applications) деп аталады.

Осындай архитектураның келесі артықшылықтарын ажыратуға болады:

  • Бүкіл мәлімет қоры емес, тек қажетті ақпаратты жіберу. Бұл желінің трафигін төмендетеді.
  • Мәліметтермен жасалатын жұмыстың бір бағдарламамен, яғни мәліметтер қоры серверімен орындалатынына байланысты мәліметтердің қауіпсіздігін және қолданушылардың жеке топтары үшін ақпаратты алу құқығын орнату мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
  • Мәліметтерді өңдеу мен оларды алу жолын қамтамасыз ету үшін қажетті кодты қысқарту есебінен клиенттік қосымшалардың қарапайымдалуы.

Сервер мен мәліметтер қорының өзін жүргізу үшін арнайы маман қажет. Оны мәліметтер қорының администраторы деп атайды.

Delphi мәліметтер қорларымен жұмыс істеудің күшті құралы болып табылады.

DELPHI программалау ортасында мәліметтер қорын жобалау

Delphi7 программасы Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi ортасының негізгі ерекшелігі мұнда құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Delphi-дің Visual Basic және C# сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуальды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды программа құру ортасы делінеді. Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол - көмекші жүйесінінің күштілігі.

Delphi -де басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.

Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi-дің өзінде кестелер форматы жоқ. Бірақ ол локальді кестелердің 2 түрін қолдайды - dBase және Paradox. Біз Paradox кестелерімен жұмыс жасаймыз. Delphi-де Database Desktop қосымшасы бар және ол арқылы мәліметтер қорын DBase немесе Paradox форматында құрып оны өзгертуге болады және сұраныстарды орындауға болады.

Қарапайым қосымша құруды қарастырайық. Ол келесі сатылардан тұрады:

1. МҚ кестесін құру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы ақпарат
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы мәлімет
Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары
Delphi командасы және мәзір
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz