Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған:Ақжолов. Е. Н

Тобы: ВС-303

Тексерген : Ахметжанов О. Н .

Семей 2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Буынның шығуы
  2. Сүйектің сынуы.
  3. Мал сүйегінің сынуыIII. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

C:\Users\Nomad\Desktop\скачанные файлы (8).jpg

Буынның шығуы . Буын басы буын ойысынан шығып кеткенде буын беттерінің жанасуы бұзылады. Сәл ғана қимыддан қатты ауыру байқалады. Мұндай жағдайда зақымданған жерге суық затты басып, зардап шеккен адамды қозғалтпай, жедел медициналық мекемеге жеткізу керек.

Сүйектің сынуы . Сынық дегеніміз латын тілінде - fractura, сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Сүйектің механикалык беріктігі жоғары. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады. Ашық сыну кезіндеі сүйек қана емес, тері, бұлшық ет және қан тамырлары да зақымданады. Мұндай жағдайда алдымен қан кетуді қысатын таңғыш көмегімен тоқтатып, жараны стерильді салфеткамен таңады. Содан кейін закымдалған жерді қозғалтпай шендеуіш (шина) салып немесе кез келген қолданбалы материалды (тегіс немесе мата оралған тақтай, қатты қатырмақағаз, т. б. ) пайдаланып немесе зақымдалған аяқты сау аяққа қосып таңу керек

Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оны толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сыньш кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.

Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қыскарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.

Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бүзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.

C:\Users\Nomad\Desktop\images (9).jpg

Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод түнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып танып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сү-кабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сым темірден жасалған таңғыштар пайдаланылады.

Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады.

Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.

Ірі малдардың эсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз.

Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.

Сүйек сыну - жұмсақ ұлпалардың зақымдалуымен бірге жүретін, механикалық әсерден сүйектің бүтіндігінің жартылай немесе толық бұзылуы. Мысалы соққы, ұрып алу, құлау т. б.

  • Уақытына қарайтуа біткен және жүре келе пайдаболған деп бөлінеді. Жабық- егер тері бүтіндігі сақталса, ашық- терең ұлпалар мен тері бұзылса.
  • Трубкалы сүйектің локализациясына байланысты- эпифизарлы, метафизарлы және диафизарлы.
  • Зақым дәрежесіне байланысты -толық емес және толық.

Клиникалық белгілер :

  • Толық еместе: қызметінің бұзылуы, пальпацияда ауырсыну.
  • Толық: ауырсыну, қызметінің бұзылуы, зақымданған сегменттің дефигурациясы, сүйектер буыннан тыс қозғалады, сүйек крепитациясы.

Диагноз: клиникалық, рентгенография.

Емдеу: алғашқы көмек, иммобилизация.

Жабық сынықтарды консервативті емдеу :

а) бөлектенген сынықтарды орнына келтіру.

б) орнында салынған сынықтарды иммобилдеу.

в) жараның регенерациясына және стимуляциясына жағдай жасау. Шокты болдырмау, бұлшықеттерді босаңсыту, жергілікті жансыздандыру.

Ірі жануарларда иммобильдеуші таңғышты 35-40 күннен кейін, ұсақ малда 20-25 күннен кейін шешеді. Гипсті таңғыштардың кемшіліктері сөзбен айтылады.

Ашық сынықтарды емдеу :

  • ауырсынуды азайту, өңдеу, гипс.
  • Сынықты оперативтік жолмен емдеу: сүйек сынықтарын бекіту:

1) оларды кетгутпен, жібекпен, сым темірмен тігу.

2) шұрыптар көмегімен металл пластиналармен бекіту.

3) сүйек - кемік каналына металл немесе пластмасс штифт енгізіпбекіту.

4) әр түрлі бекіткіш аппараттар қолдану - Илизарова, Гудушаури, Рахимкулова т. б.

Мал сүйегінің ісінуі, сынуы жиі кездеседі. Оны толық (малда сүйектердін ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мүлда шытынап, жартылай сынып кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.

Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қысқарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.

Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бұзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.

Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод тұнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып таңып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сұкабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сымтемірден жасалған таңғыштар пайдаланылады. Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады. Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.

Ірі малдардың әсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз. Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.

Сүйегі сынғанда, буыны тайғанда, жарақаттанғанда малға жедел жәрдем көрсетілуі тиіс. Ол үшін аққан қанды тез тоқтатып, ауырсынғанын басады және мироорганизмдерді зақымданған етрі арқылы тканге түсірмеу жолын қарастырады. Ауырған малға алғашқы жәрдем тез көрсетілсе, асқыну кауіпті яғни жіті қан жоғалту, естен тану, микробтармен зарарлану азаяды.

Сүйек аурулары, периоститтер

C:\Users\Nomad\Desktop\1212284203_6.jpg

Периоститтер - сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға ажыратады:

1. Жарақаттанудан, қабынудан және токсикалық.

2. Патолого-анатомиялық өзгерістерге байланысты - сероздық, сероздық-фибриноздық, іріңді, фибринозды.

3. Клиникалық ағымына байланысты - жіті және созылмалы.

4. Таралу дәрежесіне қарай - шектелген, диффузды және көптік.

Серозды және іріңді жіті өтеді, ал қалғандары созылмалы түрде жүреді. Серозды периостит /periostis serosa/ жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектерде болады.

Этиологиясы - сүйек қабығының жабық механикалық зақымдалуынан болады.

C:\Users\Nomad\Desktop\images (11).jpg

Патогенез : зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну, гиперемия, клеткалық - сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің серозды - фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат сорылып кетеді және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде жіті қабыну созылмалы - фибриноздыға немесе оссиферлеуші периоститке айналуы мүмкін.

Клиникасы: ыстық, ауырсыну, ақсау пайда болады.

Емдеу: тыныштық, құрғақ суық, қысатын таңғыштар, одан кейін жылылық процедуралар.

C:\Users\Nomad\Desktop\скачанные файлы (11).jpg

Оститтер - жеке ауру ретінде сирек кездеседі, әдетте сүйектің барлық элементтері - сүйек қабығы, сүйек, эндоост және сүйек кемігі зақымдалады. Клиникалық белгілері бойынша - жіті және созылмалы; экссудат сипатына қарай - асептикалық және іріңді, ал патоморфологиялық өзгерістеріне қарай - конденсирленген және сиретілген деп ажыратылады.

Асептикалық остит / оситис асептика / - жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектердің механикалық зақымдалуы, сонымен қатар көрші ұлпалардағы қабыну үрдістерінің ауысуы нәтижесінде болуы мүмкін.

Патогенез: қабыну үрдістері тамырлар гиперемиясымен және лейкоциттердің жаппай көшуімен экссудаттың ағуымен өтеді.

Сүйек негізінің қабырғаларының бұзылуының нәтижесінде гаверс каналдары үлкейеді, лакундар түзіледі, сүйек сиретіледі, сондықтан қабыну үрдісі сиретілген остит деп аталады. Инфекция түспесе қабыну эксудаты сорылып кетеді, лакундерге дәнекер ұлпа және остеоидті ұлпа толады, ол кейін жаңа сүйек ұлпасына ауысады. Сүйектің осындай жаңа түрінің түзілуі конденсирленген остит стадиясы деп аталады.

Клиникалық белгілері: Пальпацияда және перкуссияда ауырсыну реакциясы байқалады, бұл сүйек қабығының зақымдалғанын көрсетеді, ақсақтық байқалады.

Диагноз: клиникалық және рентгенография.

Емдеу: тыныштық, алғашқы тәуліктерінде суық басу, таңғыштар. Жіті қабыну үрдістері кеткеннен кейін жылытатын компресстер қою, кондинсерленген оститте парафин, озокерит.

Іріңді остит / оститус пирулента / - біріншілік және екіншілік кокты микрофлораның енуі. Жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.

Жіті іріңді остит / оститус парулента акута / - қабыну ошағында сүйек ішілік тамырлар қысылады, қан және лимфа айналу бұзылады, микробтардан улы өнімдер пайда болады, тамырлардың тромбозы және оның қабырғаларының некрозы, сүйек аймағының өліеттенуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Сүйек сынғанда мен буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Сүйек сынуларында және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек. Сүйектің сынуы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz