Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы



IКіріспе
Қазақстан Республикасындағы тамыр.түйнектілерді өсіру.
II Негізгі бөлім
1. Тамыр.түйнектілер туралы жалпы түсінік.
2.Тамыр жемістердің қанттылыгын және жалпы қант шығымы жоғарлату жолдары, сорттары, агротехника ерекшеліктері.
3.Тамыр жемістерді өсіру технологиясы, қызылша өсіру технологиясы.Биологиялық ерекшелктері.
3.Тамыр жемістерді өсіру технологиясы, картоп өсірутехнологиясы.
4.Мал азықтық картоп, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиялары.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Мал азықтандыру малдан алынатын сүт, ет, жүн жəне тағыбасқа өнімдерді арттыру үшін берік азық қорына негізделеді.Сондықтан мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан бастайды. Жем-шөп қорын нығайту үшін азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, жиналған қолдағы бар азықтыүнемдеп, физиологиялық жəне экономикалық тұрғыдан тиімдіжұмсай білу қажет. Азық сапасы ең алдымен оның химиялыққұрамына жəне құрамындағы қоректік заттарға байланысты малғаберілген азықтың жұғымдылығымен анықталады.Мал азығын құнарлы да сапалы етіп даярлау - бүгінгі таңдағыалда тұрған міндеттердің бірі.Малға сапалы да құнарлы азық дайындауды ұйымдастыружүйесінде тек азықтың берік корын ғана жасап қоймай,дайындалатын азықтың сапасы мен қоректілігіне да көп көңілаудару қажет. Азық сіңімділігі жоғары болу үшін оның құрамындағыбиологиялық белсенді заттар құнарлы жəне сапалы болуы керек.
1.Қ.К.Әрінов. Тұқымтану негіздері.-Ақмола,1995
2.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
3.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.
4.Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы-Астана 2010
5.Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдау

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы.

Тексерген: Татенов А.Б.
Орындаған: Тулеубаева А.

Семей, 2015жыл

Жоспар
I Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы тамыр-түйнектілерді өсіру.
II Негізгі бөлім
1. Тамыр-түйнектілер туралы жалпы түсінік.
2. Тамыр жемістердің қанттылыгын және жалпы қант шығымы жоғарлату жолдары, сорттары, агротехника ерекшеліктері.
3.Тамыр жемістерді өсіру технологиясы, қызылша өсіру технологиясы.Биологиялық ерекшелктері.
3. Тамыр жемістерді өсіру технологиясы, картоп өсіру технологиясы.
4. Мал азықтық картоп, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиялары.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Мал азықтандыру малдан алынатын сүт, ет, жүн жəне тағыбасқа өнімдерді арттыру үшін берік азық қорына негізделеді.Сондықтан мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан бастайды. Жем-шөп қорын нығайту үшін азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, жиналған қолдағы бар азықтыүнемдеп, физиологиялық жəне экономикалық тұрғыдан тиімдіжұмсай білу қажет. Азық сапасы ең алдымен оның химиялыққұрамына жəне құрамындағы қоректік заттарға байланысты малғаберілген азықтың жұғымдылығымен анықталады.Мал азығын құнарлы да сапалы етіп даярлау - бүгінгі таңдағыалда тұрған міндеттердің бірі.Малға сапалы да құнарлы азық дайындауды ұйымдастыружүйесінде тек азықтың берік корын ғана жасап қоймай,дайындалатын азықтың сапасы мен қоректілігіне да көп көңілаудару қажет. Азық сіңімділігі жоғары болу үшін оның құрамындағыбиологиялық белсенді заттар құнарлы жəне сапалы болуы керек.Рациондағы азық қоректілігін көрсететін бақылау көрсеткіштерініңсанын 5-6-дан 20-50-ге дейін жеткізіп, оны одан да жоғары көтеружəне қоректілігін анықтаудың жаңа тəсілдеріне көшу, соныменқатар қоректік заттарды мөлшерлеп, олардың құнарлығын 1 азықөлшеміне жеткізу немесе 1 кг құрғақ азықтағы өлшемін келтіруқажет.
Ал енді осыған байланысты тамыр-түйнектілер жайында толық айтып тоқталып кетсем деймін. Малға жоғары сапалы жемшөп даярлап, тиімді нəтижеге жету үшін ғылыми тұрғыдан дəлелденген əдістердіқолданып, қол жеткізуге болады.

Түйнекті тамырлар
Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамырларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Тамыр жемістер күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шырынды мал азығын береді. Бұл сауын малдарының сүт өнімділігі мен оның сапасын жақсартуға жақсы әсер ететін диетикалық мал азығы болып табылады. Тамыр жемістер углеводтарға, минеральдық тұздар мен витаминдерге бай. Тамыр жемістердің 100 кг қант қызылшасында 26, мал азықтық қызылшасында 12, тармада 13, 14 және түрнепсте 7 - 10 азықтық өлшем болады.
Мал азықтық тамыр жемістерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдарымен іске асуға тиіс.
Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі. Республикамыздағы мал азықтық тамыр жемістердің егіс көлемі шамамен 50 мың га, оның ішінде мал азықтық қант қызылшасы - 12 мың га. Республикадағы орташа өнімі 70 - 80 цга аспайды, дегенмен Солтүстік Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарын да әр гектардан 450 - 500 ц дейін тамыр - жемістер жиналуда.
Мал азықтық тамыр жемістердің сорттары. Сахарная округлая 0143 - БӨШИ - ның Пушкин лабораториясында шығарылған. Тамыр жемісті дөңгелек және сопақша - дөңгелек пішінді, төмен қарай жіңішкере береді, ұзындығы 12 - 15 см, бас жағындағы қабықтың түсі ақ және төменгі бөлігінікі - ашық - жасыл түсті. Құрғақ заттың мөлшерлдері 18 - 20 процент, тамырдың топыраққа сіңірілуі толық немесе ұзындығының (34) бөлігіндей, алайда топырақтан жеңіл жұлынады. Орташа мерзімде пісетін сорт, мерзімінен бұрын гүлденуге төзімді, аурулармен аз залалданады, қыста жақсы сақталады. Көкшетау мен Қостанай облыстарында аудандастырылған.
Тимирязевская 56 - Тимирязев АША - да шығарылған. Жапырақ дегелеңі тік тұрады. Тамыр жемісі сары, қап пішіндес, ұзындығы 25 - 30 см, 15 бөлігі топыраққа кіріп жатады, топырақтан жеңіл жұлынады, жақсы сақталады. Мерзімінен бұрын гүлденуге, аурулар мен зиянкестерге төзімді. Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.
Эккендорвская желтая - Тамыр жемісінің пішіні қап, цилиндр тәрізді (дөңгелек, мұқыл ұшты түрлері де кездеседі), топыраққа (14) бөлігіне жуығы кіріп жатады, құрғақ зат мөлшері 10 - 12 процент. Орташа мерзімде пісетін сорт. Ауруларға қарсы төзімді, мерзімінен бұрын гүлдейді, басқа сорттарға қарағанда топырақтың жырту қыртысының қалыңдығы мен құнарлығына талғамы аз. Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.
Обрушинская желтая - Украин Егіншілік ҒЗИ - да шығарылған. Павлодар, Целиноград облыстарында аудандастырылған.
Тимирязевская односемянная - Тимирязев АША - да шығарылған. Қостанай облысында аудандастырылған.
Агротехника ерекшеліктері. Суармалы жерлерде өсіргенде тамыр жемістерді төмендегідей шөпті - отамалы дақылдар ауыспалы егістерде орналастырылады: көпжылдық шөптер (жоңышқа) - мал азықтық тамыр жемістер, немесе мал азықтық бір жылдық шөптер - мал азықтық тамыр жемістер, немесе ерте картоп - мал азықтық тамыр жемістер.Табиғи ылғалдану жағдайында қызылша ауыспалы егіс буынында орналастырылады: таза пар - қызылша, жүгері, көк балаусаға өсірілетін біржылдық шөптер - мал азықтық тамыр жемістер. Тыңайтқыштар жоспарланған өнім дәрежесіне есептелген нормамен енгізіледі.Себу алдында топырақ өңдеу мынандай технологиямен жүргізіледі: ылғал жабу - әдеттегі мерзімді сүйретпе тіркелген агрегатпен 2 ізбен тырмаланады. Қызылша қатар аралығы 45 немесе 60 - 70 см кең қатарлы әдіспен себіледі. Өсімдік шығынын азайту және арамшөптерді құрту үшін егістікті күтіп - баптау жұмысында саңылау жасағыштарды қолданған жөн.
Тәжірибе көрсеткендей, минимум қол еңбегінің шығыны жасалатын қант қызылшасының қолайлы өсімдік жиілігін қалыптастыру үшін әрбір метр қатарда 20 - 30 қызылша көгін алу қажет.
Өнгіштігі жоғары (75 проценттен жоғары) тұқымды пайдаланғанда метр бойына кем дегенде 25 - 30 өнгіш жеміс шоғырын себеді. Кәдімгі сеялкалармен әр гектарға сапасына байланысты 18 - 22 кг тұқым себіледі. Қазіргі уақытта берілген өсімдік жиілігіне есептелген төменгі себу нормасын қолдануда, алайда бұл әдісті жақсы ылғалданған жағдайда (суармалы жерлерде), жоғары агротехника дәрежесінде және танаптардың арамшөптерден таза болғанда ғана іске асыруға болады.
Қызылшаның себу мерзімі топырақтың физикалық пісіп - жетілуімен 5 - 10 см тереңдікте 5 - 6° дейін жылынуымен анықталады, мұның өзі мамырдың бірінші - екінші онкүндігіне сәйкес келеді.
Бір ескертетін жәйт, ерте себілген егістік (мамырдың бірінші онкүндігінде) танаптар арамшөптерден таза болғанда және тиімді гербицидтер мен қол еңбегін пайдаланғанда ғана жақсы нәтижелер береді. Мамырдың екінші онкүндігінде арамшөптердің бір бөлігі себу алдындағы топырақ өңдегенде құртылады да осы кезеңде себілген қызылшаға жақсы өнім алу үшін жағдай жасалады. Тұқымның себу тереңдігі 3 - 4 см. Себілгеннен кейін немесе онымен бір мерзімде топырақ тығыздалады (тапталады).
Бір жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы себуге дейінгі мерзімде әр гектарға 3 - 5 кг пирамин және феназон қолданылады. Феназонды тұқыммен бірге, сонымен қатар қызылша көгінің алғашқы екі қос нағыз жапырақтары пайда болған мерзімде енгізуге болады.
Г.П.Кутузовтың (1986) деректері бойынша егістік қос жарнақты арамшөптермен аралас ластағанды себу қарсаңында культивацияның астына феназон (3 кгга) мен хлороцетатының (3,6 кгга) қоспасын 1:2 қатынасында немесе феназонның (3 кгга) ранитпен (3,8 кгга) қоспасын 1:1 қатынасында енгізген тиімді, алайда феназон топырақтың ылғалдылығы жеткілікті болғанда ғана арамшөптерді жақсы құртады.Топырақ ылғалдылығы жеткіліксіз болғанда ленация гербицидін қолданған дұрыс, оның арамшөптерге қарсы улы әсері феназонға қарағанда кеңірек (қос жарнақты, кейбір біржылдық астық тұқымдас құс тарысы, итқонақ сияқты арамшөптерді құртады) және әр жылдары оның тиімділігін айтарлықтай тұрақты, бірақ ол феназон көпжылдық астық тұқымдастарды және көпжылдық қосжарнақтыларды (егістік қалуын, далалық шырмауық) құрта алмайды. Ленацил культивация астына құмдақ топырақтарға 0,6 - 0,9 кгга және саздан топырақтарға 0,9 - 1,5 кгга нормасымен енгізіледі, ал астық тұқымдас арамшөптерді толық құрту үшін оны далалон және натрийдің үш хлороксидының қоспасымен енгізіледі.
Қант қызылшасы.Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыр жемістерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы - оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендегенін бұл дақылдан өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.
Қант қызылшасы ала бұталар тұқымдасына жататын Beta туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде тараған.
Қызылша - екі жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы себілген тұқымынан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен 7 - 10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8 - 10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі. Егін көгі шықаннан бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді Қосқұлақ кезеңі деп атайды.
Жақсы дамыған Қосқұлақ кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді. Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сағақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос - қостан, ал соңынан бір - бірден пайда болады. Өсіп - даму кезеңінде өсімдіктерді 50 - 70 тіпті 90 - 100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25 - тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімді дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0 - 1,2 м - ге дейін жан - жағына тарайды.Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жемісі тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойнынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді қысқа болады да топырақ бетінен шығыңқы орналасқан. Қант қызылшасының сорттарында тамыр жемісі негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Тамыр жемістердің пішінінің шаруашылық маңызы бар. Топырақ бетіне шығыңқы орналасқан дөңгелек пішінді тамыр жемісті жинау оңай және азықтандыруға дайындау жеңіл. Егіс көлемі шамалы аудандарда бұл сорттардың практикалық маңызы зор, ал оларды картоп жинайтын машиналарды бейімдеп жинайды.
Мал азықтық қызылша егістігі қосжарнақты және жарнақты арамшөптермен ластанғанда оларға қарсы әр иктаға 2 - 6 кг эптам, 3 - 4 кг тиллам, немесе 3,6 - 8,0 кг ранис қолдану ұсынылды.
Астық тұқымдас арамшөптерді құрту үшін таңдап әсер ететін гербицидтерді - натрийдің үшхлорацетатының 23 - 40 кгша нормасымен сүдігер өңдеудің астына, дихлоральмочевинаны 4 - 12 кгга себу алдындағы культивациялау немесе себумен бірге, далапонды 10 - 15 кгга нормасымен алғы дақылды жинасымен күзгі сүдігер жыртудың алдында қолдануға болады.
Триазиндер тобының голтикс гербициді өсімдіктерге жапырақтар мен тамыры арқылы өнеді, оны себуді және себуден кейін егін көгіне 6 - 10 кгга нормасымен енгізіледі. Бұл гербицидке ақ алабұта, иілгіш көкпек, гүлтәжі қызылшасы, далалық, ярутка, жабайы шомыр т.б. арамшөптері өте сезімтал (90 - 100 процентке дейін құртылады), кәдімгі гүлтәжі, жабысқақ қызыл бояу, қызыл таспа таран, шырмауық таран, шашақты таран, қара сұлы арамшөптері орташа сезімтал (75 - 89 процентке дейін құртылады), құс тарысы, жасыл итқонақ, т.б. сезімталдылығы әлсіз (40 - 74 процентке дейін құртылады).Қызылшаның екі нағыз жапырақшалары пайда болғаннан кейін егістікті өңдеуне нектарына 1,1 кг әсер етуші затпен бетанол қолданылады. Бұған қосжарнақты арамшөптердің көктеу кезеңінен төртінші жапырақтары пайда болғанша және астық тұқымдас арамшөптердің көгі бір жапырақ кезеңінде сезімтал келеді, басқаша айтқанда, препараттың тиімділігі егістікті қолайлы мерзімде өңдеуге байланысты. Мал азықтық қызылшаның 2 - 8 жапырақтар қалыптастыру кезеңінде егістіктегі қалуендер мен тарандар т.б. биіктегі 5 - 10 см болғанда оларды құртуға лонтрел гербициді қолданылады.
Егістік және далалық қалуендерді толық құрту үшін мал азықтық қызылша егістігін лонтрелмен екі рет өңдейді; алғашқысына қызылшаның 2 - жапырақ кезеңінде 0,12 кгга немесе 0,4 лга нормасымен, екіншісін 0,65 лга нормасымен бірінші өңделгеннен 3 - 4 жұмадан соң өңдейді.
Бүкілодақтық мал азығы ғылыми зерттеу институтының еңбектерімен (Г.П.Кутузов, 1986) қызылша егістігін гербицидтерді екі рет қолдану арқылы арамшөптерден бүкіл өсіп - даму кезеңі бойы толық арылтуға болатындығы дәлелденді. Көктеуге дейін енгізілген феназон (3 кгга немесе ленацил 1 кгга және қызылшаның қос нағыз жапырақтар кезеңінде бетанолмен 1 кгга) қабаттастырып өңдегенде арамшөптердің 97,5 - 98,6 проценті құртылады. Гербицидтерді үнемдеу мақсатымен және қызылша өсірудегі шығынды азайту үшін гербицидтерді ленталы әдіспен қатарларға 25 - 30 см көлемде енгізіледі, ал қатараралықтардағы арамшөптер культивациялау жолымен құртылады.Жер бүргелеріне қарсы күресу үшін химикаттармен олардың шоғырланған орындарын - тыңайған жерлерді, орман алқаптарын т.б. өңдейді, соның нәтижесінде бүргелер қызылша егістігін аз зақымдайды. Қажет болған жағдайда егіс алқабының щеттерін де улы химикаттармен өңдеген дұрыс.Қатараралықтарды культиваторлармен алғашқы өңдеуді тара табандармен 3 - 4 см тереңдікте қатарлар анық көрініп жүргізіледі, бір мерзімде қажетті гербицид те енгізіледі. Арамшөптер пайда болса, екінші культивациялау 6 4 см тереңдікте жүргізіледі. Алғашқы қос нағыз жапырақтар түзілу кезінде өсімдіктер жиілігін қалыптастыруға кірісіп, ол өзгерткіш агрегаттар қолданылады. Көшеттерді қалыптастыру үшін ротациялық сиреткіш УСМП 5,4 қолданылады, олар тоқтауға дейін қатарлар бойымен де шоқтарды да сирету жұмысын орындайды.Сиреткіштер болған жағдайда қызылшаның ең қарапайым және еңбек шығынын көп талап ететін әдіспен қолмен сиретіп шоқтайды. Шоқтаудың мынадай схемасы көп тараған: әрбір 27 см сайын 18 см қызылша шоғы қалдырылады, немесе 30 см сайын 15 см шоқ қалдырылады, ал шоқтарды талдағанда тиісінше бір немесе екі өсімдік қалдырылады.
Қызылшаның себу мерзімі топырақтың физикалық пісіп - жетілуімен 5 - 10 см тереңдікте 5 - 6° дейін жылынуымен анықталады, мұның өзі мамырдың бірінші - екінші онкүндігіне сәйкес келеді.
Бір ескертетін жәйт, ерте себілген егістік (мамырдың бірінші онкүндігінде) танаптар арамшөптерден таза болғанда және тиімді гербицидтер мен қол еңбегін пайдаланғанда ғана жақсы нәтижелер береді. Мамырдың екінші онкүндігінде арамшөптердің бір бөлігі себу алдындағы топырақ өңдегенде құртылады да осы кезеңде себілген қызылшаға жақсы өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығы негіздері
Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы
Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу
Тамыр – түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы
Станцияларды электрлік орталықтандыру
Ауыл шаруашылық малдардың ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу
Пәндер