Шабындықтарда шөпті шабу мезгілі және технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Шабындықтарда шөпті шабу мезгілі және технологиясы
Орындаған: Мұхтарбеков Е.
Топ: АГ - 213
Тексерген:Сагандыков С. Н.
Семей - 2015
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Шөпті шабудың өсімдіктерге әсері
2. 2 Шөптердің агротехникасы
2. 3 Шабындықтарды тиімді пайдалану жүйесі
2. 4 Шөп тұқымдарын жинау және сақтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде, белгілі бір аймақтың табиғаты мен ауа райы жағдайларына бейімделген технология негіздерін, мейлінше мол өнім беретін азықтық дақылдарын пайдалану үшін, оларды қарқынды агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып өсіруге көңіл бөлінуі керек. Қысқа уақытқа, негізгі азықтың жұғымдылық қасиеттерін барынша сақтап қалу мақсатында алдыңғы қатарлы әдістерді қолданып мал мен құсты азықтандырудың ұтымды жұйесін жасау және ұйымдастыру ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізігі мәселелер.
Мал шаруащылығының өркендеп өсуі малды толыққұнды азықтындыру мен құнарлы азықпен қамтамасыз ету және азық қорының жеткілікті болуын қажет етеді. Қазіргі қолданылып жүрген азықтардың құрамы, құнарлылығы, технологиялық қасиеттері өте айырықша. Осы жағдайды ескере отырып, шаруашылықтардағы азықтарды топтастыру, ал олардың ұқсас көрсеткіштерін азық дайындаған кездегі қолданған технологияға байланысты, құрамына, қоректілігіне, малдың ағзасына тигізетін әсеріне назар аудару керек. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты өндірістік кәсіпорындардың түрлері көбейді. Оның ішінде жеке ірі, орташа және ұсақ шаруашылықтар. Бұл шаруашылықтарда өнім өндіріп, оның тиімділігін арттырудың негізгі мақсаты азық қорын ғылыми негізде пйдалану. Өйткені мал өнімдерінің өзіндік құнының негізгі бөлігін 60-73% азық құны құрайды.
Шабындықтар мен жайылымдарда көбіне көпжылдық шөптер өседі. Бұл шөптер көп замандар бойы табиғи жағдайлардың әсеріне, бір-бірінің өзара әрекеттесуіне және шалғындықтарды пайдалану барысында адамдардың ықпалына ұшырап келеді. Сондықтан шалғын шөптердің тек шаруашылықтық қасиеттері мен биологиясын білу негізінде ғана шабындықтар мен жайылымдарды пайдалануды дұрыс ұйымдастыру және малазықтық өсімдіктерден жоғары өнім алу үшін қажетті жақсарту мен пайдалану үлгісін алдын ала жоспарлау мүмкін болады.
Шабындықтарды пайдаланудың өнімділігі бойынша ең жоғары деңгейлесі екпе шалғындықтар жүйесі болып табылады. Ал бұл аралас шөптер егумен тікелей байланысты. Ауа райы, топырақ және шаруашылық жағдайлары әртүрлі аймақтарға аралас егілетін шөптер құрамы түрліше болады.
2. 1 Шөпті шабудың өсімдіктерге әсері
Қайта өсу құбылысын белгілеу үшін қолданылатын атауларды айта кететін болсақ:
- қайта жаңғырту ( реституция ) деп орылып алынған мүшенің қиылған жерден бастапқы кейпінде қайта өсіп шығуын айтады;
- қайта қалпына келу ( репродукция ) деп жаңа өскіннің өиылған мүшенің үстінен емес, өсімдіктің кез келген басқа жерінен шығуы сияқты қайта қалпына келу түрін ( регенерация ) деп айтады.
Көбіне жоғарғы бөлігін, тіпті ұрпақтық мүшесінің жартысын қиып алудың да кейін сабақшаның қайта өсуіне тигізер әсері аз. Өсу қиылмай қалған сабақшалардағыдай жүре береді.
Қию ұрпақтық мүшенің төменгі бөлігі арқылы өтсе, онда кейінгі өсу біршама көбірек баяу жүреді. Алайда, бұл жағдайда да, сабақтарының, қиылғаннан кейін де, айтарлықтай дәрежеде жоғары қарай биіктеп, созыла өсуі жалғаса береді. Ұрпақтық мүшеден төмен қиылса, оның басқаша күшті әсері болады. Мұндай жағдайда, әуелң өсуі қатты баяулағанын, содан соң оның толық тоқтағанын байқаймыз. Әдетте, мұндай сабақшалардың бірінші жапырақтарының, содан соң оның оқтық бөлігінің де қурағанын көреміз. Масақтану кезінде қиылса, сабақшаның қайта өсуіндегі кідіріс түтікшелене бастаған кезеңіндегіге қарағанда біршама аздау болады.
Түптену кезеңінде 5 см және одан да жоғары қиып алғанда, қиылған сабақшалардың өздері қайта өседі. Төмен қиғанда қайта қалпына келу превентивтік бүршіктерден көп мөлшерде жаңа жанама сабақшалар шығу түрінде жүреді. Өнімнің ерте кезеңдерінде және көп қайтара ору әсерінен астықтұқымдастардың барлық түрлері де келесі жылы өнімін төмнедетеді. Алайда көп қайтара ору нәтижесінде, келесі жылы әртүрлі шөптің өнімі, бұған дейін гүлдеу кезеңі мен күздегі көрпекөөк болған кезінде ғана екі-ақ рет орылған өсімдіктермен салыстырғанда, түрлі деңгейде төмендегені назар аудартпай қоймайды.
Орудың көңіл аудартарлық тағы бір мыңыздылығы - өсімдіктің жұмыс істейтін жасыл мүшелерінен айырылуы болып табылады. Өсімдіктің фотосинтездік қызметін төмендете отырып, бұл себепші жайт өсімдіктің тірі мүшелерінің өсу процесіне және қайта жаңару кезінде пайдаланылатын қор жинауға қажетті икемделгіш материалдар жинақтауына кедергі келтіреді.
- Шөптердің агротехникасы
Топырақты дайындау. Шөптердің айдалып, жақсылап дайындаған топыраққа егу керек. Бұл болашақта шөп шүйгінінің қзақ жылдар бойы өмір сүруін қамтамасыз ететін жаппай шығатын өскіндер алудың кепілі болып табылады. Жер айдалған кезде табиғи шөп шүйгіні жойылады, көпжылдық шөптер мен өсімдіктердің дұрыс өсуі мен қоректенуі үшін қолайлы ылғалдылық жағдайлар жасалады. Далалық, шөлейт, әсіресе, шөлді аймақтарда көпжылдық шөптер мен малазықтық дақылдар егу үшін жақсы орта - пар. Мысалы, Алматы облысының шөл аймағында 1966 жылы егістік аңызына егілген изен 1967 жылдың құрғақшылық болған жазында түгелдей өліп, ал парға егілгендері 1969 жылы гектарына 29 ц, сүдігерге егілгендері тек 22 ц - ден ғана құрғақ шөп берген.
Топырақты көпжылдық шөптер егуге дайындауды қара пар түріндеде, сондай- ақ ерте пар түрінде де жүргізуге болады. Күзде жауын - шашын жеткілікті мөлшерде түсетін аудандарда жерді сол кезде айдау жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Сазды және саздақты топырақтарды шымаударғышы бар кәдімгі соқалармен ( П-5-35Ц, П-5-35М, ПН-4-35, т. б. ) жыртады. Жел эрозиясына ұшыраған құмайт және құмды топырақтарда пар жырту мен оны дайындауға өте сақтықпен қарау керек. Мұндай жерлерде әдеттегі қайыра жыртумен бірге топырақты қайырымсыз соқамен, немесе КПГ-250, КПГ-2-10 қыршуыш-тереңқопсытқыштармен және басқалар мен де өңдейді.
Егу мерзімі - барлығы бірден және тығыз шыққан өскін алудың, олай болса, шөптердің көк балаусасынан жоғары өнім алудың шешуші себепкері. Дұрыс таңдап алынбаған мерзім егудің толық сәтсіздікке ұшырауына, не көпжылдық шөптер өніміні едәуір төмендеуіне әкеп соғады.
Тұқым сіңіру тереңдігі. Шаруашылықтар жақсы игерген делінетін еркек шөп сияқты дақылда өте терең сіңіру егеннің сирек болуына және бірдей тегіс шықпауына, кейде тіпті, сәтсіздікке әкеп соғады. Тұқымды сіңіру тереңдігінің сақталмауы, негізінен, шөптердің тұқымдарын соншалықты болар болмас тереңдікке сенімді түрде себетін арнайы сепкіштердің жоғынан болады. Шөп тұқымдарын себуге ңс жүзінде қолданылып жүрген кәдімгі дәндә-дақылдарға арналған дискілі шүмегі бар сепкіштер, тіпті тереңдеткіш бұрандасын нөлдік деңгейге қойғанның өзінде, өз салмағының әсерімен тұқым қопсыңқы топырақтарда 5 см және одан да артық тереңдікке дейін кетіп қалады.
Себу тәсілдері . Қазақстанның далалық аймағында жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет сияқты бұршақтұқымдастарды жаппай себу тәсілімен егеді. Батыс Қазақстан шөлінде қатараралығы 45-60 см болатындай, кеңқатарлап себуге басымдық береді. Мұндай егістіктер өздеренің ұзақ уақыттық өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік - шығысындағы шөлейттің бұл шөптерді егу мүмкін болатын жерлерінде, әдетте жаппай себу тәсілін қолданады.
- Шабындықтарды тиімді пайдалану жүйесі
Шабындықтан негізінен малға қысқа азық-пішен дайындалады. Мал азықтық қоректілігі жағынан пішен басқа ірі азықтардан жоғары. Табиғи шабындықтан орылған 100кг пішенде орташа 42 азықтық өлшем және 4, 8кг қорытылатын протеин бар. Сапасы жоғары пішенде каротин, Е, К және В топтарына жататын витаминдер жеткілікті мөлшерде болады. Жоғары сапалы пішен дайындаудың негізгі шарты шабындықты тиімді пайдалануға сайып келеді. Яғни шөпті пішенге дер кезңнде шабу және ауыспалы шабындықтардың тиімді жобасын бұлжытпай орындау. Шөп шабу мерзімін нақты анықтап өндірісте пайдалану жоғары өнімді сапалы пішен дайындаудың негізгі кепілі. Ең жоғарғы өнім және қоректік зат мөлшері шабындық шөптегі негізгі астық тұқымдастар гүлдеген кезде орғанда түседі. Бірақта ең жоғары сапалы жемшөп шабындықты ертерек кезеңде астық тұқымдастарын түктеніп, масақтанған, бұршақтұқымдастарын шанақтанған кезеңдерінде орғанда алынады. Осындай мерзімдерде дайындалған жемшөптің 1 кг құрғақ затында 0, 80-0, 85 азықтық өлшемге дейін болады. Ерте кезеңдерде орылған шөптерде протеин және каротин ең жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Кешігіп орылған пішенде бұл көрсеткңштер төмендеп, қоректілігі аз клечатка мөлшері көбейеді. Шабындықты тым ерте орған кезде оның өнімінің төмен болуын ескеру қажет. Шабындықты дер кезінде орғанда пішеннің желінуі мен қоректік заттың қорытылуы жоғарылайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz