Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіСемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі.

Орындаған: Секенова Ә. С. П-223

Тексерген: Кошкимбаева Р. Х.

2015ж.

  1. Жоспар:

І Сенсорлық тәрбие

ІІ Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы

а) ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі

ә) Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те.

б) Ойын - сенсорлық дамудың қозғаушы күші

ІІІ Қорытынды

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі.

Сенсорлық тәрбие дегеніміз- бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі - заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі - қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәрбиесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық этолонға ауысады. Сенсорлық этолондар дегеніміз - қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түрлері. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады. Баланың сенсорлық этолондарды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық пішіндермен, түстермен танысудан басталады. Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер пайда болу сияқты сенсорлық этолонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз.
1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған. Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.
Балаларды сенсорлық этолондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру - мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер этолондар мәніне ие болуы тиіс. Балаларды сенсорлық этолондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердін, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді, пішіндер мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен, өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.
Е. И. Тихиева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар да түсті, көлемді, пішінді ажырата білуге бағытталған, балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі. Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. В. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар отыр+»1- деген ой айтқан.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтер, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің «Ойыншыл адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. б.

Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезінде ойын әрекетінің психологиялық негізінде құрастырған жағдайда ғана табысты іске
асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

Мазмұнды - бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады.

Құрылыс материалдарымен ойын кезінде пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, белсенділік көрсетеді.
Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.
Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру әрбір педагогқа оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Ол үшін әрбір педагог өзінің инновациялық даярлығын қалыптастыруы қажет.

Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған педагогтың белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дәрістер
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz