Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы



Кіріспе 3
Негізгі түсініктер мен олардың анықтамалары 4
Өрт қауіпсіздігі негіздері 5
Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі 11
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20
Осы өздік жұмыста өрт қауіпсіздігі негіздерін, яғни негізгі түсініктемелері мен анықтамаларын, өрттің пайда болу себептерін және найзағай әсерінен болатын өрт пен жарылыс қауіпсіздігін қарастыратын боламын. Қышқаша анықтама бере кетсем: Өрт қауіпсіздігі -бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі.
Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану.
Өрт қауіпсіздігі ережесі- құрылыс және объектіні пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормасымен талаптарды сақтау тәртібін бекітетін арнайы кешен.
1. Голощапов С.А. Правовые вопросы охраны труда. -М.: Юридическая литература, 1982, -51, 62 бб.
2. Макевкина А.С. Понятие охраны труда по российскому трудовому праву: заң ғылым. канд…дисс.: 12.00.05. -Барнаул, 2005, — 12 б. // Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Тараз қаласындағы филиалы арқылы алынған.
3. 2007-2010жж. жұмыспен қамту бойынша жедел статистикалық көрсеткіштер // ҚР Статистика агенттігінің интернет сайтынан — http://www.kaz.stat.kz/digital/stat_trud_kz/Pages/default.aspx
4. Паэглэ В.Э. Охрана труда как социально-правовая система и управление ею. — Рига: Зинатне, 1985, — 8 б.
5. Левитин Л.И. Правовое регулирование охраны труда в колхозах: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. –А.: Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, 1968, — 2 б.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл // «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері

Орындаған: Оразгалиев Н.А.
Тексерген: Жуманова Г.Т.

Семей 2015
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі түсініктер мен олардың анықтамалары 4
Өрт қауіпсіздігі негіздері 5
Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі 11
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Осы өздік жұмыста өрт қауіпсіздігі негіздерін, яғни негізгі түсініктемелері мен анықтамаларын, өрттің пайда болу себептерін және найзағай әсерінен болатын өрт пен жарылыс қауіпсіздігін қарастыратын боламын. Қышқаша анықтама бере кетсем: Өрт қауіпсіздігі - бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі.
Өрт - бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану.
Өрт қауіпсіздігі ережесі- құрылыс және объектіні пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормасымен талаптарды сақтау тәртібін бекітетін арнайы кешен.

Негізгі түсініктер мен олардың анықтамалары

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде, ең алдымен бұйрықтар мен нұсқауларға сәйкес объектінің өртке қарсы қорғанысының нақты жасалынған жоспары бойынша, техникалық, ұйымдық шаралар жатады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілік пен адам денсаулығының жекешелігін, рационалды байлық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік іс - әрекеттердің ажырамайтын бөлігі болады.
Өрт қорғанысы- өртті сөндіру мен ескертуге негізделген күштер мен құралдардың басқару органдарының жүйесі.
Өрт қорғанысы келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік өртке қарсы қызмет; ведомствалық өрт қорғанысы; ерікті өрт қорғанысы; біріккен өрт қорғанысы (ассоциациялар, союздар, қорлар).
Өрт профилактикасы - адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті қайтаруға, оның таралуын шектеуге, сонымен бірге өртті нәтижелі сөндіруге жағдай туғызуға бағытталған техникалық және ұйымдық шаралар кешені.
Өрттік профилактикалық шаралары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өрттің алдын - алу жүйесі - өрттің пайда болу шартын жоюға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені.
Өртке қарсы қорғаныс жүйесі - өрттен келетін материалдық шығынды шектеуге және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін жофға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені.
Адамдарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің талап етілген деңгейі СНмЕ ҚР 2.02-05-2002 (4.1.1.3) сәйкес, әрбір адамға есептегенде, жылына қауіпті факторлардың әсерінің алдын - алу 0,999999 - дан аз болмауы керек, ал өрт қауіпсіздігінің шекті рұқсат етілген деңгейі адамдар үшін, өрттің қауіпті факторларының әсері, әрбір адамға есептегенде, жылына шекті рұқсат етілген деңгейінен асып кетуі 10-6 - нен көп болмауы керек.
Ұйымдық шаралар мекемелерде (бұйрықтарды, жағдайларды), өрт қауіпсіздігі шараларын (ереже, нұсқау) жасауды өз мойнына алады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін жалпы жағдайда былай түсіндіруге болады:
Өрт қауіпсіздігі ережесі- құрылыс және объектіні пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормасымен талаптарды сақтау тәртібін бекітетін арнайы кешен.
Профилактикалық шараларды жасау кезінде қосымша объектінің өртке қарсы жағдайы зерттелінеді.
Объектінің өртке қарсы жағдайы- өрт санымен, олардан келген шығынмен, күю санымен, сонымен бірге жарақаттан, уланудан және қаза болған адамдардан, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды иелену деңгейімен, өрт бөлімдерінің дайындау деңгейімен және ерікті құрамалардан, сонымен бірге өртке қарсы үгіт жүргізу мен насихатпен сипатталатын объектінің жағдайы ұйымдық шаралар мекемелерінде өртке қарсы тәртіпті бекітеді.
Өртке қарсы тәртіп- адамдардың жүріс - тұрысына, жұмысты орындау мен объектіні пайдалану ережесі, оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып бекітілген нормалар кешені. Мекемелерде бақылау функцияларында, басқарушының бұйрығымен белгіленген адамдар бар, сонымен бірге ерікті өрт сөндіргіштер.
Ерікті өрт сөндіргіштер- өрт сөндіру мен ескерту бойынша іс- әрекеттерде ерікті негізде, тікелей қатысатын азаматтар.
Өрттік бақылау- объектілердегі өрт қауіпсіздігі мен өртпен күресте тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауда, бақылауды жүзеге асырудан тұратын өрт қауіпсіздігі функциясы.
Мемлекеттік өртті бақылау- өрт қауіпсіздігі мен оларды бұзудың кесіп өту талаптарын сақтауда, бақылау мақсатында мемлекеттік өрт қызметінің органдарының міндетті қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, бақылау әрекетінің арнайы түрі.
Өрт қауіпсіздігі шаралары- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша әрекеттері .
Өртке қарсы қызмет - бірінші кезектегі апаттық - құтқару жұмыстарын жүргізу, өртті ескерту және оларды сөндіру ұйымдары үшін арналған, сонымен бірге өртке қарсы құрылымдарда, құралдармен күштерді басқару ұйымдарының бекітілген тәртібіндегі құрылған жиынтығы.
Алғашқы кезектегі аппатттық - құтқару жұмыстары- өрт кезіндегі зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, адамдарды (оқшаулау) мүлікті және жеке заттарын оқшаулау мен құтқару бойынша жауынгерлік әрекеті.
Қоныстандыру территориялары- жалпы ғимараттар мен үйлерді тұрғын үйлерді орналастыруға арналған, сонымен бірге жеке коммуналды және өндірістік объектілерге арналған тұрғын пункттердің территориясының бөлігі.

Өрт қауіпсіздігі негіздері

Өрт қауіпсіздігі - бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі.
Өрт - бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану.
Жер бетінде күн сайын 2 миллионнан аса өрт болып, 1 миллионнан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза болады.
Қазақстанда 2003 жылға ғана 15000-ға жуық өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп, 532- сі қаза болған. Материалдық шығын 3200 млн. тенгені құрады.
Өрттер - эндогенді (еndon грекше - ішкі) және экзогенді (exo -грекше - сыртқы) болып бөлінеді.
Барлық жердің үстіндегі, сонымен бірге ғимараттың және үйлердің ішіндегі өрттер экзогенді өрттерге жатады. Эндогенді өрттерге көбінесе жер астындағылары жатады. Бұл көмірдің сланецтардың, сульфидті кендердің жер астындағы жануы. Эндогенді өрттердің ең үлкен уақытқа созылғаны өте алыстағы Памир Алтайдағы Ростовскі кен орнындағы өрттері. Көп уақыттан бері Рават тауы жерлерінде әлі өрт жалындап жанып тұр. Бұл өрттің пайда болған күнін айту мүмкін емес. Біреулері ол өртті 15000 жыл бұрын басталған дейді, ал біреулері 2000 жыл бұрын басталды дейді. Біздің эрамызға дейін пайда болып, әлі баяуламаған, керісінше оданда күшті болып кеткен өрт таң қалдырмауы мүмкін емес.
Өрт ошағының ауданы - 25 км2. Өрттің пайда болу себебі туралы тек жұмбақтар ғана. Мүмкін, сол алауға найзағай түсіп, ол үдеп кеткен шығар ...
Жер астындағы өрттер, рудалы шахталарда колчеданды рудалардың өздігінен жану салдарынан пайда болады. Олардың сумен өшіру әр кезде нәтиже бере бермейді. Мысалы, Калатинскі мыс колчеданды руднигінде өрт шахтадан суды айдағаннан кейін, суға батқан күйінде, бірнеше жыл аралығында қайтадан болды.
Бірақ ең ұзақ өрт, барлық рекордтардан өтіп кеткен, Зарашаван өзенінің үстіңгі жағындағы Армения тауларындағы өрт. Ол оқымыстылардың болжамына қарағанда біздің эрамызға дейінгі 1000 жыл бұрын, ежелгі Закавказья мемлекеті- Урарту пайда болмай тұрып, болған. Әлі Илиада мен Одиссейдің авторлары дүниеге келмеген, ол жалын көмір қабаттарында жалындап жатқан. Өткен ғасырда (1770-1780 жж) өрт сондай қарқынды болды, тіпті қыздырылған газдарда пайда болды, бұны әйгілі жаратылыс танушы, геолог, географ А.Гумбольт (1769-1859), бұл ошақты бұрынғы белгісіз вулкан ауданы деп есептейді.
Қазір экологтар анықтады, мұндағы кен орындарында бағалы кокстегіш көмірлер әліде сақталынған. Ескерте кету керек, жанған көмірлер, өте жауапты гидротехникалық ғимараттарды салуға кететін цементке бағалы қоспа ретінде қосылады.
Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.
Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).
Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.
Өрт - бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Жану бұл - жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс. Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.
Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа - біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

Жанудың екі түрі бар:
а)дифуздық - тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;
б) кинетикалық - тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы жану жылдамдығы.
Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік
(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:
а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1мс;
б) детонациялық - 1-10 мс-тан астам;
в) жарылып жанатын - 10 мс.
Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда, жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.
Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар:
1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы;
3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4)ғимаратты найзағайдан қорғау.
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.
Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел туруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.
Өндіріс категориясы: А - жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.
Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық - 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.
Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.
Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.
Максималды - 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат - жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);
б) қиын жанатын - жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).
Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
а) жұмысшыларға нұсқау беру;
б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.

Өртті болдырмау шаралары
Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:
- жаңғыш;
- тотықтырғыш;
- тұтану көзі.
Жаңғыш зат - оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.
Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу.
От алау деп - жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.
1. тез тұтанғыш сұйық
2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы
- жану дегеніміз - тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.
- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.
- өздігінен жану деп - жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда болған жану процессін айтады.
- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.
Жарылу - жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.
- төменгі температураның тұтану шегі деп - сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады.

Өрттің шығу себептері
Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;
9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы.
Өртті қарсы шаралар
1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату; 2. Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану
4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу; 5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.
Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары
- ашық от және ұшқындар;
- ауа мен заттардың жоғарғы температурасы;
- жанудың улы заттары;
- түтін оттегінің төмен концентрациясы;
- үйдің құлауы және жарылыстары.
Өрт болдырмау жүйесі деп - өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін айтады.
Өрттен қорғау жүйесі деп - өрт қәуіпті факторларының әсерін адамға тигізбеуге және материалдық шығын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық құралдар комплексі деп айтылады.

Өрттен қорғану шаралары
Өндірістік бөлмелердегі материалдар жанатын, жанбайтын және қиын жанатын болып 3 топқа бөлінеді.
Жанатын материалдар деп - ыстыққа немесе отқа төзімсіз тез жанатын матриалдарды атайиыз.
Жанбайтын материалдар деп - қызу температурасы қаншаға көтерілсе де қалпын сақтайтын, тек қана түсін жойатын материалдарды айтамыз.
Қиын жанатын материалдарға - отқа төзімді, тек көп уақыт бойы жоғары температурасын жоғалтпай бықсып, түтіндеп тұратын материалдарды жатқызамыз.
Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.

Өртке қарсы кедергілер
Өрт кезінде от жалынның үй көлеміндей жайылып өрістеуін шектеу үшін әр-түрлі кедергілер орнатылады. Олар өртке қарсы жабық қабырға, қалқа, қақпа, люк, тамбурлар, шлеуіздер. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалады.
Өртке қарсы қабырға дегеніміз - отқа төзімділік шегі екі жарым сағатқа жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы қабырғаларға - есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі сағаттан кем болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге арналған. Бұл жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде болады.Түтін өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру жұмыстарын сөндіруге кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйлерге арнайы люктер қолдануылуы қажет.

Өрт сөндіру материалдары
Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар СНиП 11-31-74 құрылыс проект нормасымен анықталады.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.
Су - отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.

Өртті көбікпен сөндіру
химиялық
ауа механикалық
Химиялық көбік - натрий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Ғимараттағы инженерлік құралдарға қойылатын өртке қарсы талаптар
Еңбекті қорғау туралы
Өртке қарсы жүйе
Интернет желісімен байланыс
Құрылыс жүргізу туралы
Өрт және оның түрлері, өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Пәндер