Құрылыс конструкциялары



1.IҚұрылыс конструкциялары және даму тарихы
II Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
III Бетонның клсы мен маркалары
IV Деформация модулі мен серпінділік модулі
2Дереккөз
Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш күштердiң дамуымен тығыз байланысты. Бәрiнен де бұрын тастан жасалған конструкциялар қолданылды. Алғашқы өңделмеген тастан жасалған ғимараттар тас ғасырында жасалды. Соңынан өндiрiс құралдарының дамуына байланысты конструкциялар үшiн күйдiрiлген кiрпiштер пайдаланылды. Ежелгi құл ұстау заманы және феодалдық дәуiрде тастан жасалған конструкциялар дамудың шегiне жеттi. Бiздiң заманымызға дейiн сақталған тас сәулетiнiң (зодчество) көптеген ескерткiштерiн әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен кездестiруге болады. Солардың мысалы ретiндеXғасырда салынған алғашқы тас палаталарын, Киев Русiнiң храмдарын айтуға болады.
1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультеті
Құрлыс және геодезия кафедрасы
БАӨЖ
Тақырыбы: Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
Бетонның клсы мен маркалары
Деформация модулі мен серпінділік модулі

Орындаған: Жекей.Н
Топ:СТ-309
Тексерген: Дюсембаев.А.М

Семей 2015ж
Жоспар
1.I Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
II Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
III Бетонның клсы мен маркалары
IV Деформация модулі мен серпінділік модулі
2 Дереккөз

Құрылыс конструкциялары және даму тарихы.
Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш күштердiң дамуымен тығыз байланысты. Бәрiнен де бұрын тастан жасалған конструкциялар қолданылды. Алғашқы өңделмеген тастан жасалған ғимараттар тас ғасырында жасалды. Соңынан өндiрiс құралдарының дамуына байланысты конструкциялар үшiн күйдiрiлген кiрпiштер пайдаланылды. Ежелгi құл ұстау заманы және феодалдық дәуiрде тастан жасалған конструкциялар дамудың шегiне жеттi. Бiздiң заманымызға дейiн сақталған тас сәулетiнiң (зодчество) көптеген ескерткiштерiн әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен кездестiруге болады. Солардың мысалы ретiндеXғасырда салынған алғашқы тас палаталарын, Киев Русiнiң храмдарын айтуға болады. 1333 жылы Москва Кремлiнде Архангель соборы, 1367 жылы Кремль қабырғалары салынды және де одан 100 жылдан аса уақыт өте қайта жөнделiп,күнi бүгiнге дейiн маңызын жойған жоқ. Тас конструкциялар қолдануға өте қолайлы, ұзақ мерзiмдi және отқа төзiмдi конструкциялар, түрлі жасанды накладка және арматура енгізілген тастар қолданылады.
Қазiргi уақытта түрлi жасанды тастар және арматура енгiзiлген тастар қолданылады.
Таспен бiрге ертеректе қолданылған конструкциялардың бiрi- ағаш конструкциялары. Кейiнiрек ағаш үй қүрылысында бөрене (кесiлген) түрiнде қолданылды.
ХII-ХVIII ғасырлардағы орыс халқы сәулет өнерiнiң көрнектi үлгiлерiн Москва, Киев, Новгород және басқа қалалардан кездестiруге болады. Ертедегi сәулетшiлер ғимараттарды есептеудiң ешқандай әдiсiн бiлмедi, сондықтан олар құрылыста өздерiнiң практикалық тәжiрибелерiне сүйендi.
XVIII-XIX ғасырларда плотина, көпiр, өнеркәсiп және қоғамдық үй сияқты ғимараттар мен инженерлiк конструкциялар үшiн ағаш кеңiнен қолданылады.
Ағаш конструкцияларының iшiндегi дамығаны-желiмделген, заводта дайындалған ағаш конструкциялары.
Ағаштан жасалған конструкциялардың салыстырмалы берiктiгiне, жеңiл өңделетiнiне, азғантай меншiктi салмағына қарамастан олардың оңай шiритiнiне, жанғыштығына байланысты қолдану саласы азаяды.
ХII ғасырдың басынан металдан жасалған құрылыс конструкциялары қолданыла бастады. Олар алғашқыда шойыннан байланыс, тартпа түрiнде шойыннан жасалып, конструкцияларда қолданылды.
Жеке көтергiш конструкция ретiнде ХVII-ХVIII ғасырларда қолданыла бастады. Капитализмнiң дамуы темiр жолдардың, көпiрлердiң, өнеркәсiп үйлерiнiң жаппай салынуына әсер етiп, металл конструкциялардың кең тарауына және дамуына ықпалын тигiздi.
Металл конструкциялар алғашқыда шойыннан кейiннен болат түрiнде қолданылды. Металл конструкциялардың жоғары берiктiгiне байланысты өзiндiк салмағы аз. Металл конструкцияларды шығарудың өнiмдiлiгi жоғары, оларды заводтарда шығару, құрастыру тез аз, шығынмен орындалады. Соған қарамастан тотығуға өте тез ұшырайтын болғандықтан қорғаныш бояуын ауыстырып отыру-қосымша шығын болып есептеледi.
Алғашқыда шегелеп тойтаратын (заклепка), содан соң балқытылған металл арқылы бiрiктiрiлген конструкциялар қолданылды. Кейiнiрек алюминий қорытпаларынан және алдын-ала кернеуленген металдан жасалған конструкциялар қолданыла бастады. Содан соң 1850-1885 жылдары темiрбетон конструкциялар пайда болды. Олар бiр уақытта бiрнеше жоғары дамыған елдерде (Англия, Германия, Франция, АҚШ) пайда болды.
Россияда 1917 жылға дейiн-ақ темiрбетоннан өндiрiс үйлерiнiң жабындары, су қоймалары, көпiрлер, өтпе жолдар (жолды кесiп өтетiн көпiр жасап, оларды бiрiнiң үстiнен бiрiн өткiзу) жасалды.
Темiрбетонның құрылыста кең құлаш жайып дамуы, оларды индустриялық әдiстер қолданып, жиналмалы темiрбетон конструкциялар түрiнде дайындап, жаппай пайдалануға мүмкіндік берді.
Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар және жетiстiктерi мен кемшiлiктерi.
Құрылыс конструкцияларына жобалау, дайындау, тасымалдау, монтаждау және тұтыну кезінде олар қанағаттандыратын талаптар қойылады. Жобалау кезiнде конструкцияның берiк, мықты болуы қарастырылады, рационалды конструкциялық шешiм қабылданады, материал шығыны аз болуына көңiл бөлiнедi. Құрылыс конструкциялары шешiмдерiнiң барлық кезеңдердегi тиiмдiлiгi олардың материалдарына және оның берiктiктерінің толықтай пайдалануына тiкелей байланысты.
Жобалау кезiнде материалдар шығыны көрсеткiштерiн, конструкцияның дайындалу қиыншылығын, уақытын, бағаланылуын көрсететiн бiрнеше конструктивтік шешімдерінің нұсқалары құрылып, салыстырылып, олардың ең тиiмдiсi алынады.
Материалдық шығыны аз конструкция деп, бүкiл қимасы түгел көтеру қабiлеттiлiгiне жұмсалатын, берiктiгi бiр қалыпты конструкцияны айтады. Құрылыс конструкцияларының жетiстiктерi мен кемшiлiктерi төмендегідей негiзгi көрсеткiштер арқылы анықталады:
1. Салмағы. Салмағы жөнiнен жетiстiгi бар құрылыс конструкциясы деп, бiрдей жағдайларда салмағы аз болатын конструкцияны айтады.
Мысалы: белгiлi бiр сығу күшiне жұмыс жасайтын металл конструкцияларының салмағын 1-ге тең деп есептейтiн болсақ, онда сол күшке жұмыс жасайтын ағаштан жасалған конструкциялардың салмағы одан 1-1,5, темiрбетон - 3-7, тас конструкциялары - 15-25 есе үлкен болады.
2. Отқа төзiмдiлiк. Темiрбетон және тас конструкциялары отқа төзiмдi. Алдын-ала кернеуленген темiрбетон конструкциялардың отқа төзiмдiлiгi аз болады. Металл конструкциялары отқа төзiмсiз. Ағаш конструкциялары iшiнде шомбал, көлемдi конструкциялар отқа төзiмдi.
3. Индустриалдығы.Темiр, темiрбетон, iрi блокты тас конструкциялар және дайын ағаш конструкциялар индустриалды конструкциялар болып есептеледi.
4. Тұтыну шығыны. Металл конструкцияларын коррозиядан қорғау үшiн бояу-сыр, ағаш конструкцияларын шiруден сақтау үшiн оларға сiңiретiн әртүрлi заттар керек, ал олардан басқа конструкциялардың шығыны жоқ десе болады.
Металдан, бетоннан, тастан, темiрбетоннан және арматура салынған тастан жасалған конструкциялар мәңгiлiк. Ағаш конструкцияларын жақсы күтiп, шiруден сақтаса, олар да үзақ жұмыс жасайды. Кейбiр ағаш конструкциялары 100 жылдан аса жұмыс жасайды.
6. Қолданылу салалары. Тастан және арматураланған тастан жасалған конструкциялар негiзiнен бағаналар және қабырғалар үшiн қолданылады.
Бетон және темiрбетон конструкциялар бiртұтас, жиналмалы-бiртұтас және жиналмалы конструкциялар түрiнде қолданылады.
Бiртұтас конструкциялар негiзiнен гидротехникалық (дамбы, бөгет) ғимараттарда ауыр күштердi көтеретiн iргетастар ұшiн қолданылады.
Жиналмалы-бiртұтас конструкциялар жабын тақталары, арқалықтар түрiнде азаматтық және өнеркәсiп үйлерiнде, көпiрге өтетiн аралық конструкциялар үшiн қолданылады.
Металл конструкциялары үлкен аралық жабын, биiк мұнаралар мен дiңгектер, қара металлургия зауыттарының қаңқалары мен жабындары, ангарлар, павильондар және қоймалар үшiн қолданылады.
Алюминий қорытпаларынан жасалған конструкциялар жеңiл салмақтарына байланысты үлкен аралықты, иiлуге және созылуға жұмыс жасайтын конструкциялар үшiн қолданылады.
Ағаш конструкцияларын негiзiнен орманға бай аудандарда, жергiлiктi материал ретiнде, кейбiр арнайы ғимараттар үшiн қолданады.
Құрылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi.
Кеңес Одағында 1955 жылға дейiн материалына байланысты конструкцияларды есептеуде әр түрлi әдiстер қолданылды. Металл және ағаш конструкцияларын шектеулi кернеу, бетон, темiрбетон, тас және арматураланған тас конструкцияларын қиратқыш күштер, темiр жол көпiрлерiнiң темiр-бетон конструкцияларын шектеулi кернеу әдiстерi бойынша есептейтiн.
1955 жылдың 1 қаңтарынан бастап, құрылыс конструкцияларын есептеудегi ең негiзгi әдiс ретiнде, шектiк жағдайда есептеу әдiсi енгiзiлдi.
Бұрынғы қолданылған есептеу әдiстерiнiң өзiндiк кемшiлiктерi болатын. Олар:
- қиратқыш күштер әдiсi бойынша есептеуде бiрiккен коэффициенттер жүйесiн қолдану: ол коэффициенттер жүктемеде болатын айнымалылықты, өзгерiстердi дәл бағалай алмады, сондықтан ол конструкцияның көтергiштiк қабiлетiн дұрыс есептеуге мүмкiндiк бермедi;
- ал шектеулi кернеу бойынша есептеу - материалдардың иiлiмдiлiк, созылымдық қабiлетiн есепке алмады; ол материалдардың берiктiк қабiлетiн толық жұмсауға мүмкiндiк бермей, материалдар шығынына ұшыратуға мәжбүр еттi.
Шектiк жағдайда есептеу әдiсi бойынша берiктiктiң бiрiккен коэффициенттерi орнына жекелеген коэффициенттер (тәжiрибе жүзiнде анықталған) қолданылады.
Күштер үшiн, олардың айнымалылығын бағалайтын, күштер бойынша - сенiмдiлiк коэффициентi; нақты жағдайларда конструкцияға күштердiң бiрiгiп әсер етуiн ескеретiн- күштердiң бiрiгу коэффициентi және ғимараттардың тағайындалу жауапкершiлiгiн ескеретiн- коэффициент енгiзiлдi. Конструкция материалының берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн - материал бойынша сенiмдiлiк коэффициентi, сонымен бірге жұмыс жағдай ерекшелiктерiн ескеретін - - коэффициентi енгiзiлдi.
Шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеуде жекелеген коэффициенттердiң қолданылуы, сонымен бiрге материалдардың созымдылығы қасиеттерiнiң есепке алынуы - конструкция есебiн, оның нақты жағдайлардағы жұмысына сәйкестіндіре түседi.
Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi мен шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу.
Конструкцияның шектiк жағдайыдегенiмiз-конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы.
Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк жағдайдың екi тобы қарастырылады:
1) конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен жарамсыздығы;
2) қажетті деңгейде пайдалануға жарамсыздығы.
Шектiк жағдайдың I-тобы бойынша есептеудiң мақсаты: конструкцияны қираудан (морт, тұтқыр, шаршап қирау), оның пiшiнiн, тұру қалпын жоюдан сақтау.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есептеудің мақсаты: конструкция бөліктерінің шектен тыс орын ауыстыруын болдырмау, жарықтың пайда болуы мен ашылуына жол бермеу. I - топ бойынша есеп шарты түрiнде жазылады, мұндағы, - конструкцияның қарастырылатын элементiндегi қолайсыз сыртқы күш әсерiнен пайда болатын ең үлкен iшкi күш; - элемент қимасының геометриялық өлшемдеріне, материалының берiктiгiне байланысты ең аз көтергiштiк қабілеті.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есеп

шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы, -тұтыну кезiнде пайда болатын жарықтың ашылу енi, деформацияның мөлшерi; -мөлшерлер (нормалар) бойынша пайдалануға кепiлдiк беретiн, немесе жобалау кезiнде берiлетiн шектi мөлшер.
Құрылыс конструкциялары берiк, қатты және орнықты болуы керек.
Күштер мен әсерлер. Мөлшерлiк және есептiк күштер.
Конструкцияның жұмыс iстеу қабiлетi негiзiнен күштер және әсерлерге байланысты, сонымен бiрге материалының берiктiгiне, пайдалану жағдайына, жұмыс iстеу ерекшелiгiне байланысты. Мөлшерлер бойынша конструкцияның жұмыс iстеуiне мүмкiндiк беретiн күштер мәнiн мөлшерлiк күштер деп атайды. Мұндай мөлшерлік сыртқы күштерге конструкция тарапынан пайда болатын iшкi мөлшерлiк күштер сәйкес келедi. Мысалы: -мөлшерлiк сыртқы күш, -мөлшерлiк момент, - мөлшерлік бойлық күшi және т.с.с.
Кенеттен күштердiң мөлшерлiк мәнiнен қолайсыз жаққа өзгерісін күш бойынша сенiмдiлiк коэффициентi арқылы ескереді.
Есептiк күштер формуласымен анықталады

мұндағы - күш бойынша сенiмдiлiк коэффициентi.
Сыртқы есептiк күштерге сәйкес келетiн iшкi күштер есептiк iшкi күштер деп аталады, мысалы: . Конструкциялар есебіндегі күштердің мөлшерлерi 2.01.07-85 "Күштер мен әсерлер. Жобалау мөлшерлерi" деп аталатын құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнен (ҚМжЕ-ден) алынады.
Күштер мен әсерлер - тұрақты және уақытша болып бөлiнедi.
Тұрақты күштер (өздерiнiң бағыты мен орналасу орындарын өзгертпейтiн) деп көтергiш, шектегіш конструкциялардың салмақтары, топырақтың салмағы мен қысымы және алдын-ала кернеуленудiң әсерi есептеледi.
Уақытша күштер уақыт бойынша тұрақсыз, олардың белгiлi бiр уақытта әсер етпеуi де мүмкiн, сол сияқты орны ауысып отырады. Уақытша күштер ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ерекше болып бөлiнедi. Уақытша ұзақ мерзімді күштерге тұрақты қондырғылардың, сұйықтар мен қатты денелердiң (қоймалардағы мен кiтапханалардағы және дән қоймаларындағы) салмақтары, жабынға, қабырғаға түсетiн күштер, газдар мен сұйықтардың, төгiлетiн денелердiң салмақтары, кейбiр, қары көп жататын аудандар үшiн қар жабынының салмағы жатады.
Бұл күштердi "Құрылыс мөлшерлерi және ережелерi", каталог, стандарттар бойынша қабылдайды.[1,2]
Қысқа әсер ететiн күштерге адамдардың, жиһаздардың, жеңiл қондырғылардың, көтергiш транспорттық қондырғылардың салмақтары, атмосфералық - қардың, желдiң әсерлерi жатады. Қардың әсерiнен болатын күштер, негiзiнен, белгiлi бiр жердегi қар жабынының қалыңдығына және үй төбесiнiң пiшiнiне байланысты.
Метеорологиялық қызметтiң зерттеулерi бойынша ТМД территориясы 6 ауданға бөлiнген.
Әрбiр аудан үшiн қардан болатын мөлшерлiк күштер:
;
мұндағы, - 1м2 жер бетiндегi қар салмағы, ол құрылыс мөлшерлерi мен ережелерiнде берiледi; - үй төбесiнiң пiшiнiне байланысты жер
бетiндегi (жазық беттегi) қар жабынынан пайда болатын күштен, төбедегi қар жабынынан болатын күшке көшу коэффициентi; - әртүрлi төбе пiшiндерiне байланысты алынатын коэффициент, оның мәні еңіс және тік төбе пішіндері үшін, сәйкесінше, , болғанда, және , ал мәндері интерполяциямен алынады.
Желден болатын мөлшерлiк күш жел жылдамдығы қысымына байланысты анықталады:
,
мұндағы, - жел жылдамдығы қысымының 10м биiктiктегi мөлшерлiк көрсеткiші. Мөлшерлер бойынша жел күшiне байланысты ТМД территориясы 7 ауданға бөлiнедi, I-VII аудандар үшiн жел күшi аралығында өзгередi;-жел жылдамдығы қысымының жер бетiнен биiктiгiнiң өсуiне қарай алынатын түзету коэффициентi: биiктiкте; биiктiкте; м-ден үлкен немесе тең биiктiкте -ге тең деп алынады; - құрылыс объектiсiнiң кескiнiне және жел күшiнiң схемасына байланысты алынатын аэродинамикалық коэффициент; мәнi мөлшерлерде берiледi.
Ерекше күштерге жататындар: сейсмикалық күштер, технологиялық процестiң кенеттен бұзылуынан, жарылыстан пайда болатын күштер. Құрылыс конструкциялары күштердiң түрлiше бiрiгiп әсер етуiне есептеледi. Құрылыс конструкцияларын есептеуде күштердiң ең қолайсыз бiрiгуi алынады.
Күштердiң бiрiгуi екi түрге бөлiнедi: негiзгi бiрiгу, ерекше бiрiгу.
Тұрақты күш пен ұзақ мерзімді уақытша күштiң және ең бiр маңызды қысқа мерзімді күштiң бiрiгуiн негiзгi бiрiгу деп атайды.
Ерекше бiрiгу - тұрақты күш, ұзақ мерзімді және мүмкiн болатын қысқа мерзімді уақытша күштер мен бiр ерекше күштен тұрады.
Егер негiзгi бiрiгуде бiр қысқа мерзімді күш алынса, онда бiрiгу коэффициентi бiрге тең болады. Егер екi немесе үш қысқа мерзімді ететiн күштер алынса, бiрiгу коэффициентi -ға тең, төрт не одан да көп қысқамерзімді күштер алынса, бiрiгу коэффициентi -ге тең.
Ерекше бiрiгуде бiрiгу коэффициентi -ге тең.
Бiрiгу коэффициентi бiр уақытта бiрнеше қысқа мерзімді күштiң әсер етуi мүмкiн еместiгiн ескередi.
Құрылыс конструкцияларын есептеуде құрылыс конструкциясы материалы берiктiгiнiң қасиетi оның мөлшерлiк кедергiсiмен - анықталады, ал оның мәнi үлгiлердi сынау арқылы алынады. Тастан қаланған конструкция үшiн - тiкелей анықталмайды, себебi ол конструкция тас пен ерiтiндiден түрады.
Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
Құрылыста қолданылатын металдар және оның ерекшеліктері,қасиеттері, қолданысы
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
Жалпы ғимарат конструкцияларын шекті күйлері бойынша есептеу
Ұзындығы 6 м көп қуысты плитаны есептеу
Өнеркәсіптік ғимараттың темірбетондық және бетондық конструкциялық элементтері жайлы
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Темірбетон бұйымдарын өндірудің агрегатты-ағымды әдісі, қолданылуы бойынша арматуранын жіктелуі
Сәулеттік конструкция
Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар
Пәндер