Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

“ Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент” пәнінен

ОӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы

Орындаған: Берікбекова Лаура

Оқу тобы: ХН-221

Тексерген: Турусбекова А. С.

Семей 2015ж

Мазмұны

Кіріспе3

1 Орта және шағын кәсіпкерлікке түсінік4

2 ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы4

Қорытынды8

Пайдаланылған әдебиеттер9

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының материалдық негізі. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес тіптен мешеу қалып отыр деп көрсету шынайы экономикалық жағдайға сай келмейді. Үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей [1], бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2, 4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1, 6 есе өсті және 8, 3 млрд. теңгені құрап отыр. Қазақстан 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 12 орынға алға жылжып Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды.

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесі-20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік экономикада тек шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Дамыған мемлекетердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі мысалы, Жапонияда 55%, Ұлыбританияда-52%, Германияда-57%, Италияда-55%. Салыстырмалы сараптама Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің макроэкономикалық көрсеткіште үлесенің өте аз екенін көрсетеді. Оны 50 пайызға жеткізу үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарында қол жеткізу болжанып отырғаны белгілі. Сол мақсатқа жету үшін мәңгілік сұрақ - не істеу қажет? Шағын және кәсіпкерлікті дамытудың қандай жолдары мен тетіктері бар? Қандай экономикалық, әлеуметтік, саяси және психологиялық кедергілері бар?

1 Орта және шағын кәсіпкерлікке түсінік

Келтірілген және басқа анықтамаларда кәсіпкердің басты қызметі - тауар өндіру мен оны сату арқылы халыққа көрсететін қызметін елемей немесе көп көңіл бөлмей отырған сияқтымыз. Бүгінгі таңда кез келген тәулік уақытында қалаған тауар мен қызметті пайдаланып қажеттілігімізді қанағаттандыра аламыз. Кешегі Кеңес кезінде тауар тапшылығы, ұзақ тұратын кезек бүгінде жоқ және оны экономика тарихы тез ұмытты. Болған экономикалық-әлеумеметтік келеңсіздердің жоюуылуына себеп болған негізгі факторлардың бірі - мемлекетіміздегі кәсіпкерлердің көрсеткен қызметі. Сондықтан, халықтың санасына кәсіпкерді - өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, тәуекелділік пен тынымсыз еңбек арқылы халыққа қызмет атқаратын экономикалық адам-деген ұғымды енгізу қажет.

«Кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің үш түрлі нысаны бар: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік. Осы кәсіпкерлікті жүргізу түрлерінің айырмашылықтары негізінен кәсіпорындарда қызмет жасайтын еңбекшілер мен олардың табыс көлемімен анықталады. Мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:

• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер;

• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 6-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне:

• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын жеке кәсіпкерлер;

• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50-ден көп, бірақ 250 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 325000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне:

• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір жылдағы активтерінің жалпы саны 325000-еселік АЕК-тен асатын заңды тұлғалар жатады [2] .

2 ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Тәуелсіз Қазақстанның құрылған сәтінен бастап кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тарихы сонау 1992 жылдан басталатынын біреу білсе біреу білмейді. Айталық, шағын және орта бизнесті мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылық саласы болып табылатынын және тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтерді кең қолдануға жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурызындағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту мен оны дамытуды жандандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы; шағын кәсіпкерліктің қорын құруға жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылдың 26 сәуіріндегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысы; 1999-2002 жылдарда мемлекет шағын кәсіпкерлік саласындағы құқықтық актілерді, қаржы-несиелік және инвестициялық саясатты аймақтардағы шағын бизнестерді дамытуға, 2004-2007 жылдарда мемлекет кәсіпкерлік ортаны, қоғамдық инститтуттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі; Қазақстан Республика Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жодауына сәйкес қабылданған бағдарлама 2003-2015жж арналған Қазақстанның индустриялдық-инновациялық даму стратегиясымен сәйкес кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар «Даму» қорының жобалық қаржыландыру және лизинг, несие жүйесіндегі кәсіпкерлікті кепілдендіру ж. т. б көптеген шаралар қабылданды.

Орта және шағын бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің басшылығы үшін әрдайым басымдықты мәселе болып табылады. Мемлекет тарапынан қолға алынған, жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары ТМД елдерінің арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз болып табылады. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында шағын және орта бизнестің дамуын - еліміздің экономикалық саясатының басымдықты бағыттарының біріне жатқызған. Шағын және орта бизнесті дамыту - Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса - Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады. [1]

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өсіп, 2013 жылдың нәтижелері бойынша 1 542 мың бірлікті құраған. [3] . Осылайша, шағын және орта бизнес экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың арасындағы барынша кеңінен тараған қызметтің түріне айналып отыр. Бұл - мемлекетіміздің жоспарлы саясатының дұрыс таңдалғанын, сондай-ақ еліміздегі бизнес-климаттың қолайлы екенін куәландырады.

Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісінің нәтижелері бойынша 2014 жылы Қазақстан 2013 жылмен салыстырғанда өз позициясын 3 тармаққа жақсарта отырып, 189 елдің арасында 50 орынды иемденген [4] . Бұл зерттеу жыл сайынғы негізде 189 елде өткізіліп отырады және ол бойынша бизнес-климат қолайлылығының 10 бағыты бойынша елдердің рейтингісі анықталады.

1-сурет - Шағын және орта бизнестің тіркелген заңды тұлғаларының салалық құрылымы [5]

Қазақстанда 2013 жылы ЖІӨ 31 422, 7 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 17 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 20 пайызға жеттеді деп болжануда. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мүлдем басқаша сипат алған. Жапонияда 52 пайызды құраса, АҚШ-та 53 пайызды, ал Италияда 70 пайызды құрайды [4] .

2013 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 9019, 7 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 73, 1 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтары - 18, 9 пайызды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 7, 0 пайызды, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 1, 0 пайызды құрады [6] . Сонымен қоса, өзге де ШОК-тың негізгі көрсеткіштерін келтірілген кестеден көруімізге болады.

Кесте 1. 2013 жылғы Шағын және орта кәсіпкерлік дамуының негізгі көрсеткіштері, %

ШОК белсенді субъектілер саны
Жұмыспен қамтылғандар саны
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада)
: Қазақстан Республикасы
ШОК белсенді субъектілер саны: 107, 6
Жұмыспен қамтылғандар саны: 108, 4
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 103, 3
: Ақмола
ШОК белсенді субъектілер саны: 104, 9
Жұмыспен қамтылғандар саны: 108, 3
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 107, 8
: Ақтөбе
ШОК белсенді субъектілер саны: 103, 1
Жұмыспен қамтылғандар саны: 112, 6
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 103, 3
: Алматы
ШОК белсенді субъектілер саны: 100, 4
Жұмыспен қамтылғандар саны: 102, 5
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 101, 2
: Атырау
ШОК белсенді субъектілер саны: 101, 5
Жұмыспен қамтылғандар саны: 112, 8
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 102, 1
: Батыс Қазақстан
ШОК белсенді субъектілер саны: 103, 6
Жұмыспен қамтылғандар саны: 112, 8
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 102, 9
: Жамбыл
ШОК белсенді субъектілер саны: 108, 5
Жұмыспен қамтылғандар саны: 109, 8
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 107, 1
: Қарағанды
ШОК белсенді субъектілер саны: 109, 1
Жұмыспен қамтылғандар саны: 105, 7
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 103, 4
: Қостанай
ШОК белсенді субъектілер саны: 105, 5
Жұмыспен қамтылғандар саны: 106, 6
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 108, 2
: Қызылорда
ШОК белсенді субъектілер саны: 112, 7
Жұмыспен қамтылғандар саны: 106, 0
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 100, 9
: Маңғыстау
ШОК белсенді субъектілер саны: 109, 8
Жұмыспен қамтылғандар саны: 106, 4
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 101, 9
: Оңтүстік Қазақстан
ШОК белсенді субъектілер саны: 112, 5
Жұмыспен қамтылғандар саны: 108, 8
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 103, 0
: Палодар
ШОК белсенді субъектілер саны: 105, 2
Жұмыспен қамтылғандар саны: 111, 7
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 106, 1
: Солтүстік Қазақстан
ШОК белсенді субъектілер саны: 105, 9
Жұмыспен қамтылғандар саны: 99, 0
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 103, 5
: Шығыс Қазақстан
ШОК белсенді субъектілер саны: 104, 1
Жұмыспен қамтылғандар саны: 108, 3
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 105, 8
: Астана қ.
ШОК белсенді субъектілер саны: 106, 9
Жұмыспен қамтылғандар саны: 11, 6
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 102, 4
: Алматы қ.
ШОК белсенді субъектілер саны: 116, 8
Жұмыспен қамтылғандар саны: 112, 2
Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада): 102, 3

2013 жылғы мәлімет бойынша ШОК-тағы белсенді субъектілер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұрса, ең төменгі көрсеткішті Алматы облысы көрсетуде. Сәйкесінше жұмыспен қамтылғандар саны мен өнім шығарылымы бойынша Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының көрсеткіштері жоғары.

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің теориясы
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындарының дамуы жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындарының дамуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту
Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы жайлы
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Шағын бизнес теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz