Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы


Кіріспе бөлім: І. Латын тілінің шығу тегі
Негізгі бөлім: І. Латын тілінің медицинадағы алар орны
ІІ.Қазіргі ғылымдағы латын тілінің маңызы қандай?
Қортынды бөлім: ІІІ. Қазіргі таңда латын тілінің алар орны
Пайдаланған әдебиеттер
1. Г.И ВАЛЛ Латинский язык Москва 1990год
2. Азаматова А.Х. Латинский язык и основы научной терминологии.Алматы, 2008.
3. Григорьян Е.Л. Пособие по латинскому языку для студентовисторического, философского и юридического факультетов. Ростовскийгосударственный университет, 2002. - 44 стр.
4. Муканова З.А. Учебник «Латинский язык» (для гуманитарныхфакультетов университетов. – Алматы, 2006.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 16 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім Атындағы Семей Мемлекеттік университеті

СӨЖ№1
Тақырыбы: Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы.

Орындаған: Даулы Надира
Тексерген: Билялов Е. Е.

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар
Кіріспе бөлім: І. Латын тілінің шығу тегі
Негізгі бөлім: І. Латын тілінің медицинадағы алар орны
ІІ. Қазіргі ғылымдағы латын тілінің маңызы қандай?
Қортынды бөлім: ІІІ. Қазіргі таңда латын тілінің алар орны
Пайдаланған әдебиеттер
Латын тілінің шығу тегі
Рим өркениеті 2 мың жыл бұрын пайда болса да, біз ежелгі римдіктердің өмірі туралы көп нақтылы мәліметке иеміз, бірақ бұлардың барлығы тарихи фактілер емес. Ол көбінесе аңыздармен, ертегілермен, риторикалық қиялдармен тығыз байланысты (кейде тіпті әдейі бұрмаланған). Мысал ретінде Тит Ливийдің атты 142 кітаптан тұратын монументтік шығармасы алынады, кезінде ол замандастар арасында үлкен беделге ие болып кеңінен тарағанын айтуға болады.
Археологиялық қазбалар адамдардың Италияда палеолит дәуірінен бастап пайда болғанын нақтылайды. Олар үңгірлерде өмір сүріп, аңшылықпен айналысқан. Шамамен б.з.д. 1800 жылы түбекте солтүстіктен келген жаңа қоныстанушылар пайда болды, олар өздерімен бірге мәдениетін ала келген (итальянша - қара, майлы жер).
Рим құрылғанға дейін Италияға Еуропаның басқа елдерінен түрлі халықтар қоныс аударған. Шамамен алғанда б.з.д. 2000 жылдан бастап орталық Еуропаның қоныстанушылары Альп тауларынан өтіп, көбінесе Италияның солтүстік-батысында тұрақталған (олардың ішінде қазір латындар деп аталатын тайпалар да бар). Кейбір қоныстанушылар, деген атпен таралған тайпалар тобы, Сицилияға, Сардиния мен Корсикаға Солтүстік Африкадан қоныс аударған. Шамамен, б.з.д. 750 жылы Грециядан шыққан қоныс аударушылар оңтүстік Италия мен Сицилияның жағалауында тұрақтала бастаған. Бұлардың осы аудандағы ықпалы басым болғандықтан, римдіктер бұл ауданды деп атаған.
Негізінен, Италия Апеннин түбегінің оңтүстігінен басталады. Мәдениет тарихында өзінің рельефіне байланысты, орталық Италияның батыс бөлігі, маңызды рөль атқарып кеткен.Мұнда Этрусс (Флоренция орналасқан),Латын (орталығы Рим болған) және Кампан (Капуя мен Неаполь орналасқан) деген үш жазықтық жатыр. Тибр өзенінің сағасында кеме қатынастары үшін ыңғайлы табиғи порттары бар жағалаулар да орналасқан. Түбекте кеме қатынастары бар өзендерге тек Тибр мен По жатады. деп алғашқыда түбектің тек оңтүстік бөлігі аталған (латынша vitalus - бұзау, өйткені мында жақсы жайылымдар болды). Осыдан VITALIA - ITALIA. Кейін бұл атау Апеннин түбегінің барлық территориясына жайылды. Тибр өзенінің жағалауында орналасқан солтүстік-шығыстан Сабин, шығыстан Албан,ал оңтүстік жағынан Вол тауларымен қоршалған Латын жазықтығының орналасуы түбектің тарихында латын тайпасының ерекше рөл атқарып маңызды ықпал етуіне себеп болды. Керісінше, Италияның шығыс бөлігі негізінен жазықтықсыз маңызды рөл атқармайтын таулардан тұрады, мұнда керемет Умбрия бақтары, Ассизи мен Анкон қалалары, олардан оңтүстікке қарай марс, пелигн, марруцин және вестиндердің отаны жабайы Сабель таулары мен Самний қыраты орналасқан. Орталық Италияның шығыс бөлігінде ыңғайлы аймақтар жоқ, ал оңтүстік Италияның жағдайы өзгеше. Оның батыс бөлігінде самнит туыстас таулық тайпалар мекендеген Лукания мен Бруттий таулары орналасқан. Шығыс бөлігінде өзінің Тарент шығанағымен Грециядан шыққан колонистерді қызықтырған, су тапшылығы мәселесі алаңдатып отырған Апулия мен Калабрия жатыр. Көптеген грек отарлары: Тарент, Регий, Кротон, Метапонт, Посидония, Элея және басқалары бұл жақты дамудың әлемдік орбитасына ерте қатыстырды (кейіннен деп аталған). Италияға жақын орналасқан аралдардың ішінен мәдениет тарихының дамуына үлкен үлес қосқан - Сицилия. Аралдың шығыс және оңтүстік бөлігін игерген гректерден басқа мұнда Панорм (қазіргі Палермо) мен Лилибей (қазіргі Марсала) қалаларын құрған финикийліктер келген. Қатал климатты, құнарлы Сардиния мен жабайы таулы Корсика аса маңызды болмаған.
Қазіргі Италияға тән апельсин мен лимон ағаштарын, агава мен эвкалипті ежелгі ел тұрғындары білмеген, ал финик пальмасы мен анарды мұнда карфагендіктер әкелген. Грецияға қарағанда Италияның жерлері әлде қайда құнарлылау, әсіресе өзінің шарабымен әйгілі По мен Кампания алқаптары,- грециядағыдай мұндағы жерлерді өңдеу үшін орасан зор еңбекті қажет етті; көптеген батпақты жерлерді кептіру, ал суы тапшы жерлерді суару қажет болды. Бұл істерде этрусстардың керемет шеберлігі бүгінгі күнде де таңқалдырар болып отыр.Италияда Грецияға қарағанда металл кеңдері аз таралған. Тек қана Этрурияда мыс пен қалайы, ал Эльба аралында темір кеңдері өндірілген. Металл өңдеуде тағы сол этрустар керемет жетістіктерге жеткен.
Этрустар туралы сөз қозғалғандықтан және этрустардың Рим дамуына тигізген ықпалымен санасу қажеттілігінің нәтижесінде Этрус халқы мен өркениеті туралы біраз мәлімет беру қажет.
Этрурия - ежелгі дүниенің ұлы мемлекеті болған. Алайда өзінің өркениетінің өркендеп тұрған кезеңінде де Этрурияда, орталықтанған мемлекеттік құрылым болған жоқ. Этрус мемлекетінің әр қаласы тәуелсіз өмір сүріп, жеке қала-мемлекет болуға талаптанды. Этрус құдіретінің дамыған дәуірінде, он екі этрусс қалаларынан тұратын федерация құрылды, дегенмен бұл федерацияға енген әр қала өзінің саяси және экономикалық дербестігін сақтап, оларды тек діни сенімдері байланыстырған.
Этрус қалаларымен алғашқыда патшалар, ал одан кейін сайланған тұлғалардың алқасы басқарған (zilath). Іс жүзінде билік ақсүйек рулары мен олардың рубастарының қолында болған (лукомондар). Ертеден бастап Этрурия қалалары қолөнер мен сауда орталықтары еді. Ол кезеңдерде сауда теңіз қарақшылығымен тығыз байланысты болды; этрус (грекше - тиррен) қарақшыларының даңқы бүкіл Жерорта теңізіне дүркіреген.
Этрус шеберлерінің металл өңдеу, айна және құмыра жасау, алтын мен піл сүйегінен жасалған зергерлік бұйымдармен аты шыққан.Этрустардың Балтық тенізінен әкелінген янтарьдан жасалған көркем туындылар да кездеседі. Этрустар Гректермен, Мысырлықтармен, Карфагендіктермен және т.б. халықтармен теңізде сауда жасаған.
Этрус экономикасының енді бір саласы - ауыл шаруашылығы. Этрурия аумағының көптеген аймақтары таулы, батпақты жерлер болғандықтан, топырақ ұқыпты өндеуді керек еткен. Сонымен байланысты этрустар әртүрлі дренаждық құрылыстар мен су бұрғыш құбырлар және т.б. құрастырған. Кейбір жанама мәліметтер ауыл шаруашылығында құлдар қолданылды деп мәлімдейді, бірақ мында құлиеленушілік аз дамығандықтан құлдардың еңбегі басым болды деуге болмайды.
Этрус құдіретінің өркендеген кезеңі - VII-VI ғасырлар. Осы кездерде этрусс қалалары Италияның солтүстігі мен оңтүстігінде кең көлемді экспансионистік отарлау саясатын жүзеге асырған. Олар өзінің билігін Апенин түбегінің барлығына жайып, VI ғасырда этрустардың экспансиясы оның шегінен шығып, Корсиканы жаулап алады. Ол Корсикаға бет бұрған батыс гректермен қақтығысуларға әкеліп, сонымен қатар Жерорта теңізінің тағы бір ірі мемлекеті Карфагенмен одақтасуға әкелді. 535 жылы Корсика жағалауының маңайында карфагендіктермен одақтасқан этрускілер ұлы теңіз шайқасына қатысып, оның нәтижесінде гректер аралды қалдырып кетуге мәжбүр болды.
Этрускілердің Римге кіруі де осы кезеңге жатады. Олар Римді қарулы күрес арқылы әлде Этрус патшаларының әулеттерінің кұдіреттілігі бейбіт жолмен билікке келген-келмегені түсініксіз, бірақ Рим қала-мемлекет ретінде дәл осы кезеңдерде пайда болып, этрустардың арқасында ол шағын ауылдардан белгілі сәулет негіздеріне байланысты қала орталығына айналды.
Этрустардың билігі ұзақ уақытқа созылған жоқ. VI ғасырдың аяғында этрус қалаларының арасында іштей күрес басталып, осы кезде римдіктердің этрускілерге қарсы көтерісі басталады. Б.з.д. 474 жылы Кум маңында теңіз шайқасыда этрус кемелері Сиракуз билеушісі Гиероннан жеңіліс табады. Бұл соққы Этрурияның теңіз державасы ретіндегі атағының құлдырауына әкелді. Этрускілердің әлсіреу кезеңі-римдіктердің күшеюімен қатар жүріп этрусс қалалары бірінен кейін бірі Рим құдіретіне бағындырылады. Осы қалаларға рим коллонистері көшіп, ежелгі әдет-ғұрыптар мен бірге тіл де жойылады.
Этрус тілі негізгі шешілмеген жұмбақтардың бірі болып келеді. Бізге дейін жалпы саны тоғыз мыңнан астам құмыраларда, айналарда, естелік тастарда жазылған жазулар жетті. Этрусс қолжазбалы ескерткіштерінің ең ірілерінің бірі зығыр матасында жазылған (liber linteus) деп аталған. Бізге белгілі этрусс жазбаларының ең көнесі б.з.д VIІ ғасырға, ең кеш жазылғаны б.з.д. І ғасырға жатады. Этрусс жазуларының оқылуы бірінші көргенде қиындыққа түспейтін деп көрінеді. Этрусс алфавиті ежелгі грек алфавитінің негізінде, ал ол өзінің кезегінде латын алфавитінің негізінде қаланды. Оқылу жеңілдігі жалған болып шығады, өйткені этрусс тілінің өзі өте ерекшеленіп басқа бір де бір тілмен салыстырылмайды. Этрускологтар оны грек, латын, герман және славян тілдері арқылы оқып көрген, кейбіреулері индоевропалық топшамен қанағаттанбай семиттік, кавказдық, малазийлік тілдермен, енді біреулері жапон тілімен салыстырып көрген. Олардың барлығы жарамсыз болып, этрусс тілін оқу жүз жылдан асса да, біз бірнеше этрусс сөзін және бірнеше жеңіл грамматикалық формаларды ғана танитын болдық.
1964 жылы археологтар таң қаларлық жаңалыққа тап болды - ежелгі Пирги (Рим қаласынан 50 шақырым) қаласының маңынан, алтыннан құйылған этрус және пуникалық (карфагендік) жазулары бар үш тақтайшаны тауып алған. Олардың екеуі бір уақытта жасалып, жабыстырылған, сондықтан олардың мәтіндерінің бірдей болуының мүмкіндігі пайда болды. Ол солай болатын болса, біз екі тілдес (билингва) жазуға ие болар едік пуникалық жазу этрус жазуының оқып алуына көп ықпал жасар еді,- бұл үміт ақталған жоқ - жазылған мәтіндер бір-біріне мазмұны жағынан жақын болса да сәйкес болмай шықты, сондықтан олардың бірі арқылы екіншіні аудару мүмкін емес.
Этрускілердің шығу тегін екінші шешілмеген сұрақ деп санауға болады. Ол бірінші жұмбақпен байланысты екені мәлім, өйткені тілдің құпиясы ашылатын болса, халықтың шығу тегі туралы сұрақ та шешілер еді.
Ежелден бері этрускілердің шығу тегінің екі нұскасы болған. Геродоттың айтуынша,этрускілер Кіші Азиядан қоныс аударған, яғни Италияға шығыстан келген. Осы нұсқаның тағы біреуі Ливийдің айтуынша, олар Италияға Альп тауларынан түскен, яғни солтүстіктен келген.
Этрускілердің шығу тегі туралы басқа көз қарасты б.з.д І ғ. Римде тұрған малазиялық Галикарнаста туған Дионисий Галикарнасский ұсынады. Ол Геродотқа қарсы шығып, этрускілердің малазиялық шығу тегін жоқтыртып, оларды көшпенді емес италиялық жергілікті (автохтондар) тұрғындар деп болжам жасаған.
Ғылымда осы екі ңұска да берілген. Этрустардың шығыстан шықты деген теорияның жақтаушылары олардың Италияға келуін аталмыш эгей қоныс аудару толқындарының бірі- этрускілер италияға бәрі бірдей емес шағын бірақ едәуір үлкенді-кішілі топшалармен қоныс аударғандығына көңіл аударады. Осы көз қарастың қарсы жақтары келесі ойларын білдіреді: егер этрускілер Италияға теңіз жолымен келсе, неліктен олардың барлық қалалары теңіз жағалауында емес, олардан алшақ жерлерде орналасқан. Екі теорияның екеуінің де күшті және әлсіз жақтары бар, алайда осы теориялардың екеуіне де басымдылық берілмейтіндіктен, қазір әйгілі итальян этрускологы Массимо Паллотинодан бас алған жаңа көзқарас пайда болған-ды, ол этрускілердің шығу тегін табу үшін этрусс тарихы мен мәдениетінің мәселелерінің шешуін талап етеді. Осы тұрғыдан зерттеуші даусыз фактілерге сүйене алады.
Грек тілімен қатар латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Жалпы тараған лингвистикалық классификация бойынша латын тілі өлі (яғни қазіргі кезде қолданылмайтын) италийлік тілдерге жатады. Италилік тілдер қатарына Италияда б.з.д І ғ. екінші ширегінен б.з І ғ. аралығында мекендеген ежелгі италилік тайпа тілдері жатады (тарихқа мәлім оск, умбр, сикул және т.б). Өз кезегінде италилік тіл үндіеуропалық тіл тобына жатады, сонымен қатар бұл топқа грек тілі, үнді тілдері, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б тілдер жатады. Латын тілінің атауы Тибр өзенінің төменгі ағысында орналасқан Лациум (Latium) тарихи аймағында мекендеген ежелгі италилік латын тайпасымен тығыз байланысты. Лациумнің орталығы б.з.д VIII ғ. латын тайпасы негізін қалаған Рим қаласы болды. Оның негізін латындар мен сабиндік ауылдардан тұрған, ал саяси және мәдени жағынан гректер мен этрускілер үстемдік етті. Б.з.д 753 жылы Римнің қалыптасқан уақытында мемлекеттің басты құрамын италиктер құрап, екі диалектикалық топ - латын - фалилік және оск - умбрилік топтарды қалыптастырылған-ды. Латындар алғашында ежелгі Лация территориясында өмір сүрген, оның шекаралары-Тибр және Аниен өзендері, Апенин, Вольск таулары мен Тиренн теңіз аралығы.Римдік жаулап алу соғыстары кезінде олардың тілі бүкіл Италияға, кейін бүкіл антик әлеміне тараған. Латын хаты ежелгі римдіктермен пайдаланылып, Батыс Еуропа халықтарының көптеген хаттарының негізі болған. Латын алфавиті алғашқы уақытта көп түрлі алфавиттердің бір түрі еді, ал финикилік алфавитті гректер мен басқа халықтармен қабылданып алудың нәтижесінде қалыптастырды. Латын жазуын батысгректік жазуға жақын және шығысгректік ионилік алфавиттен ерекшеленетін этруск алфавиттерінің бірі де қолданылған. Көптеген әріптердің жазылуы аталып кеткен алфавиттерде өзгеріссіз сақталса, осы әріптердің дыбыстық мағынасы өзгеріске ұшырағаны байқалады. Латын алфавиті ежелгі грек алфавитіне ұқсас келеді. Антикалық тарихи әдепке сәйкес жазу өнері Лациумге гректермен Пелопоннестен әкелінген, олар Рим орталығында орналасқан Паланиге көшіп қоныстанған. Латын алфавиті мен жазуы пайда болуының әртүрлі нұсқалары бар. Ең кең таралған нұсқаларына сәйкес латын жазуы б.з.д ІХ ғ. қалыптасқан грек алфавит жазуының негізінде жасалған. Себебі Италияның оңтүстік бөлігінде бұрыннан көптеген грек қалалары мен тұрғылықты аймақтары орналасқан және гректер мен латындар арасында мәдени байланыс ерте орнатылып, тұрақты болған. Мысалы,Рим қаласының маңында орналасқан Габий қаласында да грек мәдениеті үстемдік етіп, онда антикалық аңыздарға сәйкес келешек Римнің негізін қалаушылар - Ромул мен Рем сауат алған. Әрине,латын жазбасы пайда болды деп айтуға болмайды, тіл қалыптасу жолында барлық процестер ұзаққа созылады, кейде көптеген мыңжылдықтар аралығында қалыптасады, латын тілі мен латын алфавиті де баяу және өз ретімен дамыды. Латын алфавитінің қазіргі бізге үйреншікті аяқталған түрі б.з.д VI-ІІІ ғ.ғ қалыптасқан. Латын жазбасының алғашқы ескерткіштері (тастағы және әртүрлі нәрселердегі жазбалар) ежелгі грек жазуымен туыстығын көрсететін архаикалық әріп жазбасымен ерекшеленді. Көптеген ежелгі латын жазбалары жазуды оңнан солға қарай жазған, тек б.з.д ІV ғ. жазу сол жағынан оңға қарай бағытталып тұрақты орнатылды.
Кейіннен классикалық латын жазуы да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Б.з.д І ғ. бастап У және Z тек грек тілінен шыққан сөздерде пайдаланылды. Антик кезеңінен кейін әріптерді жазбаша және қатармен бөлу пайда болды, сонымен қатар тыныс белгілер мен диакритикалық белгілер (әріптің үстінен немесе астынан қойылатын белгілер мағынасын анықтау үшін қолданылады). Б.з.д ХІ ғ. W әрпі, ал ХVI ғ.- J және U әріптері еңгізілді.
Латын тілінің бүкіл тарихы және ежелгі Рим тарихының ең бір ерекше және қызықты сұрақтарының бірі-Римнің мәдени ізбасарлары мен саяси бәсекелестер латындар мен этрускілердің қарым - қатынастары болған еді. Этрускілердің пайда болуы мен тілінің қалыптасуы, айтылып кеткендей, әлі күнге дейін анықталмаған. Этрус тілі жерортатеңіздік тіл тобына жатады (Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізі аралдарындағы үндіеуропалық тіл қатары емес). Мүмкін, этрусс алфавиті грек алфавиті негізінде қалыптасқан. ХVIІІ ғ. этрус теориясындағы латын тілінің қалыптасуының теориясы пайда болды, бірақ этрус тілі жайында мәлімет өте аз болғандықтан (аз ғана жазбалар сақталған, олардың қазіргі таңда тек 150 сөзі ғана шешілген), оны анықтау мүмкін емес.
Этрускілер Римнің солтүстік батысында орналасқан Этрусияда мекендеген және олар жоғарғы мәдениетке ие болған ( ол жайлы этрус өнерінің ескерткіштері мәлім етеді). Римдікдер этрускілерден өнер (сонымен қатар әскер өнері),саяси мәдениет пен діни әдет - ғұрыпты қабылдапты. Б.з.д VIғ. этрускілер Римнің оңтүстігіне жылжуының нәтижесінде Тарквини этрусс династиясынан шыққан патшалардың қол астына енуіне тура келді. Ақырғы Тарквинидің қуылуы нәтижесінде (б.з.д 510 жылы, осы кезеңде ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет24 бет
Латын тілінің шығу тарихы4 бет
Латын тілінің шығу тарихы жайлы6 бет
Латын тілінің шығу тарихы туралы6 бет
Латын тілінің шығу тарихы туралы ақпарат23 бет
Латын тілінің шығу тарихы. Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық82 бет
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШАДЫ6 бет
Xix ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі4 бет
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы7 бет
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы13 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь