Төтенше жағдай, туындау себептері



1.Төтенше жағдай, туындау себептері.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;
3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар;
4. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдай;
5.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы:1. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. 2. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. 3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.

Орындаған:Каримова С.
Тексерген:Нуржуманова Ж.М.

Семей 2015ж.
Жоспар:
1. Төтенше жағдай, туындау себептері.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;
3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар;
4. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдай;
5. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.
Төтенше жағдай пайда болу жағынан - табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
- қоршаған ортаның зиянды заттардан ластануы;
- жарылыс,өрт;
- көлік комуникациясындағы ТЖ;
- әскери саясаттық сипатта болатын;
- стихияға әкеліп соғатын.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.
Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы Қазақстан Республикасы аумағыңда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүгізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген ; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңарды бұзғаны үшін жауапкершілік аңықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде лусекелер қамтылған.
Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл ұзылуына, адамдардың өліміне, ауьш шаруашылығы малдарының шетінеуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.
Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққын зілзала.Төтенше жағдайлардың көбесі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғьшалар, қар кешкіні, дауылдар күртік, орман және дапа өрттері т. б.Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады.
Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер кең орыс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай өсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.
Авария -- технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы.Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олар пайда болған көсіпорынның олардың ерекшелігіне байланысты авариялардың әдеттегідей зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіне.
Апат -- бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірдумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала
Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:
Көлеміне бойынша: кіші, орташа, үлкен болады.
Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткен алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ
Турі бойынша: - табиги (табиғи немесе дүлей зілзала);
-жасанды (антропогендік, атап айтқанда факторы әсерінен) болады.
Табиғи:
1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегідей тыс аптап, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған, өрттер).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Косиостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1. Көліктік(космостық, авиациялық, автомобильдік. теңіз, өзен, темір жол). 2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эвдемиялық).
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік, терроризм, маскүнемдік, нашақорлык, токсикомания).
Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ -- бұл төтенше жағдай.
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады, бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомствалық қатыстылығы бойынша.
3.Аймақтық таралуы бойынша.
Пайда болу саласы бойынша жағдайлар:
-табиғи;
-техногенді;
- жанжалды болып бөлінеді.
Табиғи төтенше жағдайларға:
-геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
- геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы);
- метеорологиялық және арометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т. б.);
- теңіздегі гидологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т. б.);
- гидрологиялық кауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);
-табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік);
-адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
-ауылшаруашылык малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
-ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:
- өндірістік;
- транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магастральді өткізу құбырларындағы авариялар);
- өрттер(жарылыстар)
- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- РЗ тасталуымен авариялар;
- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- ғимараттардың кенеттен құлауы;
- электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;
-тазартқыш құрылыстағы авариялар;
- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға
- қарулы шабуыл;
- кейбір аймақтағы шабуыл;
- соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
Ведомстволы қатыстыгы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
-құбылыста;
- өндірісте;
-халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;
-көлікте;
-ауылшаруашылық;
- орман шаруашылығында;
-көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнай өткізгіштер).
Аумақтык таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі);
-жергілікті (таралуы елді мекендерде. аймақта, облыста шектеледі);
-аймақтық (таралуы бірнеше аймақта);
-кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).
Қазақстан Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамидан, тайфуннан және табиғи шымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері тән.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері - бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер ( эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел);
-гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
-метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
-табиғи өрттер;
-эпидемиялар және эпизоотиялар;
ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен зақымдануы.
Геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық құбылыстар немесе әр түрлі табиғи, гидродинамикалық факторларды немесе олардың үйлесімдері әсерінен жер астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе геологиялық жағдайлар жатады.
Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмологиясызерттерйді.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және жылдам таралатын дүлей зілзалаға жатады. Оған дейін алдын ала дайындық және көшіру шараларын жүргізу мүмкін емес, сондықтан жер сілкінісінің зардаптары көптеген экономикалық шығындармен және көптеген адамдардың қаза болумен байланысты. Зардап шеккендердің саны жер сілкінісінің орны мен күшіне, халықтың тығыздығына, құрылыстардың сейсмотұрақтылығы мен биіктіктеріне, тәулік уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне, халықтың және арнайы іздеу-құтқару құрамаларының (ІҚҚ) дайындықтарының дәрежесіне тәуелді.

Жер сілкінісі өзінің зардаптарымен қауіпті (екінші рет қайталанған фактор): табиги зардаптар: жердің бұзылуы (жарықшалар және ығысулар); сырғымалар, көшкіндер, селдер, топырақтың басылуы, цунами; адамдардың іс әрекетіне байланысты зардаптар: қирандылар, ғимараттардың құлауы, бөгендер зақымдалған кездегі су басу, энергия көздерінің, мұнай қоймаларының, газ өткізгіштердің зақымдалуынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлар және қауіпсіздік шаралары
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Радиациялық қауіпті объектілер
Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
Техногенді төтенше жағдайлар
Мұнай өнімдерінің магистральдық құбырларының ЖІО шаралары
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері. Транспорттагы төтенше жағдайлар. транспорттық оқиғаларды топтастыру
Химиялық кәсіпорындарда жұмыс тұрақтылығын жоғарылату
Пәндер