Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат



І. Алғашқы халықаралық анатомиялық номенклатураны құрушылар

ІІ. Латынша.орысша.қазақша жалпы терминдер

ІІІ.Қазақ анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары
Бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын жылдарында алғашқы анатомия терминдерді қазақша-орысша-латынша сөздіктерді жарыққа шығарған (1963, 1966) қазақ халқының көрнекті азаматтары — Қарынбаев Сибағадолла Рысқалиұлы мен Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы еді. Олар өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет атқаруларына қарамастан (Қазақстанның денсаулық сақтау министрі, республикалық дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы), "ұлтшыл" деген жала жабылудан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім, ғылым салаларында және әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуына әсерін тигізген.
Ж.Б.Ахметов патология терминдерін қазақша сөйлеткен бірінші ғалым. Алғашқы «Патологиялық анатомия» оқулығы (1993ж.) жазылған кезде Қазақстанда, медицина саласында, қазақ тілінде жазылған бірде-бір оқулық жоқ болатын, бұл оқулық Денсаулық Сақтау министірлігінің арнайы сыйлығына ие болды. 1994 жылы «Ана тілі» газетінде Ж.Б.Ахметов ұсынған 145 медициналық терминдердің тізімі жарияланды. Сол жылы «Патологиялық анатомия» терминдерінің «Орысша-латынша-қазақша түсіндірме сөздігі», ал 1995 жылы «Патологиялық анатомия» оқулығының жеке бөлімі баспадан шықты.
1. Рақышев А.Р. Казахско-русско-латинский словарь М.Исамбаев. Орысша-латынша-қазақша терминология сөздігі. Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. Алматы, 1960 ж.
2. Омических терминов, 1-бөлім. Каз. мем. оқу-пед. басылым, Алматы, 1963.
3. ТиборДонат. Толковый анатомический словарь. Будапешт, 1964.
4. Рақышев А.Р. Казахско-русско-латинский словарь анатомических терминов, 2-бөлім. "Мектеп" басылымы, Алматы, 1966.
5. С.Толыбеков. Кочевое общество казахов в XVII - начале XX века. "Наука" басылымы. Алматы 1971.
6. Михайлов С.С. Международная анатомическая номенклатура. Москва, Медицина, 1980.
7. Куприянов В.В. Отечественная анатомия на этапах истории. Москва, 1981.
8. Kaplan Arinci. Anatomiterimleri. Анкара, 1983.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ №2

Тақырыбы: Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

Орындаған: Бердіханова Балнұр

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспары:

І. Алғашқы халықаралық анатомиялық номенклатураны құрушылар

ІІ. Латынша-орысша-қазақша жалпы терминдер

ІІІ. Қазақ анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары

Алғашқы халықаралық анатомиялық номенклатураны құрушылар
Бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын жылдарында алғашқы анатомия терминдерді қазақша-орысша-латынша сөздіктерді жарыққа шығарған (1963, 1966) қазақ халқының көрнекті азаматтары -- Қарынбаев Сибағадолла Рысқалиұлы мен Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы еді. Олар өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет атқаруларына қарамастан (Қазақстанның денсаулық сақтау министрі, республикалық дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы), "ұлтшыл" деген жала жабылудан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім, ғылым салаларында және әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуына әсерін тигізген.
Ж.Б.Ахметов патология терминдерін қазақша сөйлеткен бірінші ғалым. Алғашқы Патологиялық анатомия оқулығы (1993ж.) жазылған кезде Қазақстанда, медицина саласында, қазақ тілінде жазылған бірде-бір оқулық жоқ болатын, бұл оқулық Денсаулық Сақтау министірлігінің арнайы сыйлығына ие болды. 1994 жылы Ана тілі газетінде Ж.Б.Ахметов ұсынған 145 медициналық терминдердің тізімі жарияланды. Сол жылы Патологиялық анатомия терминдерінің Орысша-латынша-қазақша түсіндірме сөздігі, ал 1995 жылы Патологиялық анатомия оқулығының жеке бөлімі баспадан шықты.
Ж.Б Ахметов Республикалық терминология комитетінің мүшесі ретінде медициналық сөздіктер жазуға үзбей атсалысып келеді. КазҰМУ- тінде дайындалған Орысша- қазақша медициналық сөздіктің(Алматы, 1999,242 бет), Орысша-қазақша, қазақша-орысша медициналық сөздіктің (Алматы, 2003, 352 бет), Ағылшынша-қазақша медициналық сөздіктің (Алматы, 2003, 600 бет),белді бір авторы.
Д.А. Жданов: Бұл ғылым тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ресми түрде мойындалған латын анатомиялық терминдерінің тізімі. Өйткені ғылымның әр түрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай халықаралық тіл болып қала береді. Сөз жоқ, кеңес анатомдарының жақын арадағы міндеті ұлттық анатомиялық терминологияны құрастыру болып табылады. Бүл салада Н.А. Шейн, Н.М. Максимович-Амбодик, Е.О.Мухин, Г.А. Загорский, Н.И. Дьяконов, Н.А. Карузин және басқа орыс ғалымдары көп еңбек еткен -- деп жазды.
Анатомия терминдерінің ең алғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғалымдарының қатысуымен құрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді. Тізім Базель анатомиялық номенклатурасы (В. N. А. -- Basler Nomina Anatomica) деген атпен жарияланды. Алайда, бұл номенклатура анатомдар арасында баяу таралды, ал Англия мен Францияда тіптен қолданылмады десе де болады. Көптеген анатомдарға, В.М.А.-ны түзетіп, толықтыру қажет екені аян болды. Сондықтан, Германия анатомиялық қоғамының 1935 жылы Иенде өткен съезі, анатомиялық терминдердің жаңа тізімін қабылдады. Бұл тізім, ғылыми әдебиетке -- Иен анатомиялық номенклатурасы (І.N.А. -- Ienar Nomina Anatomica) деген атпен енді. 1955 жылғы Париждегі конгресте халықаралық анатомия номенклатурасы комитетінің (І.А.К.С.) үсынуымен, Париж анатомиялық номенклатурасы (Р.Ы.А) деп аталған анатомия терминдерінің жаңа тізімі бекітілді. Егер бұрынғы ІШ.А. тізімінде 5600 анатомиялық терминдер болса, Париж номенклатурасы 200-ден аса жаңа терминдер енгізді де, Базель номенклатурасына кірген 4286 терминдерді қалдырды.

Латынша-орысша-қазақша жалпы терминдер
Медицина ғылымының негізгі бір саласы - адам анатомиясы -медицинаның іргесін қалайтыны белгілі. Болашақ дәрігеpлердің адам денесінің құрылымы туралы білім алуы медицина әліппесін анатомиялық терминдерді игеруден басталады. Жоғарғы оқу орындарына түскен студенттерге ең алғашқы күндерден бастап-ақ анатомиялық латын терминологиясының сөздігі қажет болады. Мұндай сөздіктің, орта мектепті бітірген жастар үшін латын терминдерін орыс және қазақ тілдерінде оқып түсінуінде маңызы зор. Тілді, әсіресе латын және орыс тілдерін игеру қиындыққа түскен студент кездердің өзінде-ақ анатомиялық терминдердің үш тілдегі сөздігін құрастыра жүргенді. Осы көп жылдық жұмыстың нәтижесі ретінде Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі деп аталатын екі бөлімдік кітап (І бөлім, Алматы, 1963, ІІ бөлім, Алматы, 1966) оқу құралы ретінде жарық көргенді. Кейіннен бұл сөздіктер белгілі толықтырудан кейін, 1994 жылы (Алматы, Демеу) бір кітап болып баспадан шықты.
Г. Себепов (Известия ФАН, 1944) түйе шаруашылығына байланысты қазақ тіліндегі 112 терминді есепке алғанда, оның 40-ы тек қана түйе және оның төлдері атауларына арналғанын айтады. С. Толыбеков "Қазақтың көшпелі қоғамы" (1971) атты кітабында жылқы малының 38-ден астам түрлерін атап көрсетеді. Терминдердің байлығын академик В.В.Радлов қазақтардың өмір сүру салт-тұрмысымен байланыстырады. Алайда нерв, қан тамырлары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына қатысты кейбір баламаларда орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде қолданғанындай, терминдерді латыншадан транскрипциялауды және транслитерациялауды пайдаланған. Мәселен: орыс анатомиялық термині Гипофиз (латынша hypophysis) -- қазақ терминологиясы бойынша -- гипофиз; және т.б.
Көптеген ғылым салаларында және оның ішіндегі анатомия пәніндегі ғылыми ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп, баяу және кейде ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Пәндер