Шошқа обасы кезіндегі биопрепараттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы :Шошқа обасы кезіндегі биопрепараттар.

Орындаған: Белгибек Д. Б

Тексерген: Жакиянова М. С

Семей қаласы 2015

Жоспар

  1. Шошқа обасы, тарихы
  2. Профилактикасы
  3. Емі

Шошқалардың классикалық обасы

Классикалық шошқа обасы - күшті безгек, сонымен қатар септицемия және гемморагиялық диатезбен сипатталатын жоғары контагиозды ауру, оған тікішектің жуан бөлігі шырышының қатты немесе созылмалы қабынуы тән.

Шошқалардың классикалық обасын (ШКО) ерекше қауіпті инфекцияларға жатқызады (А тізімі), сонымен қатар жоғары дәрежеде ұйымдастырылған санитарлық-ветеринарлық қадағалау бар дамушы және дамыған елдерде шошқа шаруашылығы үшін үлкен экономикалық нұқсан келтіреді.

Аурудың тарихы, оның таралуы және қауіптілік дәрежесі.

Аурудың алғашқы сипаттамасы 1833 жылы Солтүстік Америкада кездеседі. Европа елдерінде ол 19 ғасырдың 60-жылдарынан 20 ғасырдың 50-жылдарының соңына дейін таралды, ол әлемнің көптеген елдерінде тіркелді. Бұрынғы КСРО елдеріне оба вирусы 1893 жылы Батыс Европадан әкелінді. Америкалық ғалымдар Швейниц пен Дорсет 1903 жылы аурудың вирустық сипаттамасы бар екенін анықтады. Вирусқа қарсы гипериммундық екпе 1908 жылы шығарылды.

Шошқа шаруашылығы дамыған Европ, Азия, Оңтүстік және Орталық Америка елдері бұл аурудан өзгелерден гөрі күштірек зиян шегеді. Бұл ауруға қарсы вакциналар мен емдеу құралдарының бірқатары ұсынылды, бірақ ауруды толығымен жою әлі қолдан келмей отыр.

Шошқа обасының спецификалық алдын алу және иммунитет

Обамен ауырған шошқаларда өмір бойына жететін иммунитет қалыптасады, бұл вирусты жойғыш антиделердің болуымен түсіндіріледі. Вирустың лапинизацияланған және культуралды аттениузацияланған штаммдарынан жасалған құрғақ вирус- вакциналарды көптеген елдерде белсенді вакцинация үшін пайдаланады.

Біздің елде шошқа обасының алдын алу үшін К штаммынан жасалған вакцинаның төрт түрі типі қолданылады: КС құрғақ культуралды вирус вакцинасы (НАРВАК НПО) ; ВГНКИ құрғақ культуралды вирус вакцинасы; ЛК-ВНИИВиМ құрғақ культуралды вирус вакцинасы; СИНЛАК (ВНИИЗЖ) құрғақ лапинизацияланған вирус вакцинасы.

Екпе жасалған ересек жануарларда иммунитеттің сақталу мерзімі 1 рет жасалған екпеден кейін бір жылды құрайды.

Вакцинациялау әдістері екпе жасалған шошқалардың иммундық дәрежесі мен эпизоотия деңгейін қарастыра отырып жасалуы тиіс, ал иммунитеттің күшеюі жағдайлары тауықтарға ньюкасл ауруына қарсы екпе жасағанда құс фабрикаларында осыған ұқсас қарастырылуы тиіс.

Профилактика

Шошқа фермалары мен шаруашылықтары жалпы профилактикалық шаралардың көмегімен вирус енгізуден қорғалған болуы тиіс. Осы мақсатты көздеген фермаларда жағдайы жақсы шаруашылықтардан алынған дені сау шошқалар болуы керек. Жаңа әкелінген шошқалар кем дегенде отыз тәулік карантинде болуы керек, осы мерзім өткеннен кейін негізгі табынға қосуға болады. Шошқа шаруашылығын кіре берісте дезинфекциялық кедергімен, ветсан өткізушімен жабдықтау қажет. Сондай-ақ ол жабық типті және қоршалған болуы керек. Шошқаларды тамақтандыруға арналған тағамдық кәсіпорындардың қалдықтары азық ас үйінде жоғары температурамен залалсыздандырылған болуы керек. Санитарлық-ветеринарлық тәртіпті қалыптастыру фермадағы жайлар мен көлікті жүйелі түрде залалсыздандырып отыру міндетті.

Емдеу

Шошқаға ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. Операциядан кейін, келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды, арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады, операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң - тозаңнан сүртіп тазаланады.

Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт.

Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампала қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал-жабдықтар және т. б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцитті ультракүлгін лампаларда, операция бөлмесінде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метірлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр екі метр сайын қою немесе жылжыту керек. Операция бөлмесінде адам болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек лампаларды бөлмеге 2-3 сағат қойғанда микробтар едәуір азайса 6-8 сағатта 50- 80 пайызға дейін кемиді. Егерде лампалармен бірге операция бөлмесін ауамен тоңазытса онда микробтардың жойылуы 70-90 пайыз артатындығы анықталған.

Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы дезинфекция жасалса, асептиклық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3, 5 есе азайғандығы дәлелденген.

Емдеу бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау, операция жасайтын жерде өңдеу, тігін - таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды. Кейіннен клиникада оқуда өтуі бағытында сол малдар оның пациенттері болады. Оперативтік хирургуяда операциялардың сәтті орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байлансты болатыны сөзсіз екеніне күмән болмайды, бірақ хирургиялық операциялардың тек қана жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттерге анатомия, физиология, фармокология және басқада пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

Обамен ауырған шошқаларды емдеуге тиым салынады, оларды бірден сойып, етке өткізу қажет. Жануарлар ауырған жағдайда шошқа шаруашылығына карантин енгізіледі, шошқалар мен олардың ет өнімдерін шығаруға, кіргізуге, ветеринар маманның рұқсатынсыз союға және т. б. тиым салынады. Қауіп төнген аймақты анықтайды.

Вирус жұқтырған шошқалар жойылған немесе сойылған соңғы жағдайдан, соынмен қатар нормативтік құжаттарда айтылған барлық санитарлық-ветеринарлық рәсімдерді өткізіп, сойылған шошқаның етін зарарсыздандырғаннан қырық күн өткеннен кейін карантин тоқтатылады. Қалған шошқаларды, сойғаннан кейінгі өнімдер мен шикізатты жағдайы қолайсыз шошқа шаруашылығының шекарасынан тыс шығаруға тиым салынады (ет комбинатына шығарудан басқа) .

Қорытынды

Қорыта айтқанда шошқа обасы барлық шаруашылыққа кесірін алып келеді.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жарияланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.

Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шошқалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық және төл алатын шаруашылықтарда тек қана ауырған, ауруы күмәнді, тыныс алу және ас қорыту жүйелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қалған шошкаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң вакцина жібереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауески ауруы кезіндегі қолданылатын биопрепараттар
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Мал шикізат өнімдері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Листериозды балау, дауалау шаралары
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Түйенің оба ауруы
Пастереллез кезіндегі биопрепараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz