Хирургиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Хирургиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану
Тексерген: Ахметжанов. О. Н
Орындаған: Белгибек. Д. Б
Жоспар:
- Новокаинмен тежеу
- Новокаинмен тежеу түрлері
Пайдаланылған әдебиеттер
Малдәрігерлік хирургия саласында А. В. Вишневский мен Л. С. Сапожниковтардың жетекшілігімен И. Я. Тихонин жылқылардың бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау (паранефралды немесе белдеме тұсының блокадасы) арқылы емдеу әдісін ұсынды. Кейіннен М. С. Сенькин осындай әдісті ірі қара малына жасауды көрсетті. Сөйтсе де, мал дәрігерлік хирургияда елеулі жетістік деп В. В. Мосиннің еңбегін атап өткен жөн. Ол кісінің ұсынған эпиплевралды новокаинмен тежеу әдісі бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау әдісінен әлдеқайда тиімді нәтиже берді. Себебі бұл әдісте новокаин күн сәулелі және бүйрек маңындағы түйіндерді құрайтын симпатикалық және парасимпатикалық нерв элементтеріне бірдей әсер етеді.
Н. А. Уразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісі.
Автор бұл әдісті бұзаулардың өкпе ауруларын емдеу үшін қолданған. Ол үшін бұзауды тұрған бойында бекітіп ұстап, тежеу жасайтын жақтың алдыңғы аяғын мүмкіндігінше артқа қарай тартып ұстайды. Сипалау арқылы 6-шы мойын омыртқасының көлденең қанатының үшін табады да, одан 3-4 см төменірек жерде ине еңгізетін нүктені анықтайды. Иненің үшін артқы жаққа қарай бағыттап, бұзаудың қоңдылығына қарай, 3-8 см тереңдікке еңгізеді. Новокаин ертіндісін 0, 45 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындайды. Тежеу үшін новокаинның 0, 25 %-ды ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде малдың екі жағынан кезекпен жібереді. Бұл әдісті өкпе ауруларында қолданғанда бастапқыда аз уақытқа аурудың белгілерінің асқына түскені байқалады: дене қызуы көтеріледі, ауырсынғандық білінеді. Бірақ ол өзгерістер тез арада қалпына келеді де, өкпедегі процесс оң бағытта шешіледі: дем алысы терең, ырғақты; жүрек соғысы үдей түседі, тамыр соғысы жиі және толық; малдың тәбеті қалпына келеді. Ауру малдар жиі жазылады. Новокаинмен тежеу әдісін аурудың себептеріне қарсы қолданылатын әдістермен кешенді түрде жүргізгенде емдеу нәтижесі жоғары болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген.
С. М. Чебунина жұлдызша нерв түйінінің маңайына новокаинмен тежеу жасау арқылы иттер мен қойлардың миокардит ауруын емдеген. Жүрек етінің қабынуының жіті түрінде новокаинмен тежеу әдісі патогенездік емдеу әдісі ретінде тиімді әсер еткен: ауру малдың жалпы жағдайы жақсарған; миокардиттің белгілері жойылған; қан қысымы, ФКГ, ЭКГ және қан көрсеткіштері қалыптасқан; 4-5 тәуліктің ішінде ауру малдар жазылған.
Плевраүстілік новокаинмен тежеу әдісінің техникасы.
Е. Н. Павловский мен В. М. Калашников ішкі жүйкелерді тежеудің ірі қара малының жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне әсерін тексерген. Новокаинның 0, 5 %-ды ертіндісімен екі жақты жасалған тежеу импульстың берілуін тоқтатуды үдете түскен.
И. М. Макалеев күйіс қайыратын малдардың ішкі жүйке жүйесі мен шекаралық симпатикалық бағаналарын новокаинмен тежеу тақия қарын, месқарын және ұлтабарлардың жирылуының күшін әлсіреткен және санын азайтқан. Автордың пікірі бойынша мұндай өзгеріс ас қорыту жүйесінің интерорецепторларынан импульстың симпатикалық жүйе арқылы түсуінің шектелуі салдарынан ас қорыту жүйесіне әсер ететін орталықтың тонусының төмендеуімен түсіндіріледі. Кезеген жүйкені новокаинмен тежеу асқазан бөліктерінің жирылуын тоқтатады және сілекейдің бөлінуін екі сағаттай азайтады.
Клиникалық тұрғыдан дені сау сиырға бұл әдіспен тежеу жасағанда қан құрамындағы лимфоциттер мен эозинофилдердің көбейгені, ал бунақты ядролы нейтрофилдердің азайғаны байқалады. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтері белсендендіріледі: қанның артериалдық және веноздық қысымдары жоғарылайды, төлдерде қан айналысы жылдамдайды; кальцийдің мөлшері көбейеді, ал калийдің мөлшері азаяды; белок фракциясының өзара қатынасы өзгереді.
Я. И. Клейнбоктың пікірі бойынша шаншу құбылысымен сипатталатын ас қорыту жүйесінің ауруларының негізгі патогенездік факторы - ауырсынғандық. Ауырсынғандық неғұрлым күштірек және ұзағырақ болса, солғұрлым вегетативті жүйке жүйесінің бөліктерінің ара қатынасының бұзылғаны және орталық жүйке жүйесінің реттеушілік қабілетінің нашарлағаны айқынырақ байқалады. Міне, осындай жағдайда патологиялық ошақтан бас ми қабына баратын импульсты үзу новокаинмен тежеудің терапевтикалық әсерінің негізі болып саналады.
И. Д. Медведевтің пікірінше шаншу құбылысымен сипатталатын аурулардың спастикалық және невралгиялық түрлерінде новокаинмен тежеу патогенетикалық емдеудің негізгі әдісі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Пайдаланған әдебиеттер.
2. Айтжанов Б. Д ., Өтенов Ә. М., Молдағұлов М. А., Заманбеков Н. А, Қорабаев Е. М, Көбдікова Н. К., Тілепбергенов М. С., Байниязов А. А., Оспанқұлов А.
3. Ветеринарная хирургия:Справочник/ под ред. А. Д Третьякова. -М. Агропромиздат, 1998. -319с.
4. Исамбаев М., Сарсенова Ш. Русско-казакхский словарь медицинских терминов. -Алма-Ата.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz