Пестициттердің қоршаған ортаға әсері


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Пестициттердің қоршаған ортаға әсері

Тобы: АГ­413

Орындаған: Болатбек Еркежан

Тексерген: Қаламов. Бақытбек

Семей, 2015ж

Жоспары:

I. Кіріспе

1. Пестицидтер және оның бөлінуі

2. Химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие

II. Негізіг бөлім

1. Пестицидтердің ерекшелігіне тәуелді биосферада олардың әсер ету формасы жасалынды.

2. Пестицидтердің ауадағы қасиеті .

3. Топырақтағы микроағзаларға әсері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis - жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) - мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:

  1. хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т. б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
  2. Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
  3. Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин) . Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
  4. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
  5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.

Бүкіл әлемде ауыл шаруашылығының жалғасып жатқан қарқынды химиялануы жыл сайын планетаның биосферасына - барлық жануарлар мен адамдар тіршілігіне - әртүрлі бөтен химиялық заттар (ксенобиотиктер), соның ішінде пестицидтер-дің көп мөлшерде түсуіне әкеледі. Сондықтан да, химиялық ластағыштардан (поллютанттардан) қоршаған ортаны қорғау мәселесі үлкен маңызға ие болды.

Экожүйелер мен ландшафтарда пестицидтердің өзгеруі мен сипатын зерттеу - экожүйелер мен ландшафтарда ксенобиотик-тер мен табиғи улы заттардың сипатын зерттейтін ғылымның қоршаған орта экотоксикологиясының - жаңа ғылыми тәртіптің бөлігі болып табылатын пестицидтер экотоксикологиясының мақсаты.

Басқа химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие:

1) олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қалпына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объектісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша болады) . Қоршаған ортада бар-лық химиялық қосылыстардың циркуляциясы өзара байланыс-ты сызба - нұсқа бойынша: атмосфера, гидросфера, литосферажәне биосфера бойынша өтетіндігі бұрыннан белгілі. Әртүрлі заттардың циркуляциясының ұзақтығы бірдей емес, ал кейбір аз персистентті заттар циркуляцияның барлық кезеңінен өтпей-ді және алғашқы сатыларының бірінде толығымен ыдырайды. Бірақ персистентті заттар қоршаған ортаның кейбір объекті-лерінде жиналуға және қатты зиян келтіруге қабілетті. Олар әлемдік мұхитта гидробионттарда олардың концентрациясы болатындықтан жеткілікті қауіпті мөлшерде жиналады;

2) табиғат пен адам үшін потенциалдық қауіп туғызатын белгілеу бойынша препараттардың биологиялық белсенділігі;

3) қорғайтын шаралардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданатын шығын мөлшерінің азаюының мүмкін еместігі;

4) препараттардың шаруашылықтың әртүрлі салаларында қолданылуымен, қоршаған ортадағы айналымымен және азық-түлiк өнiмдерiнде қалдықтардың болуымен байланысты көп мөлшердегі адамдардың пестицидтермен жанасуы;

5) табиғи шарттарда препараттардың тұрақтылығы және азық-түлік тізбегі бойынша берілуі;

6) биологиялық белсенді деңгейге жеткенше төмен концен-трациялы препараттарға қатысты ағзаларда пестицидтердің жиналуы.

Пестицидтердің ерекшелігіне тәуелді биосферада олардың әсер ету формасы жасалынды.

1. Тұйық әсер : а) зиянкес ағзаларға тікелей; б) қосымша басқа ағзаларға, топыраққа, суға.

Пестицидтердің тұйық әсерінің тиімділігі жұмсалу мөлше-рімен, формасымен, қолдану әдістерімен, әсерінің таңдамалы-лығымен және ыдырау жылдамдығымен анықталады.

2. Қолданғаннан кейінгі жақын әсер (ландшафты - аумақ-тық) . Жалғасымдылығы мен әсер ету сипаты бойынша рельеф-тен, топырақты және климаттық жағдайлардан тәуелді. Неғұр-лым климаты құрғақ, топырағы тұзды, жер астындағы су деңгейi жақын болса, соғұрлым топырақта, суда және биомас-сада тұрақты пестицидтердің және олардың метаболиттерінің екіншілік жиналуы мен сақтаудың ықтималдығы жоғары болады.

3. Қолданғаннан кейінгі алыс әсер (аумақтық - бассейнді) . Ол өзендердің хауыздарына олардың жайылмалары және террасалар бойынша ерітінділер, суспензиялар түрінде немесе топырақты коллоидтармен сорбцияланған күйде көшуге қабі-летті өте тұрақты препараттарға тән. Жайылмалар, дельталар және эстуарийлардағы миграция, қайта бөлу және жинақтау 3-4 және одан да көп жылға созылады. Нәтижесінде пестицидтер өзендердiң төменгi ағымында, дельталар, теңiздерде ағзаларға әсер етуі мүмкін.

4. Қолданғаннан кейінгі өте алыс әсер (глобальды) бүкіл планетаны және оның жеке компоненттерін - мұхитты, құрлықты және атмосфераны қамтиды. Ол жағалаулық және трансмұхиттық ағымдар, теңiз дауылы, циклондар, құстардың, малдардың және адамдардың миграцияларымен ұзақ сақтала-тын пестицидтердiң ерiтiндiлер, тозаңдар және суспензиялар түрiнде ауа ағындарының тасымалдауымен; көлiк қозғалысы және жүк, шикiзаттар мен азық-түлiктердің тасымалдануымен; ядролық және тағы басқа қаруды сынаумен, сондай-ақ әскери әсерлермен байланысты.

Бұл әсерлер біртіндеп айқындалады. Инсоляция, ультракүл-гін радиация, электрлік разрядтар, атмосфералық жауын-шашын, теңіз бен мұхиттардың түбіндегі қалдықтарға көму немесе жерлеу сияқты факторлардың әсерінен әлсірейді. Тірі ағзаларға мүмкін болатын жалпы әсерлері әртүрлі материктер мен мұхиттарда пестицидтердің айтарлықтай мөлшері жинал-ған жағдайда бірнеше ғасыр өткеннен кейін ғана әсер етуі мүмкін (Ковда, 1976) .

Осылайша, адамзаттың қоршаған ортаға әсер етуінің маңызды факторы бола отырып, пестицидтер әртүрлі қосымша әсерлер беруі мүмкін (3-кесте) . Айқындалу дәрежесіне тәуелді оларды үш категорияға бөлуге болады.

1. Зиянкес ағзалардың пестицидтерге төзімділігін дамыту. Ол пестицид қалдықтарының жиналуымен және төзімділігімен байланысты және пестицидтің әсер етуінен туындаған таңдау салдарынан сезімтал түрлердің сол түрдің төзімді ағзаларына өтуі нәтижесінде популяциялардың ауысуымен шарттанады. Төзімділіктің физиологиялық-биохимиялық сипаты, пайда болу себебі және оны жеңудің жолдары жоғарыда қарастырылған болатын.

2. Пестицидтер мен олардың қалдықтарының өсімдіктерге, жануарларға және қоршаған ортаға әсері (өсімдіктің зақымда-нуы мен өзгерісі, микрофлора құрамындағы өзгерістер, сүтқо-ректілердің, құстар мен балықтардың немесе пайдалы жәндік-тердің өлімі) . Мұндай әсер қалыпты жағдайда потенциалдық зиянкесті оның экономикалық зиян келтіруінен төмен деңгейде ұстап тұратын жыртқыштар мен паразиттердің белгілі түрле-рінің жоғалуы салдарынан екіншілік зиянкестердің дамуына әкелуі мүмкін.

Басқа сөзбен айтқанда, пестицидтер биоценозға әсер етуі мүмкін.

3. Тамақтану тізбегі бойынша жиналу және берілу. Қор-шаған ортада пестицидтердің қалдықтары өз кезегінде пести-цидтердің концентрациясы өсетін ірі жануарлар қолданатын өсімдіктер және жануарлар ағзаларымен жұтылуы мүмкін. Бұл олардың тамақта жиналуы мен соңында адамдардың қолда-нуына әкеледі.

Пестицидтердің циркуляциясы келесі сызба-нұсқа бойынша жүреді: 1) ауа-өсімдік-топырақ-өсімдік-шөп қоректісі-жануар-лар-адам; 2) топырақ-су-зоофитопланктон-балық-адам.

Мысалы, 1 кг топырақта хлорорганикалық пестицидтердің тек мыңдаған миллиграммы ғана, ал осындай топырақта өскен 1 кг сәбізде 1-ден 6 мг-ға дейін мөлшері болады. Кейбір препараттар қан жүйесі арқылы түседі және жемістердің өсуіне байланысты ондағы пестицидтердің концентрациясы жоғары-лайды. Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың барлық түрі хлорорганикалық заттарды жинақтайды және ағзада ұзақ уақыт ұстап тұруға қабілетті.

3-кесте. Қоршаған ортаға пестицидтердің қосымша әсері

(Ван - Тиль бойынша)

Жоғарыда айтылғандардан көріп тұрғанымыздай, пестицид-тердің қалдығы адам ағзасына тағам арқылы өтеді. Сондықтан, адам мен тағам арасында қауіпсіздік тосқауылын - (ЕЖРЕПМ) орнату керек. Өнімдерді сақтау, өңдеу және дайындаудың барлық тәсілдері пестицидтердің тамақтағы қалдық мөлшерінің азаюына әкеледі.

Пестицидтердің судағы қасиеті

Су қоршаған ортада пестицидтердің тасымалдануының негізгі құралы болып табылады. Ашық суқоймаларына олар ауылшаруашылық жайылымдар мен ормандарды авиациялық және жер бетінде өңдеу кезінде шығатын өнеркәсіптік ағынды сулармен, жаңбыр және еріген сулармен түсуі мүмкін, сонымен қатар балдырларды, ұлуларды, адам мен жануарлардың, арам шөптердің ауруларын тасымалдағыштарды жою үшін ашық суқоймаларын тікелей өңдеу кезінде түсуі мүмкін.

Топырақтық және жер асты сулар, ішкі суқоймалары, өзендер мен әлемдік мұхиттар белгілі бір жағдайларда пести-цидтер үшін соңғы депо болуы мүмкін. Осының салдарынан суқоймалары бірінші кезекте тұрақты заттармен ластануы мүмкін. Әлемнің әр елінде ашық қоймалары суларынан хлорор-ганикалық қосылыстардың қалдықтары табылған, бірақ сирек жағдайда ғана олар қауіп деңгейіне жеткен. Суқоймалардың лайында (тұнбасында) тұрақты хлорорга-никалық инсектицидтердің жиналуы маңызды. Бұл оның лайлануы кезінде судың екіншілік ластануына әкелуі мүмкін. Кейбір пестицидтер айтарлықтай емес концентрацияда судың органолептикалық қасиеттерін (иіс, дәм) өзгертуіне, фитопланктонмен оттектің түзілу процесіне, су жүйесінің мекендеушілерінің тіршілік әрекетіне жағымсыз әсер етуі, тамақтану тізбегі бойынша беріліп, өнімдерде жиналуы мүмкін. Пестицидтердің су жүйесінің мекендеушілеріне әсер етуі тура (өткір немесе созылмалы) және ауыспалы (су құрамын-дағы ерігіш оттектің мөлшерін азайту, судың химиялық құра-63 мының өзгеруі, су жәндіктерін жою және т. б. ) улылық әсерден білінеді. Пестицидтердің судан биологиялық тізбектің басқа буын-дарына өтуі кезінде олардың мөлшері жүз және мың есеге жоғарылайды. Ағзамен-сүзгімен жұтылған (мысалы, планк-тонды ағзалардың бір түрімен) тұрақты препараттар теріде қалып қойып, кейін балық ағзасына түсуі мүмкін. Тағам тізбегінің келесі буындарында жиналатын қасиетке ие заттар-дың әсері бірнеше ретке күшейеді. Осылайша, жаңбыр сулары ағынымен суқоймаларға хлорорганикалық препараттар - 0, 3 мг/л мөлшерде түскенде, олар балықта 1-7, 4 мг/кг, ал шаяндарда - 0, 5-7 мг/кг концентрацияда табылған (Гопкинс, 1966) . Айта кететін бір жайт, пестицидтердің улылығы балық-тардың әр түріне және басқа да су мекендеушілерге әртүрлі және аса кең шектерде өзгеруі мүмкін. Жалпы алғанда ең қауіптірегі хлорорганикалық пестицидтер, зияны азы фосфор-органикалық және карбамин қышқылы туындылары. Бірақ балыққа тек қосылыстың жеке кластары ғана емес, сондай-ақ препараттардың әсер етуінің әртүрлі механизмдерімен байла-нысты балықтар үшін улылықтағы ауытқу өте маңызды. Балықтар үшін қауіптілігін ескере отырып, пестицидтердің судағы тұрақтылығын бағалау үшін келесі шкаланы қолдануға болады: 5 күнге дейін - тұрақтылығы аз заттар, 6-10 - орташа тұрақты, 11-30 - тұрақты, 30 күннен көп - жоғары тұрақты (Врочинский, 1981) . Жоғары сулы өсiмдiктердiң (жүктелген, жартылай жүктел-ген, жүзетiн жапырақтары бар), сондай-ақ төменгі балдырлар-дың (фитопланктон және фитобентос) дамуын бәсеңдету мақсатында тұйықталған суқоймаларға кiргiзiлетiн гербицид-тердің судағы бет алысына ерекше көңіл бөлуге болады. Суда еру шамасы мен суқойма бойынша диффузиясына байланысты гербицидтердің сулы экожүйенің басқа да барлық компонент-теріне: микроағзаларға, бактерио-, фито- және зоопланктон-дарға, фито- және зообентосқа, нейстонға, балықтар мен амфи-бияларға әсер ететіндігі анықталды. Бұл әсер, сондай-ақ судың гидротехникалық режимінде таралады: оттектің мөлшеріне, көмірқышқылына, карбонаттық тепе-теңдікке, рН-қа, азоттың әртүрлі формалары динамикасына және органикалық компо-ненттер мөлшеріне (Брагинский, 1975) .

Суқоймалар микрофлорасының реакцияларында гербицид-тердің әсерінен сапрофитті микроағзалар санының өсуі нақты айқындалады (өңдеуден кейін 2-3 апта өткен соң) . Кейбір гербицидтердің стерилдеу қасиеті бар. Аммонификаторлар, нитрификаторлар және денитрификаторлардың саны мен функ-ционалдық активтліктері өзгереді, ал бұл өз кезегінде суқоймаларда аммиак пен нитраттардың жиналуына әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пестицидтердің қолдану регламенті
Ауа - өмір арқауы
Пестициттердің қоршаған ортаға әсер Қолдану шаралары мен зардаптары
Экологияның адам денсаулығына кері әсері
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
Диплом алдындағы тәжiрибе есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz