Аяқ-киімге арналған былғары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аяқ-киімге арналған былғары. Ер-тұрмандық

былғары. Техникалық былғары.

Орындаған:Тұрсағатова Қ. Ә.

Тобы: ТК-421

Тексерген:Бауыржанова А. З.

Семей-2015

Жоспар:

  • 1. Тері топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
  • 2Аяқ-киімге арналған былғары
  • 3. Ер тұрмандық былғары
  • 4. Техникалық былғары

Тері топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы

Тері топографиясы. Құрылысы және өзеннің физико-химиялық қасиеті химиялық құрамы бойынша тері топографиялық аймақтарға бөлінеді.

Терінің негізгі аймақтары: бас, мойын терісі, жонарқа, қол терісі және табан. Жылқы терісі жылқының алдыңғы терісі және жылқының сауыр терісі болып бөлінеді. Теріні дұрыс өңдеу үшін және алынғын былғарыны бұйымдар дайындауда пайдалану үшін тері топографиясын білу қажет.

Жонарқа- тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі, екі табаны және мойын терісінен бөлінген терінің орта тұс бөлігі. Жонарқаның төменгі шегі теріні сыпырғанда алынатын жиек.

Мойын терілері - бас пен жонарқа арасындағы алдыңғы бөлігі. Жонарқамен шектелген жері алдыңғы аяқ шап терілерін қосатын сызық бойынша өтеді. Мойын терілері өзенінің тығыздығы төмен және әртүрлі қалыңдықтағы қыртыстар болады.

Қол терісі -алдыңғы және артқы шап терілерінің ойыстарын қосып тұратын терінің шекті бүйір бөліктері. Әрбір қол терісінд екі табан болады, алдыңғы және артқы, алайда алдыңғы табаны болмауыда мүмкін. Қол терісі қалың болмайды, және өзен құрылысы борпылдақ келеді.

Табандар -малдың аяқтарын жауып терінің шеткі бөлігі. Табандар терісі жұқа өзенінің құрылысы борпылдақ және тығыздығының шамасы бір төмен тығыз болып келеді.

Бас-мойынның жоғарғы жағындағы терінің алдыңғы бөлігі-өзеннің тығыздығы біршама төмен болып келеді.

Құйымшақ тұсы терісі-терінің шеткі жері теріні черпактау кезінде құйымшақ жонарқа құрамына енеді.

Тернінің сирақ терісі -табанға жақындау, терінің шеткі жері, алдыңғы табанға жақындау терінің сирақ ттерісі алдыңғ, ы артқы табанға жақындау сирақ деп аталады

Былғары - мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т. б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан - шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т. б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, ер-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары және техникалық былғары.

1. Аяқ-киімге арналған былғары

Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т. б. ) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 - 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.

Аяқ-киімге арналған былғары екі топтан құралады:1. Аяқ-киімнің төменгі орналасқан былғары. 2. Аяқ-киімнің жоғарғы орналасқан былғары.

Аяқ киімнің төмеңгі бөлігіне арналған былғары мүйізді ірі қараның, түйенің, шошқаның, су жануарларының терісі мен жылқының сауыр терісінен жасалады.

Көн ұлтандық және ұлтарақтық болып бөлінеді.

Көн-ауданы жағынан алғанда тұтас және жартылай былғары, жонарқа және жартылай жонарқа түрінде шығарылады, олардың түсі табиғи немесе өңделген түрде болады.

Көн былғарысы қалыңдығына қарай 6 санатқа бөлінеді, 1 санаттың қалыңдығы 5мм-ден артады, 6-шы санаттыкі-2, 6-3мм, 5 пен 6 категория ұлтанға жарамайды. Ол ұлтарақ үшін қолданылады.

Аяқ киімнің үстіңгі бетіне бекітілу тәсілі бойынша табан былғарысы екіге бөлінеді:

1. Шегелеу немесе бұрандалау тәсілімен бекітілетін табан былғарысы Мұндай былғары қалың, қатты және тығыз болуы керек.

2. Жіппен тігу немесе желімдеу тәсілімен бекітілетін былғары .

Бұл былғарының қалыңдығы, қаттылығы және тығыздығы табан былғарысынан сәл жұқалау, орташа болуы керек.

Ұлтарақтық былғары физика-механикалық қасиеттерінен басқа гигиеналық талаптарға да сай болуы қажет.

Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары мүйізді ірі қараның, қойдың, ешкінің, шошқаның терілерінен, сондай-ақ, жылқы терісінің алдыңғы жағынан жасалады. Ол сан рет иілу мен созылуға, кернеу мен қажалуға, ылғал, тер, шаң, химиялық заттар мен жоғары температура әсеріне төтеп беруге тиіс.

Өте созылғыш былғарыдан жасалған аяқ киім өз формасын тез жоғалтады(тапталып қалады), ал созылмалылығы нашар былғарыдан жасалған аяқ киім аяққа нашар қалыптасады әрі кигенде аяқты қажайтын болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары екі түрге бөлінеді:

1. Бұрандалау және шегелеу тәсілдерімен бекітілген былғары ауыр аяқ киімдердің үстіңгі бөлшектерін жасауға арналып, юфть деп аталады . Юфть аяқ киімдік және сандал жасау үшін деп екіге бөлінеді. Ол мүйізді ірі қараның, жылқы мен шошқаның терісін ерекше өңдеу арқылы алынады.

Аяқ киімге арналған юфть су өткізгіштігі өте төмен, созылмалы, илікпелі және тығыз болуы керек.

Сандал жасауға арналған юфть аяқ киімдікімен салыстырғанда майлы заттары аз, серпімділігі күшті, біршама жұмсақ және созылмалылығы аздау болуы керек.

2. Жіппен тігу және желімдеу тәсілдерімен бекітілетін аяқ киімнің үстіңгі бетінің былғарыларына хроммен иленген былғары жатады. Олар шикізаттың түріне қарай, торпақ, тайынша, бұқа, шошқа терісінен жасалады.

Ауданы 60дм 2 -ге жетпеген ешкі былғарысы шевро деп, ал қой былғарысы шеврет деп аталады. Былғарының ұстағанда қаттылығы сезілмеу керек, жақсы өңделген, майынан арылған, біркелкі боялған, бетінде ақауы жоқ, бүкіл ауданының қалыңдығы бірдей, бахтармасы жұмсақ және ауа мен бу өткізгіштігі жеткілікті болуы қажет.

Жалпы аяқ киімнің үстіңгі былғарысы тұтас және жартылай былғары түрінде немесе «кулат» (мойын терісі жоқ) және «жартылай кулат» түрінде, сондай-ақ жылқы терісінің алдыңғы бөлігі түрінде шығарылады. Өңдеу тәсіліне байланысты былғары табиғи әсемделген беті бар, жұмсақ және кескінді, нубук(беті өңделген), велюр(беті немесе бахтарма жағы өңделген ), мақпал былғары болып жіктеледі. Ауданына қарай былғары 7 топқа бөлінеді:бірінші топқа ауданы 20-40дм 2 былғары жатса, 7-ші топқа 200дм 2 -ден астам ауданы бар былғары жатады. Сорты бойынша былғары 4-ке бөлінеді:

Аяқ киімдік лакталған былғары- қойдың, ешкінің, бұзаудың, құлынның терісінен жасалады. Былғарының сапасы лактың қасиетіне, оның былғарымен жымдасу беріктігіне байланысты . Лактың кемшілігі -ауа мен буды нашар өткізеді.

Былғары өндірісінде ірі қара малдың қалың терісін тиімді пайдалану үшін ( сиырдың, өгіздің, бұқаның ) екі немесе үш қабат етіп тілуге болады. Әдетте, мұндай терінің торлы қабатынан тіледі, сонда терінің жоғарғы қабаты кәдімгі былғары жасауға пайдаланылса, астыңғы қабаты (тілінді-спилок) сапасына қарай аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне пайдаланылады (велюр немесе сандал жасауға жұмсалады) .

Астарлық былғарылар аяқ киім үстінің астары үшін қажет. Олар өндіріс процесі барысында іске жарамай қалған, аяқ киімнің үстіңгі бетіне жарамсыз шалафабрикаттардан алынады.

2. Ер-тұрмандық былғары

Ер-тұрмандық былғары аса берік, тердің, ылғалдану мен кебудің әсеріне, күн көзіне және төменгі температураға шыдамды, үйкеліске төтеп беретін болуы керек.

Ер-тұрман, ат әбзелдері ежелден қазақ халқының арасында салт атқа мініп немесе атты арбаға жегіп жүру үшін жасалған. Төменде халқымыздың ат-әбзелдерінің кейбір түрлерінің қысқаша сипаттамасы беріліп отыр.

Айыл -атқа ерді бекітуге керекті жабдық. Айыл қайыстан, былғарыдан екі қабатталып қиылып жасалады. Оның ұзындығы -150-160см, ені 8 см. Айылдар төс айыл (тартпа деп те аталады) және шап айыл болып екіге бөлінеді. Айыл жасау әдісіне қарай: былғары, өрмелі, түймелі, ызбалы болып бөлінеді. Айылдың өзі төс айыл, шап айыл болып бөлінеді, кейде бұлар төс тартпа, шап тартпа деп де айтылады. Төс айылдың өзі екеу болып, артқы айылды кер айыл деп атау қалыптасқан. Сонда үш айыл тартылатын жағдайлар да кездеседі. Жырымды және жырымсыз болып тағы екіге бөлінеді. Жырымды айыл - айылбас, алақан, жырым аталатын үш бөлшектен тұрады. Жырымды таспадан өріліп, алақаны екі қабат қайыстан жасалады. Жырымның ені екі елі, алақанның ені 2-3 елі. Жырымсыз айылдың екі басына екі доға бекітіледі, алақаны біраз ұзындау болады. Бір доғаға жіңішке қайыстан мықты таспа байланады.
Айыл-тұрман жасау әдісі мен технологиясына, жасалу затына байланысты төрт түрге бөлінеді: былғары, өрмелі, түйемелі, ызбалы деп кете береді.

1. Былғары айыл-тұрман : былғары мен жұмсақ иленген қайысты, керегінше саралап тіліп алып, бір-біріне қабаттап екі жағын қайып тігеді. Қаюға арнайы ширатылған тарамыс жұмсалады. Былғары айыл-тұрманды ерді сән-салтанатқа, ойын-тойға, асқа ерттейтіндіктен алтын күмісті үзбе, құйма шытырлар қағып, асыл тастан көз орнатып жасайды.

2. Өрмелі айыл-тұрман : иленген сиыр терісінен таспа тіліп, таспа түрі тұрман түріне қарай, 3 таспадан 100 таспаға дейін кездесетіні мәлім. Өрмелі айыл-тұрман Қытай қазақтарында ерекше дамыған, мұнда өрмелі айыл-тұрманның өзін таспасының өріміне қарай: тақ таспасы, жұп таспасы, өзекті өрім деп бөлінеді. Мысалы: 5, 7, 9, 11, 13, 15 . . . тақ таспасы, 6, 8, 10, 12, 14, 24 . . . 48 таспалы өрімдер жұп таспалы өрім, алты қырлы 18, 24, 48 таспалы өрімдер - өзекті өрім түріне жатады. Таспаны сыдырғыдан өткізіп алған соң асты-үсті, оң-теріс етіп өреді. Өрмеге қажетке қарай көз, тесік, ойық, қыр, шыбық, сыздық, өзек, сай, түйін, түйме шығарылады. Айылбас, тіл өтетін жерлеріне көз қалдырылып өріледі. Өрмелі айыл-тұрмандар қуаттылықтан гөрі әдемілікке жатады (ІХ) .

3. Түйемелі айыл-тұрман сапалы иленген ақ қайыстан жасалады. Таспаны әуелі тілмес үшін қай үлгіде түю белгіленіп, сол үлгіге сәйкес жалаң қабат, қос қабат сияқты т. б. таспалар тілінеді. Түюдің өзі үш түрге (әдіске) бөлінеді. а) Өзіне-өзін байлап түю. Қайысты өзіне-өзін байлап түю әдісін айтады. Бұл өз ішінен байлаудың, шалудың, ілудің әдісіне орай бес-алты түрге жіктеледі. ә) Өзіне-өзін өткермелу: қайысты өзара өткермелеп түю әдісін айтады. б) Қоспалы түю: Қоспаларды басқа таспа көмегімен шалып, өткермелеп түю әдісін қоспалы түю деп атайды. Басқа қайыс, басқа таспаның көмегімен түюдің түрі тіпті көп. Қайысты өзіне-өзін түйгенде өзіне-өзін өткермелегенде, тағы басқа әдіспен түйгенде сән үшін, әдемілік үшін қажетті жерлеріне шашақ, салпыншақ қалдырып отыратын түрлері де болады. Түйген тұрманға айылбас аз жұмсалады. Түйілген тұрман көріктілігі, әдемілігімен қатар мықты, қуатты, қолайлы әсіресе шаруашылыққа таптырмайтын құрал саналады.

4. Ызбалы айыл-тұрман түйенің, қойдың қылшық жүнінен жасалады.

Белдік қайысқа, былғарыдан қайып тігіледі. Атты арбаға, шанаға жеккенде ерді бекітіп ұстататын тартпа бау.

Делбе -арбаға не шанаға жегілген көлікті бұрып отыруға арналған әбзел. Оны қайыстан немесе есілген қылдан жасайды.

Желдік -тоқым мен ер қапталының арасына салынатын былғары мен қапталған екі бөлек киіз.

Жүген -жылқыны жөнге бұру үшін қолданылатын әбзел. Оны былғары немесе қайыстан жасайды. Ол үшін қайысты тігіп, өріп, түйіп әшекейлейді. Жүгеннің қайыс, түйме, былғары, өрме жүген деген бірнеше түрлері бар. Былғары жүгенді астына қайыс салып тігеді. Жүген кеңсірік, желкелік, ауыздық, сулық, тізгін шылбыр сияқты бөлшектерден тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары,олардың негізгі қасиеттері, қолданылу ерекшеліктері
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары
Табиғи және жасанды былғары
Былғарыдан тігілген аяқ киім экспертизасы және тауартануы
Былғары мен тері
Аяқ-киімге арналған былғары. Ер-тұрмандық былғарылар. Техникалық былғары. Киімдік-галантереялық былғарылар
Аяқ киімнің дизайны
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хром былғары
Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі
Апликация техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz