Эмоция ұғымына жалпы түсінік


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Эмоция ұғымына жалпы түсінік

Дайындаған: Балериан Е. Е

Пх-415

Тексерген: Тезекбаева М. Ж

СЕМЕЙ 2015ж

  1. Эмоция туралы қысқаша түсінік
  2. Эмоция түрлері
  3. Қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер

Эмоция туралы қысқаша түсінік

Эмоция (фр. emotion , лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

загруженное.jpg

Бұл смайликтерден адамның әр түрлі эмоциясые байқауымызға болады. Мысалға: Қуану, мұңайу, жиркену, ашулану, қасірет, жылау, таңдану т. б көруімізге болады.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына ( ұнамды эмоция ) немесе қанағаттанбауына ( ұнамсыз эмоция ) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т. б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т. с. с. эмоциялар жатады.

Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оныңмимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы - бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.

Бұл -жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция-адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі -эмоция -жан дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз -адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау байланысты туандайтын психикалық күйлер.

Эмоция түрлері

Меланхолик (грек. μέλαινα χολή - қара өт) - адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады. Егер де меланхолик - темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін. Адамда болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады

Сангвиник (лат. sanguinis - қан) - оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі. Басында көңілі көтеріңкі болып, іс үстінде лезде суыйды.

Холерик (гр. холе - өт) - темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам) . Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды. Холерик темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштарымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады.

Флегматик (грек. φλέγμα, флегма, лимфа) Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбаqды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоцияларды басқару
Көңіл күй
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Эмоцианалды - экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Болымсыздық мағынаның эмоционалды-экспрессивті реңкін көркем шығарма тіліндегі мысалдар арқылы дәлелдеу
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Қазақ батырлық ертегілерінің түрікше аудармасында эмотив лексиканың қолданысы
Жанып күюшілік синдромы
Адам мінез-құлқысының гегиенасы
Сезім мен эмоция ұғымына түсініктеме бере отырып, оның түрлері, жеке адам эмоциясы туралы түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz