Кәсіпкерлік түрлері туралы



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік түрлері
2. Салалық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.
1. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. – Астана, 2005

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"

Орындаған: Жунусова Н.
Группа:ТК-421
Тексерген: Есенбекова З.Ж.

Семей 2015
Жоспар:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік түрлері
2. Салалық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. Кәсіпкер ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.

Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей - тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерліктің түрлері

Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, қаржылық және консультациялық.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық - құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Кәсіпкерлік көлемі бойынша

Атқаратын қызметіне қарай:
1) Өндірістік
2) Коммерциялық,
3) Қаржылық
4) Кеңестік.
Өндiрiстiк кәсіпкерлік . Кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жаса-
лады.
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.
Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушы-
лармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда Кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтінін ол бастамас бұрын немесе Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.
Кәсіпкер өз көшімен орындай алмайтын кызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.

Коммерциялық кәсіпкерлік . Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу-сату бойынша келісімдер.
өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Коммерциялык келісім бағдарламасына жатады: сатып алу операцияларын орындауға,
- тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
- келесі сату үшін тауарды сатып алу;
- тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау;
- келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қыз-
меттерін ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтерін мен алу және ақы төлеу;
- келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соњынан пайызбен қарызды кайтару; келісімді жасауға қажет акпараттарды алу;
- тауарларды тұтынушыға өткізу
- келісімді тіркеу, салық төлеу.

Қаржылық кәсіпкерлік. бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады. кәсіпкерлігінде сатып алу сату объектісі ерекше тауар ақша, валюта, құнды қағаздар.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.
Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсе-
тіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның Кәсіпкерлік қызметінін, мәні осында.
Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәлімет-
тер. Егер Мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны алуѓа және оѓан ақшалай сыйлық мәжбүр болады.
Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыѓа ақшаны, валютаны, құнды қаѓазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.

Кеңестік кәсіпкерлік - бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
Оның атқаратын негізгі қызметі:
- мәселені анықтау (диагностика);
- шешімдерді, жобаны жасау;
- шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.
Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы мүмкін.
Сақтандыру кәсіпкерлігі - бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
Делдалдық кәсіпкерлік - бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді:
1) ұжымдық - құқықтық
2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер.
Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Жанұялық кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерліктің қазақстандағы түрлері
Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында
Кәсіпкерлік қызметті басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі орта
Пәндер