ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: «ҚР инфляцияға қарсы саясаты»

Орындаған: Сәбиқан А. М

Тобы: ПСМ - 411

Тексерген: Есенбекова З. Ж

Семей

2015 жыл

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Инфляцияның экономикалық түсінігі

2. 1 Инфлляцияның пайда болу себептері

2. 2 Инфляция түрлері және типтері

3. ҚР инфляциясының әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен қарқыны

4. Инфляцияға қарсы саясат

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Инфляция - күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Инфляция- негізінен қағаз ақша айналымына тән құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан құнсыздану процесі. Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан, инфляцияның іс жүзінде дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру қажет. Ол мемлекет өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшаларды қосымша эмиссиялау жолымен жабылған ұтымды сияқты теріс экономикалық саясаттың салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін. Кәсіподақтардың еңбекақыны арттыру жолындағы күресі және басқа да көптеген жайлар инфляцияға әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияны түрлері және даму қарқынына қарай бөле білу қажет. Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі құбылыс. Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оны сатып алу мүмкіндіктерінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеу салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халық топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілеріні арасында қайта бөлуге тірейді.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғысынша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция - елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдік және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономмканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген себептердің әсері болады.

Экономикалық объектерде мынандай инфляцияның түрлері аталады:

1. Экономикалық мемлекеттік реттеудің инструментарилеріне байланысты, инфляция айқын немесе басылған түрде болуы мүмкін. Инфляциясының айқын немесе ашық формада болып отыруы бағаның өсуі, ұлттық валюта кусының төмендеуі арқылы көрінеді, ал басылған немесе бүркемелі түрі жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі арқылы көрінеді.

2. Зерттеу обьектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау обьектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халық аралық нарықтағы ЖҰӨ- нің дефляторы

3. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынандай түрлері болады: жылына 10% дейін болса, орташа немесе жылжымалы инфляция, жылына 200% артқанда - гиперинфляция деп аталады.

4. Экономиканың бағаның өсу қарқыны ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция балансталған және балансталмаған болып бөлінеді. Біңріншіден бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Екіншіден -тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мерзімде жүрмейді, ал экономика жағдайда бейімделуге үлгере алмайды.

5. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

6. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайда ақиқат және жалған инфляция орын алады.

7. Бағаның болашақтағы өсу қарқынына және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме -дел келмеуіне байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болады.

8. Инфляциялықпоцесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты, «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады.

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен қарқыны. Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы ара қатынасын өлшейді. Ағымдағы жылды индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді сонан соң 100-ге көбейтіледі:

І б1 - І бо

Инфляция қарқыны= * 100

І б0

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе) : 1990-1; 1992-2, 5; 1993-30, 6; 1994-22, 7; 1995-1, 60; 1996-1, 39; 1997-1, 17; 1998-1, 07; 2000-1, 13.

Дүниежүзілік практикада егер инфяляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50пайыз аптасына 11, 5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіреинфляцияға сәйкес келеді . Сөйтіп, қазақстанда бұл деңгей 1992-1995жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Инфляцияға өңдірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

Инфлияцияның класикалық көзі- мемлекеттік бюджет тапшылығы инфлияцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфлияциянан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. т Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж бюджеттің шығыс бөлігінде 20, 4%, 1992- 8, 6%, 1993-11, 9%, 1995-17, 4%, 1996-15, 4%, 1997-17, 7%, 1998-18%, 1999-14, 3%, 2000-9, 8%, 2001-6, 4% құрады. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1, 453 милиард теңгені (ЖІӨ-ге 0, 11%) құрады. 1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың «егемендіктер парадының» басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтың болмауы Қазақстанда өте ауыр экономикалық-әлеуметтік жағдайға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясы мен қатарласа жүріп, 1994 жылдың жазында гиперинфляцияға жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта - теңгені ендіруге мәжбүр етті, оны өзі алғашқы 9 ай ішінде өз салмағын жоғалтып жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса, қатаң монитарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.

Монитарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 жылы инфляция 11, 7 % болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.

Айтарлықтай дәрежеде инфляцияны тез басу Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып, мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы», «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң.

Үкімет «Стратегия - 2030» бағдарламасына сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.

Мұндай нәтижеге жету үшін үкімет:

  1. Ақшалай - несиелік бюджеттік саясатты қаталдандырды.
  2. Ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизді дамытады.
  3. Жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады.
  4. Бюджеттік жетіспеушілікті қаржылындыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланады.
  5. Мемлекеттік құнды қағаздардың айнылым мерзімін ұзартады.

Біздің елде инфляцияның құрылымдық әрекеті оның микроэкономикалық құрылымының ерекшелігіне байланысты. Ол айқын инфляциялық сипатта болады. Елімізде халық шаруашылығында қоғамдық өндірістің бір түрінің салалары екінші түр салаларынан, яғни алғанда ауры өнеркәсіп жеңіл өнеркәсіптен, ал өндіруші салалардан басым болып отырады. Инфляцияның жеделдеуіне біздің экономкамызды монополияландырудың өте-мөте жоғары деңгейде болуы аса үлкен міндет атқарады. Бұрынғы Кеңес экономика құрылымының маңызды элементі еңбекпен қамту деңгейінің тиімді көлемімен салыстырғанда арту болып табылады.

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ. ғ 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. ТАбыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстармен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тіпті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған . Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбек ақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда- жанама түрде баға арқылы реттеледі.

Әдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі уақыт мерзімі бойынша “ тұрақты” етіп ұстап отыру туралы заң қабылданатын жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дискриминациялық дәрежесі жоғары болады өйткені мемлекет органдары және өңдірушілер бағалардан гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Практика жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, экономикада еңбек өнімділегі өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.

Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арасында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен барынша көп пайда табу-бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.

Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағалрын жоғарлату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресустармен менкапиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажет туады. Табыстар саяатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмысчкерлер үкіметтің инфляциямен куресуге күші де, құралдары да жеткілкті деп сенсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әнгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің ресустар иелерінің - бар болуының өз ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның (әсіресе сұраныс түрткі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайдаы түзетуге көмек бере алады.

Филипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы ушін қаржылық және ақша саяатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелердіру, салаларды селективтик қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясаттың элемнттерін қолдануды пайдалануға болады. Сонғы вариантты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу (“естен тандыру терапиясы”) . Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халық аралық қаржы мекемлерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеууметтік-саяси жағдайға және т. б. байланысты болады.

Қазақстанда инфляцияның дамуы “сұраныс пен ұсыныс” инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады. Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:

Біріншіден, Бюджеттік тапшылықты қржыландыру үшін Орталық банктерден келген несиелер ;

Екіншіден, Орталық банктің комерциялық банктерге несиесі -қайта қаржыландыру үшін несиелер ;

Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанмен саудаға тапшылығымен байланысты.

Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейкен болатын.

Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек “ естен тандыру терапиясының “ монетаристік әдістері қолдалынады. Бұлар күтекен нәтиже бермеді .

Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары
Инфляция және онымен күрес
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Инфляция жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz